Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:19, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Кіріспе
4
Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ғылыми-теориялық негіздемесі
6
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мәні мен маңызы
6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
15
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру
29
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру
29
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі
33
3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
44
3.1. Аудиттелетін кәсіпорынның тиімділігін бағалаудың критерийлері
44
3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы
47
3.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту және қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолдары
58
Қорытынды
70
Пайдаланылған дереккөздер
Екінші жағдайда рентабельділік
өнімнің жекелеген түрлері
2. Өндірістік қор
3. Кәсіпорындағы салымдар
рентабельділігі – оның
Жалпы экономикалық тиімділік деп – экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі. Бұл ресурстардың белгілі бір құнын өндірістің ең жоғарғы көлеміне (деңгейіне) жетуіне пайдалана отырып, алынған экономикалық эффекттің (нәтиже) осы нәтижені алуға себепші болған факторлар мен ресурстарға қатынасымен бейнеленеді.
Экономикалық тиімділік - әдетте іс-әрекеттің ақшалай табысының, оны орындауға жұмсалған ақша қаражатының айырмасы мен есептелінетін экономикалық іс-әрекеттің тиімді нәтижесі.
Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірісітік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай – ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағыттауы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыспен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдері және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсірорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емесшығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады.
Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
Қазіргі уақытта қолданыстағы
Қазақстан Республикасындағы
Шаруа немесе фермерлік шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратындар үшін арнайы салық режимдерін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияларға сәйкес қолданатын бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін анықтау және шағын кәсіпкерліктің қаржы субъектілерімен құру мақсатында жасалып шығарылған №1 қаржы есептілігінің ұлттық стандарты табыстар мен шығындардың мынадай жіктелімдерін анықтайды: [14,51б].
1) Тауарды сатқаннан түскен табыс.
Төменде көрсетілген барлық шарттар қанағаттандырылған жағдайда табыс кірді деп саналады:
- субъект тауардың жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді және сыйақыларды сатып алушыға берген жағдайда;
- субъект негізінен жеке меншік құқығына ұқсайтын дәрежеде басқаруға қатыспайтын және сатылған тауарларға бақылау жасамайтын жағдайда;
-табыстың сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда;
- операцияларға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп болжанған жағдайда;
- операцияларға байланысты келтірілген немесе күтіліп отырған шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда.
Субъектінің жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді және сыйақыларды сатып алушыға қай сәтте берген сәтін анықтау үшін, операциялардың шарттарын үйрену қажет. Көп жағдайларда, жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру жеке меншіктің заңды құқығын берумен немесе сатып алушыға иелену құқығының ауысуымен сәйкес келеді. Бұл бөлшектік сатылымдар көп болған жағдайларында болады. Қалған жағдайларда жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру жеке меншіктің заңды құқығын берудің немесе сатып алушыға иелену құқығының ауысу мерзімдерінде жүзеге асады.
Егер субъект жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді сақтаса, табыс алынды деп есептемейді. Жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді және пайдаларды субъектінің сақтауы мүмкін жағдайлар:
- субъектімен кепілдемелердің стандартты шарттарының аясында қанағаттандырарлықсыз пайдалану сапасына жауапкершілік сақталған жағдайда;
- нақты сатылымнан түскен ақшалай түсімді алу тауарларды сатып алушымен сатылғанға байланысты;
- түсірілген тауарлар орнатуға жатпаса, ал әлі орындалмаған келісім-шарттың маңызды бөлігін орнату құраса; және
- сатып алушының сату келісім-шартында анықталған себеп бойынша сатып алу мәмілесін бұзуға құқығы бар болса және субъект қайтарымның мүмкіндігін анықтай алмаса.
Егер субъектімен жеке меншік құқығына байланысты маңызы жоқ тәуекел сақталса, онда операция сатылым болып табылады және субъект табысты мойындады деп санайды. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманы алуды қамтамасыз ету үшін, тауарларға жеке меншік заңды құқығын қалдырады. Осыған ұқсас жолмен сатып алынған затқа сатып алушының көңілі толмай, ақшаны қайтаруды ұсынса, субъект ақшалай түсімді мойындайды. Осындай жағдайларда, субъект мүмкін болатын қайтарымдарға бағалық міндеттемелерді мойындайды.
2) Қызмет көрсетуден түскен кірістер.
Қызмет көрсетуді ұсынатын операциялардың қорытындыларын сенімді өлшеген кезде, баланстың күніне операциялардың аяқталу кезеңін көрсету жолымен табыс танылады. Егер келесі шарттар орындалатын болса, операциялардың қорытындысы сенімді деп есептеледі:
- табыстың сомасы сенімді түрде танылады;
- операцияға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп болжанса;
- баланстың күніндегі жағдай бойынша операциялардың аяқталу кезеңі сенімді түрде танылса;
- операцияларды жүзеге асыруға арналған шығындар және оның аяқталуына қажетті шығындар сенімді түрде өлшенетін болса.
Операциялардың аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы қажет, атап айтқанда:
- орындалған жұмыс туралы есептер;
- қызмет көрсетудің жалпы көлемінен пайыз секілді ұсынылған қызмет көрсетулер;
- жалпы күтіліп отырған шығындарға келтірілген шығындарға барабар қатынаста.
Белгілі бір мерзім ішінде істердің анықталмаған санын орындау жолымен қызмет көрсетулер ұсынылса, қандай да бір әдіс аяқталу кезеңінде жақсырақ көрінетін куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, уақыттың осындай мерзімі ішінде тікелей негізде табыс танылады. Нақты іс-әрекет басқа іс-әрекеттерге қарағанда маңыздырақ болса, онда субъекімен табысты мойындау осы іс-әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
Жобаланып отырған қызмет көрсетулердің операцияларының қорытындысы сенімді бағаланса, субъект мойындалған орны толтырылған шығындардың сомасының аясында табысты мойындауы қажет.
Жобаланып отырған қызмет көрсетулердің операцияларының қорытын-дысы сенімді бағаланбаса, мойындалған орны толтырылған шығындардың сомасының аясында табыс мойындалады.
Қызмет көрсетулерден түскен табыстар, қызмет көрсетулер ұсынылып отырған мерзімнің ішінде мойындалады.
№2 қаржы есептілігінің ұлттық стандартымен пайыз, роялити және дивидендтер түріндегі табыстар қарастырылған.
Субъект пайыздар, роялити және дивидендтер әкелетін субъект активтерінің басқа да жақтарымен қолданудан туындайтын табыстарды мына жағдайларда мойындау қажет:
- операциялармен байланысты экономикалық пайдаларды субъектінің алу мүмкіндігі бар болған жағдайда; және
- табыстың сомасы сенімді түрде өлшенген болса.
Субъект келесі негіздерді қолдана отырып, табысты мойындау қажет:
- пайыздардың тиімді мөлшерлемелері әдісін қолдана отырып, пайыздар мойындалады;
- роялти сәйкес келетін келісім-шарттың мазмұнына сәйкес, есептеу әдісімен мойындалуы қажет;
- дивидендтер төлемді алуға акционерлердің құқығы анықталған жағдайда мойындалуы қажет.
3) Қаржыландырудан түскен табыстар.
Қаржыландырудан түскен табыстарға табыстардың келесі түрлері жатады:
-қаржылық активтер
бойынша (ақша қаражаттарын
-бағалы қағаздар бойынша
дивидендтермен алынған
-қаржылық жалға берілген активтер бойынша табыстарды алуға байланысты операциялар көрінетін қаржылық жалға беру активтері;
-капиталдың немесе басқаның құнының өсуінен жалға беру төлемдерін немесе табыстарын алу мақсатында, өкімде жатқан (жалға беру келісім-шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) жылжымайтын дүние-мүліктен (жер, ғимарат немесе олардың бөліктері) табыстарды алуға байланысты операциялар көрсетілетін жылжымайтын дүние-мүлік инвестицияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар.
Аудиттің әдістемелік тәсілдері дегеніміз тәжірибені жетілдірудің, сондай-ақ экономикалық және заң ғылымдарын дамытудың негізінде жасалған арнайы тәсілдерін айтамыз. Бұл тәсілдер аудиттің мақсатты қызметіне байланысты және жалпы ғылыми әдістерге байланысты қалыптасқан.
Аудиттің әдістемелік тәсілдерін мынадай топтарға жіктеуге болады:
- есептесу-талдау;
- құжаттық;
- жалпылау.
Есептесу-талдау тәсілдері дегеніміз - экономикалық талдаудың (салыстыру, топтастыру, бұғау орнату, баланстық қосылымдар және т.б.), аналитикалық тексерістің, статистикалық және экономика-математикалық әдістердің дәстүрлі тәсілдерін айтамыз.
Аудиторлық байланыстарды алудың кең таралған әдістері аналитикалық тексеріс болып табылады. Ол келесі рәсімдерден тұрады:
- әртүрлі қаржылық деректердің немесе қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштердің ара қатынасыныа талдау;
- басқа талдауларға болжау жасай отырып, фактілі деректерді салыстыру;
- өткен мерзімдердің осыған ұқсас деректерімен соңғы есеп беру деректерін, ұқсас кәсіпорындардың, орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру;
- аяқасты ауытқушылықтарды зерттеу;
-күтпеген жағдайларға талдау жасау;
-басқа тұлғалардан алынған ақпараттарға талдау жасаудың қорытын-дыларын бағалау.
Клиенттің жазбасы компьютердің файлында жинақталса және аудиторлық бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету дайындалып жатса, клиент туралы мәліметтерді жыл сайын жинау кезінде аналитикалық тексерісті жүргізу тиімді болады.
Информация о работе Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары