Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі.docx

— 964.60 Кб (Скачать файл)

Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады.

Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.

Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.

Қаржы саясаты – бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қаржы саясаты экономикалық заңдарының талаптарының негізінде қалыптасады.Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің,нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты – қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады.

Қәзіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;
  • Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;
  • Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу
  • Басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың жұмсалуына жол бермеу
  • Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету
  • Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі;

Мемлекеттің қаржы саясаты дегеніміз бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі міндеттерін шешу үшін қаржыны пайдалну жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қажыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі.

    Қаржылық саясатқа бюджеттік, ақша, несие, баға және кедендік саясаттар жатады. Осыған сәйкес қаржы саясаты қосалқы ролді атқара отырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізудің негізгі құралы болып табылады.

    Бюджеттік саясат Бюджетте жинақталған ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады. Бюджет дегеніміз– мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген құжат.

Қаржы саясатының негізгі бөлігінің бірі – салық саясаты. 500 жылдан астам уақыт бойы қаржы саясатының салыққа деген қатынасы анықталуда:

  • Мемлекет салықсыз жүзеге асуы мүмкін емес
  • Салықтық емес төлемдер өсуге бағытталады
  • Салық өзінің белгілі бір деңгейінен өте көп артық көлемде бекітілген жағдайда табиғи ұлғаймалы өндіріс үрдісінің бұзылуынан экономикалық жағдайдың құлдырауы жүзеге асады
  • Дағдарыс жағдайында салықтар ең шекті мүмкін деңгейде бекітіледі
  • Салықтардың жоғары деңгейде бекітілуі капитал ағынына әкеледі
  • Мемлекеттің экономиканы реттеуі қажет болып табылады
  • Салықтық жеңілдіктер айқын түрде ұлғаймалы өндіріс субъектлері арасында теңдей бөлінуі тиіс
  • Салықтық саясат ашық, қарапайым және тиімді болуы тиіс
  • Негізгі салықтық база ретінде табыс пен мүлік қолданылуы тиіс.

        Салық саясатының ел экономикасына әсері тікелей- жоғары салық деңгейі бекітіліп,оның нәтижесінде ұлғаймалы өндірістің инвестициялық мүмкіндіктері кеміген жағдайда және тұтыну деңгейінің төмендеп, өнім өндіру мен сату көлемі кеміген жағдайда айқын байқалады. Ақша саясатының құрамдас бөліктеріне эмиссиялық саясат және ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады. 
Эмиссиялық саясат, айналысқа қажетті ақша санын анықтаумен қатар бюджеттің табысын ұлғайту үшін де қолданылады.Ұлттық валютаның тұрақтылығы өте күрделі процесс болып табылады себебі, егер ақша массасы қажетті көлемнен асып кетсе, инфляция қалыптасып, бюджеттің кірістері құнысызданады. Егер белгілі бір себептерге байланысты мемлекет өзінің ақша массасын реттей алмаса, онда елдің экономикалық қәуіпсіздігі бұзылады және ұлттық валюта басқа шет елдік валюталарға төтеп бере алмайды және ұлттық байлықтың белгілі бір бөлігі шығынға ұшырайды.Несие жүйесі ішкі шаруашылық есеп-айырысу мен ссудалық капиталдың есебін қамтамасыз етеді. Ссудалық капитал бұл несие беруді жүзеге асыра отырып, айналым қаражаттарын қамтамасыз ету яғни ұлғаймалы өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды шарттарына жатады.

           Баға саясаты мемлекет монопольды тауарлар мен қызметтерге бағлар мен тарифтерді реттеп отырады. Мемлекетте монополды иелігіне жер, жер қойнаулары, темір-жол, мұнай, газ құбырлары жатады. Баға саясаты экономиканы ретеудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Электрэнергияға, шикізатқа, транспорттық тарифтерге тауарлар мен қызметтердің барлық түрінің бағалары байланысты болады.

Кедендік саясат бұл саясатты салықтық және баға саясатының бөлігі ретінде қарастыруға болады, себебі кедендік алымдар мен салықтар тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар кедендік саясат ішкі нарыққа импорттық тауарларды ендіру мен шектеуге қатысты немесе экспортқа тауарларды шығаруға қатысты әсер ете отырып, ел экономикасына әсер етеді.

Қаржы саясатының типтері- Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік, жоспарлы –директивті және қәзіргі саясат.

Өткен жүз жылдықтың 20 жылдарында көптеген елдерде қаржы саясатының классикалық типі кең қолданылды. Мұндай қаржы саясаты классикалық саяси экономияның өкілдерінің еңбектерінде А.Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823 еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының еңбектерінде айқын көрінеді.Олардың негізгі ұстанған бағыттары – экономикаға мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің қалыптасауы және нарықтық механизмді шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі ретінде қолдану. Осының негізінде мемлекеттік шығындар мен салықтарды кеміту, тепе-теңдік бюджет құрылымын қамтамасыз ету.

Реттеушілік қаржы саясатының негізін ағылшын экономисті ДЖ. М. Кейнстің (1883-1956) және оны қолдаушылар қалыптастырған. Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет әр уақытта реттеп отыруы қажет деген тұжырымды ұстанады. Ал қаржы саясаты дәстүрлік міндетттермен қатар халықты толық еңбекпен қамтуды жүзеге асыру мақсатында экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеуді де жүзеге асыру қажет. Реттеушілік қаржы

саясаты жағдайында салықтар түбегейлі өзгеріп отырады. Басты реттеуші механизм ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде пайдаланылатын табыс салығы жиі қолданылады.

   Жоспарлы – директивті қаржы саясаты экономиканы жоспарлы басқару жүйесін қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады. Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке негізделуі экономиканы, қаржыны және әлеуметтік саланы тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдағы қаржы саясатының мақсаты – мемлекеттік жоспарды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің қаржы ресурстарын максималы түрде шоғырландыруға бағытталған (ең бірінші билік пен басқару органдарында ).

Қәзіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік қызметтің көп түрлерінің дамуымен, мемлекеттік меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен сипатталады. Осының негізінде қағидалы қаржы механизмі қалыптасады. Мемлекет кәсіпорыннның ішкі шаруашылық қатынастарына араласпайды.

  • Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады:
  • Қаржы ресурстарының максималды түрде қалыптасуын қамтамасыз ету
  • Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз ету
  • Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен ынталандыруды ұйымдастыру
  • Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау мен дамыту
  • қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. 
    Мемлекеттің қаржы саясаты қалыптастырудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:
  • Қаржы ресурстарын бөлістіруде қоғамдық өндірістің барлық мүшелері қатынасуы тиіс (әлеуметтік, ұлттық, мамандандырылған топтар).
  • Мемлекет пен субъектлер арасында қаржы тиімді түтүрде бөлістірілуі тиіс
  • Қаржы ресурстарының кіріс бөлігі шығыс бөлігін жабуы тиіс.
  • Қаржы ресурстарының түсімдерінің жоспарын ұйымдастыру қажет.[14]

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді.

Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтердісатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. 
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

    • кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
    • шығындар;
    • таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
    • қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
    • бюджет тапшылығы (профициті);
    • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;
    • бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кемітілуге тиіс.

Көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.

Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.

Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды  сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады.Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады.Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.[16]

Сатудан түсетін үсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақтынемесе уақытша жер пайдалануға беруден,не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі