Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:19, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Кіріспе
4
Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ғылыми-теориялық негіздемесі
6
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мәні мен маңызы
6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
15
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру
29
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру
29
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі
33
3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
44
3.1. Аудиттелетін кәсіпорынның тиімділігін бағалаудың критерийлері
44
3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы
47
3.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту және қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолдары
58
Қорытынды
70
Пайдаланылған дереккөздер
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайына елеулі көрініс табады./7, 98бет/
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңдегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің
қалыптасуы көздерінің
- кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының абсолюттік
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін және несие
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру
2.1. «Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметінің экономикалық-ұйымдастыру сипаты «Жайна-Жамиля» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Респуб-ликасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы және басқада заңдарға сәйкес құрылған. Серіктестік құрамында 50 адамы бар жылдық орташа активтік көрсеткіші алпыс мың есептік көрсеткіштен кем емес шағын кәсіпкерлік субъекті болып табылады. Серіктестік Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркелген (2006 ж. 17 ақпанда берілген №1792-1901-ЖШС куәлігі) Серіктестік ойын және шоу бизнесімен айналысуға құқысыз [15].
Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.
Серіктестіктің атауы: Мемлекеттік тілде «Жайна-Жамиля» Жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігі. Орыс тілде Товарищество с ограниченной ответственностью «Жайна –Жамиля». Кәсіпорынның мекен жайы: ҚР Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай Батыр көшесі 25 үй.
Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР Конституциясын және басқа заң актілерін, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын, сонымен бірге өз Жарғысын басшылыққа алады. Серіктестік біріккен кәсіпорындар құруға сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде құрылымдық бөлімшелер құруға құқықты.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына келетін болсақ, оның: жоғарғы органы-құрылтайшысы, Атқарушы органы-директор болып табылады.
Құрылтайшының құзырына мыналар жатады:
Серіктестіктің атқарушысы болып серіктестікке қатысушы ретіндегі директор болып табылады. Директор құрылтайшының құзыретіндегі істерден басқа барлық қызмет мәселелерін шешеді және құрылтайшыға есеп береді, оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Директор серіктестіктің құрылтайшысынан берілген құзырет шегінде әрекет етеді және серіктестік қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.
Серіктестіктің қызмет
мақсаты Қазақстан
Серіктестік өз мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:
-оқу процесі 2-3 жылға созылатыны шет тілдер оқыту курсын ұйымдас-тыруы
-5 бағытта жүретін
мамандырылған ағылшын тілі
-Полиграфиялық қызметтері
-ІТ-ттехнологиялық қызмет көрсету
-Құқық қызметі
-Көліктік-экспедиторлық қызмет ету жүк тасымалы
-Сауда-саттық, делдалдық қызмет көрсету
-Кадрлар дайындау
облысында қызмет көрсету,
Бұл тізім заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерін серіктестік берілген лицензия жүзінде жүзеге асыра алады [16].
Кесте 1
«Жайна-Жамиля» ЖШС-ң Активтердің құрамы мен құрылымы
№ |
Көрсеткіштер |
2007 |
2008 |
Ауытқуы +- | ||
мың тг |
% |
мың.тг |
% |
+597063 +2278 +34757
+48108 -1548 +4422 +2885 +1581
-44 -64128 | ||
Қысқа мерзімді активтер |
82304 |
85,602 |
142010 |
88,603 | ||
1 |
Ақша қаражаттары |
1745 |
1,81 |
4023 |
2,51 | |
2 |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
-564 |
0,58 |
34193 |
21,33 | |
3 |
ТМҚ |
51973 |
54,055 |
100081 |
62,44 | |
4 |
Салықтық активтер |
5260 |
5,47 |
3712 |
2,32 | |
Ұзақ мерзімді активтер |
13843 |
14,39 |
18265 |
11,4 | ||
5 |
Негізгі құралдар |
13799 |
14,35 |
16684 |
10,4 | |
6 |
Кейінге қалдырылған салықтық активтер |
0 |
1581 |
0,98 | ||
7 |
МЕА |
44 |
0,045 |
0 |
||
Активтердің жиынтығы |
96147 |
100 |
160275 |
100 |
Осыған қарап біден кәсіпорын мүлік жағдайына оң немсе теріс деп баға беруге болмайды, ол үшін активтердің ішкі құрылымын қарастыру керек.
Қысқа мерзімді актив
ішінде қатты өзгеріске түсіп
отырған баптар қысқа мерзімді дебиторлық
берешек пен Тауарлы
Дебиторлық берешектердің абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп отыр. Егер 2007 жылы дебиторнлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2008 жылы берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.
Салықтық активтер қарастырып
отырған жылдарда төмендеуі, яғни кәсіпорын
алдын ала төлеу көлемін
Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі. Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы 2 – ші кестеде берілген.
Кесте 2
«Жайна-Жамиля» ЖШС-ң пассивтердің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер |
2007 ж |
2008 ж |
Ауытқуы + - | ||
мың тг |
% |
мың.тг |
% | ||
1 Қысқа мерзімді міндеттемелер |
95867 |
99,7 |
119230 |
74,4 |
-23363 |
Қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар |
75786 |
78,82 |
68722 |
42,88 |
-7064 |
Салықтар бойынша міндеттемелер |
-30 |
-1868 |
+1898 | ||
Басқада міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер |
0 |
-329 |
-329 | ||
Кредиторлық берешектер |
20109 |
20,9 |
52705 |
32,88 |
32596 |
2 Ұзақ мезімді міндеттемелер |
0 |
0 |
37488 |
23,39 |
-37488 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер |
0 |
37488 |
23,39 |
-37488 | |
3 Капитал |
282 |
0,3 |
3556 |
2,22 |
+3274 |
Шығарылған капитал |
103 |
0,107 |
103 |
0,064 |
0 |
Бөлінбеген табыс |
179 |
0,17 |
3453 |
2,15 |
3274 |
Пассивтердің жиынтығы |
96147 |
100 |
160275 |
100 |
64128 |
2 кестеде
келтірілген мәліметтер
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі
Негiзгi және негiзгi емес қызметтерден алынған табыс жылдық жыйынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық запастарды сатқан-нан, қызмет көрсеткеннен, кәсiпорынға жататын активтердi пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкiн.
Табыс дайын өнiмдерден,
сатып алынған тауарлардан және
көрсеткен қызметтерден алынады; олардың
сатылу құны тараптар аясында жасалған
келiсiмшартта анықталады: ал мәмiледен
шығатын табыс сомосы бағасынан
немесе сатудан жасалатын жеңiлдiктерi
Келесi шарт сатушыдан сатып алушыға өтетiн меншiк құқығы болып табылады, бұл әдетте берiлген кезден басталады, ал егер сатушы меншiк иесi ретiнде құқығын және мiндеттемесiн сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәмiле бойынша күтiлетiн шығын үлкен нөлдiк деңгейдегi бағалауды қажет етедi.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынатын табыс ретiнде танылады:
- есеп беру күнiне мәмiленiң аяқталу кезеңi үлкен деңгейдегi дәлдiкпен анықталса;
- мәмiленi жүргiзу кезiнде жұмсалған шығыстары да, мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығыстары да үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағаланса.
Информация о работе Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары