Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:19, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.

Содержание работы

Кіріспе
4

Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ғылыми-теориялық негіздемесі

6
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мәні мен маңызы

6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
15

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру

29
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру

29
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі

33

3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары

44
3.1. Аудиттелетін кәсіпорынның тиімділігін бағалаудың критерийлері

44
3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы
47
3.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту және қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолдары
58
Қорытынды
70

Пайдаланылған дереккөздер

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 659.00 Кб (Скачать файл)

Шаруашық ішіндегі кешендік аудит бастапқы құжаттардың ақпарат  көздері, бухгалтерлік тіркемелермен  есеп, техникалық дайындық мәліметтері,шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің тиімділігін тексеру, нормалар мен жоспарлар ретінде пайдаланылады.

 Нарықтық қатынастардың  дамуы түпкілікті қаржылық нәтижиелеріне  қол жеткізу үшін басқарушылық  бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайыгда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне де, сыртқы жағдайларға да,оның ішінде маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі менмемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

 Кәсіпорынның есеп  беру мазмұны ҚЕХС және бухгалтерлік  есептің стандарттарымен белгіленеді.Қазақстан  республикасында жылдық қаржылық есеп беру кәсіпорындарға мына формалар бойынша ұсынылады:

  • бухгалтерлік баланс;
  • кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
  • ақша қозғалысының есептілігі;
  • меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептілік;
  • кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат.

Оған шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қорытынды қаржылық нәтижелеріне есепті кезеңде әсер ететін негізгі факторлардың өзгерісін ашатын түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.

 Қазақстан Республикасы  Заңнамасының 5 тарау 20 бабына сәйкес 

1- қаңтар 2008 жылдан бастап Қаржылық Есеп Берудің Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС) енгізілді.

Қаржылық Есеп Берудің  №2 Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС №2) - «Жеке  кәсіпкерлік туралы» Қазақстан  Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес айқындалатын ірі  кәсіпкерлік субъектілеріне, жария мүдде ұйымына, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы компанияларына бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және қаржылық есептілікті жасайды.

 Осы стандарт бойынша:

1) актив – болашақ  экономикалық пайда алуды күтіп  отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде  дара кәсіпкер немесе ұйым  бақылайтын ресурс;

2) ақша қаражаты – кассадағы ақша қаражаты мен талап етіп алғанға дейінгі депозиттер;

3) ақша қаражатының қозғалысы – ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ағылып келуі және қайтуы;

4) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп – субъектінің ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ақша қаражатының қозғалысы операциялық, инвестициялық қызметтер мен қаржыландыру қызметінен бөлек көрінетін кезеңдегі өзгерісі туралы ақпарат бар қаржылық есеп;

5) негізгі құралдар  – тауарларды шығаруда немесе  қызметтерді көрсетуде немесе  беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын және т.б;

Қаржылық Есеп Берудің  №2 Ұлттық Стандартының (ҚЕБҰС №2) өз есептеу қағидаттары бар. Субъект есептеу қағидатын пайдалана отырып, ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептерді жасайды. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (қаржылық есептердің элементтері) ретінде танылады.

 Алғашқы есептік  кезеңге жасалатын есеп берудің  формасынан басқа қаржылық есеп  берудің барлық көрсеткіштері  бойынша олардың өткен кезеңдегі  мәні келтірілуі керек. Егер  өткен кезең мәліметтері есепті  кезеңнің ұқсас көрсеткіштерімен  сәйкеспейтін болса, онда оларды түзету керек. Әрбір түзету себебі есептеу және бағалау әдістері түсіндірме хатта көрсетілуі тиіс.

 Қаржылық есеп берудің  маңызды элементі – активтер, меншікті капитал және субъектініңміндеттемелері  болып табылады. Есеп беру формаларының  тиісті бөлімдерінде баптар бойынша оларды анық ашып көрсету шаруашылық көрсетуші субъектілер қызметінің қаржылық кешендік және операциондық аудиттерінде аса маңызды орын алады.

 Активтер - субъектінің  құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік  және мүліктік емес иеліктері мен құқығы.

 Міндеттемелер - басқа  бір тұлғаның пайдасына белгілі  әрекентті жүзеге асыратын тұлғаның  міндеті.

 Меншік капитал - міндеттемелерін шегергеннен кейінгі субъектілер активтері.

 Активтердің (А), меншікті (акционерлік) капиталдың (МК) және міндеттемелдің (М) өзара байланысы негізгі бухгалтерлік теңдеумен тұлғаланады:

 А =МК+М

 Бұл формула бухгалтерлік  есептегі қосарлы жазба тұжырымдамасына  негізделеді. Міне нақ осы теңдеуге  мыналар сүйенеді: есептік-талдамалы  процедуралар, баланс пассиві мен  актив баптарын жіктеу, басқа формадағы қаржылық есеп берулердің көрсеткіштері және т.б. мәселен, акционерлік қоғамдарда меншік (өзіндік) капиталдың (ӨК) шамасы жарғылық капиталдың (ЖК), қосымша төленген капиталдың (ТК), резервтік капиталдың (РК) және бөлінбеген табыс (БТ) мөлшерлерімен анықталады;

 ӨК= ЖК+ТК+РК+БТ.

 Бұл жағдайда негізгі  бухгалтерлік теңдеуді былай  жазуға болады:

 А=ЖК+ТК+РК+БТ+М

 Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржылық есеп  беруі пайдаланушыларға ашық  жарияланады. Жылдық қаржылық  есеп берудің анық сенімділігін  тәуелсіз аудитор растайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы

 

Жүргізу толықтығына  қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады. Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және каржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі накты жағдайын зерттеудің кешенді тәсіл ең пайдалы болып табылады.

Тауарлы-материалдық  корларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін каржылык есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы кұжаттарды карастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда кабылдауды, құжатта ресімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың козғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілерді сатып  алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезендері мыналар:

  1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
  2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
  3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
  4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
  5. Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
  6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.
  7. Тауарлык-материалдык құндылықтарды қолдануды ішкі бакылау жағдайын бағалау.
  8. Жабдыктау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жаксарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 Тауарлық-материалдық  корларды кұру мен сақтау белгілі  бір шығындарға кездеседі. Шынында,  Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде  жабдыктау-дайындау іс-қызметіне  қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалган мате


Информация о работе Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары