Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:09, реферат

Описание работы

Өндірістік практиканың мақсаты тек қана іс-жүзіндегі жағдайларды түсініп қана қоймай, алдағы есеп беруге қажетті материалдарды жинау болып табылады. Мен өз өндірістік практикамды Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитетінде өтуді жөн деп санадым.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
1. Ұйымның басқару, өндірістік бөлімдерінің негізгі құрамымен және міндеттерімен танысу.
2. Салық Комитеті басқармасының күнделікті жұмысында белсене қатысу.
3. Есеп беруге қажетті материалдарды жинау.

Файлы: 1 файл

Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы.doc

— 490.00 Кб (Скачать файл)

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, екінші деңгейдегі банкте шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты;

3) ұлттық (шетелдік) валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына арналған шот;

4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолма-қол  ақшамен жасалатын

операцияларды жүзеге асыру тәртібі

 

Қолма-қол ақшаны алуды мемлекеттік мекемелер  банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкаларын  қолдана отырып жүзеге асырады және тізілімі мен мөлшерін бюджеттік  атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жол беріледі.

Қосымша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi және банк Қазақстан  Республикасының банктік заңнамасына  сәйкес чектерді пайдалану туралы шарт жасасады.

Чек кітапшаларын банкте  мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасы мемлекеттiк мекеменiң басшысы немесе ол өкілеттiк берген тұлғаның сенiмхаты негiзiнде қол қою арқылы сатып алады.

Сатып алынған  чек кітапшаларын мемлекеттiк мекеменiң  уәкiлеттi тұлғасы оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тіркеу үшін ұсынады.

Банк чектер бойынша мемлекеттiк мекемеге берiлген қолма-қол ақшаны есепке алуды жүргiзу үшiн республикалық бюджеттiң  есебiнен ұсталатын мемлекеттiк  мекемелер үшiн және жергiлiктi бюджеттердiң  қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн жеке тиiстi баланс шотында банкiшiлiк шоттар ашады.

Банкте ашылған  банкiшiлiк шоттардың ерекшелiгi әрбiр  операциялық күннiң аяғында банкiшiлiк  шоттардың қалдықтары нөл болуы  тиiс.

Мемлекеттiк  мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлiмшесi банкке қойылған қолдар мен мөр бедері үлгiлерi бар құжатты екi данада банкке бередi. Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен ресiмделедi.

Мемлекеттiк  мекеме чектер бойынша қолма-қол  ақша алғанға дейiн бiр жұмыс  күнi бұрын аумақтық қазынашылық  бөлiмшесiне банкте алған қолма-қол  ақшаны қалпына келтiруге арналған төлеуге берiлетiн шотты, банк қызметтерiне төлемдi, чектi, қолма-қол ақша алуға арналған өтiнiмдi қоса бере отырып, төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн бередi.

Төлеуге берiлетiн  шоттар шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша жеке берiледi. 

Чек мемлекеттiк  мекеменiң лауазымды тұлғасына  және банктiң кассасынан қолма-қол ақша алуға арналған төлеуге берiлетiн шоттардың жалпы сомасына ресiмделедi. Чек мемлекеттiк мекеменiң қолдарын қоймай-ақ және мөр бедерінсіз берiледi. 

Аумақтық қазынашылық  бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғалары  қол қойған және елтаңбалы мөрдiң таңбасымен бекiтiлген мемлекеттiк мекемелердiң чектерi кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгiленген мерзiмде банкке берiледi.

Қолма-қол ақшаны берудi банк мемлекеттiк мекемелердiң  қолма-қол ақша алуға арналған чектердiң  тiзiлiмi және атына чек берiлген мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғаға тiкелей чек түскеннен кейiн келесi жұмыс күнiне банк жүргiзедi.

     Банк  кассалық қызмет көрсетуге арналған  шартта белгiленген мерзiмде аумақтық  қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 86-қосымшасына сәйкес нысанда төленген чектердiң тiзiлiмiн бередi.

      Корпоративтік төлем карточкаларын  қолдана отырып, бюджет ақшасы  есебінен есептесулерді жүзеге  асыру үшін мемлекеттік мекеме  карт-шот ашады, бұл ретте республикалық  бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi  бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға, жергiлiктi бюджеттi бағдарламалар әкiмшiсi – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қолдаухат бередi.

Бюджеттiк бағдарламалар  әкiмшiсiнiң қолдаухаты мемлекеттік  мекеменің атауы мен кодын, бюджет түрін және шығыстар бағының мақсаттарын, оған сәйкес ол қалыптасқан немесе қайта ұйымдастырлған нормативтік құқықтық актіні қамтуы тиіс.

Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік  бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде мемлекеттiк мекемеге карт-шотты ашуға осы Ереженің 87-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада рұқсат бередi.

Рұқсат беруден  бас тартқан жағдайда, бюджеттік  бағдарламалар әкімшісіне бас тарту  себебі көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттiк  мекеме банкпен карт-шот ашуға  корпоративтік төлем карточкаларын  беру және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасады және ҚР ҰБ-нiң нормативтiк  құқықтық актiлерiмен белгiленген құжаттарды бередi.

      Алынған корпоративтiк төлем карточкалары мемлекеттiк мекемеде тiркеу журналында тiркеледi және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкiлеттi тұлғаларға (бұдан әрi – есеп беретiн тұлға) қол қойып берiледi.

      Корпоративтiк төлем карточкасын  пайдалана отырып жүргiзiлетін  төлемдер карт-шоттағы ақша сомасы  шегінде жүзеге асырылады.

Карт-шотты толықтыру  мiндеттемелер мен төлемдер бойынша  бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларымен  бекiтiлген сомалар шегiнде төлеуге  берiлетiн шот негiзiнде жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмде және тәртiппен сауда чектерiн, слиптердi және чектерді және (немесе) корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлген төлемдердi растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, чек бойынша және (немесе) карт-шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп бередi.

        Ағымдағы қаржы жылының аяғына  дейін карт-шоттағы ақшаның пайдаланылмаған  қалдықтары және/немесе есеп беретін  тұлға корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып алған пайдаланылмаған қолма-қол ақша мемлекеттік мекеменің тиісті шотына тиісінше қалпына келтірілуге тиіс. Бұл ретте егер бюджет ақшасы ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қалпына келтірілмеген болса, келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде бюджет ақшасының қайтарылатын сомасын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік мекеменің есеп беруші тұлғасы) тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс. Басқа қаржы көздерінен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті шотқа аударылмаған ақшаларының пайдаланылмаған қалдықтарының қайтарылатын сомасы келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде тиісті шотқа қалпына келтірілуге тиіс.

        Кассалық операциялар жүргізу,  мемлекеттiк мекемелердiң  кассаларындағы  қолма-қол ақша қалдығының лимитін  анықтау тәртібін бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша 

бюджеттің атқарылуы

 

Бюджет кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне, республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актiлерiне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледi. 

Төлем құжатының «Бюджеттiк  сыныптама кодтары» ашық жолағына деректемелер Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекiтiлген ҚР ББС-қа сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаперіне жеткізеді.

Түсімдердің жинақ шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін салық қызметі  органдары Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі арқылы төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.

Түсімдердің жинақ шоты түсімдерді тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шотына жинақтап, оларды кейіннен бөлу үшін бюджетті атқару жөніндегі  орталық уәкілетті органда ашылатын банкішілік транзиттік шот болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi – Ұлттық қор) арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген салық және бюджетке төленетiн түсімдер сомасын қайтару, түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық қызметi органдарының арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган күн сайын: 

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – ҚБЕО) төлем жүйесi арқылы екiншi деңгейдегi банктерден немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер жөнiндегi электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдауды жүзеге асырады; 

2) электрондық төлем  құжаттарының ресiмделу дұрыстығын  және толықтығын тексерудi жүзеге  асырады; 

3) түскен электрондық  төлем құжаттары негiзiнде Түсiмдердiң  жинақ шотына түсiмдердің түсуiн  есепке алуды жүргiзедi; 

4) республикалық, жергілікті  бюджеттер және Ұлттық қор  арасындағы түсімдер сомасын  бөлуді жүзеге асырады;

5) Ұлттық қорға жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдер сомасын осы Ереженің 514-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шоттарына аударуды жүзеге асырады.

Төлем құжаттарын БСК, ЖСК  бар-жоғына және сәйкестігіне, ҚР ББС  бюджеттік сыныптама кодының  бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.

Ұлттық қорға мұнай  секторы ұйымдарынан түсетін  тура салықтарды және мұнай секторы  ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының  ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.

Төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін анықтауға мүмкіндік  бермейтін электрондық төлем  құжаттарында көрсетілген деректемелер болмаған немесе жалған болған, осы  өңірге БСК қолдануға келмейтін және төлеушінің Мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкес келмеген кезде түсімдер сомасы «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шотына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі. «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шоты – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің және орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісім-шарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің І сатысы).

Облыстық бюджеттер  мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің ІІ сатысы).

Информация о работе Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру