Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:09, реферат

Описание работы

Өндірістік практиканың мақсаты тек қана іс-жүзіндегі жағдайларды түсініп қана қоймай, алдағы есеп беруге қажетті материалдарды жинау болып табылады. Мен өз өндірістік практикамды Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитетінде өтуді жөн деп санадым.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
1. Ұйымның басқару, өндірістік бөлімдерінің негізгі құрамымен және міндеттерімен танысу.
2. Салық Комитеті басқармасының күнделікті жұмысында белсене қатысу.
3. Есеп беруге қажетті материалдарды жинау.

Файлы: 1 файл

Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы.doc

— 490.00 Кб (Скачать файл)

     

                                             Кіріспе

     Өндірістік  практика студенттің оқу процесіндегі  ажырамас бөлігі болып табылады. Өндірісік практиканы өту барысында  оқу процесіндегі алған білімін  іс-жүзінді көріп, тереңдетіп  және оны бекіте түседі.

     Өндірістік  практиканың мақсаты тек қана  іс-жүзіндегі жағдайларды түсініп  қана қоймай, алдағы есеп беруге  қажетті материалдарды жинау  болып табылады. Мен өз өндірістік  практикамды Алматы қаласы Әуезов  ауданының Салық комитетінде  өтуді жөн деп санадым.

     Өндірістік  практиканың негізгі мақсаты  келесілер болып табылады:

  1. Ұйымның басқару, өндірістік бөлімдерінің негізгі құрамымен және міндеттерімен танысу.
  2. Салық Комитеті басқармасының күнделікті жұмысында белсене қатысу.
  3. Есеп беруге қажетті материалдарды жинау.

  Өндірістік  практиканы өту барысында келесідей  негізгі кезеңдерден өттім:

  • Жеке тапсырмалар алу.
  • Салық  Комитеті Басқармасының негізгі бөлімдерімен және негізгі нұсқаулық материалдарымен танысу.
  • Өндірістік практикаға берілген тапсырма бойынша негізгі материалдарды жинау.
  • Осы жұмысты оқу және дайындау барысында теориялық және статистикалық мәліметтер, заңды құжаттар мен актілер қолданылды.  

      

 

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік  қызметтің жұмысын ұйымдастыру.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады:бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Субьектіде  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде  оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Бас бухгалтерді  қызметтің босатқан кезде  ол жаңадан  тағайындалған бас бухгалтерге субьектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.

Бухгалтерлік  есепті жүргізген кезде субьекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:

  • есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1БЕС белгіленген ережесімен сәйкес келетіндігі;
  • қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;
  • тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;

 

Бухгалтерлік есепке алудың мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

 

Бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру

1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады.

 

Бухгалтерлік есепке алу принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.

Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.

Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.

                              Бюджеттiк ақшаны басқару     

1. Бюджеттiк ақшаны  басқаруды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады. 
      2. Бюджеттiк ақшаны басқару - төлемдердiң бюджетке түсетiн түсiмдер мерзiмдерiне сәйкес уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенi. 
      3. Төлемдердiң уақтылы және толық төленуiн қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi, бюджет қаражатының бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiне арналған бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) деңгейiндегi төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргiзiлетiн төлемдердi есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтiлетiн көлемiн айқындайды. 
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар мемлекеттiк мекемелердiң орындалған мiндеттемелерiнiң бюджет қаражатымен (қолма-қол ақшамен) уақтылы қамтамасыз етiлуi үшiн жауапты болады. 
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет қаражатын (қолма-қол ақшаны) уақтылы басқарудың тиiмдi әдiсiн пайдаланады. 
      Қолма-қол ақша профицитi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн нақты түсiмдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнiң ағымдағы қаржы жылы басталғаннан берi жүргiзiлген төлемдер көлемiнен асып түсуi. 
      Қолма-қол ақша тапшылығы - жүргiзiлген төлемдердiң болжанған көлемiнiң ағымдағы қаржы жылының басынан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң және бюджет қаражатының бос қалдықтарының болжанған көлемiнен асып түсуi. 
      Ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiне арналған тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақша тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi тиiстi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған және түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттер тапшылығының бекiтiлген сомасынан аспауға тиiс. 
      Ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiнде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарады. 
      Ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiнде тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асырады. 
      4. Бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжамды көлемi тиiстi кезеңде жеткiлiксiз болған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзу үшiн қарыз алу арқылы ақша тарту процесiн ұйымдастырады. 
      5. Бюджеттiк ақшаны басқару Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы      

1. Бюджеттiң түсiмдер  бойынша атқарылуы бюджеттi атқару  жөнiндегi уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу болып табылады. 
      2. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы: 
      1) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеудi және есепке алуды; 
      2) осы Кодекске сәйкес түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi; 
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бюджеттен түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алуды қамтиды.

 

Бюджет түсімдері

 

Кірістер, бюджет кредиттерін  өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып  табылады.

 

Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан  түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.

 

Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін  жою немесе оларды өзгерту осы  Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгі­зіле отырып жүзеге асырылады.

 

Салықтық түсімдер Қазақстан  Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.

 

Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып табылады.

 

Бюджетке:

 

1) мемлекеттік мекемелерге  бекітілген мемлекеттік мүлікті  сатудан;

 

2) мемлекеттік материалдық  резервтен тауарлар сатудан;

 

3) мемлекет меншігіндегі  жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;

 

4) мемлекетке тиесілі  материалдық емес активтерді  сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

 

Трансферттер түсімдері  бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері  болып табылады.

 

Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

 

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

 

Қарыздар мемлекеттік  эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.

 

 

 

 

 

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.

2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.

3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.

 

Мемлекеттік мекемелер  ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер  бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:

Информация о работе Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру