Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, дипломная работа

Описание работы

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1.Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
2.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындарын талдау
2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау
2.2 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындары мен баланысын талдау
3 Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың аудиті
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері
3.3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығындардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті.docx

— 188.02 Кб (Скачать файл)

                    АМ – ағымдық міндеттемелер.

 

Ол баланс активіндегі  ақша құралдары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың деңгейінің төмендігін көрсетеді. Осының бәрі актив құрылымында  үлкен бөлікті дебиторлық қарыз  алатындығы белгілі (негізінен абоненттер қарызы). Осылай ұйым дебиторларға қатысты  қатаң объективті саясат жүргізу  керек деген қорытынды жасауға  болады.

Қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржлық тұрақтылық компания қызметінің тәуекелділік деңгейін және қарыз капиталына тәуелділігін айқындайды.

 

                            ҚК=ЖҚ/ҚҚ                                                              (4)

 

Бұл жерде: ҚК – қаржылық коэффицент;

                    ЖҚ – жеке  құралдар;

                    ҚҚ -  қарыз құралдары.

                  

                            ЖҚШК = ЖАҚ/ЖҚ                                                   (5)

 

Бұл жерде: ЖҚШК – жеке құралдардың шаралық коэффиценті;

                    ЖАҚ – жеке айналым құралдары;

                     ЖҚ – жеке құралдар.

АК=ЖҚ/БА-Автономдық коэффициенті=жеке құралдар/барлық активтер

2009, 2010, 2011 жылғы осы коэффициенттер талдауынан кейін қаржылық тұрақтылық мынадай болады, ол 6-шы кестеде көрсетілген.

 

Кесте  6

Қаржылық тұрақтылық

 

Коэффициент аты 

2009

2010

2011

2010ж – 2009жылға қарағанда өзгеруі (-+)

2011ж – 2010жылға қарағанда өзгеруі(-+)

Қаржыландыру коэф-ті

1,5

4,05

5,07

2,55

1,02

Автономдық коэф-ті

0,6

0,8

0,9

0,2

0,1

Жеке құралдардың шаралық  коэффициенті

0,05

0,02

0,01

-0,03

-0,01

Ескерту – [11] қайнар көзі  негізінде құрастырылған


 

Шаралық коэффициенті 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 0,1 ге кемиді. Автономдық коэффициенті 0,02-ге өсті, қаржыландыру коэффициенті 2,55-ке өсті, яғни кәсіпорын қарыз капиталына тәуелді емес, жеке құрадар өсуі байқалады, бұл кәсіпорынның қаржысының тұрақты екенін дәлелдейді.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті  және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептің есептің мағызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында осы активтердің нақты  қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.

Активтердің жалпы құрылымын  және оның жеке топтарын талдау, олардың  рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік  береді. Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын  мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейлі баланстық  есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай  ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.

Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты  қамту және кредиторлармен есеп айырысу  мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлде қайда мобилді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану  тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

 

Кесте 7

Қарабұлақ ауылының Әкімшілігінің баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

 

Көрсеткіштер

(мың,  теңге)

2009

2010

2011

2010ж – 2009жылға қарағанда өзгеруі(-+)

2011ж – 2010жылға қарағанда өзгеруі (-+)

Активтер, құны, барлығы соның  ішінде;

32551

41957

52584

9406

10627

    1. Ұзақ  мерзімді активтер

18770

20001

23150

1231

3149

а) негізгі құралдыр;

18642

19497

21051

855

1554

ә) қаржылық салымдар;

128

504

986

376

482

1.2 Ағымдағы активтер:

13781

21956

30951

8175

8995

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

20143

20855

21800

712

945

Ескерту – [11] қайнар көзі  негізінде құрастырылған


 

 Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі. Отандық есептік – аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфлияциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

2011 жылы – 2010 жылға қарағанда 9406 мың теңге ге, ал 2011 жылы – 2010 жылға қарағанда 10627 мың теңге ге жоғарлағанын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Екіншіден кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорында болып жатқан процесін әлде қайда дәл сипаттайды. Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорында 2010 жылы – 2009 жылға қарағанда 712 млн теңгені, 2011 жылы – 2010 жылға қарағанда 945 млн теңгеге өскен.

Сонымен, осы көрсеткіштерден кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызда өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды.

2.2 Қарабұлақ  аулы Әкімшілігінің   шығындары мен   балансын талдау

 

Баланс активінің құрастырылу  көздерінің құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде  кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы  да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға  алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал қарызға алынған  капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызыметі және оның дамуы  көбіне өзін - өзі қаржыландарумен, яғни меншіктң капиталдың көмегімен  жүзеге асырылады. Бұл кезде қиын болсада сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды  орын алады. Сондықтанда қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу  көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету  үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады[14].

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған  капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға  басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығы  көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің  активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей  талдау кестесі құрылады. Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін  өтеу қабілеттілігі ұғынылады, оны 8-шы кестеден көреміз.

 

Кесте  8

Қарабұлақ ауылының Әкімшілігінің авансталған капиталының  құрамы мен  құрылымы

 

Көрсеткіштер

2009

2010

2011

2010ж – 2009жылға қарағанда өзгеруі (-+)

2011ж – 2010жылға қарағанда өзгеруі (-+)

Авансталған капитал соның  ішінде:

    1. Меншік капитал
    2. Қарыздық  капитал

Оның ішінде:

Ұзақ мерзімді

 

32551

27908

4643

-

 

41957

32276

 

9681

 

52584

41327

14216

-

 

9406

4368

5038

-

 

10627

9051

4535

-

Тәуелсіздік коэфициент

0,857

0,769

0,786

-0,08

0,01

Қаржыландыру коэфициент

6,011

3,334

4,691

-2,677

1,35

Қатыстырылған капиталдың меншіктік  капиталға қатынасы коэфициенті

0,166

0,231

0,341

0,065

0,111

Ескерту – [11] қайнар көзі  негізінде құрастырылған


 

Осы кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 2010 жылы – 2009 жылға қарағанда 9406 мың теңгеге өсуін, ал 2011 жылы – 2010 жылға қарағанда 10627 мың теңгеге өскені көрініп тұр.

Бұл кезде тәуелсіздік  коэфициенті 0,857 – ден өткен үш жыл ішінде  0,786 – ға дейін төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

Бұны тәуелсіздік коэфициентіне  кері көрсеткіш болып табылатын  қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған  капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэфициенті деуге  де болады. Ол мына формуламен анықталады:

                           

                      К = К:А немесе К = 1 – К                                              (6)

              

мұндағы: К – тәуелділік коэфициенті;

                 К – қатыстырылған капитал;

                 А – авансталған капитал (баланс  валютасы, жиыны);

                К – тәуелсіздік коэфициенті.

Бұл коэфициент авансталған  капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында жалпы  активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігің” анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы  белгілі.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланыты кәсіпорын активтері  келесідей топтарға бөлінеді.

1) Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кісңпорының  ақша қаражаттарының барлық баптарымен  құнды қағаздары жатады. Ақшамен  бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма –  қол ақшаға тез айналады.

2) Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық  борыш басқа да активтерді  жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары  есеп айырысу шотына белгілі  бір уақытта келіп түсіп, бұларда  өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы  мүмкін.

Есеп айырысу құжаттары  бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың  өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені  белгісіз. Сондықтан нарықтық эклноаика  жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борыштарында қосады.

3) Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің  «Тауарлы -  материалдық қорлар» бабы және баланс активінің I бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» бабы.

4) Қиын өткізілетін активтер  – баланс активінің I бөлімінің  алдындағы топтарға енгізілген  баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады. Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банкдегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады.

Информация о работе Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті