Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:19, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.

Содержание работы

Кіріспе
4

Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ғылыми-теориялық негіздемесі

6
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мәні мен маңызы

6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
15

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру

29
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру

29
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі

33

3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары

44
3.1. Аудиттелетін кәсіпорынның тиімділігін бағалаудың критерийлері

44
3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы
47
3.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту және қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолдары
58
Қорытынды
70

Пайдаланылған дереккөздер

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 659.00 Кб (Скачать файл)

Құжаттық әдістемелік  тәсілдер дегеніміз - ақпараттық қалыпқа  келтіру, нормативтік-құқықтық реттеу, есепке алу құжаттарына тексеріс жүргізу (зерттеу) болып табылады.  

Ақпараттық қалыпқа  келтіру – ақпараттарды белгілі бір тасымалдаушыда анықталған зерттеу объектісі туралы деректердің жиынтығы (алғашқы есепке алу құжаттары, есептеме тіркелімі және есептілік, т.б.).   Аудиттегі ақпараттық қалыпқа келтірудің мақсаты, объектінің жағдайын, шаруашылық қызметке оның қатысуын зерттеу үшін, объект туралы нормативтік-құқықтық, жоспарлы, бухгалтерлік ақпараттарды жүйелеу болып табылады. 

Нормативтік-құқықтық реттеу - заңмен, нормативтік құжаттармен, ережелермен қарастырылған нормаларға және ережелерге қатысты аудиторлық тексерістер объектілерінің қызметіне зерттеу жүргізу.

Есепке алу құжаттарына  тексеріс жүргізу (зерттеу) дегеніміз- шаруашылық операцияларды жүзеге асырудың растығын орнатудың тәсілдерін айтады. Олар мыналар болып табылады: құжаттарды тексерудің тәсілдері, фактілі бақылау жасаудың тәсілдері, бақылау, есептеу, сұрау салу, инспекция және т.б.

Құжаттарды тексерудің әдістемелік тәсілдерін жіктеу бақылаушы  іс-әрекететтердің дәйектілігіне және олардың логикалық өзара байланысына  негізделеді. Құжаттық бақылаудың негізгі әдістерінің ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:   

- үстірт;

- арифметикалық;

- заңды;

- логикалық;

- толық, толық емес, сондай-ақ таңдамалы;

- қарсы тексеріс;

- кері санау әдісі;

- шаруашылық операциялардың негізділігін және заңдылығын бағалау;

- есепті қалпына келтіру.

Аудиттің жоғарыда баяндалған әдістері және тәсілдері қаржы есептілігін  бекітуді растау немесе бұрмалауларды  табу мақсатында жиналатын аудиторлық дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етеді.  

Қаржы есептілігін бекіту дегеніміз - қаржы есептілігіне қосылатын, тікелей және басқа жолмен ұсынылатын субъектінің басшылығын бекітуді айтамыз:

1. Бар болуы, саны: актив немесе міндеттеме белгілі бір күнде қызмет етеді;

2. Құқық және міндеттеме: актив немесе міндеттеме белгілі бір күнде субъектіге тән болады;

3. Құбылыс, пайда болу: есеп беру ішінде  субъектіге қатысы бар операция жүзеге асырылды немесе жағдайлар болды;

4. Толықтығы: көрсетілмеген активтер, міндеттемелер, операциялар немесе жағдайлар, сондай-ақ ашылмаған баптар жоқ;

5. Бағалау (құнды тарату): актив немесе міндеттеме сәйкес келетін баланстық құнда көрсетіледі;

6. Өлшеу: операция немесе жағдай сәйкес келетін сомасы бойынша көрсетіледі, ал табыс сәйкес келетін мерзімге жатады;

7. Ұсыну және ашу: бап қаржы есептілігінің тұжырымдамалық негізгі ұсынымын қолдана отырып, ашылады, жіктеледі және түсіндіріледі.

«Аудиторлық дәлелдеме» 500 аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес, аудитор аудиторлық қорытынды негізделетін ақылға сай қорытынды-ларды қалыптастыру мақсатында, жеткілікті сәйкес келетін аудиторлық дәлелдемелерді алу қажет.

«Аудиторлық дәлелдеме» дегеніміз - аудиторлық қорытындыға  негізделген қорытындыларды қалыптастыру процесінде аудиторлармен алынатын ақпаратты айтамыз. Аудиторлық дәлелдеме қаржылық есептіліктің, сондай-ақ басқа да көздерден ақпараттарды растайтын негіздегі алғашқы құжаттардан және есептеме жазбалардан алынатын ақпараттардан тұрады.    

Аудиторлық дәлелдеме  бақылаудың тесттерін және мәні бойынша  рәсімдердің сәйкес келетін кешенін  өткізудің қорытындысында алады. Дәлелдемелердің кейбір жағдайларында мәні бойынша рәсімдердің негізінде толығымен алынуы мүмкін.  

Бақылаудың тесттері дегеніміз - ұйымдардың жарамдылығына  және бухгалтерлік есептің және ішкі бақылаудың жүйелерін жүзеге асырудың тиімділігіне аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында орындалатын тесттерді айтады.   

Мәні бойынша рәсімдер - қаржылық есептіліктегі маңызы бар  бұрмалауларды анықтау үшін аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында орындалатын  тесттер, қателерді анықтамау жоспарланған тәуекелді төмендету үшін қолданылады. Олар үш түрге бөлінеді:

1. Операцияларды егежей-тегежейлі тесттері.

2. Сальдо шоттардың тесттері (сальдо балансқа тест жүргізу).

3. Талдау рәсімдері.

Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін, аудитор мәні бойынша келесі рәсімдердің біреуін немесе көбісін орындайды:

-инспекциялау – жазбаларды, құжаттарды немесе материалдық активтерді тексеру. Тексеріс, олардың сипатына және көзіне, сондай-ақ оларды өңдеу процесіндегі ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты сенімділіктің әртүрлі дәрежесін қамтамасыз етеді [30.48б].

-бақылау  - басқа тұлғалармен орындалатын процестерге немесе рәсімдерге бақылау жасау, мысалы аудитор субъектінің қызметкерлерімен тауарлы-материалдық қорлар есебін жүргізуге немесе аудиторлық іздерді қалдырмайтын бақылаушы рәсімдердің орындалуына қадағалау жүргізе алады. 

-сұрау салу – субъектінің аясында немесе аясынан тыс хабардар тұлғалардан ақпарттарды іздеу. Сұрау салулар үшінші тараптарға жіберілген жазбаша сұрау салулар секілді және субъектінің ішіндегі тұлғаларға бағытталған ресми емес ауызша сұраулардан тұрады. Сұрау салулар бойынша жауаптар бұрын қолда болмаған немее аудиторлық дәлелдемелерді растайтын ақпараттарды аудиторға ұсына алады.    

-растау – есептеме жазбалардағы ақпараттарды растау үшін сұрау салу бойынша жауаптарды ұсыну. Мысалы, аудитор негізінен тікелей дебиторлардан дебиторлық берешектер туралы растауды сұрайды. 

Есептің қорытындысы – алғашқы құжаттардың және есептеме жазбалардың немесе тәуелсіз есеп айырысулардың орындалуының арифметикалық нақтылығына тексеріс жүргізу.  

Талдау рәсімдері – басқа релеванттық ақпарттармен дәйекі немесе болжанып отырған сомалардан айырмашылығы бар, сондай-ақ  ерекше баптардың барлығына бухгалтерлік жазбаларды мұқият қарастыратын ауытқуларды және өзара байланыстарды зерттеуден келіп шығатын маңызды коэффиценттерге және бағыттарға талдау жасау.  

Қаржылық ақпараттарды қалыптастыру кезінде ақпараттарды тіркеуді жинау, өңдеу және жүйелеу  сәтінен бастап, қаржылық есептілік  түріндегі жүйеленген ақпараттарды ұсынғанға дейін есепке алудың объектісі ғана емес, ақпараттарды жинау және өңдеудің барлық рәсімдерін жүзеге асыратын субъекті де маңызды болып табылады.  

Табыстарды есепке алу  аудитінің мақсаты:

- алдында тұрған мерзімдерге компаниялардың жеке қаржы есептілігі сияқты басқа компаниялардың қаржы есептілігімен қатар қойылатын, пайдаланушылар үшін пайдалы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну;

- компаниялардың қаржы жағдайын дұрыс және толық көрсететін қаржы есептілігін дайындау және ұсыну.

Ақпараттарды жинау, тіркеу және жүйелеу және қаржы есептілігі рәсімі қаржы есептілігін дайындауға тартылған тұлғалардың субъектілі ойларына байланысты болады.

Осыған қоса, қаржы  есептілігі кейбір дәрежеде «есепке  алу объектісі туралы субъектілі ұсыныстың» қорытындысы бар болғандықтан, сыртқы қолданудың әдейі немесе әдейі емес қауіпі туады. 

Тексеріс жасауға түсе отырып, аудитор табыстарды және басқаларды жинау, есепке алу, қалыптастыру және мойындауға қатысты барлық нормативтік құжаттарды үйренуі қажет [31.74б].

Табыстарды есепке алуды  тексеру кезінде аудитордың міндеттеріне мыналар жатады:

- есеп беру саясатына субъект иесімен қабылданған бухгалтерлік есептің сәйкестігін тексеру;

- бухгалтерияға алғашқы есепке алу құжаттары өз уақытында түсетіндігін немесе түспейтіндігін және құжат айналымы қалай ұйымдастырылғанын тексереді;

-Мүліктер және міндеттемелерге  түгендеу толық, өз уақытында  және дұрыс жүргізілгенін немесе  жүргізілмегенін, есептемеде және  есептілікте оның қорытындылары  қалай көрінгенін;

-бас бухгалтердің  шаруашылық қызметті жүргізудің заңдылығына, бухгалтерлік есептілікті ұйымдастыруына және жүргізуіне бақылау жасайтын-дығына немесе жасамайтындығына тексеріс жасайды;

-табыстарды есепке  алу бойынша есептілік тізбелері  жүргізілетіндігіне немесе жүргізілмейтіндігіне  және талдау жасаудың есептілігінің деректері аналитикалық есепке сәйкес келетіндігіне немесе келмейтіндігіне;

-басты кітаппен берілген  қаржы есептілігіндегі табыстар  туралы ақпарат сәйкес келетіндігіне  немесе келмейтіндігіне.

Табыстар туралы есептілік  деректерін тексерудің бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:

-пайдалар мен залалдар  және бухгалтерлік есептіліктің  тізілімдері туралы есеп көрсеткіштерінің  бірдейлігін тексеру;

- алғашқы есептілік құжаттарын ресімдеуді тексеру;

-өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер) жүзеге асырудан туындаған қаржы қорытындыларын қалыптастырудың дұрыстығын тексеру;

-басқа да операциялық деректердің есептілікте дұрыс көрсетілулерін тексеру;

-операциялық шығындардың есепке алуда дұрыс көрсетілуін тексеру;

-операциялық қызметтен түскен қаржылық қорытынды анықтаудың дұрыстығына тексеру жүргізеді;

-қаржылық табыстарды көрсетудің дұрыстығына тексеріс жүргізеді;

-төтенше табыстарды көрсетудің дұрыстығына тексеріс жүргізеді;

-қызметтің және пайданы қолданудың қаржылық қорытындысын қалып-тастырудың дұрыстығына және растығына тексеріс [32.81б].

Нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс  алу болғандықтан, барлық назарды  осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші  абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады.

Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегімдері мен баға шегімдері алынып тасталынып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін  табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен  тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өрдіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін  табыс сомасына қоймадағы өтпеген  бұйымдар қалдықтарының және сатып  алушының жауапты сақталуындағы  тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді.Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде- азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден  түскен табыс жоапарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі [14,51б].

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құрылады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие боламуы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады.Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола альайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып  алушының жауапты сақтауында болады,  яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып  алушыға келіп түседі, бірақ сатып  алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдінсіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді.Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

-біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;

-екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;

Информация о работе Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары