Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:09, реферат

Описание работы

Өндірістік практиканың мақсаты тек қана іс-жүзіндегі жағдайларды түсініп қана қоймай, алдағы есеп беруге қажетті материалдарды жинау болып табылады. Мен өз өндірістік практикамды Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитетінде өтуді жөн деп санадым.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
1. Ұйымның басқару, өндірістік бөлімдерінің негізгі құрамымен және міндеттерімен танысу.
2. Салық Комитеті басқармасының күнделікті жұмысында белсене қатысу.
3. Есеп беруге қажетті материалдарды жинау.

Файлы: 1 файл

Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы.doc

— 490.00 Кб (Скачать файл)

 

Бюджетаралық қатынастардың  принциптері

 

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:

 

1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық  бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы  бар қалалар) бюджеттерінің, жоғары  тұрған облыстық бюджетпен өзара  қатынастардағы теңдігі;

 

2) аражігін ажыратудың  мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:

 

тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен  тұрған бюджеттерге бекітіледі;

 

мемлекеттік мекемелер  көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржы­ландырылатын бюджет кірісіне түседі;

 

қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған  салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;

 

салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;

 

нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;

 

3) Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық бірліктерінің  бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін  теңестіру;

 

4) жергілікті атқарушы  органдардың мемлекеттік қызметтер  көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;

 

5) мемлекеттік қызметтер  көрсетуді ұсынудың тиімділігі  мен нәтижелілігі – мемлекеттік  қызметтер көрсетуді неғұрлым  тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз  ете алатын мемлекеттік басқару  деңгейіне мемлекеттік қызметтер  көрсетуді бекіту;

 

6) мемлекеттік қызметтер  көрсетуді ұсыну деңгейін оны  алушыларға барынша жақындату  – алушылардың қажеттерін барынша  дәл есепке алу және мемлекеттік  қызметтер көрсетудің сапасын  арттыру мақсатында қызметтер  көрсетудің атқарылуын бюджет  жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.

 

 

 

 

 

 

 

Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

Бюджеттiң  атқарылуы туралы жалпы ережелер      

1. Бюджетке түсiмдердiң  түсуiн, бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету,  сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады. 
      2. Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. 
      3. Бюджеттің атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. 
      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi. 
      5. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Кодекске сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша рәсiмдердi жүзеге асырады. 
      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бюджеттiң  атқарылу принциптерi     

1. Бюджет қаражатын  нысаналы пайдалану принципi - бюджеттiк  бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттiк бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын iс-шаралардың өткiзiлуiне, күтiлетiн нәтижелер мен индикаторларға қол жеткiзуге бюджет қаражатын пайдалану. 
      2. Уақтылылық принципi - түсiмдердi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсiмдердi, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған мерзiмде және тәртiппен оларды алушылар шоттарының есебiне жатқызу. 
      3. Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу. 
      4. Кассаның бiрыңғайлық принципi - барлық бюджет түсiмдерiн бiрыңғай қазынашылық шот есебiне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарынан шетелдiк валютаның түрлерi бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне қайта айырбастауға өтiнiм берген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қайта айырбасталуға және бiрыңғай қазынашылық шот есебiне жатқызылуға тиiс. 
      Бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi кассаның бiрыңғайлығы принципi негiзiнде атқарылады.

 

 

Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, тіркелген, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есептерді береді.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді.

 

 

    

 

 

 

 

 

 

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.

2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.

3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.

 

 

Мемлекеттік мекемелер  ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер  бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың  экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері  бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша  қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:

1) іске асыру мерзімі  бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;

2) технологиялық дайындалу  мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары)  беруге себепші болатын активтерді  және басқа да тауарларды сатып  алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік  бағдарламалармен;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;

4) Қазақстан  Республикасының мемлекеттік сатып  алу туралы заңнамасының нормаларын  қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;

5) Қазақстан Республикасының  Үкіметі резервінің қаражаты  есебінен іске асыру мерзімі  бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды  өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық  мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.

Бюджеттің базалық шығыстары  өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.

  1. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi (бұдан әрi – шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады. 

 

 Жасасқан шарттарды  аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде  тіркеу мiндеттi болып табылатын  шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды. 

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып  алуға азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң  қорытындысын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің  шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі  міндеттемесі мыналардың:

1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;

2) мемлекеттiк  мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы  мен басқа да ақшалай төлемақыларды,  міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;

3) бюджеттен  трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері  бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;

4) инкассолық  өкімнің;

5) осы тізбеген  енбеген ерекше шығыстар мен  басқа да шығыс түрлері бойынша  төлемдер жүргізген кезде төлеуге  берілетін шоттың негізінде қабылданған  болып есептеледі.

 

 

Бюджет шығыстары

 

1. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу,  қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары  болып табылады.

 

2. Шығындар қайтарымсыз  негізде бөлінетін бюджет қаражаты  болып табылады.

 

3. Бюджеттік кредиттер  бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша болып табылады.

 

4. Қаржы активтерін  сатып алу заңды тұлғалардың,  оның ішінде халықаралық ұйымдардың  қатысу үлестерін және бағалы  қағаздарын мемлекеттік меншікке  сатып алуға бағытталған бюджет  қаражаты болып табылады.

 

5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есеп  айырысу  есебі

     Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

     Ақша  қаражаттарын сақтау үшін және  заңды тұлғалар арасында есеп  айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын  ашады. Банк шоттары – бұл  банк пен клиенттер арасындағы  келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

     Корреспондеттік  шоттар – банк шоттары банктер  мен ұйымдардың кейбір операция  түрлерін жүзеге асырады.

Информация о работе Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру