Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:09, реферат
Өндірістік практиканың мақсаты тек қана іс-жүзіндегі жағдайларды түсініп қана қоймай, алдағы есеп беруге қажетті материалдарды жинау болып табылады. Мен өз өндірістік практикамды Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитетінде өтуді жөн деп санадым.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
1. Ұйымның басқару, өндірістік бөлімдерінің негізгі құрамымен және міндеттерімен танысу.
2. Салық Комитеті басқармасының күнделікті жұмысында белсене қатысу.
3. Есеп беруге қажетті материалдарды жинау.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.
Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері:
1) тәуелсіздік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу;
2) объективтілік принципі – бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
3) анықтық принципі – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау;
4) ашықтық принципі – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі;
5) құзыреттілік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы;
6) жариялылық принципі – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат;
2) бақылаудың қорытындылары туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;
3) қаулы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитеті және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті құжат;
4) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжат;
5) ұсыну – анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты.
Бюджет ақшасын басқару
1. Бюджет ақшасын басқару бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.
2. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
4. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді.
5. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражаты қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша профициті болып табылады.
Түсуі күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдердің және бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша тапшылығы болып табылады.
6. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қолма-қол ақшаның тапшылығын жабу қарыз алу не түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу есебінен жүзеге асырылады.
7. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша профициті болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындайды.
Ағымдағы қаржы жылының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмайтын бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша уақытша бос бюджет ақшасы болып табылады.
Уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттардағы бюджет ақшасын орналастыруға жол берілмейді.
8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру
1. Мемлекеттік мекемелер төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған айырбасталатын күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының кодына шетел валютасы айырбасталған ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс.
3. Мемлекеттік мекеме айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.
4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар
Бірыңғай қазынашылық шот
1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.
Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады.
2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары
Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.
Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары
1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жүргізуге;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушілік, қайырымдылық көмек шоты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға;
6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.
2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
Демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасының бақылау шоттары ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік мекемелердің шоттары
1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот;
Информация о работе Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру