Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа
Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.
1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоғары марапатқа ие болғандар қатарында Түркияның 9-шы Президенті Сүлеймен Демирел, Түркия парламентінің бұрынғы төрағасы Көксал Топтан, Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ, Түркия Президенті әкімшілігінің басшысы Мұстафа Исен, Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу, Түркия Мәдениет және туризм министрі Ертуғрул Гүнай, ӘДП төрағасының орынбасары Хүсейн Челик пен ӘДП Бас хатшысы, Қазақстан-Түркия парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек бар.56
Осы мерейтойлы жылы жоспарланған екіжақты жоғары деңгейлі, атап айтқанда, Елбасымыздың Түркияға және Түркия Парламентінің төрағасы Жемил Чичектің Қазақстанға ресми сапарлары қазақ-түрік достығының тереңдеуіне серпін беріп, екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін одан әрі кеңейтуге жол ашары анық.
Бауырластық байланыстардың осындай жарқын үлгілері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуына игі ықпал етеді деп сенемін. Тұтасымен айтқанда, өзара түсіністік пен сенім негізінде қанатын кеңге жайып келе жатқан екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мен келешегі зор және де әріптестік пен ізгілік рухында одан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін дами бермек.
Түркияның НАТО-ға мүше болғаннан кейін социалистік жағрапияда орын алған елдер Түркияны батыс блогында орын алған ел ретінде қабылдады. Кеңес одағының ыдырауына дейін бұл жағдай осылайша жалғасты.
Салқын соғыс қаупі жойылғаннан кейін Түркия Кеңес одағынан бөлінген тәуелсіз мемлекеттерді танып, олармен байланыс құра бастады. «Түркі әлемі» ұғымы ашық түрде айтыла бастады, Түркия Республикасының 9-шы президенті Сүлейман Демирелдің «Адриатикадан Қытай қорғанына дейін түркі әлемі» мәлімдемесі естерде сақталды. Бұрынғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшысы Тунжер Кылычтың мәлімдемесі болса ұзақ уақыт тартыстарға себеп болды. Түркияның түркі әлемімен ынтымақтастығы екі тараптың да қателіктеріне байланысты табысқа жете алмады. Осы жағдайға бәлкім «Түркі әлемі», «Еуразия» сияқты атаулардың мағыналық түсініксіздігі де ықпал еткен шығар.
Ресейдің қайтадан күшеюінен кейін Түркияда «бұл жұмыстар Ресейсіз жүрмейді» деген түсінік қалыптасты. Түркия 2001 жылы Ресеймен «Еуразияда ынтымақтастық» жобасына қол қойды. Бұл жобада «Еуразия» деп бұрынғы Кеңес одағы жағрапиясына кірген жерлер аталды.
Әділет және өркендеу партиясы билікке келіп күшейгеннен кейін жан-жақты, Анкарадан басқарылатын саясат жүргізуге талпыныстар жасады. Ресейден бастап, Түркияның шығысындағы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытты. Еуразия жағрапиясы Әділет және өркендеу партиясы үшін аса маңызды бір аймақ болмаса да, ұмытылмауға тиіс, стратегиялық әріптестік деңгейінде ынтымақтастықтар құруға болатын аймақ ретінде қабылданды. Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның «Афроеуразия» идеясының ішінде орын алды.
Қарайтын
болсақ Түркияда ұлтшылдар мен радикалдардың
өздеріне тән «Еуразия» аймақтары бар
екенін байқаймыз. Радикалдар мұны «Османлы
жағрапиясы» деп түсіндірсе, ұлтшылдар
«Тұран жағрапиясы», республикашылар
болса Ресей мен Америкаға қарсы шығу
ретінде түсіндіреді.
Түркияда «Еуразия» атауы мұнымен де шектелмейді.
Мысалы Стамбұл Университетіне қарасты
Еуразия институтының жұмыс аймағы ретінде
Түркия, Жерорта теңізі мемлекеттері,
Шығыс Еуропа және Балкан мемлекеттері,
Орташығыс, Кавказ және орталық Азия мемлекеттері
көрсетіледі. Байқаған шығарсыз, Түркияда
да «Еуразияның" нақты бір түсіндірмесі
жоқ. Осы жұмбақ Еуразия құрлығында саяси
бір одақ құрылып, тарихтағы орнын алғанша
жалғасатын сияқты көрінеді.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-
Қазақстан тек Түркия Республикасымен ғана емес, жалпы басқа елдермен арадағы сауда-саттықта саудалау заты негізінен шикізат болып келетіндігі ешкімге де жасырын емес. Сондықтан, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев үнемі айрықша атап, нақты көрсетіп келе жатқанындай, Қазақстан өндірісі шикізатты неғұрлым терең өндеуге, қосымша құнды көтеруге басты назар аударуы керек. Демек, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағытында қолға алынатын жұмыс жеткілікті. Бұл жұмыстың негізгілерінің бірі — аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыс саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіруді, дүииежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды бұлжымас мұрат деп білу керек.
Түркия-Қазақстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды сөз ететін болсақ, ең алдымен 1991, 1992, 1996 жылдары Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдениеті мен өнері күндерінің өткізілуі, Алматы және Анкара қалаларында кинофестивальдар ұйымдастырылуы, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесін жөндеу жұмыстары, Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтардың ақындық шығармашылық мерейтойларын атап өту шараларынын ұмытылмайтын, екі ұлт үшін де пайдалы, ұлағатты, тағылымды істер болғандығын айтуға болады.57
Сонымен қатар, бұл саладағы өзара туыстық байланыстардың бірегейі ретінде Түркия мен Қазақстан арасында 1992 жылдың 31 қазанында Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы Өкіметтері арасында Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуына келісім жасалуын атап көрсету орынды.
Бүгінде аталмыш университетте түркі дүниесінен келген 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. Университет алғашқы түлектерін ұшырды және бұл түлектер Қазақстан-Түркия және басқа түркі елдерінде де биік парасаттылықпен халқымызға қызмет етуде.
Сонымен қатар 1999 жылдың алғашқы айларынан бастап:
Қазақстан мен Түркия өкіметі, министрліктер, түрлі қоғамдық ұйымдар, қорлар мен ұйымдар, университет және сауда бірлестіктері арасында 100-ге жуық келіссөздер мен протоколдарға қол қойылды;
- Түркия
Республикасы коммуникациясы
- Қазақстанда
Түркия Республикасы
- Тәуелсіздіктен
кейінгі екі жыл ішінде Түркия
мен Қазақстан арасында (1992) 22 млн.доллар
шамасында іске асқан сыртқы
сауда көлемі тарапынан
- Түркияда
қазір 1200-дың үстінде Қазақстандық
оқушы, Қазақстанда 1000 шамасында Түркиялық
оқушы білім алуда. Қазақстандағы
Түркиялық оқушылардың
- Түркиялық
қорлар мен жеке фирмалар
тарапынан Қазақстанда ашылған
арнайлы лицейлерде 500-ден астам
Түркиялық оқытушы қызмет
- Түрік
Дін Басқармасы тарапынан
Осындай қол жеткен жетістіктерге қарамастан, Түркия мен Қазақстанның гуманитарлық-ағарту саласы бойынша қарым-қатынастық байланыстарда кемшіліктер де болды. Көбіне көп, мұндай кемшіліктер екі мемлекеттің қаржылық және ішкі - саяси проблемаларына қатысты туындаған еді. Соған қарамастан, осы саладағы Түркия мен Қазақстанның екі жақты қарым-қатынастарының келешегі үлкен. Қазақстан мен Түркия арасында Анталия-Алматы, Анталия-Астана және Анталия-Қарағанды бағыттары бойынша әуе рейсі аптасына 16-ға шығарылды.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісімге Қазақстан мен Түркияның авиация ұйымдары қол жеткізді. Жаңа әуе рейстері 2014 жылдың жазғы кезеңін толық қамтиды. Туған ағасындай бауырласы Түрік мемлекетінен үлгі алған Қазақстан Республикасы халықаралық қатынаста біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда тәуелсіздігін 120 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның ішінде 105 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Әлемнің 28 елінде Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды, Алматыда 44 шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымының өкілдіктері жұмыс істейді. Жаңа астанамыз да саяси халықаралық байланыстар орталығына айналып келеді. Қазақстан 800-ден астам мемлекетаралық және үкімет аралық шарттар мен келісімдер жасады, көптеген әлемдік, европалық және азиялық саяси және экономикалық ұйымдар мен одақтарға кірді және қысқа тарихи мерзім ішінде әлемдік қауымдастықтың толық мүшесі атанды. Республиканың сыртқы қатынастар жүйесі демократиялық принциптер мен халықаралық құқықтық келісімдерді құрмет тұта отырып нарықтық қатынастар жүйесінс нық қадаммен араласып келеді.
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.
Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ.
Жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.
Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді.
Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ой қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мелекетінен Республикаға айналысымен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының, олардың этностық мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа—бағытын белсене әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді Түркия өзінің тарихи миссиясы деп есептеді. Бұл күндері де Түркия түркі тілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық одағы арқылы өзіне қолайлы деп санайтын аймақтағы жетекші рөлге ұмтылуға тырысып отыр. Ағайындас түркі тілдес мемлекеттердің тұтас белдеуінің орнауы, — дейді Түркия тарихын зерттеуші ағылшын оқымыстысы— Түркияға аймақтағы өз жағдайын орнықтырып, нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, мұның өзі Түркияның көптен бергі асыл арманы — түркі тілдес бір текті мемлекеттердің одағын құруға ұмтылған тарихи үмітін жақындата түседі.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену үшін — деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов, — Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.
Қазақстанды дамыған елдер қтарына қосатын факторлар қатарына халықтың сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.