Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа

Описание работы

Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Содержание работы

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

туркия.docx

— 181.94 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі оның дамушы елдер қатарына жататындығының  дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға, шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға ұмтылысы өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай пошымда болсын қарсылыққа, көптеген кедергілерге тап болуда. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ. АҚШ «таргетинг» дегенді дамушы елдерге негізінен «жаңа индустриялы елдерге» қарсы санкциялар жазалау шаралары  ретінде қолданады.

Дей тұрғанмен, кейбір «жаңа  индутстриялы елдер» оның ішінде Түркия Республикасы да бар өз экспортының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде мәшинелер мен жабдықтардың үлесі артты. Сондықтан, Түркия Республикасынан тауар экспорттаудың озық тәжірибесін қабылдап үйренудің ешқандай да әбестігі жоқ.    

Маман сарапшылардың анықтауы бойынша Түркия Республикасы экономикасы барынша дамып, жан-жақты өркендеген дүниежүзілік жетекші 20 мемлекеттің Г-20 тобы қатарында нақ ортасында нық басып тұр. Олай болса, нарыққа негізделген мемлекет құруды көздейтін Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар, осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы «түрік үлгісіне» айрықша назар аударды.

Дегенмен, шаруашылық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40 пайызға жуық түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этностық және діни мәселелерде аса сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі. Өз кезегінде мұндай әлеуметтік-этностық факторлар басқа елдермен, соның ішінде Түрік мемлекетімен де арадағы саяси, әскери және экономикалық қатынастарға әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі халықаралық жағдайда кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеп, дамуы үшін ұлтшылдық негіздерге ғана арқа сүйеп, қол жеткізуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.

Қазақстан мен Түркияның екі жақты сауда, экономика және туризм салаларындағы қарым-қатынастары мен байланыстарында, әсіресе, көлік қатынастарының ортақ жүйесін дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылады. Мұның себебі, екі елдің шекарасы іргелес емес, ендеше сауданы өркендету мен салынып жатқан кәсіпорындарға, тұрғын үй құрылыстарына қажетті құрылыс материалдарын уақытылы жеткізіп отыру үшін қатынастың сенімді жолдарын іздестіру қажеттігінде жатыр.58

Реті келіп тұрғанда айта кеткен жөн. Атырау мұнайын тасымалдау мәселесінде Қазақстан бір бағытты ғана ұстанып қалған жоқ. Оған жан-жақты экономикалық қарым-қатынас пеп байланыстарға Ресейдің де мүдделерін ескеруі қажет болды. Оның үстіне республика тұрғындарының 40 пайызға жуығын славян тектес халықтар құрайтындықтан, Ресеймен арадағы қарым-қатынас мәселелерінде үйлесімділік пен икемділік керек-ақ.

Каспий аймағы мұнайының тағдыры оған мүдделі елдердің екі жақты қатынастарының ғана мәселесі емес, тұтастай алғанда аймақтағы экономикалық және саяси процестерді дамытудың да маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан да, бұл маселе байыпты ойластырылып, шешілуді талап етеді.

Сондықтан болар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бұл мәселені тиімді шешу жолдарын жан-жақты ойластырып, Атырау мұнайын тасымалдау жобаларының ішінен ең маныздыларын таңдап алды. Таңдап алынған жобалардың ішінде Түркия, Әзірбайжан, Грузия, АҚШ мемлекеттері басшыларының өзара келісімімен жасақталған «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырын құру жобасы да бар болатын.

Осыған байланысты. Түркия Республикасының  Президенті А.Н.Сезер 2000 жылдың Қазан айында ресми іс сапармен Қазақтанда болғанда  Н.Назарбаев онымен «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры жобасын байыппен талқылап, бұл жобаның Қазақстан үшін де  саяси және экономикалық тұрғыдан тиімді екендігін атап өтті, жобаны іс жүзіне асырудың техникалық негіздері мен қаржыландыру көздері туралы өз пікірін білдірді, жобаның  бұрынғы атауын  өзгертіп, оны жаңадан Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай тасымалдау  құбыры жобасы деп атауды ұсынды.

Бұл мұнай құбырының жалпы құны 2400 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бағалануда. Құбыр ұзындығы 1800/км. Мұндай тиімді келісімнің Қазақстан үшін маңыздылығы негізінен екі жақты біріншісі, бұл құбыр арқылы келешекте 20 млн. тонна мұнай экспорттау мүмкіндігі туындайды. Екіншісі, бұл келісімнен Ресейдің сырт қалуы, Қазақстан мұнайының Батыс елдеріне экспортталуы ОПЕК-ке мүшс елдерден тәуелсіз түрде жүруі болып табылады. Қазақстан мұнайы бұл кұбырмен Түркияға Шығыс-Батыс сауда-экономикалык байланысы аркылы экспортталады. Бұл Қазақстан үшін ТМД шеңберінен шығып, өз алдына дербес сауда жасау мүмкімдігін береді. Дей түрғанмеи, дүниежүзілік рынокқа шығудың оңай жолы жоқ. Ондағы қалыптасқан катаң бәсекеге төтеп беріп, оңтайын таба білу үшін базар бәсекесінің сырларын талмай үйрену кажет.

 Сонымен  бірге Қазақстан экономикасын  дүниежүзілік шаруашылыққа кіріктіру  барысында кажетті ашықтық пен  ақылға қонымды протекционизмді  де үйлестіре білу кажет. Онсыз, сондай-ақ, жалпы халықаралық сауда-саттықтың  қыр-сырын толық меңгермейінше  «арзан береміз» деп есікті  шалқасынан ашып тастау, берекесіз  анархия, ел байлығын орынсыз  оңды-солды шашу ортада делдалдық  жасап жүрген алаяқтардың жетегінде  кетіріп, сан соқтыруы, отандық өндіріс  тауарларының бәсекеге шыдам  беруіне кері әсерін тигізіп, ел экономикасының тиімділігін  арттырудың орнына халық шаруашылығына  зиян келтіруі, сөйтіп экономикалық  тәуелсіздік пен қауіпсіздікке  қатер төндіруі мүмкін. Француз  экономисі М.Пебро дұрыс бағамдағандай, «саудаға абайлап бару керек, оның ережелерін көзжұмбайлықпен  қолдану, әдетте әлсіздің күшіне  бағыныштылығына апарып соқтырады, сөйтіп елдің экономикалық «отаршылдықтың»  жан түршіктірер ауыртпалығына  душар етеді».59

Халықаралық бәсекеге төтеп беретін күрделі қаржының, технологиялардың және ақпараттың келуін ынталандыратын қолайлы инвестициялық ахуал жасау ел экономикасын дамытудың маңызды тұтқасы болып табылады. Осыған байланысты Қазақстандағы шетелдік күрделі қаржыны тарту бағытында көптеген игі шаралар атқарылуда. Солардың бірі ретінде 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен шетелдік және отандық инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру үшін еліміздегі экономиканың жетекші салаларының тізбесі жасалған болатын. Оның қатарынан өндірістік инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі, Астананың нысандары, ауыл шаруашылығы т.б. орын алады.

Елбасы мен Премьер-министр    Қазақстан    мен Түркияның "Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі ірі жобаға қатысуының, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін оңтайлы пайдалануға бағытталған оңтүстік транзитімен ТРА-злік дәлізін дамытушы. Туысқан елдер арасындағы ынтымақтастық, - деді Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақстан мен Түркияның ғана емес, Орта Азия өңірін мекендеген барлық халықтардың  бейбіт жолмен дамуы мен  экономикалық гүлденуіне ықпал ететін болады.  Иә, қарыштаған Қазақстанның экономикалық әлеуетінің мүмкіндігін әлем  мойындап отыр.

Сондықтан  да қандай да елмен болсын, әріптестік қарым - қатынастың түсіністік әрі  парасаттық деңгейде болуы өз нәтижесін берері ақиқат. Олай болса,  өркениетті елдермен терезесі тең тұратын біздің еліміз сыртқы саясатты да   сындарлы   жүргізе беретініне сенім мол. Бұл тәуелсіз Қазақ елінің  ұлттық болмысын кеңейте бермек.   

       Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Түркия болды. Мұны қазақ және түрік мемлекет қайраткерлері орайы келген сайын айтуда. Әрине, бұл бауырластығымыздың мызғымас дәлелі, қатынастардың бастауы, бірақ мұны нақтылы қадамдармен қуаттап, үнемі бекітіп тұру керек. Қазақстан Республикасы өзінің тұңғыш елшілігін Түркия мемлекетінің көмегімен 29 қазан 1992 жылы Анкарада ашты. Қазақстанда ең алғашқы ашылған елшілік болса АҚШ елшілігі. Анкарадағы қазақ елшілігінің ашылу мұрасымында мен де болдым, тіпті Президент Н.Ә. Назарбаевтың БиБиСи және Канада теледидарларына берген сұхбаттарын қазақшадан ағылшыншаға тікелей аудардым.

Сол күндері түркі мемлекеттерінің бірінші саммит жиналысына қатысқан мемлекет басшылары туысқан халықтардың бірлігінің ең айқын көрінісін көрсеткен-ді. Сондағы есімде қалғаны, бауырлас мемлекеттердің алғашқы байланыстары күшті қобалжуға, сағыныш пен үмітке толы еді. Тарихта тұңғыш реті Орталық Азиядағы түріктер мен Түркиялық бауырларымыз қауышқан еді.

Алғашқы нақты қадам ретінде мархұм Тұрғұт Өзалдың бастамасымен Қазақстаннан және өзге республикалардан Түркияға мыңдаған студенттердің жіберілгенін айтуға болады. Бұл күндері Түркияда оқып келген жүздеген жастарымыз әр түрлі мекемелерде жұмыс істеп, Қазақстан экономикасының дамуына және екі елдің байланыстарының нығаюына үлкен үлес қосуда. Бір өкініштісі Түркияның жоғары оқу орындарын бітіріп келген жастарымыз дипломдарын теңестіру және жұмыс табу жағынан кейбір қиындықтарға душар болуда. Осы себептерге байланысты соңғы жылдары Түркияның білім беретін ел ретіндегі имиджінің шайқалғаны байқалуда. Алайда, екі ел арасында жасалатын жаңа келісімшарттармен екі елдің оқу орындарының дипломдарын мақұлдау және басқа жақтарынан тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Бұл біздің халықтарымызды бір-біріне жақындастыратын игі шара болар еді.

Жоғарыда аталған кейбір кемшіліктердің негізінде, біздіңше, Түркия мемлекетінің 1990 жылдан бұрын жаңа түркі елдерімен байланыстарға дайындықсыз болғаны жатыр. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында Түркияның түркі халықтары жөніндегі мемлекеттік саясатының болмауы, сыртқы істер мекемелері мен өзге де мемлекеттік ұйымдарда сыртқы түріктердің мәселелерімен шұғылданатын бөлімдердің болмауы басты кемшіліктерден. АҚШ және батыс елдерінде түркі халықтарын зерттейтін кереметтей жабдықталған институттар жұмыс істеп жатқанда, Түркияда бұл мәселемен көбінесе жеке ұйымдар ғана белгілі мөлшерде шұғылданған.

 Соңғы 10 жылдық мерзімде Түркияның  әлі де болса бұрынғы психологиядан  арыла алмағандығы таң қалдырады. Мысалға нақты деректерді келтірелік; мәселен, Түркия мен басқа елдердің  сауда экономикалық миссияларын  салыстырып көрейік. Түркияның Алматыдағы  елшілігінде бірнеше қызметкер  жанпида еңбек еткенімен АҚШ, Алмания және Италия секілді  елдердің сауда-экономика қызметтерінде  ондаған, тіпті жүздеген қызметкерлер  жұмыс істеуде.

Бұған қоса аталмыш мемлекеттердің сауда-өндірістік палаталарының өзі Қазақстанда айтарлықтай деңгейде ұйымдасқан түрде қызмет етуде. Мәселен, алман фирмаларымен жұмыс істегісі келетін қазақ кәсіпкерлер бұл елдің елшілігіне емес, тікелей Федеративтік сауда-өндіріс палатасының Алматыдағы өкілдігіне барып, кез келген мәліметке қол жеткізуде. Италия сауда палатасы да Алматыдағы өкілдігі арқалы қызмет көрсетуде. Алайда, тарихи және гео-саяси жағынан Қазақстанға ең жақын мемлекет саналатын Түркияның осындай нақты қадамдарды іске асыруы дұрыс болар еді. Дүниежүзілік конюктурадғы өзгерістер Қазақстан-Түркия қатынастарына тікелей әсер етуде дей аламыз. Орта Шығыс, Қытай, Ресей, Иран, АҚШ және Еуропа Одағы шеңберінде өрбитін уақиғалар Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынастарына тікелей ықпал жасауда.

Мұның нақты мысалы ретінде, былтыр Ресейде Путин басшылыққа келгенде оның әкімшілігінің Орталық Азия және Қапқаз саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты Түркияның сыртқы істер министрлігінің аталмыш елдердегі елшілерін Анкарага шақырып, жиналыс ұйымдастыруын айтуға болады.

Проблемалар ешқашанда өздігінен пайда болмайды. Бүгінгі проблемалардың негізінде бұрын жіберілген қателіктерді іздеген жөн. Мәселен, 1990-шы жылдардың алғашқы 5 жылында Түркиядан әкелінген төменгі сапалы тауарлар осы елдің өнімдерінің репутациясына кері әсер еткен. Орталық Азияға жіберілген тауарлардың белгілі сапа критериялары бойынша жеткілікті дәрежеде тексерілмеуі мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемін өсірмейтін факторлардан. 11 жыл бойы Алматыда тұрғандықтан осы жағдайларға өзім тікелей куә болдым. Түркияның Алматыдағы елшілігінің ғимараты да өте сәтсіз таңдалды. Түркиядай мықты да туысқан елдің абыройына жарасатын тамаша елшілік ғимараты болғанын қалар едік. Түрік кәсіпкерлері аты шулы бес жұлдызды қонақ үйлерін ашып жатқанда, Алматы мен Астанада заманауи Түркия имиджін көрсете алатын бір ғимараттың болмағаны өкіндіреді. Елшілік қызметкерлері кішкентай бөлмелерде 4-5 адам жұмыс істеуде. Сондықтан, бұл мәселе Түркияның бюджеттік мәселесі емес, ұлттық мәселесі ретінде маңыздылығын сақтауда.

Мәдени салада тоқырау жылдарынан кейін соңғы жылдары жыбырлау байқалуда. Түркияның Алматыдағы мәдениет департаментінің қызметтері айтарлықтай сатыға көтерілген тәрізді. Анкара қаласының Астанадағы күндері мен Астананың Анкарадағы күндерін атауға болады. Жуырда қол қойылған келісімшарт бойынша Астана мен Анкара бауырлас қала болды. Осындай мәдени байланыстардың одан әрі дамуын қалаймыз. 1998-99 кезеңінде 110 қазақ суреткердің сурет көрмелері ұйымдастырылған, бұларды 3000-нан астам адам көріп шыққан. Аталмыш мерзімде Қашғарлық Махмұдтың түрікше сөздігі, Жас түркістан журналы, түрік халықтарының тарихы, Ататүріктің өмірбаяны қатарлы құнды кітаптар жарыққа шықты. Абдұлқадыр Ақгүл мырзаның жетекшілігіндегі білім департаментінің кітапханасынан жүздеген студенттер мен аспиранттар, зерттеушілер мен докторанттар пайдалануда. Аталмыш бөлімдердің тікелей атсалысуымен 67 ғылыми конференция ұйымдастырылып, мұнда Қазақстандық және түркиялық ғалымдар баяндамалар жасаған. Радио және теледидар хабарларында екі елдің туыстығын, жақындығын нығайтатын хабарлар көрсетілген. Бірақ, мұның бәрін көңіл көншітер деңгейде деп айтуға әлде де болса тілің бармайды. Келешекте бұдан да дәйекті бұдан да әсерлі ортақ жобаларды іске асыруымыз ләзім. Екі елдің де ұлттық һәм мемлекеттік мүдделері мұны талап етуде.

Туризм мәдени байланыстарды күшейтетін үлкен мүмкіндіктің бірі. Жыл сайын Қазақстаннан Түркияға 70-120 мың мөлшерінде туристтер барады екен. Алайда, Түркиядан Қазақстанға туристік сапармен келушілердің саны тым аз. Сондықтан, түркиялық бауырларымыз қазақстан туралы көп біле бермейді. Түркияға барып келген Қазақстандықтар болса Түркия туралы жағымды әңгімелер айтуда, олар түрік халқының меймандостығына ризашылықтарын білдіруде. Мемлекеттеріміздің арасындағы 1 айға дейін виза талап етпеу туралы шарттың бұл арада игі рөл атқарғанын атап айтқымыз келеді. Ендігі мәселе, Түркиядан көбірек туристерді Қазақстанға тарту мәселесі болмақ. Ахмед Йесеуи, Ахмед Йүгнеки, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қорқыт Ата секілді ойшылдар мен ғалымдар туып, өскен Қазақстан, әсілі оғыздардың ата-мекені болып саналады. Міне, осындай тарихи ақиқаттарды лайықты деңгейде таныстыра алсақ, Түркиядан да мыңдаған адамдар Қазақстанға саяхаттап келер еді демекшіміз. Бұл ел экономикасына әжептәуір табыс қосар еді. Мәселен, Түркияның туризмнен жылдық табысы 15-20 миллиард долар мөлшерінде. Қазақстанның кең өлкесі, табиғат туризміне де аса қолайлы. Алатау, Алтай тауы сықылды керемет табиғи байлықтарға ие елімізге осы мешеу қалған саланы жандандыру арқылы үлкен табыс көздерін аша аламыз.

Информация о работе Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа