Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа

Описание работы

Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Содержание работы

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

туркия.docx

— 181.94 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқықты қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралык шиеленістерді бәсеңдету, қазіргі Орталық Азия елдері арасындағы, әсіресе Ауғанстан мәселесіне байланысты қалытасқан жағдаятты оңдастыру, шетелдермен экономикалық және мәдени байланыстар-ды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.

Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени әрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор. Осы орайда Қазақстан мен Туркия арасындағы мәдени және рухани байланыстардың кеңінен дамуы кездейсоқ құбылыс емес.

Ежелден шығу тегі бір түрік халықтарының соңғы он жылдан астам уақыт ішінде өзара ынтымақтастығының нығаюы КСРО құрамынан бөлініп шыққан тәуелсіз жас мемлекеттердің әлемдік қауымдастықта өз орнын дәйектеуге септігін тигізуде. Қазақстанның отарлық дәуірде, одан соң Кеңес мемлекеті құрамындағы кезенде белгілі себептермен үзіліп қалған дәстүрлі мәдени және рухани туысқандық байланыстарының қайта жаңданып, тұрақты сипат алуы бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің дамуы үшін аса зәру мәселе. Түркия мемлекеті, шет елдердің ішінде, 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнату ниетін білдірген ең тұңғыш мемлекет. Сондықтан 1990 жылдардын бас кезінде жекелеген мәдени, ғылыми байланыстардан бастау алған осы қарым-қатынастар тәуелсіз-дік жылдары кең өріс алып, тұрақты сипатқа ие болды.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Түркиямен шынайы мәдени б60айланыста-рының орнаған кезі 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі мерзімді қамтығанын айтқан болатынмын. Себебі отарлық және кеңестік мемлекет жағдайында Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар дербес әрі кең көлемді де, нақты сипат алған жоқ. Екі ел арасындағы мәдени байланыстар саяси және экономикалық ынтымақтастық қатынастардың құрамдас бөлік ретінде он жылдан астам уақыт ішінде әр салада нақты нәтижелерге ие болды.

Алайда, бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардын қатарында жалпы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары мен баспасөз, діни-рухани байланыстардың өкшелеп, жалпы екі ел арасындағы ресми мемлекетаралық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әрқайсысы өз саласында жеке бір ағымды құрайтынын айту қажет. Алғашқы кезде бұрын үзіліп немесе тоқырап қалған дәстүрлі туысқандық байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы мәдени байланыстар көлемінде орнатылған осы қатынастар бүгінгі ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, нарықтық катынастар ықпалымен әр салада нақты нәтижелерімен толыға түсуде. Оған Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың нәтижелерін мысал ретінде келтіруге болады.

Сондықтан халықтың тарихымен, байырғы салт-дәстүрімен тығыз байланысты ән-күйлер, сахналық қойылымдар, этнографиялық концерттермен қатар оның бүгінгі әлемдік өркениет деңгейімен бағаланатын кәсіби өнерімен мәдениетін де білдіретін, таныстыратын жетістік-терін басқа елге көрсету сол халықтың бүгінгі дүниежүзілік қауымдастықтағы алатын орнын білдірсе керек. Өйткені мәдени құндылықтар қатарында әр халықтың қол жеткізген табыстары оның дәстүрлі мәдениетінен бастап әлемдік мәдениеттің классикалық озық үлгілеріне дейінгі өткен жолымен, яғни бүгінгі қол жеткізген деңгейімен бағаланатыны дау тудырмаса керек.

Қазақ-түрік мәдени, білім және ғылым саласында қарым-қатынастар екі ел арасындағы ресми мемлекетаралық байланыстардың құрамдас бөлігі ретінде тәуелсіздік жылдары жан-жақты сипатқа ие болып, еліміздің илемдік қауымдастық аясында өз орнын алуға септігін тигізуде.

Түркі елдері ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы мейлінше дамыған екі жақты қарым-қатынастар аса ауқымды және тарихи тамырларға негізделген. Жоғарыда айтылғандардың бәрі де екі елдің арасындағы жемісті де нәтижелі ынтымақтастықтың қомақты көріністері болып табылатындығын, сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастарды барынша нығайту шаралары үздіксіз дамытытын, жетілдіріліп, кеңейіп әрі тереңдеп келе жатқандығын атап өткеніміз жөн. Халықтар арасындағы сенім мен өзара түсінушілікті орнықтыруда және халықаралық ахуалдысауықтыруда мәдени байланыстардың маңызды орын алатыны анық. Бұл өзара қарым-қатынастар динамикалық және жоспарлы түрде іске асырылып, сонымен бірге мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аяқалысының ойдағыдай дамуының маңызды факторы болып саналады. Бұған  2002 ж. қарашада Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы да назар аударды. Делегаттар құрамында болған Түркиядағы қазақ қауымдастығының өкілдері де бұған кәміл сенетінін білдірді.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар бір-бірінің ішкі істеріне араласуды, үстемдігін жүргізуді қуаттамайды. Бұл байланыстар демократиялық, туысқандық қарым-қатынастарға негізделген. Демек, ғылыми және мәдени байланыстар ынтымақтастықтың жалпы принциптері негізінде өз еркімен, егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу, толық тең құқықты, өзара тиімділік пен өзара жауапкершілік жағдайында дамып отыр. "Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары динамикалы түрде дамуда, және қай жерде бірлескен жобалар жүзеге асырылмасын, қазір экономика, мәдениет, білім беру салаларын атау қиын. Біздің халықтарымыз жәй тең құқықты серіктес қана емес, рухани жағынан да, этникалық түбірі жағынан да етене жақындай түсуде. Олардың арқасында қазақстандықтар қадірлейтін және мақтана алатын үлкен достық.

Қазіргі жағдайдағы Қазакстан мен Түркия Респубдикасының мәдени және ғылыми қарым-қатынастары мәселелері, сондай-ақ, оның алдағы даму мүмкіндіктері мен тенденциялары, оның деңгейі мен сапасын арттыру, мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі екі ел үкімет басшылары деңгейінде жаңа келісімдер жасау және қол қою, ортақ ғылыми-мәдени потенциал мен қор кұру, бүгінгі күн талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл тұжырым біздің егемендігімізді қалыптастыру және шынайы тәуелсіздігімізді нығайту кезеңіңде тұрған жас мемлекетіміздің міндеттеріне сай келеді. Екі ел арасындағы байланыстардың көкейкестілігі, сонымен бірге, географиялық және мәдени-тарихи сабақтастықтан да туындайды. Жалпы мемлекетаралық ғылыми-мәдени байланыс жүйесін жасау мен оны жүзеге асыру Үкімет тарапынан және мекемелер арасында жасалған келісімдермен шарттастырылған.

Жыл өткен сайын толлыққанды сипатка иеленіп келе жатқан шығармашылық қарым-қатынас мәдениетіміздегі өзара әсер ету, өзара байыту процестеріне маңызды үлес қосуда, бауырлас халықтар арасындағы достықты нығайта түсуде.

Қазіргі кезде кең өpic алған қазақ-түрік мәдени байланыстарын одан әрі жетілдіру бүгінгі күннің және келешектін де міндеті. Бұл тәуелсіз еліміздің  халықаралық және сонымен бірге түркі әлемі қауымдастығындағы орнын,  рөлін нығайта түсер еді. Сондықтан бұл қарым-қатынастарды одан әрі дамытып, екі жақты мәдени-рухани байланыстарды нығайту үшін төмендегі іс-шаралар аса қажетті:

    • Қазақстандық жастарды бастауыш сыныптардан бастап түркілік

ғылым мен мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлерімен, ұлы қолбасшыларымен, жетекші-лерімен таныстыру;

    • орта сыныптарда оқушыларға түркі мәдениетінің басқа ел

мәдениеттерінен ерекшеліктерін жан-жақты жеткізу және түркі елдердін тарихи, мәдени түп-тамырларының ортақ екенін көрсету;

    • тиісті тақырыптар бойынша оқулықтар мен әдістемелік оқу

құралдарын бірлесіп дайындау;

    • -Түркиялық жоғары оқу орындарында студенттермен,

мамандармен, оқыту-шылармен алмасуды жүйелі жолға қою;

    • тәжірибе, мерзімдік басылымдар материалдарымен, ғылыми

ізденістер жолында жаңалықтармен алмасу;

    • бірлесіп конференциялар, конгрестер ұйымдастыру,

ғылыми жобаларды бірлееіп жүзеге асыру жұмыстарын тұрақты ету.

Дипломдық жұмысымды қорытындылайтын болсам, жоғарыда қойған мақсат – мүддеме жеттім деген ойдамын. Алайда, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдениет, ғылым мен білім саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі терендету және кеңейту маңыздылығы, қол жеткізген келісімшарттарды іс жүзінде жүзеге асыру механизмдерін дайындау үшін Үкімет пен Елшіліктер қасында белгілі бір жұмысшы тобын құру қажеттілігі де бар сияқты, Қазақстан мен Түркияның мәдени ынтымақтастық саласындағы екі жақты қарым-қатынастар ж:ағдайың сараптау келісімдердің жоғары деңгейде болғанына, делегациялардың, көркемдік ұжымдардың кең ауқымда алмастырылғанына қарамастан, мәдени байланыстар күтілген нәтижелерді бере алмағанын және екі елдегі бар мүмкіндіктерге толық жауап бере алатындай жұмыс атқару керек.

Сондықтан жүзеге асырылу мерзімінің келіп жеткендігіне байланысты үкіметтік деңгейдегі жаңа келісімдерді дайындау және оларға қол қойдыру қажеттілігі де бар.

Бұл шаралар осыған дейін қалыптасқан қарым-қатынастардың заңды жалғасы болып табылады. Әрине, сапалық және сандық прогрестерге қарамастан, екі жақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейту жеткіліксіз деңгейде пайдаланып отырғанын ескеріп, бұл кемшіліктерге жол бермеу жағын қарастыру қажет.

Бұл тұрғыда, ең алдымен,  келісімдер мен межеленген келісімшарттарды жүзеге асыру барысында бюрократиялық кедергілер мен ведомствоаралық келіспеушіліктерді, сондай-ақ жекелеген ведомстволардың салғырттығын жеңу қажеттілігі туып тұр.61

Екі елдің министрліктері   мен   ведомстволары   арасындағы   тікелей байланыстың төмендігі екі жақты іскер байланыстардың дамуына да тосқауыл қоятынын басқару органдары ескеруі қажет. Осы мәселелер тиімді шешімін тапса, қазақ-түрік мәдени байланыстарының ауқымы көлемінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар  әлеуметтік-экономикалық проблемаларға да, ресми мемлекеттік саясатқа да өзінің оң ықпалын тигізетіні даусыз.

Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы. «Қазақстан сыртқы саяси мекемесінің басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоганның  қабылдауында болып, Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесіп, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы біріккен Стратегиялық жоспарлау тобының екінші отырысына қатысты», - делінген хабарламада.

Екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында кең ауқымды мәселелер бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы қарастырылды.

Келіссөздер қатысушылары Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық даму екпініне қанағат білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестікті одан әрі нығайтуға екі жақты бірдей ықыласын атап өтті. Астана мен Анкараның өңірлік және жаһанды саясаттағы рөлдерінің өсуі және мұсылман, түркі әлемінде беделдерінің артуы атап өтілді.

Сұхбат барысында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындықталқыланды. Түрік тарапы бұл халықаралық іс-шараны өткізуге барынша қолдайтынын білдірді.

Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары өзара диалогты жалғастырып, екіжақты қатынстардың барша мәселелерін бауырластық пен стратегиялық серіктестік қағидаларының негізінде шешу ниеттерін білдірді.

СЖБТ екінші отырысының барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастар күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдар өзара салыстырылды.

СЖБТ отырысы өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамыту мен тереңдетудің әлеуетін көрсетті.

Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар.

Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ  ұқсастықтар көп-ақ.    

Концертте Түрік өнер музыкасы, түрік халық музыкасы, түрік халық билерінен көрсетілімдер көрсетілді. Мұнан басқа Л. Н. Гумилев Еуразия ұлттық университеті Би өнері қауымдастығының студенттері «аққу» биін биледі. Юнус Әміренің аруз өлеңдері орындалып, Юнус Әміре түрік орталығының жанынан ашылған оркестрі өз репертуарындағы қазақ және түрік тілдеріндегі әндерін айтып, билерін биледі.  

Информация о работе Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа