Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі.docx

— 964.60 Кб (Скачать файл)

Қайтарымды негіздегі қаражаты қабылданған заңнамалық тәртіпке сәйкес ҚР Қаржы министрлігі бөледі. Бөлінген қаржыны пайдаланудың жалпы мерзімі құрылыс нысанының салыну мерзіміне немесе өндіріс орындарының іске қосылу мерзіміне байланысты анықталады. Мемлекет тарапынан қайтарымды негізде берілетін қаржы алымшыларға (құрылысшыларға) ғимаратты, құрылыстарды, материалдық құндылықтарды, сондай-ақ заңда қарастырылған, келісімшарт құжаттарында көрсетілген басқа да мүліктерді кепілдікке қою арқылы беріледі.

Аралас инвестициялау негізінде құрылыстарды республикалық бюджет есебінен, ұйымдар мен мекемелердің жеке меншік қаржыларының есебінен және басқа құқықтық тұлғалардың қаражаттарының есебінен қаржыландыру жүзеге асырылады, сонымен қатар құрылыстың салыну мерзімі біткенге дейін бастан аяқ бюджеттік қаржы мен жеке қаржының арасындағы тепе-теңдікті сақтау талап етіледі.

Әсіресе, салааралық және аймақтық құрылыстарға бюджеттен шектеулі қаржыландыру тәсілінен конкурстық негізде нақтылы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға көшу мемлекеттің жаңа инвестициялық саясаты болып табылады.

Мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде тікелей қаржыландыру формалары (субсидии, займдар) инвестициялық үдерістерді қолданудың басқа да тиімді жанама формаларымен ұштастырылуда- салықтық жеңілдіктер, жеңілдіктері бар несиелер және амортизациялық қолдаулар.

Мемлекеттік бюджет қаражаты маңызды қаржы көзі болып табылады, ол ірі ғылыми-техникалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Бюджеттік қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау түрлерімен қатар жобаларды инвестициялаудың басқа да жолдары бар:

-кәсіпорынның  жеке қаржысын пайдалану;

-акционерлік  жолмен қаржыландыру (акционерлік  қоғам ретіндегі корпорациялар  үшін);

-құнды қағаздар эмиссиясы;

-несие беру;

-лизинг және ипотека[20].

Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік  борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда  бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

-елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;

-қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

-айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;

-бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;

-әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

-«көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

-ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз щығыстар мен ысыраптар.

Бюджет тапшылығын төмендету әдістері:

-шығыстар тұрақты, кірістер өседі;

-кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды;

-кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).

-тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

-Ақша белгілерін шығару;

-Мемлекеттік қарыздар;

-Шетелдік қарыздар;

-Ұлттық байлықты пайдалану.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға, тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс - бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергіліктi атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып тусуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

1) елдің экономикасында  өндірістің жалпы құлдырауы;

2) қоғамдық  өндіріс шығындарының өсуі;

3) айналысқа  тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны  шектен тыс шығару;

4)бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне 
сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;

5)әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери 
шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты 
ауқымы;

6) "көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7) ұлттық  шаруашылықтағы өнімсiз шығыстар  мен ысыраптар;

Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

1) шығыстар  тұрақты, кірістер өседі;

2) кірістер  тұрақты, шығыстар азаяды;

3) кірістер  өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен  жылдамырақ төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

1. Ақша белгілерін  шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік - экономикалық салдарлары болатын  инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде  ақша эмиссиясы айналысқа ақша  белгілерін тікелей шығаруда  да, жанама түрде мемлекеттік  бағалы қағаздар шығару және  оларды коммерциялық банктерге  өткізу арқылы да тұлғалануы  мүмкін, коммерциялық банктер өзінің  резервтерін көбейтеді және банктік  мультипликатордың арқасында айналыстағы  ақшаның санын көбейтеді.

2. Мемлекеттік  қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға  бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.

3. Шетелдік  қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта  қоры, басқа халықаралық қаржы  ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.

4. Ұлттық  байлықты пайдалану. Бұл орайда  мемлекет басқа 
субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.[7]

1. Жыл сайынғы теңгерілетін  бюджет. Мұндай бюджет мұндаға  дейін фискалдық саясаттың мақсаты  деп есептелді. Алайда бюджеттің  мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың  тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын  азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті  экономикалық циклдың ауытқуын  ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың  болуы және халықтың табысының  құлдырауы кезінде салық түсімдері  автоматты түрде қысқарады. Бүл  жағдайда бюджетті теңгеру үшін  мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін  арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын  қысқартуы, не бұл екі әрекеттіде  жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы  жиынтық сұранымның қысқаруы  және өндірістің одан сайын  құлдырауы болып табылады.

Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.

2. Циклдік негізде теңгерілетін  бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес  бюджет жыл сайын емес, экономикалық  циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау  үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп  жасай отырып салықтарды азайтады  және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың  келесі өрлеуі кезінде мемлекет  салықтарды көбейтеді және шығыстарды  қысқартады, ал пайда болған бюджеттің  артығы құлдырау жылдарындағы  тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық  саясат және экономикалық цикл 

Ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

3. Қаржының функциялық  тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық  тұрақтылыққа, инфляциялық емес  толық қамтылуды қамтамасыз етуге  жету үшін жалпы экономиканы  теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама  кезінде бюджетті теңгеру болмашы  мәселе болып табылады, бюджет  тапшылықтары мен мемлекеттік  борыштың да, бюджет артығының  да болуына рұқсат етіледі. Бұл  жағдайда экономикалық өсуге  қарай салық жүйесі бюджетке  түсетін түсiмдерді автоматты  түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық  тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын  болады, мұның нәтижесінде тапшылық  өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға  болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен  іс жүзінде шексіз айла-шарғы  жасай алады және бюджеттің  тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада  сонымен бірге тапшылықтар мен  ірі мемлекеттік борыштың болуы  қалыпты экономика үшін қауіпті  емес деп шамаланады.

Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

 

            

  2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi

       

 

        Мемлекеттiк қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесiн төлеуге, әлеуметтiк трансферттердiң өсуi немесе мемлекеттiк шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергi болатын жағдайлар пайда болады.

Циклдiк бюджет артықшылығының өсуi экономиканың өрлеу кезеңдерiнде болатындықтан, бұл жағдай жиi инфляцияның күшеюiне әкелетiндiктен, онда қаржылардың бiр бөлiгiн халыққа төлемақы ретiнде беруi (облигацияларды өтеу, әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақыны өсiру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуiне әсер етедi. Керiсiнше, бюджет артықшылығын “тыйым салу” артық жиынтық сұранысты шектейдi және экономикадағы инфляциялық дүрлiгiстi ұстап тұрады.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейiне әсерi қаржыландыру тәсiлдерiне байланысты.

Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру тәсiлдерi:

  1. ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару);
  2. займ шығару;
  3. мемлекетке түсетiн салық мөлшерiн көбейту.

        Тапшылықты жою үшiн тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттiң табатын пайдасы.

         Нақты ЖҰӨ өсуiнiң қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға денгейiн өсiредi. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейдi және олардың табыстарының бiр бөлiгi бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсiп отырады.

Инфляция деңгейiнiң жоғарылауы жағдайында Оливер-Танзи әсерi пайда болады.

Өсiп келе жатқан инфляциялық қиындақтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткенi өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушiлер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегi тапшылық және қаржы жүйесiнiң жалпы тұрақсыздығы өседi.

Мемлекеттiк ташылықты жою үшiн тиын шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бiрдей жүрмеуi мүмкiн, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Орталық банктiң мемлекеттiк кәсiпорындарға жеңiлдетiлегн пайыз мөлшерiмен несие берудi кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.

Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі