Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:00, дипломная работа

Описание работы

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты 18
1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы 26
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76

Файлы: 1 файл

Айнур Дип Работа.doc

— 652.00 Кб (Скачать файл)

Негізгі құрал-жабдықтарды толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің бірінші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтарды сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.

Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылса, онда актіге қоса тиісті құжаттары   да   бірге   тіркеледі.Актіні   кәсіпорын   басшысы   бекітеді.   Тек

 

 

бекіткеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқатартылады.

Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуга болады.Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншісіне беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.

Негізгі құралдар кәсіпорынның өз ішінде орын аустыру кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтарды бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің түрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғады. Негізгі құралдар шаруашылық іиінде орын ауыстырғанда 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.

Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға тде, талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.

Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясын 11 кестеде қарастырайық .

 

 

 

 

Кесте 11

Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясы

 

 

Шаруашылық операцияның

Сомас

Шоттар

 

мазмүды

ы, теңге

корреспонденциясы

     

Дебет

Кредит

 

2

3

4

5

 

Негізгі құралдарды есептен

     
 

шығару актісінің негізінде

     
 

өндіріс құрал-жабдықтары

     
 

есептен шығарылды:

349860

2420

2410

 

-объектінің пайдалану

     
 

кезіндегі есептелген тозу

5140

7410

2410

 

сомасына

     
 

-объектінің баланстық

     
 

құнына

     
 

Жиынтығы

355000

-

-

 

Объектіні бөлшектеу үшін

     

еңбек ақымен қоса аударымдар

     
 

бірге есептелінді:

     
 

-есептелген еңбек ақы

13700

7410

3350

 

сомасы

2590

6210

3150

 

-аударған әлеуметтік салық

     
 

Тасымалдағаны үшін

5500

6210

3310

автокөлік шаруашылығының

     
 

шоты акцептелді

     
 

Негізгі құралды жоюдан

18000

1310

6210

түскен материалдар кіріске

     

 

 

алынды

     

.

Негізгі құралдар бір цехтан екіншісіне берілді

300000

2410

2410


Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол «Негізгі құралдар» бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын өздерінің пайдалаунындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есптен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ү-рланғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бұліегенде шығарады. Сонымен қатар өздеріндегі меншігіндегі негізгі құралдары басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

Негізгі құралдарды есептен шығару № 6 БЕС-да қаралған тәртіп бойынша жүрізіледі. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ -3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» және үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.

Бұл жоғары да айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

    • объектінің салынып біткен уақыты;
    • шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріске алынған уақыты;
    • пайдалануға берілген уақыты;
    • объектіні бастапқы құны;
    • бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;
    • жөндеулердің жүргізілген уақыты;

көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;

 

    •  негізгі      құралдардың      істен      шығару      себебі      және      оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
    • аварияға   байланысты   есептен   шығарылған   негізгі   құралдарға жасалған актіге, болған   аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
    • сондай-ақ   осы   негізгі   құралдардың   істен   шығуына      жауапты адамдарға қолданатын шараларды іс актіге жазады.

Кәсіпорында негізгі негізгі құралдарды сатқаннан, бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады.

Кәсіпорында есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 7410 -«Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдарын есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына 2420-«Негізгі құралдардың тозуы» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: 1330-«Материалдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 6210-«Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

Кәсіпорында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар және де басқа да активтер» - деп аталалын 3 - бөлім және «Ақшалай қаржылар» - деп аталатын 4 - бөлім шоттары тиістілерінің дебетіне, «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған табыстар мен шыққан шығындар -«Жиынтық табыс» шотына апарылады.

Басқа кәсіпорында, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ - 1 «Қабылдау табыс ету актісі» екі дана етіліп толтырылады.

 

Оның беруеі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралды алушыға беріледі. Негізгі құралды және оның инвентарлық карточасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.

Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін алушыға берілген негізгі құралдарын бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат жолдауы керек. Бұл хат, яғни авизо төрт дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған субъектінің немесе заңды тұлғанын бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.

Сонымен басқа шаруашылық субъектілерге, заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау - табыс ету актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына негізделініп шығарылады.

КәсіпорАндарда негізгі куралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулар мен бірдей жазылады.

 

 

 

 

III Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАРДЫҢ АУДИТІ

3.1. Негізгі құралдардың  есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру

Негізгі құралдардың нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізіші субъект өз бетінше жұйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде бір рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгелдеу жүргізіледі.

Мүліктік түгелдеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы техника жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтер мен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары беріліуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақталған немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа қүжаттардың нақты бар жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгелдеу төменде көрсетілген.

Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бүрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар жоғын және олардың қандай күйде екенін;   техникалық  паспорттарымен  басқа  техникалық  құжаттарың  бар

 

 

жоғын және олардың қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттардың тексеру қажет. Егерде құжаттары жоқ болса, оларды алдыртудв және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігі тексереді.

Негізгі құралдарды мүлікткі түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткішерін мүліктік тізімдерінде енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын бар-жоғын тексереді.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі мен аудиті