Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, дипломная работа

Описание работы

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1.Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
2.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындарын талдау
2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау
2.2 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындары мен баланысын талдау
3 Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың аудиті
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері
3.3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығындардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті.docx

— 188.02 Кб (Скачать файл)

 

Сөйтіп,  өндірістік  есеп қаржылық  есебін  кеңейтеді  және  ол  негізінен  фирманың  ішкі  операцияларын  жүргізу  кезінде  қолданылады.  Бұл  жерде  қаржылық  есеп  есептік  саясаттың  аясында  Халықаралық  есеп  стандартына  сәйкес  ұйымдастырылса,  басқарушы  есеп  іс  жүзінде  ондай  тәртіппен  белгіленбейді.  Халықаралық  есептің  тәжірибесі  мынаны  көрсетіп  береді:  кәсіпорынның  әрбір  саласында,  сала  ішіндегі  саласында  шығындарды  есепке  алуды  ұйымдастырудың  қалыптасқан  ерекшеліктері,  оның  үстіне,  көптеген  кәсіпорындар  мен  фирмалардың  капиталмен  еркін  маневр  жасауына  мүмкіндік  беретін  көпсалалы  профилі  бар    екенін  ескерген  жөн,  демек,  өндірістік  есептің  қатаң  тәртібін  белгілеу  іс  жүзінде  өте  қиын  іс  болып  табылады.

Стандарт – кост  жүйесі  бойынша   өндіріске  кеткен  шығындарды  есепке  алу,  Стандарт – кост  жүйесі  бойынша  өндіріске  кеткен  шығындарды  есепке  алудың  әдісі есептің басқа  жүйесінен   дербес,  оқшауланған  болып  табылмайды.   Шын  мәнінде,  ол  бөлістік,  тапсырыстық,  бөлшектік  жай  және  басқа  да өндіріс  шығындарын  есептеу және өнімнің өзіндік  құнын  шығару  әдістерімен  ұштастыруды  табуды  көздейді.  Негізінен  алғанда,  стандарт – кост  жүйесі  машина  жасау кәсіпорындарда   қолдау  үшін  әзірленген.  Алайда  бұл  әдісті  басқа   салаларда  да  пайдалануға  болады.  Одан басқа,  стандарт – кост  өнімді сатудың,   негізгі  құралдардың  жөндеуіне  кеткен  шығынның,  күрделі  құрылыстың    материалдық  ресурстарды  дайындаудың  есебін ұйымдастыру  кезінде  пайдаланылуы  мүмкін[17].

Қаржылық  және  өндірістік  есебін  салыстыру  кестесін  келтіріп  көрейік:

Стандар – кост  жүйесінің  негізгі ерекшелігі  мынадай:  өндіріске  жұмсалатын  барлық    шығындар  өндірісте  жұмсалмай  тұрып  есептелінеді.  Шығындар  стандартын  есептеу  үшіннатуралдық  және  құндық  көрсеткіштер пайдаланылады.  Онда басқа, арнайы шоттарды қолдана  отырып,  нақты  жұмсалған  шығындар мен стандарттық  өзіндік құнның арасындағы  айырманы көрсетеді.

Сөйтіп, стандарт – кост  жүйесі шығындарды  нормалауға  болатын  стандарттар нормаларын әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық  калькуляциясын жасауды және  стандарттардан ауытқуларды  бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі  шығындарды  есепке  алуды  көздейді.  Стандарт – кост  жүйесі  өндіріс  шығындарын  жедел  бағалап  отырудың басты құралы  болып  табылады.

Шетле  фирмаларының  тәжірибесі  көрсеткендей,   олардың  басым  көпшілігі  стандарт – кост  жүйесін  толық  көлемінде  пайдаланбайды:  олар аяқталмаған  өндірістің  қалдғын  бағалау  үшін  пайдаланбайды,  бухгалтерлік есеп  жүйесінде  стандарттық  құны  бойынша  калькуляция  баптары  калькуляцияланбайды.

Көптеген  фирмалар  шығындар  стандарттары мен  стандарттық  калькуляцияны  шығарылған  өнімнің  негізгі  номенклатурасы  үшін  ғана  әзірлейді. Соның  өзінде, бұл  стандарттар  көбіне  тек  натуралдық  өлшемдермен  ғана  белгіленеді.

Стандарт – кост  жүйесінің  жұмыс  істеуі  негізіне  фирманың  өзі белгіленген  және  өндіріс  процесі  барысында  өзгеріп  отыратын  стандарттар  топтамасы  жатады.  Барлық  стандартты  үш  топқа  бөлуге  болады:

- теориялық  стандарттар  – бұл  кез – келген  фирманың  ұмтылыс  жасайтын  идеалы  немесе  жетілдірілген  стандарты;

-  ағымдағы  стандарттар  – стандарт  белгіленген  мерзіміне   өндіріс  шығындарының  мөлшерін  көрсететін  стандарттар;

-  базистік  стандарттар  - өндіріс  процесінде  болған  өзгерістерге  дейін  жылдан  жылға  өзгермейтін  стандарттар.

Материалдарға,  энергия  тарифтеріне,  қызметтерге  жасалған  баға  өзгерістері  базистік  стандартты  өзгертпейді,  ол  тек  қана  стандарттық  өзіндік  құнмен  нақты  құнның арасындағы  ауытқуды  анықтайды.

Шығыстар  жатқызылатын  баптар  бойынша  фирманың  келесі  қызметі  олардың  стандартын  әзірлейді: технологиялық қызметі  материалдардың  барлық  тұрлері  бойынша стандартын белгілейді;  жабдықтау  қызметі – қызметтердің,  жұмытардың,  материалдардың  барлық  түрлері  бойынша  стандарттық  бағасын; өндірістік - өндірістік  операциялар  бойынша өнімділік  стандартын;  қызметкерлерге  еңбек ақы  төлеу  қызметті – процесстер,  өндірістік  операциялар,  мамандықтар,  қызметкерлер категориясы  бойынша еңбек ақының  бағасын қояды  және  сағаттық мөлшерлемені жасайды.  Осындай  жолмен  әзірленген  жеке – дара стандарттар өнімінңі, жұмыстар мен  көрсетілген  қызметтердің өзіндік  құнының  карталарын жасауға  және  оларды шолып талдауға септігін тигізеді. Бұйымның картада  анықталған  стандарттық  өзіндік  құны  технологиялық  процессті, еңбек ақы мөлшерлемесін, қызмет  пен жұмыстың, материалдардың  нормасының  өзгеруін, сондай – ақ  өндірісі барысында жеткілікті денгейде негізделмеген стандарттың орын  алу мүмкіндігін де  қарастырылады. Жыл соңында  әрекет етіп  тұрған  стандарттар  толығымен қайта  қаралып,  қайта  бекітіледі.

Нормалардың  қатаң  сақталуын  бақылауды  цех  қызметкерлері  жүзеге асырады:  мастер, техниктер,  бақылаушылар.  Бұл  қызметкерлер  өндіріс  барысында  ауытқулардың  пайда  болуын  қалпына  келтіреді  және  олардың  пайда  болуына  жол  бермейді. 

Нормалардың  шын  мәнінде  атаң  бақыланған  жағдайында  және  бақылау  жүйесі  қажет  керек – жарақпен  қамтамсыз  етілген  жағдайда  стандарт –  кост  жүйесі ойдағыдай  нәтиже  береді.

Егер  де кәсіпорын  ауытқудың  есебін  құжатталған  түрде  жүргізетін  болып  шешсе, онда бұл  мақсат үшін арнайы синтетикалық  шоттар  енгізілінді.

Стандарт – кост  жүйесі  қолданатын  жекелеген фирманың  өнімінің  өзіндік  құнын  жоспарлаумен  тығыз  байланыстырады, өйткені  ол  өндіріс  барысындағы  шығындарғы  бақылау жасауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған.

Директ – костинг  жүйесі  бойынша  өндіріс  шығындарын  есепке алу.  Соңғы  жылдары индустралды  дамыған  елдердің  өнеркәсібінде  директ – котинг  деп  аталатын  өндіріске  кеткен шығындарды  есепке алу  жүйесі  кең  тараған.  Есептің  бұл жүйесінде  өндіріс  шығындарының  есебі тұрақты,  айналмалы,  өндіріс  көлеміне  пропорцианалды  өзгеретін  шығындар  болып  бөлінеді[18]. 

Өнімнің  өзіндік  құнына  тек  айналмалы шығындар  енгізіледі.  Тұрақты  шығынадар жеке  шоттарда жинақталып,  қаржылық  нәтиженің  шоттарымен  тікелей  жабылады.

Директ – костинг  жүйесін  пайдалану  идеясы  біз  үшін жаңалық  емес.  30 – шы  жылдардың  басында  көптеген  отындық  кәсіпорындар  өндірілетін  бұйымдарға  кеткен  шығындарды  тек  жұмсалатын  материалдар,  еңбек  ақы  төлеу  және  басқа  тікелей  шығыстар  бойынша  есепке алынатын;  үстеме  шығыстар  сол  бұйымдарды  өткізуден  түскен  табыстардың  азаюына  есептен  шығарылатын.

Жыл соңында  әрекет етіп  тұрған  стандарттар  толығымен  қайта  қаралып,  қайта  бекітіледі.

Егер  де кәсіпорын  ауытқудың  есебін  құжатталған  түрде  жүргізетін  болып  шешсе, онда бұл  мақсат үшін арнайы синтетикалық  шоттар  енгізілінді.

Стандарт – кост  жүйесі  қолданатын  жекелеген фирманың  өнімінің  өзіндік  құнын  жоспарлаумен  тығыз  байланыстырады, өйткені  ол  өндіріс  барысындағы  шығындарғы  бақылау жасауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған.

Шын  мәнінде,  ол  бөлістік,  тапсырыстық,  бөлшектік  жай  және  басқа  да өндіріс  шығындарын  есептеу және өнімнің өзіндік  құнын  шығару  әдістерімен  ұштастыруды  табуды  көздейді.  Негізінен  алғанда,  стандарт – кост  жүйесі  машина  жасау кәсіпорындарда   қолдау  үшін  әзірленген.

Өндірісті  және  еңбекті  ұйымдастыруды  жетілдіруге  келсек,  онда  бұл  процесс  ысырапты  қысқарту  есебімен  шығындарды  үнемдеумен  қатар  барлығы да  тәжірибе  жүзіндегідей  болады,  яғни  нақты  еңбектің  шығынын  үнемдеу. 

Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі  негізгі өндірістік капиталдарды –  негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың былай бөлінуі  олардың айналымының сипатымен  және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.

Кәсіпорындарда өндірістік құрал – жабдықтар өндіріс  процессінің материалдық – техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика  жағдайында өндірістік құрал – жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс  істеуімен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады, олардың көмегімен  еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсаты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық – заттай элементтерін – еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал – жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады[19].

Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану  айналымынан тыс активтердің  жаңа түрлерінің бірі – материалдық  емес активтер. Материалдық емес активтер – жылдық жиынтық табыс алу  үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық  емес объектілер. Олар кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы нарықтық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүгізудің  дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты болып табылады.

Негізгі өндіріс капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс  процессінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп  тозғанына қарай жаңа өнімнің  құнына көшіреді. Көшу процессін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация  нормасы, ал бұл үлестің ақшалай  көрінісін амортизациялық аудрымдар  деп айтады.

Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі  және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиіст табыс түскеннен кейін  толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі  капиталдардың орнын толтыру  үшін қаражаттар қалыптастырылады. Жаңа кәсіпорындарды құру немесе оларды кеңейту  кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады, мемлекеттік  кәсіпорындар үшін – бұл бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс  қорлардың қаражаттары. Соңғы кезде  қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен  пайдаланылып келеді.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірістік капиталдардың өсімін қаржыландырудың  көзі кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай – ақ қаржы қорлары - өндірісті  дамыту қоры (қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалатын таза табыс (пайда) болып  табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге  банк кредиттері, негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер  пайдаланылады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің меншікті қаражаттарына  құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс (пайда) жатады. Алғашқы да шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрған кезде де өндірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалады.

Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары  мен орталықтандырылған бюджеттен  тыс қорлар, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал  атқарады. Өндіріс базасын одан әрі  дамыту кәсіпорындардың ішкі ресурстары мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Тартылған қаржылай қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы  мүшелерінің заңды және жеке тұлғалардың  жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.

Өндірістік капиталдды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық көрсеткіштермен  сипатталады және кәсіпорынның қаржы  менеджментінің нәтижелілігін дәлелдейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы  – шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт  бойынша көрсетіледі:

- операциялық қызметтен  (шаруашылық жүргізуші субъектінің  негізгі қызметін сипаттайтын);

- инвестициялық қызметтен  (ұзақ мерзімді активтердің құрамы  мен мөлшеріндегі өзгерістерді  тудыратын);

- қаржылық қызметтен (меншікті  капиталмен қарыз қаражаттарының  құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді  тудыратын); бағыттардың әрқайсысы  бойынша ақша түсімдерінің нақтылы  түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде  олардың шығып қалуымен көбеюі  немесе азаюы көрсетіледі.

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни топ осындай нысанда жұмыс  істейтін айырықшалықты белгілерімен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатыннастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы  мүдделері жөнінде көрінетін  кез келген қатынастар сияқты, оларды реттеу, тиісті қаржы ағымының бағыттары  олардың қозғалысын ретке келтіруді  қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың  сапасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы  іс - әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Бұл басқарылатын іс - әректтерге қаржы  менеджменті ұғымы – тиімді пайдалану  мақсатымен кәсіпорынның ақша ағымының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі жатады[20].

Информация о работе Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті