Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:00, дипломная работа

Описание работы

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4
I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты 18
1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы 26
II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52
III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76

Файлы: 1 файл

Айнур Дип Работа.doc

— 652.00 Кб (Скачать файл)

2.3. Негізгі құралдардың түсу есебі

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табына ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.

 

 

 

 

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құңдары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімі және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады.

Ал болжамдық жою құны негізінен кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2.0% дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және   тапсырушының   қолдары   қойылған   бірінші   данасы   бухгалтерияға

 

 

 

тапсырылады, ал екшшісі тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты тұлғаға бекітіп мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады (9 кесте):

Кесте 9

Негізгі құралдарды кіріске алу операциялары бойынша шоттар

корреспонденциясы

 

Шаруашылық операцияның

Сома, мың

Шоттар

 

р\н

мазмүлы

Теңге

корреспонденциясы

     

Дебет

Кредит

1.

Негізгі құралдарды кәсіпорынның өз

200000

2410

2410

 

ішінде орын ауыстыру

     

2.

Негізгі құралдар басқа заңды немесе

     
 

жеке тұлғалардан алынды:

     
 

келісім шарттық құнына

150000

2410

3310

 

ҚҚС сомасына

24000

1420

3310

3.

Құрылтайшылардың жарғылық

600000

2410

5020

 

капиталына салған негізгі құралдар

     

 

 

 

 

 

4.

Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді және бақыланатын кәсіпорындардан алынды:

1.       баланстық құнына

2.       ҚҚС сомасына (13%)

 3.       беруші жақтың есептеген тозу сомасы)

250000 40000 100000

2410 1420 2410

6160

2420 2420

 

Жиыны (бастапқы құны)

350000

X

X

5.

Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:

1.       баланстық құнына 

2.       берілген күнге дейін есептелген тозу сомасына

132000 28000

2410 2410

6160

2420

 

Барлығы (бастапқы құны)

160000

X

X

6.

Түгендеу        барысында        есепке алынбаған         негізгі         құралдар

анықталды:

1.       негізгі құралдардың әксперттік

жолымен анықталған қалдық құнына 2.       негізгі құралдардың әксперттік жолымен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына

64000 18000

2410 2410

6160

2420

 

Барлығы

82000

X

X

7.

Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі құралдары:

1.       негізгі  өндіріс цехында

 2.       көмекші өндіріс цехында

300000 200000

2410 2410

8110 8310


 

 

Барлығы

500000

X

X


Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерін субъект ішінде орын аустыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Қүрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілері туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

Кәсіпорындарға негізгі құралдарды сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарына беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен , кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол 

азүута татаиътащалтан лссллиссия алдъшен опардад іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

      - объектінің аты;

  • объект қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
  • құрылыстың салынып біткен уақыты;
  • амортизациялық аударым мөлшері;

- бастапқы құны;

- басқа да шартты белгілері.

Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқркат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.

Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалары мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыста, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

 

 

Д-т: Негізгі құралдар - шоты

К-т: Ақшалар - шоты;

Еншілес серіктестіктерге қарыз - шоты;

Қоюшы мердігерлермен есеп айырысу - шоты;

Төленбеген капитал - шоты;

Үкімет органдарының субъсидиялары - шоты;

деп аталатын шоттардың тиістілері.

Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланылып және оларға тозу сомасы есептелсе, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

Д-т: Негізгі құрал - шоты

К-т: Негізгі құралдың тозуы - шоты

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егр бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календрлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

2.3 Негізгі құралдарды  есептен шығару есебі

Кәсіпорын қолданылып жүрган заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық

 

 

 

тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апатардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шарушылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Объектілер толық немесе ішінара жойылады. Кәсіпорын балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа кәсіпорынға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамыңда бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапты тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлері баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механик, инженер-энергетиктер, инженер гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтер, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және тағы басқа мамандар.

Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілер мен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептері, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын;   кейбір   тораптардың,   тетіктер   мен   материалдың   пайдалану

 

 

мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, әтаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналадың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және басқа да бар құжаттарды пайдаланады.

Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар - тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар - биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толық жоғалтқанда, сонай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі мен аудиті