Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа

Описание работы

Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Содержание работы

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

туркия.docx

— 181.94 Кб (Скачать файл)

Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мәдени-гуманитарлық саладағы қазақстан-түрік ынтымақтастығы жоғары қарқындылығымен сипатталады. Тіліміздің, дініміздің, тарихымыздың және мәдениетіміздің ортақтығынан қуат алатын бұл бағыттағы қатынастар тараптар өкілдерінің мәдени іс-шараларға қатысуларына, шығармашылық делегациялармен алмасу практикасына, екі ел қалалары мен аймақтарының арасындағы бауырластық байланыстарды дамытуға бет алған.

Бұл бағытта түркі әлемінің өткенін, бүгінін және болашағын зерттейтін халықаралық ғылыми орталық – Астанадағы Түркі академиясының институттық және интеллектуалдық негізін жетілдіру, екі елдің мызғымас достығының кепіліне айналған Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақстан-Түркия университеті қызметінің тиімділігін арттыру, қолданыстағы нормативтік-құқықтық база негізінде ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Анкарада Астананың мәдениет күндері, Қазақ киносының апталығы сияқты іс-шаралар ұйымдастыру да көзделуде.

Сонымен қатар, Түркиядағы қазақ диаспорасы екі ел арасындағы байланыстардың одан әрі нығаюына өзіндік үлес қосып отыр. Кезінде осында қоныс аударған қазақтарға түрік үкіметінің қомақты көмек көрсетіп, бауырларына басқанын да ұмытпаймыз. Түріктердің көпшілігі қазақ жерін атажұрт, ал Түркияны анажұрт деп есептейді.

Жалпы айтқанда, тәуелсіз тарихымыздың парағына алтын әріптермен жазылатын уақыт ішінде қазақ-түрік қатынастары маңызды оқиғаларға толы болды. Қазақстан мен Түркия халықтары өздерінің достығы мен бірлігін айқын дәлелдей отырып, ежелгі мүдделеріне сәйкес осы жолда айтулы табыстарға қол жеткізіп, стратегиялық өрлеу кезеңіне батыл қадам басты.

Осы орайда екі бауырлас елдің достығы мен ынтымақтастығының ұдайы дамып, стратегиялық әріптестігінің негізін қалаған Нұрсұлтан Назарбаев екенін ерекше атап өту қажет. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Тағдыр бізді әлемнің әр түкпіріне қоныстандырғанымен, біз түбі бір туғанымызды, бір ананың бауырынан өрбігенімізді ұмытпаймыз», деген болатын бір сөзінде.

Елбасымыздың қазақ-түрік ынтымақтастығына және түркі әлемін біріктірудегі ерен еңбегін түрік басшылығы да мойындайды. Мұның жарқын дәлелі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияның мемлекеттік орденімен марапатталуы, түрік астанасы Анкарада оның ескерткіші ашылып, Невшехир қаласында Президент атындағы көшенің ашылуы.

Бұл өз кезегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстанның, қазақ-түрік қарым-қатынастарының және жалпы түркі әлемінің игілігі үшін жасаған қызметіне берілген бағалардың жиынтығы деп санаймыз. Сондықтан болса керек, Түркия Президенті Абдулла Гүл: «Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттердің топтасуы үшін көп іс тындырды, сондықтан да Қазақстанның ғана емес, бойында түркінің қаны бар барлық халықтардың көшбасшысы болып табылады», деп атап көрсетті.46

Әрине, осының бәрі біз үшін үлкен мақтаныш. Бауырластық байланыстардың осындай жарқын үлгілері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуына игі ықпал етеді деп сенемін.

Жоғарыда айтып өткенімдей, екі бауырлас ел үшін биыл айтулы жыл. Осы орайда дипломатиялық қатынастарымыздың 20 жылдығы құрметіне бірқатар түрік қайраткерлері марапатқа ұсынылып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен берілген «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен наградталды. Кезінде Елбасымыз «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – жүйріктің де жүйрігі бар. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған сәттен бастап, күні бүгінге дейін еліміздің өркендеуіне ыстық ілтипат білдірген Түркияның күллі халқын марапаттаудың артығы болмас», деген болатын.

Жоғары марапатқа ие болғандар қатарында Түркияның 9-шы Президенті Сүлеймен Демирел, Түркия парламентінің бұрынғы төрағасы Көксал Топтан, Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ, Түркия Президенті әкімшілігінің басшысы Мұстафа Исен, Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу, Түркия Мәдениет және туризм министрі Ертуғрул Гүнай, ӘДП төрағасының орынбасары Хүсейн Челик пен ӘДП Бас хатшысы, Қазақстан-Түркия парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек бар.

Осы мерейтойлы жылы жоспарланған екіжақты жоғары деңгейлі, атап айтқанда, Елбасымыздың Түркияға және Түркия Парламентінің төрағасы Жемил Чичектің Қазақстанға ресми сапарлары қазақ-түрік достығының тереңдеуіне серпін беріп, екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін одан әрі кеңейтуге жол ашары анық.

Бауырластық байланыстардың осындай жарқын үлгілері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуына игі ықпал етеді деп сенемін. Тұтасымен айтқанда, өзара түсіністік пен сенім негізінде қанатын кеңге жайып келе жатқан екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мен келешегі зор және де әріптестік пен ізгілік рухында одан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін дами бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.

         2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.

 

Қазақстан – Түркияның Орталық Азиядағы ең сенімді де жақын саяси-экономикалық әріптесі. Түркия – Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы басты саяси-экономикалық әріптесі. Екі бауырлас ел арасындағы достық пен бірлікке негізделген байланыстар стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген. Екі ел арасында 2009 жылы Түркияда стратегиялық серіктестік туралы шартқа  қол қойылған. Қазақстан мен Түркияның көптеген халықаралық мәселелер бойынша ұқсас саяси ұстанымға ие болуы екіжақты ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтуда. Бұл ынтымақтастық БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ және басқа бірлестіктер шеңберінде дамып келеді. Әсіресе, Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде Түркияның көрсеткен қолдауын атап өткен жөн. 

Түркияның ресми басшылығы Қазақстанның Түркі кеңесін құру идеясын жүзеге асырудағы, сонымен қатар, түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы, Ақсақалдар алқасы, Астанада Түркі академиясы құрудағы  маңызды рөлін жоғары бағалайды.  Түркия мен Қазақстанды ортақ тіл, дін, тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген қатынастар мен өзара интеграциялық үдерістер біріктіреді. Қазақстанмен тарихи байланысы тереңде жатқан Түркия бүгінде еліміздің Еуразия құрлығындағы маңызды әрі сенімді әріптесі. Түркия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 2017-2018 жылдары уақытша мүшелікке Қазақстанның кандидатурасын қолдаса, Қазақстан да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2015-2016 жылдары уақытша мүшелікке Түркияның кандидатурасын қолдайтындығын білдірді. Түркияның элитасы Қазақстанның экономикалық, саяси, халықаралық және тағы басқа да жетістіктерін толық мойындап, еліміздің даму моделіне «Қазақ үлгісі» деген баға берді. Түркияның сыртқы саясатындағы Қазақстанның алатын орны оның белсенді, жасампаз және біріктіруші саясатының арқасында ұлғайып келеді. 

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев түп-төркіні бір, ағайынды түркі халықтарды бір-біріне жақындастырудың қажеттілігі жөнінде үнемі айтуда. Осы идеяға сәйкес, Қазақстан мен Түркияның ынтымақтасуы таңдау емес, керісінше қажеттілік. Өйткені, алдағы жылдарда дүниежүзіндегі геосаяси күштердің салмағы Азия құрлығының Орталық және Шығыс бөлігіне ойысуы мүмкін. «Үлкен Таяу Шығыс» геосаяси жобасының соңғы нүктесі ретінде Орталық Азияның белгіленуі, Қазақстанда Ресей мен Қытайдың ықпалы мен қысымының артуы, Еуропа Одағы, Үндістан және Иран сияқты державалардың Орталық Азияға қатысты күрделі саяси-экономикалық жоспарларының болуы Қазақстанның Түркиямен ынтымақтасуына жеткілікті себеп болып табылады.

 Екі түркі мемлекеті Түркия  мен Қазақстанның саяси ынтымақтасуы  Еуразия кеңістігіндегі күштердің  тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, аталмыш  құрлықтың ортасында пайда болған  геосаяси бостықтың орнын толтырар  еді. Түркия белгілі дәрежеде  Қазақстанның Еуразиялық одаққа  тәуелді болып кетуінен сақтайтын  қарсы салмақ рөлін атқаруы  ықтимал. Қазақстан Түркия мен  Еуразия одағының арасында дәнекер  рөлін атқарып,

Түркияның құнды тәжірибесі мен дайын өнімдерін аталмыш одаққа экспорттай алар еді. Табиғи ресурстардың экспорттаушысы - Еуразия одағы және мықты нарықтық экономикасы бар Түркия өзара жақындасып, энергетика-тауар алмастыруға зәру.  Қазақстан мен Түркияның қатынастарында экономикалық және мәдени өлшемдер басымдыққа ие екендігі рас. Қазақстанның Батыстың даму жолы мен гуманисттік құндылықтарына үлкен мән беруі Түркияның да қолдауына ие болып отыр. Тіпті, Түркия Қазақстанның Еуропа елдерімен жақындасуына да оң ықпал етіп, көмектесуі мүмкін. 

Экономикалық ынтымақтастық. Түркия – Қазақстанның аймақтағы сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2011 жылдың қорытындысы бойынша бұл сан 3,9 млрд АҚШ долларына жетті. Ал 2012 жылдың алғашқы 6 айындағы көлем - 2,5 млрд АҚШ долларына, жыл соңына қарай 4 миллиардқа жетіп отыр. Бұл нәтижеге Түркия премьер-министрі Режеп Ердоғанның Қазақстанға 2012 жылғы ресми сапарынан соң қол жеткізілді. Сол сапарда Т. Ердоған V Астана экономикалық форумына және қазақ-түрік іскерлер форумына қатысып, «Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін» құруға келісіп, «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда көлемін 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту және экономикалық қатынастарға көбірек мән беру керектігі туралы да айтылды. 47

  Қазақстан мен Түркия арасындағы темір жол магистралінің жүзеге асырылуы туралы келісім екі ел үшін де өте маңызды. «Түркия-Иран» және «Иран-Түрікменстан-Қазақстан» және «Карс-Ахалкалаки-Тбилиси-Баку» темір жолдары магистральдерін салып бітіру Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын арттырып, Қазақстанның энергия ресурстарын жаңа нарықтарға шығаруды біршама ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау көлемін көбейтіп, тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етуге орасан мүмкіндік береді. Жаңа әуе қатынастарын ашып, әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың арқасында екі елдің туыстық және экономикалық қатынастары нығая түсері хақ.

Қазақстан Түркияның экономикалық және өндірістік әлеуетін кеңінен пайдалануы қажет. Түркияның өнеркәсібі мен экономикасының локомотиві ретінде «Ұйымдастырылған өнеркәсіптік аймақтарды» атауға болады. Бұл технопарктар мен кластерлерді құруда Түркия орасан зор тәжірибе жинақтаған. Қазіргі таңда Түркияда 300-ге жуық өнеркәсіптік аймақ болса, олардың негізінде 60 мыңдай ірі фабрика мен зауыттар жұмыс істеуде. Қазір қазақ саясаткерлері түрік бизнесін Қазақстанның индустриялық даму үдерісіне қатыстыруға, Түркияның өндірістік тәжірибесін еліміздің өңірлерінде қазақ-түрік индустриялық аймақтарын құру арқылы пайдалану үшін жұмыс істеуде. Екіжақты қатынастардағы маңызды қадам ретінде Қазақстан мен Түркия арасында Қазақстанда бірлескен қазақ-түрік индустриялық аймақтарын құру туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтуге болады. Осылайша, қазақ пен түрік қарым-қатынасы келесі тың кезеңге көтерілмек. Елдер арасындағы экономикалық байланыстың ендігі бағыты – өндіріс болмақ. Өйткені, еліміз индустриялық-инновациялық даму мәселесін қолға алып, іске асыруда.

Елбасымыз Назарбаевтың Түркияға 2012 жылдың күзінде жасаған сапары барысында Қазақстанның өнеркәсіптік-индустриялық саласындағы жетістіктерін көрсетуге арналған көрме ұйымдастырылып, түрік жұртшылығына Қазақстанның экономикалық жетістіктері таныстырылды. Мұндай бизнес көрмелер Қазақстанға ірі түрік бизнесін тарту үшін жиі жасалады. Сонымен қатар, құрылыс саласы мен құрылыс материалдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, орман шаруашылығы, тоқыма және дайын киім өндірісі, кеме жасау, мұнай химиясы салаларында жұмыс істейтін екі елдің 1000-нан астам компаниясының қатысуымен инвестициялық және бизнес форум өтіп, оның барысында қазақ-түрік компаниялары арасында жалпы көлемі 1,5-2,4 млрд АҚШ долларына жететін келісімдерге қол қойылды. 48

Түркияның бірнеше ірі компаниялары Қазақстанның экономикасына инвестиция құюға қызығушылық танытты. Назарбаевтың ойынша, барлық қарым-қатынастың ең негізгі арқауы – экономика. Экономика болса, саясат та болады, әріптестік те болады, әскери қарым-қатынас та – бәрі де болады.

Елбасы Назарбаевтың Түркияға жасаған соңғы ресми сапары қазақ-түрік қатынастарын жаңа сапалы деңгейге көтеріп, Қазақстанның аймақтағы саяси және экономикалық мүдделерінің одан әрі ілгерілеуіне ықпал етті. Түркия мен Қазақстан арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды нығайту үшін үлкен мүмкіндік бар. Екі ел де өзара ынтымақтастықты жетілдіру және әртараптандыру үшін қажетті саяси ерікке ие екендігін көрсетті. Елбасы Назарбаевтың айтқанындай, қазақ-түрік қатынастарын сауда-экономика және инвестиция салаларында одан әрі тереңдете түсу қажет.

Қазақстан экономикасының аяқтан тік тұрып кетуіне, Астананың тұрғызылуына түріктің компаниялары елеулі үлес қосты. Бүгінде елімізде құрылыс, ауыл-шаруашылығы, металлургия және мұнай-газ саласында үш мыңнан астам түрік кәсіпорындары жұмыс істейді. Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның қонақүй, банк, телекоммуникация салаларына қомақты инвестиция салды. Қазақ-түрік ортақ кәсіпорындарының саны 400-ге жетті. Капиталының 100% пайызы түріктерге тиесілі компаниялардың саны 130-дан асады. Түркияның «Ziraat Bankаsı» банкінің капиталымен Қазақстанда «KZI Bankası», «Emlak Bankası» капиталымен «TKI Bank», «Demirbank» капиталымен «Demir-Kazakistan Bank», «Okan Holding» капиталымен «İnternational Bank Alma Ata» құрылып, жұмыс істеуде. Шетелдік капиталдың қатысуымен Қазақстанда қызмет жасайтын компаниялардың саны жөнінен түрік компаниялары бірінші орында тұр.

Сонымен бірге, Түркия Республикасы Қазақстанға инвестиция салу жөнінен энергетика саласын қоспағанда алғашқы төрт елдің қатарына кіреді. Түркия 20 жыл ішінде Қазақстан экономикасына $ 1.5-2 млрд. инвестиция құйса, Қазақ іскерлерінің Түркия экономикасына, атап айтсақ, туризм мен мұнай саласына шамамен 500 миллон-1 миллиард доллар көлемінде инвестиция салған. Түркия премьер-министрі Ердоғанның айтуынша, Түркия Қазақстанға азық-түлік, құрылыс, денсаулық сақтау және басқа көптеген салаларда 7 млрд. доллар көлемінде инвестиция салған. Ердоғанның ойынша, қос тарапты инвестициялардың құйылуы екі елді мықты бір экономикалық деңгейге көтереді. Екіжақты инвестиция салуды түрлендіру өте маңызды. 2012 жылғы күздегі кездесуде Ердоған түрік кәсіпкерлерінен Қазақстандағы логистика, көпір салу, бөгеттер, темір жолдарға қатты назар аударып, порттар мен кемелер құрылысы саласына да көңіл аударуды сұрады. Қазақстан Түркиядан машина, құрал-сайман, жадбықтар, пластиктен жасалған бұйымдар, электр жадбықтар мен құрылғылар импорттайтын болса, Түркияға елімізден мыс, темір, болат және минералды отындарды экспортталады.

Информация о работе Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа