Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, дипломная работа
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Кіріспе
1.Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
2.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындарын талдау
2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау
2.2 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындары мен баланысын талдау
3 Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың аудиті
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері
3.3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығындардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігі тек ғана комерциялық заңды тұлға ретінде саналып қана қоймай, Қазақстан Республикасы заңдары, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, жұмыс жасайды. Әкімшілік құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады.
- Жабдықтау бөлімі;
- Әкімшілік офистік бөлім;
- Бухгалтерлік бөлім;
Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің бюджетке корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдар салығын, мүлік салығын, әлеуметтік салық және тұрақты салық төлеуші болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындағы тәуелсіздікке ие болуымен, сондай – ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік- кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «Қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «Қаржылық жай- күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қаматмасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субьектілерімен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның нақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Шаруашылық субьектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді, табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттігін кешенді түрде бағалау. Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруға тиіс. Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы
осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және
оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін
уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен көрсетеді. Ал
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
нені білдіреді. Бұл сұрақта ранайы
оқулықтарда түрліше
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқыды кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу, бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан кәсіпорынның барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
Айқын шығындар – ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар. Олар:
Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол ресурстарды пайдаланудағы кәсіпорынның өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе төлемейтін шығындар.
Айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері- ол ресурстарды пайдаланудың барша баламалы тәсілдерінің ең қолайлысынан түсетін ақшалай түсім. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (экономика жағынан өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты ғимаратты пайдаланды делік, бұл ретте ол бұл ғимаратты жалға беріп, одан алынатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын төлем үшін міндетті болып контрактыда көрсетілмеген, сондықтан да ол алынбай қала береді.
Экономикалық шығындар бухгалтерлік
шығындарды ғана емес, сонымен бірге
өз ресурстарын аса қолайлы
- тұрақты шығындар –
ол мөлшерлі өндіріс көлеміне
байланысты емес мынадай
- айнымалы шығындар - өндіріс
көлеміне тікелей байланысты. Оған:
шикізаттың, материалдардың, арзан
бағалы және тез тозатын
Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындарының қосындысы «өндірістік шығындардың жиынтығын» құрайды. Кез келген кәсіпорын мейілінше мол жиынтық (жалпы) пайда алуға тырысады, ал ол пайда, біздің қазір ғана көргеніміздей, өндіріс табыстылығының көлемін дұрыс анықтауға байланысты. Өнім шығарудың әртүрлі шығын түрлеріне анықтама береміз.
Жалпы шығын – бұл өнімнің бір легін (партиясын) өндірудегі шығын, жиынтық шығын. Сан жағынан олар өндіріс факторының бағасы тауардың осы мөлшерін өндіру үшін қажет ететін өндірістің осы факторының бірліктер санына көбейткенге тең болады.
Орташа шығындар – ол өндірілген тауардың бірліктеріне есептегендегі шығындар. Өндірушіге жалпы шығындар мөлшерін емес, орташа шығындар мөлшерін белгілегені жөн, жалпы шығындар өсуінің тасасында орташа шығындардың төмендеуі мүмкін.
Мөлшерлі шығындар – ол тауар өндірудің бір бірлігіне ұлғаюы үстіндегі шығындардың өсуі.
Қашан қосымша табыс қосымша шығындарға теңескенде, әдетте, мөлшерлі табыс мөлшерлі шығындарға тең келеді.
Мөлшерлік (шекті) шығындар
дегеніміз - өндірісті одан әрі дамытудың
экономика тұрғысынан қажеті жоқ
дегенді білдіреді. Өйткені келесі
қосымша бірлік шығындары ол бірліктерге
әкелетін табыстан асып кетеді. Атап айтқанда
қосымша табыстың қосымша шығындармен
теңесу сәтінде (оларға “шектілік” жекеленген
жағдай береді) кәсіпорын жалпы пайданың
шыңына шығады. Мөлшерлі (шекті) шығындар
тұжырымдамасы шығындарды анықтауға
мүмкіндік береді, оның мөлшерін толық
бақылайтындықтан да фирма үшін стратегиялық
маңызы болып саналады. Кәсіпорын
мөлшерлі шығындардың көмегімен
өндірісті бір бірліктерге
2011 жылғы жалпы шығыны 39993 млн теңге 2010 жылмен салыстырғанда олар 1827 млн теңгеге (15%) қысқарды. Шығын құрамындағы жоғары үлесті жалпы әкімшілік шығындар құрайды, яғни 13445 млн теңге өткізу шығындары 7000 млн теңге, пайыз төлем шығындары 5000 млн теңге, негізгі қызыметтен шығыстары 4000 млн теңге. Жалпы 2011 жылғы шығын көлемі 2010 жылға қарағанда азайғандығын көреміз.
Өтімділікті талдау: Баланс өтімділігі кәсіпорынның қандай деңгейде қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ағымдық активтермен төлемді жүргізетіндігі көрсетілген.
Өтімділікті талдау мына сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:
а) қандай деңгейде кәсіпорын ағымдық қарызын жабуға мүмкіндігі бар;
ә) жабу кепілдігі деңгейі қандай;
б) қосымша қысқа мерзімді міндеттемелерді алу.
Кесте 5
Өтімділік коэффициентінің жалпы көрінісі
Коэффициент аты |
2009 |
2010 |
2011 |
2010ж- 2009жылға қарағанда өзгеруі (-+) |
2011ж- 2010жылға қарағанда өзгеруі (-+) |
Жалпы өтімділік коэффициенті |
0,39 |
1,07 |
2,05 |
0,68 |
0,98 |
Жедел өтімділік коэффициенті |
0,32 |
0,97 |
1,31 |
0,65 |
0,34 |
Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,009 |
0,007 |
0,003 |
-0,002 |
-0,004 |
Ескерту – [11] қайнар көзі негізінде құрастырылған |
Жалпы өтімділік коэффициенті 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 0,68% ге өсті, абсолютті өтімділік коэффициенті төмендеуі байқалады – 0,002 ге. Ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда жалпы өтімділік коэфициенті 0,98 % өскен, абсолютті өтімділік коэффициенті төмендеуі байқалады – 0,004% ға.
Өтімділікті бақылау үшін мынадай коэффициенттер қолданылады.
ЖӨК= АА/АМ
Бұл жерде: ЖӨК – жалпы өтімділік коэффицентті;
АА – ағымды активтер;
АМ – ағымды міндеттемелер.
ЖӨК= ( АҚ +ҚМҚС+ДҚ)/АМ
Бұл жерде: ЖӨК –жалпы өтімділік коэффицентті;
АҚ – ақша құралдары;
ҚМҚС – қысқа мерзімді қаржылық салымдар;
ДҚ – дебиторлық қарыз;
АМ –ағымдық міндеттемелер;
АӨК=(АҚ +ҚМҚС)/АМ
Бұл жерде: АӨК – абсалютті өтімділік коэффиенті;
АҚ – ақша құрал;
ҚМҚС – қысқа мерзімді қаржы салым;
Информация о работе Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті