Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:19, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Кіріспе
4
Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің ғылыми-теориялық негіздемесі
6
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі, мәні мен маңызы
6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік тәсілдері
15
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру
29
«Жайна-Жамиля» ЖШС қызметін экономикалық-ұйымдастыру
29
2.2. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстарының бухгалтерлік есебі
33
3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
44
3.1. Аудиттелетін кәсіпорынның тиімділігін бағалаудың критерийлері
44
3.2. Кәсіпорынның қаржылық аудитін жүргізу технологиясы
47
3.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту және қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолдары
58
Қорытынды
70
Пайдаланылған дереккөздер
-үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші-жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфлясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзмді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржы-лары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабель-ділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражатта-рының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындары талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкеледі. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналы-мның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның
өсуі есебінен жоғары қарқынмен
өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс
фактор болып табылмайды. Егер
өнімге деген сұраныстың өсуі мен
шығарылатын өнімнің техника-
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
- өткізілген өнімнің нақты көлемі;
- өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
- өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Мұндағы: және - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
3. Өткізу көлемінің
өзгерісінің жалпы табыс
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдылық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалуы пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізуінің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгеріске байланысты өткізілген өнімнің рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруді, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады: [16,201б].
Мұндағы: - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;
, - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.
Мұндағы: ПП – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;
Пж – жоспарл ыжалпы табыс.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжиребесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдылық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) «өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табысты жоспарлы мөлшеріне салыстыру арқылы;
2) «өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер ету сомасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы шегеру арқылы.
Тәжиребеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторларлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдылық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдацында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорынның өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, қажеттілігін тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономикалық басқару органдарына болып табылады.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
Факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткен анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенің немесе кемегендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюына пропорционалды түрде болу тиіс.
3.Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді
өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
Мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған табыс;
ДЖ – жалпы табыс;
РК – кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда атаған көрсеткіштерінен , сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыстар жүргізу қажет.
Өндірістік өзіңдік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтер коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдалану-шылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемін теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесідер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен оладрың
қалыптасу көздері арасындағы
сәйкестікті, оларды
- айналым капиталының
көлемін, оның өсуін (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстық өтімділігін,
кәсіпорынның қаржылық
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау./6, 24бет/
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол үш сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы комерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Информация о работе Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары