Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, дипломная работа

Описание работы

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1.Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
2.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындарын талдау
2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау
2.2 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындары мен баланысын талдау
3 Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың аудиті
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері
3.3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығындардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті.docx

— 188.02 Кб (Скачать файл)

- ынталандыру сипатындағы  төлемдер: өндірістік нәтижелер  үшін берілетін сыйлық ақылар (заттай сыйлықақылардың құнын  қоса алғанда), кәсіптік шеберлігі,  еңбектегі жоғары табыстары және  т.б. көрсеткіштері үшін төленетін  тарифтік ставкалары мен айлық  ақыларға қосылатын үстеме ақылары;

- жұмыс режимімен және  еңбек жағдайларымен байланысты  өтемдік сипаттағы төлемдер, оның  ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс,  мерзімнен тыс жұмыс, көп ауысымды  режимдегі жұмыс, демалыс және  мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты (кәсіпті) қосып атқарғаны,  қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені  үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды  еңбек жағдайларындағы және т.б.  жұмыстары үшін заңдарда белгіленген  жағдайлары үшін тарифтік ставкалар  мен айлықақыларға қосылатын  үстемақылар мен қосымша ақылар;

- қолданылып жүрген заңдарға  сәйкес жекелеген салалардағы  қызметкерлеріне тегін көрсетілетін  коммуналдық қызметтердің тамақтың  азық-түліктің құны, қолданылып жүрген  заңдарға сәйкес қызметкерлерге  берілетін тегін тұрғын үйге  ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер  және т.б. тегін берілмегені  үшін төленетін ақшалай өтемнің  сомалары);

- қолданылып жүрген заңдарға  сәйкес тегін берілетін, тұрақты  әрі жеке пайдалануында қалатын  заттардың (арнайы киім –кешекті  қоса алғанда) құны немесе олардың  арзан бағаға сатылуына байланысты  жеңілдіктер сомасы);

- қолданылып жүрген зандарға  сәйкес кезекті және қосымша  демалыстарға.

Бухгалтерлік басқару  есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналаған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп  көрсетеді:

- Өзгермелі, тұрақты, шартты  тұрақты өндіріс (сату) көлемінің  өзгеруі әсеріне байланысты;

- Бағалауда есепке қабылданатын  және қабылданбайтын шығындар;

- Қайтарымсыз шығындар (өткен  кезең шығындар);

- Жүктелген шығындар (немесе  кәсіпорынның пайдалана аламаған  пайдасы);

- Жоспараланатын және  жоспарланбайтын шығындар;

- Өсетін және шекті  шығындар мен кірістер.

Өзгермелі шығындар өндіріс  көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлемі тура сайма сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта  болады.

Өзгермелі өндірістік шығындар өнімнің өз құнын сипаттайды, өйткені  нарықты (тұтынушының) обьектінің құны емес, өнімнің құны мен оны тұтынуға кететін өзіндік шығындар қызықтырады. Материалдық шығындар, еңбекті өтеу үшін тікелей шығындар, еңбекті өтеу үшін тікелей шығындар, қосалқы материалдар мен сатылатын жартылай өнімдерге шыққан шығындар өндірістік өзгермелі шығындарға үлгі болады.

Өндірістік емес шығындарға мыналар жатады:

- Дайын өнімді тұтынушыға  тиеу үшін буып-түю, орау шығыстары;

- Сатып алушы орынын  толтырмайтын көлік шығыстары;

- Делдалға тауарды сатқаны  үшін комиссиялық сыйақы.

Бұл шығындар тікелей сатылым  көлеміне байланысты.

Өндірістік тікелей шығындар іскерлік белсенділікке  байланысты емес, сондықтан тұрақты деп атайды. Бұл шығыстар-жарнамаға, жалға төлемдеріне  негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясына  және т.б.

Тұрақты шығындар уақыттың белгілібір кезеңі ішіндегі өндірістің (өндірістік қызмет) әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады.

Жартылай өзгермелі шығындар. Бұған тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді.  Мысалы, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жоспарланған (тұрақты) шығындардан тұратын жартылай өзгермелілерден  құрылады, олар өндіріс көлемін тікелей  тәуелділікте болатын өзгермелі  шығындар мен кез келген көлемінде  жүзеге асады. Өндірістік шығындардың жіктелуі 2-ші кестеде көрсетілген.

 

Кесте  2

Өндірістік шығындардың  жіктелуі

 

Сыныптау   белгілері

Шығындардың   бөлшектенуі

Экономикалық   элементтер

Шығындардың  экономикалық элементтері

Өзіндік құнның статиялары 

Өзіндік құнның калкулация статиялары

  • Технологиялық процестерге

Негізгі  қосымша 

  • қатыстылығы

Бірэлементтік кешенділік

  • Құрамы

Тікелей, жанама

  • Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі

Өндірістік, өндірістен тыс

  • Өндірістік процестің рөлі

Өндірістік, өндірістік емес

  • Мақсатқа сәйкес жұмсау

Жоспарлы, жоспарсыз 

  • Жоспарға қатысу мүмкіншілігі

Тұрақты, ауыспалы

  • Өнімнің көлеміне қатысы

Күнделікті, бір жолғы

  • Шығу мерзімділігі

Аяқталмаған өнімге кететін шығындар,

  • Дайын өнімге қатысы

Дайын өнімнің шығындары

Ескерту - [9] қайнар көзі негізінде құастырылған


 

Өндіріс шығындарының мәні. Кез келген экономикалық шешімнің негізінде  қойылған сұраққа қайтарылар жауап  жатады: біздің мына бір немесе басқа  жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде  өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің пайдамыз) қандай ара қатынаста  болуы керек?

Сонымен әдеттегідей тыс  пайда беретін капиталдың салаға қойылуы сол саладағы өнімдерге  деген өзгеріссіз сұраным жағдайында табыстылықтың құлдырауына жеткізеді  және, керісінше, әдеттегідей төмен  пайда беретін капиталдың саладан  қашуы сол саладағы өнімге деген  өзгеріссіз сұраным жағдайында пайдалылықтың  жақсы деңгейіне дейін көтерілуіне  септік етеді.  Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызыметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:

  • сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне – көп экономикалық конъюнктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;
  • фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты болатын өндіріс шығындарымен.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын  және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.

а) Айқын шығындар – ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшлай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар:

1) жұмысшыларға еңбекақы;

2) сатып алынатын немесе  жалған алынған: станок, машина, құрал,  ғимарат, құрылыс шығындары мен  төлемдері;

3) көлік шығындарына төлеу;

4) комминальдық төлемдер;

5) банктердің, сақтандыру  компаниялардың қызметтеріне төлеу;

6) материальдық ресурстарды  (шикізат, жартылай дайын өнімдер,  жабтықтағаш бөлшектер) төлеу.

б) Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол ресурстарды пайдаланудағы  фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе төлемейтін шығындары.

1) өзіне қатысты ресурстарды  тиімді пайдаланған жағдайда  ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі.

Айқын айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері – ол ресурстарды пайдаланудың барша баламалы тәсілдерінің ең қолайлысынан түсетін ақшалай түсім. Мысалы, Жоғарғы Оқу Орыны оқытушысы өзінің жұмысын тастап, «қыпшақтап сату бизнесіне» өтті делік, ондай жағдайда ол өз бизнесінің шығынына өзінің жоғалтқан оқытушылық жалақысына қосуы керек.

Тағы бір мысал келтіруге  болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (сөйтіп экономика жағынан  өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты ғимаратты пайдаланады делік, бұл ретте ол ғимаратты біреуге жалға беріп, одан алынатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын шығын төлем үшін міндетті болып контрактыда көрсетілмеген, сондықтан да ол алынбай қала береді.

Айырылып қалған мүмкіндіктерді еске алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі;

2) жақсы табыс – кәсіпкерді  өзі таңдаған сала қызметіне құлшындыратын шағын марапат тәрізді.

Мысалы, кәсіпкер станок шығара отырып, жұмсалған капиталына 15% пайда  алса, онда ол дұрыс деп саналады. Бірақ егер рынокта станок өндірушілер  көбейіп кетсе, сұраным азаяды да, түсер пайда 7-9% болады, ондай да кәсіпкер бұл саладан кетуге бел байлайды. Пайдасыз саладан (егер сұраным тұрақты  болса) «капиталдардың қашуы» өз кезегінде оның пайда табуын дұрыс деңгейге дейін көтереді.

Айқын (бухгалтерлік) шығындар қосындысы айқын емес шығындар – бұл экономикалық шығындар.

Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге  өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік  салаға жұмсап, одан алуға болатын  табысты да қамтиды[10].

Өндіріс шығындарының мөлшерін анықтаудағы экономикалық ыңғайдың мәні «айырылып қалған мүмкіндіктер шығыны» тұжырымдамасымен беріледі.

 

 

  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  4.  Экономикалық шығындардың құрылымы

 

Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты  және айнымалы.

Тұрақты шығындар – ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынадай шығындар: рента (өсім), жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал амортизациясы, үй – жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, зайымдар бойынша шығындар.

Фирманың айнымалы шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Оған: шикізаттың, материалдардың, арзан бағалы және тез тозатын заттардың шығындары, өндіріс жұмысшыларының еңбекақылары, өндіріс жұмысшыларын әлуметтік сақтандыруға аударылған ақша шығындары кіреді.

Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындарының қосындысы «өндірістік шығындардың жиынтығын» құрайды.

Кез келген фирма мейілінше  мол жиынтық (жалпы) пайда алуға  тырысады, ал ол пайда біздің қазір  ғана көргеніміздей, өндіріс табыстылығының көлемін дұрыс анықтауға байланысты.

Өнім шығарудың әртүрлі  шығын түрлеріне анықтама береміз.

Жалпы шығын – бұл өнімнің бірлігін (партиясын) өндірудегі шығын, жиынтық шығын. Сан жағынан олар өндіріс факторларының бағасы тауардың осы мөлшерін өндіру үшін қажет ететін өндірістің осы факторының единицалар санына көбейткенде тең болады.

Орташа шығындар – ол өндірілген тауардың единицасына есептегендегі шығындар. Өндірушіге жалпы шығындар мөлшерін емес, орташа шығындар мөлшерін білген жөн, жалпы шығындар өсуінің тасасында орташа шығындардың төмендеуі мүмкін.

Тауар өндірудің шығындары  негізгі және айналым капиталының  шығындарымен тікелей байланысты. Бухгалтерлік  шығындар құрылымы 3-ші кестеде көрсетілген.

 

Кесте 3

Бухгалтерлік  шығындар құрылымы

 

Бухгалтерлік шығындардың баптары

Капиталдың шығын түрлері

1. Материалдық шығындар

Меншікті капитал шығындары

2. Еңбекақыға жұмсалған шығындар

 

3. Әлеуметтік қажеттілік терге  ақша аудару

 

4. Амортизация

Меншікті негізгі капитал шығындары

5. Тағы басқа шығындар

Меншікті және заемды айналым капитал  шығындары

Ескерту - [10] қайнар көзі негізінде құрастырылған


 

Бухгалдерлік шығындар –  Бұл күшіндегі заңға сәйкес өкімнің  өзіндік құнына қатысты айқын  шығындар. Бұхгалтерлік шығындардың  баптары - өнімдердің өзіндік құндарын құрайтын шығындар баптары болып  келеді.

а) Материалдың шығындарға мыналардың құндары жатады:

1) кәсіпорындар алған  шикі заттардың, материалдардың  олар өндірілетін өнімдердің негізгі компененттері болып саналады;

2) қалыпты технологиялық  процесті қамтамасыз ету, буып  түю, сақтау үшін сатып алынатын материалдардың арзан бағалы және тез тозатын заттардың (республикада оларға; аспаптар, тетіктер, мекеме жабдықтарын және басқаларын арзан бағалы және тез тозатын заттарға жатқызу үшін үкімет олардың тұтыну мерзімін және, құндарын белгілейді;

3) сол кәсіпорында монтаждауға  немесе одан әрі өңдеуге жататын, басқа кәсіпорындардан сатып алынған жабдықтау бұйымдары және жартылай фабрикаттардың;

4) басқа кәсіпорындар  атқаратын жұмыстар мен қызыметтердің;

5) сатып алынған отынның  және т.б.

Информация о работе Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті