Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:09, реферат

Описание работы

Өндірістік практиканың мақсаты тек қана іс-жүзіндегі жағдайларды түсініп қана қоймай, алдағы есеп беруге қажетті материалдарды жинау болып табылады. Мен өз өндірістік практикамды Алматы қаласы Әуезов ауданының Салық комитетінде өтуді жөн деп санадым.
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
1. Ұйымның басқару, өндірістік бөлімдерінің негізгі құрамымен және міндеттерімен танысу.
2. Салық Комитеті басқармасының күнделікті жұмысында белсене қатысу.
3. Есеп беруге қажетті материалдарды жинау.

Файлы: 1 файл

Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы.doc

— 490.00 Кб (Скачать файл)

Төлем құжаттары қабылданғаннан және түсімдерді бөлгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің бөлінуіне және түсімдер бойынша операциялық күнді жабу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады.

 

Есеп  айырысу есебі

     Барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

     Ақша  қаражаттарын сақтау үшін және  заңды тұлғалар арасында есеп  айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын  ашады. Банк шоттары – бұл  банк пен клиенттер арасындағы  келісім- шарттың қатынастарын  көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

     Корреспондеттік  шоттар – банк шоттары банктер  мен ұйымдардың кейбір операция  түрлерін жүзеге асырады.

     Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

     Шетелдік  валютадағы қаражаттардың қолда  бары мен қозғалысын есептеу  үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

     Субъект  шоттарындағы қаражат олардың  иелерінің әмірі бойынша есептен  шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз  шоттағы қаражатты есептен шығаруға  соттың, мемлекеттік салық қызметінің  рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

     Қазақстан  Республикасының аймағында ақшаны  төлеу мен аударуды жүзеге  асыруда келесі әдістерді: қолма-қол  ақшаны аударуды; төлем тапсырманы  ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді  немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

     Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

     Төлеуші  мен алушылар өзара есеп айырысу  нысандарын келісім-шарт негізінде  анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

 

 

 

 

 

 

Бюджетпен есеп-айырысудың есебі

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі 63-«Бюджетпен есеп айырысулар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. ҚР Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 24.04.95 ж. Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде) жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:

  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  2. ҚҚС; (қосымша құнға салық).
  3. Акциздер
  4. Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы.

Жергілікті  салықтар мен алымдарға жататындар:

  1. Жер  салығы;
  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
  3. Көлік құралдарына са<sp

Информация о работе Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру