Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі.docx

— 964.60 Кб (Скачать файл)

Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi.Әлеуметтiк салық 26%-21%, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20% 16% төмендетiлдi. Салықтық  жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi  тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек. Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi  бұл кәсiпкерлiктi дамыту  үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды. Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы  ықпал жасайды.

Салық кодексi  кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк  үлес қосатын болды. Бүрын салықтан  жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40% жуығы өткен кезеңде  көлеңкелi экономикаға  жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды  айқындап отырады.Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр  өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң  кодтары  көзделген  және салық төлеушiлер  кәсiпорын қызметiнiң  үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады. Мысалы, металлургия кәсiпорны металлургия өнiмдерiн шығарады, мұнымен қоса, онда жолай химия өндiрiсi және машина жасау өнiмдерiн шығарудың қандай  да бiр түрi бар. Экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi туралы мәлiметтер бұларды одан әрi  электрондық өңдеу мен талдау  үшiн ақпарат легiне жиналатын болады. Осы мәлiметтердi талдау негiзiнде экономикалық қызметтiң  нақтылы түрiне тән салық жүктемесiнiң деңгейi, жалақы көлемi, капитал көлемi, айналым көлемiне қосымша  құнға  салық  үлесi және басқалары сияқты орталандырылған өлшемдер айқындалды. 

Мұның өзi салық әкiмшiлiшгiнiң бүкiл жүйесi мен салық тексерулерi  тәртiбiн түбiрiнен өзгертетiн  немесе мүлде жаңа құбылыс, яғни мәнi мынада: белгiлi бiр қызмет саласындағы кәсiпорыннның өлшемдерi орташа немесе орташадан жоғарыға жақын болса, онда мұндай кәсiпорынды салық органдары ең болмағанда бiрiншi кезектегi тәртiппен тексермейдi. Іызметтiң осы  саласы  үшiн қабылданған орташадан төмен көрсеткiштерi бар кәсiпорындар салық тексерулерiне  жатқызылады және  экономикалық қызмет түрлерi бойынша декларацияларды  электрондық талдау ұқыпты және ұқыпсыз салық төлеушiлер арасындағы беделдi неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi.  Яғни жүйе былайша  көрiнiс табады: салық төлеушiнiң қызмет салалары бойынша орташаландырылған өлшемдерге  қатысты  оның салық төлемдерiнiң мөлшерi көп болған сайын салық инспекторы соншалық сирек, мүмкiн бiрнеше  жыл iшiнде тексеруге келедi. Осыған байланысты  қызмет сапалары бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ағымдағы орташаландырылған өлшемдердi жариялап отырған тиiмдi. Мұндай шаралар ұқыпсыз салық төлеушiлердiң бизнестi неғұрлым адал  жүргiзуiне итермелейдi.

Осының бәрi салық төлеушiлердiң қалыптасқан ортасын салық мәдиниетiн арттыру жағына қарай байыпты  түрде өзгертуге тиiс  және салық есептiлiгiнiң электрондық талдауы фискалдық саясатты  жүргiзуге байыпты түрде әсер ете алады. Ол уақыттың қысқа аралығында сол немесе өзге салық көрсеткiшiнiң кәсiпорындардың экономикалық жағдайына және бюджетпен өзара есеп айырысуларына әсер етуiн бағалауға мүмкiндiк бередi. 

Жаңа жүйенi енгiзуге орай келешекте мемлекеттiк бюджетке түсiмдер көбеюге тиiс және нәтижесi ретiнде – барлық салық  төлеушiлер  үшiн салық жүктемесi одан әрi азайтылмақ. Салық кодексi шеңберiнде енгiзiлетiн тағы бiр жаңалық шот фактуралар тiзiмi болып табылады(28). 

Таяудағы уақытта заң жүзiнде тiзiм нысаны енгiзiлмек. Іазiр бұл құжат  Қазақстан Республикасы әдiлет министiрлiгiнде құқықтық сараптама мен тiркеуден өтуде. Ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн салық органдары шот—фактуралар тiзiмдерiнiң есебiн  жүргiзетiн болады. Бұл жүйе қосылған  құн салығына  қатысты әкiмшiлiк   жүргiзудi жақсартпақ. Тiзiмде әрбiр шот—фактурада тiркелген мынадай деректер көрсетiледi: төлеушiнiң атауы, СТТН, тауар түрi, өткiзу көлемi, қосымша  құнға  салық және басқалары. Осынау тiзiмдердiң бәрi қағазбен, сондай-ақ электрондық түрiнде қабылданатын болады. Осыдан кейiн барлық тiзiмдер арнайы машинаға салынады және компьютерлiк өңдеу көмегi мен әр түрлi  айқындамалар бойынша  жанаспаушылық анықталмақ.

Сонымен қатар, әр түрлi төлем көздерiнен  келетiiн азаматтардың кiрiстерiн есепке алудың  электрондық жүйесi және бұл кiiрiстерге салық салудың тәртiбi. СТТНбар жеке адамдар туралы мәлiметтер есепке алу жүйесiнде тiркелетiн болады және салық кодексiне сәйкес жеке адамның алған кiрiстерi мен төлем көзiнен төлеген салықтары туралы барлық деректер электрондық  түрде салық органдарына берiлмек. Есепке алудың осынау жүйесi жеке табыс салығына, сондай-ақ әлеуметтiк салыққа бақылау жасаудан басқа зейнетақы  аударымдарына да бақылауды  жолға қоюға  мүмкiндiк бередi,   өйткенi қазiргi   кезде  зейнетақы  жарналарын  уақтылы және дұрыс есептеуге сыйатын күрделi проблемалар  түр, болашақта  салық әкiмшiлiгiiн   жүргiзу саласында келешекте  енгiзу жоспарланып отыр және  басқа да жаңа енгiзiлiмдер  болады(29). 

Нарықтық  қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушiқұрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгiреттеушiретiнде  пайдаланады. 

Салықтар өте к үштiәлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдiжәне өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесiтуралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi. 

Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Іоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сүранымды  және қажеттiлiктердiқамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердiшешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлiөзгерiстерге  үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады. Тауар-ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.  Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемiмен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық  жүргiзушiсубъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып  жүрген салықтар мен төлемдердiреттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбiқолданылатын болады.

Салық салу механизiмiкез-келген  экономикалық жүйенiң күрделiбөлiгiнiң бiрiболып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлiретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi. Кез-келген  елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi. Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың к үштiынталандырушы құралы болып келедi.Әсiресе, олар ғылыми-техникалық прогрестiжеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендiорын алады. Сондықтан салықтарды төлеу— төлеушiлер  үшiн онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттiде маңызды iс болып табылады.  

Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттiмемлекеттердегiсалықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы  жүргiзудiң аса тиiмдiформасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктiқамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың мәнiмен ролiмемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.Ендi, салықтар  ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендiараласа отырып, iшкi  ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң салыстырмасы  мөлшерiнiң  өсуiн қамтамасыз етiп отырады. Салықтар экономикалық белсендiлiктiреттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдiжағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi(30).

Үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндет ол  тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн түсiмдердiреттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстiәрiқарай дамытудың белсендiынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжрымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке  деген ынтаны тежеу механизiмiболып келемей,  керiсiнше оның тиiмдiәрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет. 

Салық төлеушiжәне жинаушы  салық төлеу процесiнде  белгiлiбiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдiәрiобъективтiболса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейiде  жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi  және субъективтiжағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының ұтөмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегiқызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық кодексiбар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр-түрлiболып келедi.Экономикалық iс-шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату. 

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр  жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда. 

Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк  жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден б ұлтару  үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының  ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр. 

Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн 85-90% салықтар мен салықтық емес түсiмдер құрайды. Салық салудағы күрделiжағдайларды ескере келе, салық салуды жүйелiжолға қою қалыптасқан проблемаларды шешу  үшiн келесiдей шаралар ұсынылады:

— салық қызметiн қатаң бақылауға алу;

— салық қызметкерлерiнiң құрамына тиiмдiөзгерiстер жасау, яғни бiлiктiмамандарды саралап алып, олардың ешбiр алаңсыз жұмыс iстеуiне моральдiк-материалдық жағдай жасау;

— салықтық органдары салық төлеушiлерiмен  интенсивтi  байланыс орнату қажет, сондай—ақ салық төлеудегi  ынталандыру шараларын қолданған жөн;

— ең бастысы ауылшаруашылығы өндiрiстiк-өнеркәсiп және орта, кiшiкәсiпкерлiкке барынша қолайлы жағдайлар туғызу, мәселен ауылшаруашылығын жолға қою соласындағы салық төлеушiлерге белiглiбiр салық жеңiлдiктерiн беру;

— Салық мәдениетiн  түзелдiру қорын²жедел iске қосу керек. Ол  үшiн ағартушылық, тәрбиелiк және зерттеушiлiк бағыттары  жүргiзiлуi қажет.

Мұнда  тәрбиелеу шаралары балалар мен жас өспiрiмдер арасында  жүргiзiледi. Шаралардың мiндетi— жеткiншектердiң келешекте салық төлеушiҚазақстанның азаматы ретiнде әлеуметтiк мақсатқа бағдар беру, сөйтiп оларды өркениеттiқоғамда жұмыс iстеуге даярлау. Қорды түзу мақсаты— Қазақстанға салық мәдениетiн түзiлдiру процесiн белсендiтүрде ықпал ету.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Дипломдық жұмысты қорытындылай келе, бюджет – мемлекетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Бюджет ел экономикасының дамуына қосатын үлесі өте зор, яғни мемлекеттік қаржы буыны ретінде мемлекеттік орталықтанған ақшалай қаражат қорларының құрылу көздері мен пайдалану бағыттарын  білдім.

Оның ішкі мазмұнында, біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын анықтадым. Мемлекеттік бюджетті- экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарда жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оның қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану.

Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі