Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:19, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Кіріспе
4
Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ғылыми-теориялық негіздемесі
6
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мәні мен маңызы
6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
15
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру
29
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру
29
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі
33
3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
44
3.1. Аудиттелетін кәсіпорынның тиімділігін бағалаудың критерийлері
44
3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы
47
3.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту және қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолдары
58
Қорытынды
70
Пайдаланылған дереккөздер
Субъект барынша дәлдiк деңгейде табысын анықтай алады, ол мәмiлеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсiлiне, күтiлетiн компенсациясына әрбiр тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмiлеге қатысушы-лармен ортақ шешiмге келген жағдайда қол жеткiзедi.
Мәмiленiң сипатына қарап оның аяқталу кезеңiн анықтаған кезде мына әдiстерiнiң бiрiн пайдаланады:
- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша орындалған қызметтiң пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Аралық негiзде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудiң, яғни
мәмiленiң нәтижесiнде үлкен
6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:
6010 – «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020–«Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 – «Бағадан және
сатудан түсетін жеңілдіктер», онда
бағадан немесе сатудан
6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтiрiлген.
Кесте 3
«Негізгі қызметтен түсетін табыс» шотының корреспонденциялары
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
дебет |
кредит |
Сомасы |
1. |
Шот – фактураларының және накладнойдың негізінде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылды |
1210 |
6010
|
60000 |
ҚҚС, сомасына, 12% |
1210 |
3130 |
7200 | |
2. |
Жұмыстары қабылдау актілерінің негізінде, негізгі және қосалқы өнді-рістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер |
1210-1284 1220-1230 |
6010 |
128000 |
ҚҚС сомасына, 12% |
1210-1284, 1220-1230 |
3130 |
15360 | |
3. |
Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті |
1030 |
1210 |
67200 |
Дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен сомасы есептi кезеңнiң аяғында 5510-«Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылма-ған залалы)», шотына көшiрiлiп жазылады. Бұл кезде 6010-шоты дебеттеледi де, 5510-шоты кредиттелiнедi.
2007 жылы «Жайна-Жамиля» ЖШС негізгі қызметтен 25123,5 млн. теңге мөлшерінде табыс тапқан болатын. 2008 жылы ұйым 106114,5 млн. теңге мөлшерінде табысқа ие болды.
Негiзгi емес қызметен түскен табыстың есебiн есептеу үшiн типтік шоттар жоспарының 6200 – «Басқа да кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған және оған келесi пассивтiк күрделi шоттар жатады.
6210 - «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», онда мынадай актив-терді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 - «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6250- «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», онда есептерде валюталар-дың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
6280- «Инвестициялық, қаржы
инвестицияларының
Материалдық емес активдердi сатқан кезде мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады (қысқартылып алынған).
Кесте 4
6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», шоты бойынша корреспонденциялар
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | ||
1. |
Материалдық емес активтер сатылды:
|
7410-2740 1210-1284 1220-1230 |
2730 6210 |
2. |
ҚҚС сомасына, 12% |
1210-1284 |
3130 |
3. |
Жыл соңында, 6210 және 7410 шотта-рында есептелген сомасы, жиынтық табыс (залал) шотына есептен шығарылды: табыс
|
6210 5510 |
5510 7410 |
6210 – шоты "Негiзгi құралдарың шығарылуынан түсетін табыс" негiзгi құралдары сатудан түскен табыстардың жинақтауға арналған.
18 ХҚЕС-ның принциптерінде табыстар түсімге және басқа да кірістерге бөлінеді. Ұйым тауарларды және өнімдерді сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, өзінің мүліктерін және қарыздарын пайдалануға ұсыну, инвестициялық қызметтерді жүзеге асыру кезінде өзінің қарапайым (негізгі) қызметінің барысында ақшалай түсімді иемденеді.
Өз кезегінде, шығындардың ішінде негізгі қызмет және шығындар бойынша шығындар бөлініп шығады. Негізгі қызмет жөніндегі шығындар өнімділік, яғни табыс әкелетін шығындар болып табылады (мысалы, сатылған тауардың таза құны, еңбекті төлеуге кеткен шығындар, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясы, коммерциялық және басқаруға кеткен шығындар). Шығындар активтердің ағымдары (мысалы, сатылған өнімдерді немесе басқа да мүліктерді есептен шығару) немесе міндеттемелердің өсуі (шығындарды есептеу кезінде, мысалы пайыз бойынша немесе қызмет көрсетулерді төлеу бойынша) нысанын қабылдайды.
Алайда, ХҚЕС табыстар мен шығындарды анықтау, ұйымдар қызметінің қаржылық қорытындысын тек есеп беру мерзімінің таза пайдасын ғана емес, кең ауқымдағы түсінікті қамтиды (яғни пайдалар және залалдар туралы дәстүрлі есепте көрсетілген қорытынды). Негізінен, қаржы нәтижелілігі пайдалар және залалдар туралы есепте көрсетілген кірістер және шығыстардың есебінен емес, «капиталдың есептерінде» көрінетін кірістер және шығыстардың есебінен құрылады. Зерттеліп отырған серіктестікте шығындар есебі Типтік шоттар үлгісінің 7 бөлімінде жүргізіледі. Ол шоттарда кәсіпорын негізгі және негізгі емес қызмет шығындарын көрсетеді.
Негiзгi құралдары сатқанда мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады.
Кесте 5
"Негiзгi құралдардың шығарылуынан түсетін табыс" шоты бойынша корреспонденциялар
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | ||
1 |
2 |
4 |
5 |
1. |
Негізгі құралдар сатылды:
|
7410 2420 1210 1220 1010 |
2410 2410 6210 |
2. |
Сатылған негізгі құралдар бойынша есептелген ҚҚС сомасына, 12% |
1210 1220 1010,1030 |
3130 |
3. |
Жыл соңында, 6210 және 7410 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылжық табыс (зиян) шотына есептен шығарылды:
|
6210 5510 |
5510 7410 |
Ұйым қаржылық есеп берген кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезең үшін танылатын, табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетеді.
Негізігі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардан басқа төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстар болады. Соларға тоқтап кетуді жөн деп көремін
Төтенше жағдайға басшының шешіміне байланыссыз және субъекті әдеттегі қызметіне тән емес, өте сирек кездесетін операциялар мен оқиғалар жатады.
Бұл оқиға өте сирек болатындығына қарамастан, ауытқу сипатына ие, сондықтан ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайына мәнді әсер етуі мүмкін.
Кей жағдайда төтенше жағдайды әдеттегі жағдайдан ажырату өте қиынға түседі, өйткені бір кәсіпорынға ол ахуал күтпеген жағдай болып көрінсе, ал екіншісіне ол дәстүрлі жағдай болып табылуы мүмкін.
Егер оның келесі сипаттамасы бар болса, операция немесе оқиға төтенше болып саналуы мүмкін.
- өте сирек болса;
- жай немесе әдеттегі қызметтің бір бөлігі болып табылмаса;
Келесі жағдайларды төтенше жағдай ретінде қарастыруға болмайды, атап айтсақ:
- валюта бағамның ауытқуы;
- келісім–шартта көрсетілген бағаларға түзетулер енгізу;
- мүліктерді, құрал-жабдықтарды,
-салық жеңілдіктерін алып
Тоқтатылған операциялардан алынған зиян мен табыстың есебі 7510 – «Тоқтатылған операциялардан түскен табыстар (залалдар)» шотында жүргізіледі [19,231б].
7510 шоттың дебеті тіркелген активтер, тауарлы-материалдық қорлар, ақша қаражаттар шоттарымен корреспонденцияланып, келген зиянның сомасын көрсетеді. Ал 7510 шотының кредиті 1284 шотымен ақша қаражаттарының зиянның өтелгендігін көрсетеді.
Кей кезде кәсіпорын табиғат апатының нәтижесінде табыс табуы мүмкін. Мысалға, сақтандырушы ұйым жойылған мүліктің толығымен қалдық құнын өтеп берсе, ал кәсіпорын сол жойылған мүліктен запас бөлшектер алып, оны іске жаратса немесе сатса, онда кәсіпорын аз да болса табыс табуы мүмкін. Табиғат апатының нәтижесінде жойылған басқа да активтерді (материалдар, тауарлар т.б.) тап осындай жолмен есептен шығарады.
Зиянды немесе табысты 5510 шотына есептен шығарғаннан кейін, 7510 шоты жабылуы тиіс.
7510 – «Тоқтатылған операциялардан түскен табыстар (залалдар)» шоты кәсіпорын экономикалық, өндірістік нмесе сауда қызметтерінің басты бағыттарында операциялардың тоқтатылуынан немесе қолданыстағы активтерді сатудың нәтижесінен тоқтатылған операциялардан пайда табуы мүмкін.
Осындай операциялармен байланысты кәсіпорынның қызметі, міндет-темесі, таза табысы немесе зияны бухгалтерлік есепте айқындалып, содан соң ол көрініс табады.
Әрбір тоқтатылған опрециялар қаржылық есеп беруде және түсіндірме жазбасында: тоқтатылған операцияның сипаты; салалық және географиялық сегменті; тоқтатылған күні, тоқтатылған операциясының әдісі, табыс пен зиянды өтеу үшін пайдаланған есеп саясаты және табысы мен зияны; есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған зияны немесе таза табысы және жалпы табысы т.б. ашылып көрсетіледі.
Егер де операциялардың тоқтатылуы мемлекеттің араласуынан немесе табиғи құбылыстардың әсерінен болса, онда үзілістен алынған жиынтық табысын немесе зиянын анықтау төтенше сипатқа ие болады.
Бірақ та кей кезде кәсіпорын басшыларының шешімімен кәсіпорын өз қызметіне оқтын-оқтын үзіліс жасап отыруы мүмкін, бұл кезде оны төтенше оқиға ретінде санауға болмайды.
7510 шоттың кредиті
табысты, ал дебеті зиянды
Сонымен қатар ұйымдарда басқа ұйымдардың қызметіне үлестік қатысудан алынатын кіріс (шығын) болуы мүмкін. Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан алынатын кірістер мен шығындардың есебі 7620 – «Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудан түсетін табыс (шеккен залал)» шотта жүргізіледі.
Шот күрделі жене оның талдамалы есебі әрбір ұйымдар бойынша жүреді, өйткені ол сол ұйымдармен бірлескен қызметін немесе өз капиталын салуын жүзеге асыруы мүмкін.
7620 шоттың дебеті мен
кредиті бойынша келесі
Кесте 6
«Басқа ұйымдардағы
үлестік қатысудан түсетін
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | ||
1 |
2 |
4 |
5 |
1. |
Бас немесе тәуелді серіктестіктер өздерінің таза табысынан үлестік кіріске тиесілі сомасын есептейді |
6210 |
7620 |
2. |
Бас немесе тәуелді серіктестіктер өздерінің таза табысынан үлестік шығын сомасын есептейді |
7620 |
6210 |
Информация о работе Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары