Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:00, дипломная работа
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.
КІРІСПЕ 4
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты 18
1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы 26
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76
Фармөнімдердің негізгі жабдықтаушылары - импорттық өндіруші елдер: Швейцария, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Үндістан, Түркия, Литва, Белоруссия, Ресей және тағы да басқалары. Қазақстан Республикасынан жабдықтаушылар болып табылатын өндіруші кәсіпорындар; «Химфарм» АҚ, ЖШС «Эйкос-фарм», ЖШС «Елдос-фарм» және тағы да басқалары. Сатып алынатын өнімдердің жалпы көлемінің 75%-ын импортталған дәрі-дәрмектер және тек 25%-ын ғана ішкі нарықтан сатып алынған дәрі-дәрмектер құрайды.
Бұл, біріншіден, Қазақстандағы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамымағанына байланысты. Сонда да, дәрі-дәрмектерге деген сұраныс өте жоғарғы деңгейде тұр. Дәрі-дәрмектерді, негізінен, Қазақстанның аумағында орналасқан дәріханалар, ауруханалар және жеке кәсіпкерлер сатып алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінің нәтижелілігін жоғарлатудың басты мәселесі болып кәсіби біліктілігі жоғары қызметкерлер табылады. Яғни, кәсіпорынның жеңісі оның қызметкерлерінің кәсібилігіне негізделген. Сондықтан кәсіпорынның
басқармасы дұрыс кадрлық саясатты жүргізуге бел буған. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері әкімшілік-басқарушылық, шаруа жөнінен қызмет көрсетушілік, фармацевтикалық және көмекші топтарға бөлінеді.
Дәріханалардың фармацевтикалық және көмекші қызметкерлерінің саны провизорлық қызметкерлер, орта фармацевтикалық және көмекші қызметкерлер үшін жеке түрде бекітілген штаттық нормативтер арқылы бекітілген.
1. Провизорлық қызметкерлер
құрамына провизор-технологтар,
провизор-талдамашылар, аға провизорлар,
бөлімдердің жетекшілерінің
орынбасарлары кіреді.
2. Орта фармацевтикалық қызметкерлердің
құрамына провизорлар,
провизор-талдамашылар,
дәріханалар желісінің
фармацевттері,
бөлімдердің жетекшілері кіреді.
3. Көмекші қызметкерлер:
жүк таситын, тазалық
сақтайтын
жұмыскерлер, көлік жүргізушілер.
Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымы мен ұйымдастырылуын жете түсіну үшін 1 -кестені қарастырайық.
Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымыңда 2006 жылы үлесі жағынан ең көп көлемді әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер (50%) алған. Бұл кәсіпорынның фармацевтикалық қызмет көрсету нарығының мүмкіндігінше басым бөлігін алуға талпынуымен байланысты.
Кесте 1
ЖШС «Арайдың» еңбек ресурстарының құрылымың талдау (адам).
Еңбек ресурстары |
2006 ж. |
2007 ж. |
Еңбек ресурстарының жалпы көлеміндегі үлес салмағы (%) | |
| 2006 ж. |
2007 ж. | ||
Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер: Бас директор |
1 |
1 |
Атқарушы директор |
1 |
1 |
||
Аймақтық директор |
1 |
4 |
||
Бас бухгалтер |
1 |
1 |
||
Бухгалтер |
3 |
3 |
||
Менеджер |
7 |
12 |
||
Сауда бөлімінің бастығы |
1 |
2 |
||
Бағдарламашы |
1 |
1 |
||
Кассир |
6 |
6 |
||
Өкіл |
11 |
15 |
||
Экспедитор |
2 |
5 |
||
Барлығы: |
34 |
51 |
50,0 |
36,7 |
Фармацевтикалық қызметкерлер: Бөлім жетекшісінің орынбасары |
1 |
1 |
||
Қойма жетекшісі-провизор |
3 |
6 |
||
Провизор-талдамашы |
1 |
4 |
||
Аға провизор |
1 |
17 |
||
Провизор |
6 |
4 |
||
Дәріхана желісінің фармацевті |
2 |
6 |
||
Барлығы: |
14 |
38 |
20,6 |
27,3 |
Шаруа жағынан қызмет көрсететін қызметкерлер: Тазалық сақтайтын жұмыскер |
2 |
15 |
||
Кір жуатын жұмыскер |
2 |
4 |
||
Еден жуатын жұмыскер |
5 |
8 |
||
Жүк таситын жұмыскер |
6 |
14 |
12
Көлік жүргізуші |
5 |
9 |
||
Барлығы: |
20 |
50 |
29,4 |
36,0 |
Еңбек ресурстарының барлығы: |
68 |
139 |
100 |
100 |
Осының нәтижесінде Қазақстанның аймақтарында кәсіпорынның өкілдіктерінің саны көбейді. Жұмысшы күшінің ресурстарынын, осы бөлігінің 2007жылы 36,7%-ға кемуі сату көлемінің ұлғаюынан және сәйкесінше, фармацевтикалық және шаруа жағынан қызмет көрсету қызметкерлерінің қосымша санының қажет болғандығынан орын алды.
ЖШС «Арай» негізгі күш болып фармацевтикалық қызметкерлер саналады. Сондықтан осы санаттың мөлшерінің кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жалпы санындағы өзгерісін міндеті түрде зерттеу қажет. Үлес салмағының өсуі (2007жылғы 20,6%-дан 2007 жылғы 27,3%-ға дейін, яғни 6,7%-ға) қызмет аясының кеңеюінің және айналымдардың өсуінің белгісі болып табылады.
Шаруа жағынан қызмет көрсету қызметкерлерінің үлес салмағы да өсті (2006жылғы 29,4%-дан 2007жылғы 36,0%-ға дейін, яғни 6,6%-ға). Бұл жаңа сауда орындарының ашылуына және сату көлемінің ұлғаюына байланысты.
Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үрдісі тауарлы-материалдық қорларсыз мүмкін емес. ЖШС-тің материалдық қорлары да қарастыруды талап етеді. Тауарлы-материалдық қорлардың құрамына төмендегілер кіреді.
1. Ыдыс және ыдыстық заттар. Қолданылуының сипатына қарай ыдыстар үш түрге бөлінеді:
- Көпайналымды ыдыс. Бірнеше
рет тауарды сақтау және тасыма
13
- Шаруаға қажетті ыдыстар.
Дәріхана ішінде шаруа ыдысы ретінде
қолданылатындықтан
сатылмайды және
жабдықтаушыларға
қайтарылмайды. Бұл ыдыстар
қорларды сақтау үшін арналған және
олардың құрамына бидондар, балондар,
металдан жасалған бөшкелер
кіреді.
- Бірайналымды ыдыс немесе
қаптағыш материал. Тауарларды бір
рет қаптау үшін арналған. Сатуға немесе
қайтаруға арналмағандықтан
актінің негізінде шығысқа шығарылады.
Оның құрамына картоннан
жасалған жәшіктер мен қорабтар,
өрілген кәрзеңкелер, қаптар кіреді.
2. Көмекші материалдар.
Дәрі-дәрмектерді өткізгенде,
сонымен
қатар дәріханаішілік
реттеуде әр түрлі
көмекші материалдар
қолданылады. Олардың
құрамына кіретіндер: этикеткалар,
қағаздан
жасалған капсулалар, жіптер,
рәзеңкеден жасалған қолғаптар, клей және
тағы да басқалары.
3. Шаруаға қажетті тауарлар.
Шаруа жұмысына санитарлық киімді
жуу, еденді
жуу, ыдыс-аяқтарды залалсыздандыру
және тағы да
басқалары жатады. Осы
мақсатта сабын, сода,
кір жуатын ұнтақ,
хлорамин, нашатыр спирті
және басқа да тауарлар пайдаланылады.
Кесте 2
ЖШС «Арай» тауарлы-материалдық қорлармен қамтамасыз етілуі
(мың теңгемен).
ТМҚ атауы |
2006 ж. |
2007 ж. |
Ауытқу (+,-) |
Сату үшін алынған тауарлар |
96 724,9 |
139356,2 |
42631,3 |
Шаруа жұмысына кажетті тауарлар |
12,4 |
18,2 |
5,8 |
Барлығы: |
96 737,3 |
139 374,4 |
42 637,1 |
2-кестенің мәліметтері
бойынша жауапкершілігі
14
ды өсірудің тенденциясы байқалуда. Бұл жағдай материалдардың үлкен көлемін қажет етумен байланысты.
Тауарларды өткізу жұмысын жеткілікті деңгейде жүргізу үшін негізгі құралдарға деген қажеттілік туындайды. Дәріханаларға қатысы бар негізгі құралдар натуралдық-заттық сипаты жағынан келесідей топтарға жіктеледі:
4. Көлік құралдары —
автокөліктер және тағы да
басқалары.
Иемделінуіне қарай негізгі құралдар
жеке меншік және жалға алынған
болып бөлінеді. Ал қолданылуына
қарай қолданыстағы, қосымша қорда
тұрған және қолданысқа енгізілмеген
болып бөлінеді.
1.01.2006 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің жеке меншігінде тұрған негізгі құралдарын иемденеді. Олардың құрамына арнайы жабдықтар, жүк таситын және жеңіл көліктер, компьютерлер, жер, кеңсе жиьаздары және тағы да басқалар кіреді (кесте 3).
Кесте 3.
ЖШС «Арай» негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі (мың
теңгемен).
Негізгі құралдардың түрлері |
2006 ж. |
2007 ж. |
Ауытқуы |
1. Материалдық емес активтер |
|||
1.1. Бастапқы құны |
57,5 |
160,9 |
103,4 |
1 .2. Есептелген тозу |
22,0 |
66,7 |
44,7 |
1.3. Қалдыққұны |
35,5 |
94,2 |
58,7 |
2. Негізгі құралдар |
2.1. Бастапқы құны |
3314,3 |
4613,2 |
1 298,9 |
2.2. Есептелген тозу |
194,3 |
526,1 |
331,8 |
2.3. Қалдық құны |
3 120,0 |
4 087,1 |
967,1 |
3 кестенің мәліметтері бойынша негізгі құралдардың көлемінің едәуір түрде ұлғаюы байқалуда. (2006 жылмен салыстырғанда 2007жылы 1 298,9 мың теңгеге). 2006 жылы ЖШС-тің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі жеткілікті деңгейде болған жоқ, оған қоса, олар әбден тозған болатын. Мұндай жағдай, әсіресе, машиналар мен жабдықтар сияқты негізгі құралдардың түрлеріне теріс нұқсанын келтірер еді.
Кез келген кәсіпорынның коммерциялық қызметінің мақсаты — табыс табу және сол табысты жылдан-жылға өсіріп отыру. ЖШС «Арай» қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері 4 кестеде келтірілген.
Кесте 4.
2006-2007жылдар аралығындағы ЖШС «Арай» қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау.
№ |
# Көрсеткіштер |
2006 ж. |
2007 ж. |
Абсолютт і |
% |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
Тауарларды сатудан түскен түсім (мың теңге) |
248563,1 |
534 946,0 |
286 382,9 |
115,21 |
3 |
Сатылған тауарлардың өзіндік құны (мың теңге) |
217585,6 |
448 979,2 |
231 393,6 |
106,35 |
4 |
Сатудан түскен табыс (мың теңге) |
30 977,5 |
85 966,8 |
54 989,3 |
177,5 |
5 |
Кезең шығыстары (мың теңге) |
24610,5 |
85 190,4 |
60 579,9 |
246,15 |
6 |
Салық салынғанға дейінгі табыс (мың теңге) |
6 367,0 |
776,4 |
-5 590,6 |
-87,8 |