Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі.docx

— 964.60 Кб (Скачать файл)

Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша нгізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер. 
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.

Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.

Қаржылық активтерді сатып алу -заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Қарыздарды өтеу - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.

Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.

Қаржылық активтермен операциялар:қаржылық активтерді сатып алуды;мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық  активтер мен  операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.

Теріс белгімен алынған шама - бюджеттапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.

Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.

Үкімет пен жергілікті атқарушы орғандардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.

Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. Жергілікті атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.

Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда үкімет немесе жергілікті атқарушы орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралымәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған резервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді. 
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. 
Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.[6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ

 

2.1. Қазақстан Республикасы бюджеттің  кірістерінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау

 

 

Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексіне сәйкес: Мемлекеттік бюджеттің кірістері-бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы:

-салықтық  түсімдер;

-салықтық  емес түсімдер;

-негізгі  капиталды сатудан түскен түсімдер;

-трансферттер  түсімдері.

Салықтық түсімдер- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Салықтық емес түсімдер- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негіжзде берілетін ақша.

Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

-мемлекеттік  мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті сатудан  түсетін ақша;

-мемлекеттік  материалдық резервтен тауарларжы  сатудан түсетін ақша;

-мемлекеттік  меншігіндегі жер учаскелерін  жеке меншікке сатудан немесе  оларды тұрақты немесе уақытша  жер пайдалануға беруден не  Қазақстан Республикасының заңдарында  немесе халықаралық шарттарда  көзделген тәртіппен өзге тәсіл  арқылы өткізуден  түсетін ақша;

-мемлекетке  тиесілі материалдық емес активтерді  сатудан түсетін ақша.

Трансферттер түсімдері-бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері[10].

Мемлекеттік бюджет кірістеріне түсетін салықтар, алымдар және төлемақылардың өзіндік ерекшеліктері:

Салықтар:

- толығымен  мемлекетті қаржыландыруға жұмсалады;

- өтеусіз  және баламасыз болады;

- ұзақ мерзімді  және тұрақты түрде төленіп  отырады, салық міндеттемесі тоқтағанға  дейін жалғаса береді;

- төлеу кезінде  күштеу әдісі қолданылады, төлеуші  салық міндеттемесін орындамаған  жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп  алу іс-шаралары қолданылады.

Алымдар:

- мемлекеттік  аппараттың шығындарын жабады, яғни  мемлекет заңды іс-әрекет түрінде  тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне  төлем қабылдайды;

- баламалы  төлем болып саналады;

- бір жолғы  төлем болып табылады, яғни бір  рет қана төленеді;

- қандайда  бір алым төленетін қызметпен  айналысу тұлғалардың ерікті  шешімі болғандықтан, алымдар ерікті  төлемдер болып табылады.

Төлемақылар:

- өтеулі  және баламалы төлем, яғни белгілі  бір объектілерді пайдаланған  кезде төленеді;

- мемлекеттің  азаматттық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық  қатынастары кезінде туындайды;

- тұлғалар  төлемақы төлеу арқылы баламалы  түрде осы және басқа да  объектілерді пайдалануға құқық  алады.

Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлерi:

1. Корпоративтiк  табыс салығы 

2. Жеке табыс  салығы 

3. Қосылған  құн салығы 

4. Акциздер 

5. Экспортқа  рента салығы 

6. Жер қойнауын  пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары 

7. Әлеуметтiк  салық 

8. Көлiк құралы  салығы 

9. Жер салығы 

10. Мүлiк салығы 

11. Ойын бизнесi салығы 

12. Тiркелген  салық 

13. Бiрыңғай  жер салығы.

Бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.

Мемлекеттік баж салықтары:

-алымдар;

-төлемақылар.

Қазақстан Республикасындағы алымдардың түрлері:

-тiркеу алымдары;

-автокөлiк  құралының Қазақстан Республикасы  аумағымен жүргенi үшiн алым;

-аукционнан  алынатын алым;

-жекелеген  қызмет түрлерiмен айналысу құқығы  үшiн лицензиялық алым;

-телевизия  және радио тарату ұйымдарына  радиожиiлiк спектрiн пайдалануға  рұқсат беру үшiн алым;

Қазақстан Республикасындағы төлемақылардың түрлері:

-жер учаскесiн  пайдаланғаны үшiн;

-үстiңгi көздерден  су ресурсын пайдаланғаны үшiн;

-қоршаған  ортаға эмиссия үшiн;

-жануарлар  әлемiн пайдаланғаны үшiн;

-орманды  пайдаланғаны үшiн;

-ерекше қорғалатын  табиғи аумақты пайдаланғаны  үшiн;

-радиожиiлiк  спектрiн пайдаланғаны үшiн;

-қалааралық  және (немесе) халықаралық телефон  байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты  бергенi үшiн;

-кеме жүзетiн  су жолдарын пайдаланғаны үшiн;

-сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастырғаны үшiн[12].

 

 

1-кесте

2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет

Атауы

2011ж.

2012ж.

2013ж.мың.тг.

Болжам

Кірістер

3 939 975 720

4 257 347 134

4 660 247 250

Салықтық түсімдер

2 543 733 998

2 879 344 489

3 260 514 139

Табыс салығы

985 609 100

1 206 161 500

1 480 244 600

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

870 161 423

955 268 122

1 045 149 743

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

673 363 936

702 187 532

718 332 147

Басқа да салықтар

4 000

4 280

4 580

Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе)  оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

14 595 539

15 723 055

16 783 069

Салықтық емес түсiмдер

78 639 307

60 599 213

62 468 279

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

61 533 949

43 028 609

41 709 038

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

1 700 000

1 819 000

1 946 330

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

41 831

44 759

47 892

Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі