Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі.docx

— 964.60 Кб (Скачать файл)

Соңғы жағдайда үкiмет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақытылы төлемейдi. Егер де сатып алу жеке секторлардан жүргiзiлетiн болса, онда олар бағасын алдын ала көтередi, мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады. Бұл орташа баға деңгейiн көтередi және инфляция деңгейi көтерiледi.

Егер де мемлекеттiк сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда бұларды Орталық банк қаржыландырады немесе мемлекеттiк тапшылық мөлшерiн өсiредi. Сондықтан тиын шығаруға қарағанда, уақтылы төленбеген төлемдер бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл iс жүзiнде шартты бөлу екендiгi белгiлi. Егер де мемлекеттiк бюджет тапшылығы мемлекеттiк займ шығарылу арқылы қаржыландырса, онда орташа нарықтың пайыз мөлшерлемесi өседi, ол жеке секторларға берiлетiн инвестицияны төмендетедi. Бұл таза экспорттың төмендеуiне, тұтыну шығындарының төмендеуiне алып келедi. Осыдан ығыстыру әсерi пайда болады, ол қазыналық саясаттың ынталандырушы әсерiн азайтады.

Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбiне тиын шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады. Бiрақ қарыз алып қаржыландыру тәсiлi инфляцияның өсуiн тоқтатпайды, тек қана уақытша тежеуге мүмкiндiк бередi, бұл жағдай Қазақстан экономикасына тән. егер де мемлекеттiк займның облигациясын Орталық банкке орналастырмай, халыққа берсе және коммерциялық банктерге орналыстырса,онда инфляция әлсiрейдi. Бiрақ Орталық банк бұл облигацияларды құнды қағаздар нарығынан екiншi рет сатып алып, жалған қазыналық iс-әрекеттерiн кеңейту мүмкiн, мұндай құбылыс инфляциялық қысымның өсуiне әсер етедi.

Мемлекеттiк облигацияны бюджеттен тыс қорларға төмен пайыз мөлшерiмен орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша салық салу механизмiне айналысады.

Мемлекет бюджетiне салық түсiмiн көбейту проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберiнен шығып кетедi, өйткенi ұзақ мерзiмдi кезеңде кешендi салық формасы нәтижесiнде, пайыз мөлшерлемесiн азайтып, салық базасын кеңейту мүмкiн болады.

Қысқа мерзiмдi кезеңде салық мөлшерлемесiнiң төмендеуi:

  1. Экономиканың кiрiстiрме тұрақтандырғыш деңгейiнiң төмендеуi нәтижесiнде;
  2. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауынан пайда болатын мемлекеттiк емес секторлардың ығыстыру әсерiнiң өсуiнен (бұл құбылыс ақша ұсынысының тұрақты жағдайында, ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуiнiң жоғарғы жағдайға реакциясы);
  3. Бюджет тапшылығын өсiру, бiр мезгiлде салық салудың мөлшерлемесiн жәен бюджетке салық түсiмiн төмендету арқылы мүмкiн болады.

Мұндай жағдай Лаффер қисығында көрсетiлген.

Мемлекеттiк бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсiлдерiнiң ешқайсысын инфляциялық емес деп айтуға болмайды.    

Бюджеттiк процесс – бюджеттi жоспарлау, әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, нақтылау, түзету жөнiндегi, бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет есебi мен есептеменi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, сонымен бiрге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөнiндегi бюджет заңнамасымен регламенттелiнген қызмет. Бюджеттiк процестiң барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерiн ғана емес, сонымен бiрге саяси өмiрiнiң тiкелей бейнеленуi болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттiк процесс Бюджет кодексiне, “Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы”, жыл сайынғы “Республикалық бюджет туралы” заңға және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Бұл заңдар әр түрлi деңгейдiң бюджеттерiн қалыптастыру процесiнде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару және бақылау тәртiбiн белгiлейдi.

Бюджеттiң жобасын уақытылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президентi Бюджеттiк комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекiтедi, оның құрамын анықтайды.

Бюджеттiк жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды, жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Үкiмет айқындайды.

 Қазақстан  Республикасының Үкiметi бекiтетiн  Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық  дамуының орта мерзiмдi жоспары, Үкiметтiң  алдағы үш жылдық кезеңге арналған  орта мерзiмдi фискалдық саясаты, мемлекеттiк, салалық бағдарламалар, Президенттiң Қазақстан халқына  елдегi ахуал және республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары   туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi,  республикалық бюджеттiң бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады

Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi кiрiктiредi:

  1. алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау;
  2. ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн айқындау;
  3. республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдердi жасауы;
  4. республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау;
  5. алдағы қаржы жылына   арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері

 

 

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы екі деңгейлі — республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады.Бюджеттік құрылымға бюджет жүйесінің құрылуы мен ұйымдастырылу қағидалары жатады. Ол заң актлерімен бекітіліп, мемлекеттік құрылыммен анықталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.

1991 жылы Қазақстан  Республикасының бюджет жүйесі  түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бүған  дейін Қазақстанның мемлекетік  бюджеті, басқа одақтас республикалардың  мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне  кірді, онда ел аумағының барлық  бюджеттері, соның ішінде ауылдық  және поселкалық бюджеттер де  қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:

- республикалық  бюджет;

- облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджеті;

- ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.

1991 жылы Қазақстан  Республикасының бюджет жүйесі  түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бүған  дейін Қазақстанның мемлекетік  бюджеті, басқа одақтас республикалардың  мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне  кірді, онда ел аумағының барлық  бюджеттері, соның ішінде ауылдық  және поселкалық бюджеттер де  қамтылып көрсетілді. Ол одақтық  бюджеттен, 15 одақтас республиканың  мемлекеттік бюджеттерінен және  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының  жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың  республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында  болды.

Бюджетттік құрылымға келесі түсініктер кіреді:

Бюджет жүйесі, Бюджет құқығы, Бюджет үрдісі, Бюджеттік реттеу

Бюджеттік құрылым бюджеттің жеке түрлері арасында кірістер мен шығыстардың бөлістірілуін қарастырады. Мемлекеттің тұрақтылығын қалыптастыруда жергілікті  бюджет жүйесінің маңызы зор.  Оның негізін жергілікті салықтар мен займдар құрайды. Жергілікті бюджет шығындарының басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаттары арқылы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық шығындары, жол жөндеуге кеткен, қала ішін көріктендіру шығындары кіреді. Жергілікті бюджеттің шығындары ағымдық және капиталдық шығындарға бөлінеді. Ағымдық шығындар көп жағдайда жергілікті салықтар мен орталық бюджетт субсидиялары арқылы жабылатын болса, капиталдық шығыгндар- займдар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті салықтардың өзі үш топқа, мүліке салынатын салықтар, көлікке салынатын салықтар және жалпы салықтар тобынан тұрады. Сонымен қатар, жегілікті жанама салықтарды да айта кеткен жөн (жанар-жағар майға, спирттік ішімдіктерге, кең қолданыстағы тауарларға салықтар).

Жергілікті бюджеттің кірісіндегі басты үлесті салықтық емес түсімдер құрайды. Оған жергілікті билік органдарының меншігіндегі жерлерді жалға беруден немесе жерді сатудан, коммуналдық кәсіпорындардан түсетін түсімдер немесе айып пұлдар жатады.

Бюджеттік құқық мемлекеттің бюджет жүйесін, бюджетті құру бойынша мемлекеттік және жергілікті билік органдарының міндеттерін сонымен қатар бюджеттің бекітілуі мен атқарылу тәртібін   айқындайтын заңды нормалардың жиынтығын береді. Бюджеттің құқықтық негізі елдің конституцциясымен анықталған.Көптеген меамлекеттер бюджеттік құқық қатынасында жергілікті билік органдарының құқығын сақтауға бағытталады.

Бюджеттік құқық экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген барлық бюджеттердің жиынтығын береді.

   ҚР  бюджеттік жүйесінің құрамына:

- республикалық  бюджет, жергілікті бюджет: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер

Республикалық бюджеттің орындалуына бақылауды Есеп комитеті жүргізеді ал, жергілікті бюджетті сәйкес жергілікті деңгейдегі тексеріс комиссиясы, сонымен қатар ҚР қаржы министрлігі мен оның өкілетті органдары жүргізеді.

 

 

3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

 

 

Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы, яғни 2012 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде  мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу  үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық  заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта  тұруы тиiс. 

Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге  түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын  күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi  жинақталып келiп, салық заңдарының  көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi.Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған  ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ [27].

Қазiргi  кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады.  Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де  мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде  iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп  ұлғайып келедi.  Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы  оң нышанды  қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр. 

Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі