Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:00, дипломная работа
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.
КІРІСПЕ 4
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты 18
1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы 26
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76
Сондай-ақ, субъектінің жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.
Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін, көлемі, қабаттар саны салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені, жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдарды; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша - жолдардың түрлері, қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау әрекет етіп түрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.
Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынған, жасалған шығындардың қажыландырылған көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу
тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мқсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгенде,олардың: малдың нөмірі тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы және алғашқы құны көрсетіледі.Мал тұкымың сапасы туралы мәліметтеріне қарап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жанысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тіріндей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркелді.
Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген байқаса, онда оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен қатар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілген анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлеріне көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгелдеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік мерзімі, арналымы, қуатты және т.б. көрсеткіштерді жеке көрсетіледі.
Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктардың құндары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың мүліктік объектілеріне берілген реттік сандары ешқашан өзгермеуге тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді байАрай негізі құралдардың басқа тобына, яғни техникалық-өндірістік мақсатына сай емес топқа жазғанда немесе дұрыс болмаған анықталғанда ғана жүзеге асырылады.
Мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі
құралдар кәсіпорыннан уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.
Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келемейтін негізгі құрал-жабдықтар мүліктік түгелдеу тізімдерінде еңзілмейді. Мүліктік түгелдеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуынын себептерін көрсетіп, арнайы тізім жасайды.
Өз меншігіндегі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа кәсіпорынның аты; жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Мүлікткі тізімнің бір данасы кәсіпорындарға жіберіледі.
Мүліктік түгелдеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақта техникалық жағдайына қарап белгілейді.
Негізгі құралдардың есепке алынбаған объектілерінің баланстық құнына 2400 «Негізгі құралдар» бөлімінің шоттары дебеттеледі де, 6210 «активтердің шығуынан түсетін табыс» шоты кредиттеледі; тозу сомасына 2410 шоттары дебеттеледі және «Негізі құралдардың амортизациясы» бөлімінедегі 2420 шоттары кредиттеледі.
Негізгі құралдардың кем болып шығуына байланысты операциялар жоғарыда көрсетілген.
Мүліктік түгелдеу нәтижелері сол мүліктік түгелдеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс. Есепке алынбаған негізгі құралдарға жаңа мүліктік түгелдеу карточкалары толтырылады; кем шыққан негізгі құралдарбаланстан есептен шығарылады, ал оның карточкасы «Мұражай» бөліміне орналастырылады. Мүліктік түгелдеудің мәліметтері «Негізгі құралдарың мүліктік түгелдеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемелеріне» енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәлеметтерде алшақтықтар болған кезде. Салыстыру ведомосы төменлде келтірілген.
Кем немесе артық шыққандардың кінәлілері және себептері туралы мәліметтері жан-жақты келтірілген, сондай-ақ болашақта жағымсыз құбылыстардың алдын алу және кінәлілерге қатысты қолданатын шаралар бойынша көрсетілген мүліктік түгелдеу комиссиясының жасаған хаттамасы - ең басты құжат болып табылады.
Қазіргі номативті актілер мен кәсіпорын есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар нақтылы қолда бар негізгі құралдарды анықтау және оның дұрыс сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады.
«Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» (БЕС-24) бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес түгендеу жүргізу мерзімін кәсіпорын өзі белгілейді.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. НҚ түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
-Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, НҚ нақты қолда барын анықтау;
-Нақты қолда барын
-Жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалану жарамсыз НҚ объектілерін анықтау;
-НҚ артық немесе
пайдаланылмайтын объектілері
-Машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін пайдалануды тексеру.
Есепті жылдағы түтендеудің санын, оларды жүргізу күндерін, олардың әрқайсысында тексерілген мүліктердің тізілімін, түгендеу жүргізу міндетті болған жағдайларды қоспағанда, шаруашылық субъектісі белгілейді.
Түгендеуді:
-жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен;
-кәсіпорын мүлкін жалға бергенде, өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізу міндетті.
Есепке қабылданбаған объектілер, оларды сипаттайтын деректер бухгалтерлік есептің тіркелімінде жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталмаған жағдайда, комиссия жетіспейтін, сондай-ақ осы объектілер бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштердің инвентарлық тізімдемеге және инвентарлық карточкаға қосады.
Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп, жүргізілуге тиіс.Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан салынғанын немесе сатып алынғанын, өндірістік шығындардың қаржылану көздерін анықтап, оны хаттамада көрсетуге тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемеге көшіріледі.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне инвентарлық номері, зауыттық номері тағы басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Түгендеу комиссиясы отырысының хаттамасының шаруашылық субъектісінің басшысы түгендеу аяқталғаннан кейінгі 10 күннен кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталган айда ескерілуге тиіс. Түгендеу нәтижесі 12 кестеде көрсетілген.
кесте12 Түгендеу кезіндегі негізгі құралдар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операцияның мазмұны |
Шоттар корреспонденция сы |
дебет |
кредит | ||
1. |
Ескерілмегені белгілі болған НҚ объектілерінің құны: |
||
а) |
тозу сомасына; |
2400 |
2420 |
ә) |
баланстық құнына; |
2400 |
6160 |
б) |
бұрын есептелген тозудың сомасына; |
2420 |
2400 |
в) |
баланстық құнына (кемшілік болғанда); |
3520 |
2400 |
г) |
егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот өтеп беруден бас тартса; |
7210 |
3520 |
2. |
Егер кінәлі адам анықталса немесе сот шешімі бойынша кінәлі болып танылса: |
||
ә) |
жетіспейтін НҚ объектілерінің нарықтық және баланстық құндарының арасында айырмашылыққа; |
2400 |
3520 |
Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:
кітапшалардың, инвентарлық тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
- негізгі құралдардың төлқұжаттарыныңнемесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
- жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.
Егер ондай тиісті құжаттар болмаса негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің регисторларында немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілсе, онда ол қателерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде ьобъектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да бақа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында шаруашылық субъектісінің балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп регисторларында сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып толтырылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайын қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген қосымша жұмыстар түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті қүжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап оларды түгендеу тізіміне енгізу керек. Түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былай жазылады: артық шыққан, яғни бұрын есепке алынбаған негізгі құралдардың кіріске алынуына 2400 «Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 6160 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай
табыстар» шоты кредиттелінеді. Оларға анықталған тозу құны 2400бас шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Түгендеу барысында, жоғалған, бұлінген негізгі құралдарға жауапты адам табылып және ол адам төлейтін болған жағдайда төлейтін сома 2150 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың борышы» шотының дебетіне, 2400 бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті
Негізгі құралдар аудитінің мақсаты- негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.