Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа
Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.
1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Түркология – кешенді ғылым. Оның негізі он сегізінші ғасырда қаланып, біздің заманға дейін аталған сала бойынша біршама іргелі зерттеулер жазылды. Алайда кейінгі уақытқа дейін түркі әлемінің тарихы батыстың немесе шығыстың мүддесі тұрғысынан, солардың идеологиясы ұсынған концепциясы аясында зерттеліп келді. Бүгінгі таңда тәуелсіз түркі тектес мемлекеттер өздерінің өткен дәуірін қайта жазуға мүмкіндік алған заманда түркілердің ортақ тарихын да бірлесе түгендеуге, ондағы ұлы рухани және материалдық ескерткіштерді насихаттауға, әлем алдында түркі мәдениеті деп таныстыруға лайық құндылықтарды көрсетудің уақыты жетті деп айта аламыз.
Жоғарыда атап өткен Әзірбайжанның Нахчыван қаласында болған түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІX саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Түркітілдес мемлекеттер Еуропа мен Азия арасында көпір болуға тиіс… Түркі әлемі шеңберіндегі серіктестік ешбір басқа мемлекеттерге қарсы бағыт ұстамағаны және болашақта да ұстамайтыны ақиқат” деген сөз айтты. Қазақ елінің басшысы мәселе етіп көтерген бұл ой барлық түркі тектес ұлттардың санасына сәуле салды деп айта аламыз. Түркі тамырлас ұлттар, түркі тектес мемлекеттер бүгінгі таңда ұлы таңдау, ұлы тарихи миссия алдында тұрғанын мойындайды.
Түркі дүниесі академиясын құрудағы басты мақсат – түбі бір туыстас ұлттардың басын біріктіре алатын, олардың тарихи, мәдени, рухани мұрасын зерттейтін ғылыми орталықты ұйымдастыру. Түркі тамырлас тарихи тұлғалардың өмір жолын, олардың әлемдік ғылым мен өнерге, әдебиетке қосқан үлес салмағын айқындап, бүгінгі түркі тектес барлық халықтардың бойында мақтаныш сезім ұялатуды асыл мұрат деп табу.
Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ мемлекетінде жүзден аса ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді. Ұлттық негізге құрылған Қазақстан мемлекетінде негізгі ұлт – қазақтар. Ендеше, қазақтай тәуелсіздіктің баянды болуын тілейтін Қазақстанда ұлт жоқ екені де ақиқат. Қазақ елінің туы жығылмауы үшін алдымен қазақтар ұлт ретінде сақталу керек, қазақтар жойылмас үшін Қазақстан мемлекеті жасай беруі тиіс. Жоғарыда сөз еткеніміздей, жаһандану үрдісі бүгінгі таңда өріс алды. Одан ешкім де қашып құтыла алмайды. Оны образды түрде таудан көшкен селге теңесек, оның екпініне іргетасы мықты, қабырғасы қалың зәулім сарайлар ғана шыдамақ. Ендеше, күш біріктіріп, кез келген апатқа төтеп беретін берік іргемізді көтергеніміз ләзім. Түркі тектес ұлттар тарихын, рухын жаңғырту керек болып тұр. Бұл іске қазақ ұлты қол созды. Болашақта Қазақ елінің астанасында құрылғалы отырған Түркі дүниесі академиясы – соның бір дәлелі деп санаймыз.
Түркі дүниесі академиясының қазақ топырағында ұйымдастырылуының тарихи-мәдени, моральдық-этикалық, саяси-экономикалық, ғылыми-интеллектуалдық, діни-конфессиялық негіздері бар. Біріншіден, кең байтақ қазақ даласы – ежелгі Сақ, Ғұн, Түркі империялары салтанат құрған кеңістік. Адамзат тарихында жылқыны алғаш қолға үйреткен ғажайып көшпелі мәдениетті өмірге әкелген бұл жердің байырғы тұрғындарының бүгінгі ұрпағы – қазақтардың түркі әлеміне осылайша үн тастауға, олардың алдында зерделі ой көтеруге толық құқығы, тарихи негізі бар екеніне ешкім күмән келтірмейді. Қазақтың сөзіне түркі жұртшылығы құлақ артады, себебі қазақ ұлты атажұртта, қарашаңырақта отыр.52
Екіншіден, қазіргі түркі халықтары біркелкі саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларда дамып отыр дей алмаймыз. Көптеген шағын түркі тілдес ұлттардың болашағы күмәнді екендігін жоғарыда көрсеттік. Өткен ғасырдың аяғында Кеңестер одағы секілді алып империя ыдырап, оның орнына бірнеше дербес мемлекеттер пайда болғанда түркі әлемінде үлкен серпіліс орын алды. Бауырлас түркі халықтарының басы бірігуге енді кедергі қалмады деп сенді көпшілік. Алайда, алғашқы кезеңдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық қиындықтар, жаңа мемлекетті ұйымдастырудағы уақыт күттірмейтін маңызды шаралар түркі тектес халықтардың интеграциялануына кедергі жасады. Бүгінгі таңда жаңа заманда жаңа міндеттерді алдына қойған тәуелсіздікке қол жеткізген түркі тектес мемлекеттер арасында экономикасы қарқынды ілгерілеп отырған Қазақстан екенін түркі әлемі мойындайды. Сондықтан оның Түркі дүниесі академиясын қаржыландыруға, оны материалдық-техникалық тұрғыдан ұйымдастыруға қауқары толық жетеді.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының географиялық, геосаяси жағдайы, оның Қытай, Ресей секілді алып мемлекеттер арасында орналасуы түркі халықтарының ғылыми орталығы болуына әбден ыңғайлы. Мыңдаған жылдар бойы Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай елі батыстағы мемлекеттермен қарым-қатынас жасап келді. Батыс пен шығыс арасында алтын көпірге айналған, көршілеріне өзінің мәдениетін мойындатқан түркілердің тарих сахнасындағы бағы ХХІ ғасырдың басында қайта жануда. Қытай мемлекеті бүгінгі таңда жыл сайын қарқынды дамып жатқанын мойындасақ, тарихи мүмкіндікті күллі түркі әлемі, соның ішінде алдымен қазақ ұлты қалт жібермеуі тиіс деп білеміз.
Төртіншіден, Қазақстандағы түрколог ғалымдардың ғылыми әлеуеті, білімі мен біліктілігі Түркі дүниесі академиясы секілді халықаралық үлкен ғылыми орталықтың қызметін басқаруға, жоспарлы жұмыстарын жүргізуге толық жетеді деп есептейміз. Бүгінгі Қазақстандағы түрколог мамандардың көбі Ресей мектебінен өткен ғалымдар. Түркологияның бірден-бір үлкен орталығы болған кешегі кеңестік мектептің тәлім-тәрбиесін көрген, зерттеу жүргізу принциптерін ұстанған отандық ғалымдарымыздың түркі әлеміне айтар табанды пікірі, салиқалы сөзі бар екені даусыз. Әлемдік ғылыми зерттеу жүргізудің алғышарттарын берік ұстана отырып, ұлттық мазмұнда, ұлттық мүддені бірінші орынға қою арқылы кешенді инновациялық ғылыми жұмыс атқаруымыз керек. Азат рухты, терең білімді, таза текті, намысы берік, иманы кәміл, ұлт мүддесін алдыңғы орынға қоятын қазақ ғалымдары мұраты биік жауапты істі тарих алдында абыроймен атқара алады.
Бесіншіден, қазақтың даласы – ежелгі заманнан бері мәдениеттердің тоғысқан алаңы. Кімдер келіп, кімдер кетпеді бұл алып өлкеге. Қандай күш сырттан келіп сұқтанса да, қазақтар қиындыққа төзе білді, сөйтіп, өзіндік ұлттық ерекшелігін, көшпелі мәдениетін, дүниетанымы мен салт-дәстүрін сақтай алды. Сонымен қатар, қазақтардың мінезі мекен еткен даласындай дарқан, пейілі мен қонақжайлығы жайған дастарқанындай кең екені әмбеге аян. Қиын-қыстау заманда осы жерге күшпен қоныстандырылған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырмал қазақ ұлты құшағын жайып қарсы алды. Сондағы бауырмалдығының жемісін қазақ елі бүгін көріп отыр. Биылғы жылы қазақ елінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуының бір себебі де оның кезінде жасаған кеңдігінен деп айтуға болады. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың тілін таба біліп, дінаралық келісім арқылы бейбіт те берекелі қоғам орнатқан Қазақстан Республикасы түркі халықтарының да басын біріктіре алатынына кәміл сенеміз.
Түркі дүниесі академиясының басты мұраты – алдымен, бүгінгі барлық түркі тектес ұлттардың тарихына, тіліне, салт-санасына, мәдени, рухани, материалдық құндылықтарына бөле-жармай бірдей қарау, бір түркі тілдес ұлтты екіншісінен төмен санамау, қайсысының әлемдік өркениетке қосқан үлес салмағы зор, қайсысынікі төмен демеу. Керісінше, барлық түркі тектес ұлттар үшін ортақ құндылықтарды алға тарта отырып, әлемдік деңгейде түркі мәдениетінің өзіндік орнын анықтау. Сол арқылы барлық түркі халықтарының басы бірігу үшін нақты зерттеулер жүргізу.
Түркі дүниесі академиясының зерттеу нысандарына негізінен түркі халықтарының тарихы, тілі және әдебиеті жатады. Бүгінгі заманға дейін жекелеген түркі халықтары түркілердің ортақ тарихын тар шеңберде, өздерінің бөлек ұлттық деңгейінде қарастырып келгенін мойындауымыз керек. Асылында ежелгі түркі тарихы қазіргі көптеген түркі тектес ұлттардың ортақ тарихы болғаны абзал. Осындай олқылықтардың орын алмауын қазіргі түркология ғылымы қадағалауға тиіс деп есептейміз. Тарихи-әлеуметтік құбылыс болып саналатын тілдің пайда болуы, даму эволюциясын түркі әлемі шеңберінде қарастыру – Түркі дүниесі академиясының алдына қойған негізгі ұстанымдарының бірі. Түркі тілінің шығу негізін Орхон-Енисей жазбаларымен шектемей, оның арғы ғұн дәуіріне қатысын жан-жақты зерттеу бүгінгі түркологияның басты міндеттерінің бірі. Аталған мәселеге байланысты әлі де ашылмаған аралдар бар екені даусыз. Бүгінгі ғылым ғұндардың түркі тілдес болғандығын дәлелдейді. Ғұндар заманы мен түркілер дәуірі арасындағы кезеңнің сыры, осы мезгілдегі түркі тілінің даму, өзгеру фактісі қаншалықты болғанын толық саралау керек. Әдебиет мәселесіне тоқталсақ, бізге бүгін байырғы түркілердің бай әдеби мұрасының сілемдері ғана белгілі болып отырғанын жасыра алмаймыз. Біршама зерттелген Орхон-Енисей жазбаларының арғы жағындағы ғұн, сақ заманында өмірге келген рухани мұраның жанрлық, көркемдік сипаты, идеялық мазмұны әлі де толық ажыратылмай жатыр. Қаншама әдеби, рухани құндылықтарымыз Қытай жазбаларында өз зерттеушісін күтіп тұр.
Қазіргі түркология ғылымының зерттеу аясын тарих, тіл, әдебиет, этнография, мәдениет, нумизматика, картография, дін, деректану, ономастика, география, педагогика, психология, т.б. салалар бойынша кеңейтуді талап етеді. Түркология ғылымының жаңаша түлеуі, заманға лайық дамуы – барлық түркі тектес ұлттар үшін аса зәру қажеттілік.
Кешегі Кеңес өкіметі өзінің құрамындағы түркі тілдес республикалар аралығында қандай да болмасын ынтымақтасуға жол бере қоймады. Алаш қайраткерлері аңсаған, Мұстафа Шоқай сынды біртуар перзентіміз тілеген түркілік бірлікті жақтырмады. Әсіресе, Мәскеу Орта Азия кеңістігінде мекен ететін түркі халықтарының Түркия мемлекетімен мәдени, шығармашылық, басқа да бір байланыс орнатуға түбегейлі жол бермеді. Ондай мүмкіндік осы республикалар егемендігін жариялағаннан кейін ғана туғанын біз бүгін көріп отырмыз. Түркі тілді мемлекет басшыларының ең алғашқы басқосуы 1992 жылы Анкара қаласында өтті. Содан бері он сегіз жыл ішінде бауырлас мемлекеттердің президенттері 1994 жылы Ыстамбұлда, 1995 жылы Бішкекте, 1996 жылы Ташкентте, 1998 жылы Астанада, 2000 жылы Бакуде, 2001 жылы Ыстамбұлда, 2006 жылы Антальяда бас қосып, түркі әлеміне қатысты келелі мәселелерді қарастырып келді. Алайда, түркі халықтарының тарихында өткен 2009 жыл ерекше бедерленіп қалады деген ойдамыз. Әзірбайжанның Нахчыван қаласында өткен түркі дүниесі лидерлерінің саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) құрылғаны – түркі халықтары үшін аса маңызды тарихи уақиға. Осындай кеңес құру үшін түркі мемлекеттері он сегіз жыл уақыт кетірді. Әрине, ол жылдар ішінде басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды. Бірақ ол құжаттардың бәрі де аталған Кеңесті өмірге әкелу үшін жасалған қадамдар деп санаймыз. Біле білсек, 2006 жылы Антальяда өткен түркітілдес мемлекет басшыларының саммитінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясын және Ақсақалдар кеңесін құру қажеттігін ұсынған болатын. Міне, бүгін біз сондағы көреген саясаттың жемісін енді көріп жатырмыз. Яғни, бірте-бірте Елбасының ұсыныстары түркілік әлемде қолдау тауып, жүзеге асып жатыр.
Кейінгі жылдары Орталық Азияны мекен ететін түркітілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық жағынан күшеюінің куәсі болып отырмыз. Егер өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары түркі әлемінде Түркия мемлекетінің үні басымырақ шығып, түркі дүниесіне қатысты негізгі ұсыныстар мен шешімдерді сол ел қабылдап келсе, кейінгі уақытта Қазақстан секілді жаңадан тәуелсіздік алған түркітілдес мемлекеттің түркі әлеміндегі салмағы біршама артты. Біз бұл жерде өзіміздің бауырлас мемлекеттерімізбен ешқандай бәсеке мәселесін сөз етіп отырғанымыз жоқ. Қайта, керісінше, түркітілдес жеке мемлекеттің күшейгені жалпы түркі әлемінің күшейгені деп есептейміз.
Қазіргі Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында көшбасшы мемлекетке, оның Президенті Н.Назарбаев түркі әлемінің лидеріне айналғаны – біздің елімізде де, алыс-жақын шетелдерде де мойындалған шындық. Түркия Президенті Абдулла Гүл өткен жылы қазан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа өз елінің жоғарғы наградасы – Түркия Республикасының Құрмет орденін тапсырғанда: “Президент Нұрсұлтан Назарбаев – аса көрнекті мемлекет қайраткері. Оның басшылығымен Қазақстан орасан зор табыстарға қол жеткізді. Ол көршілес елдермен мемлекеттік шекаралардың делимитациясын жүргізе алды. Экономика, энергетика саласында бауырлас еліміздің серпінді ілгерілеуін қамтамасыз етті. Ол Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына да шешуші үлес қосты. Біз Қазақстан астанасында, Түркиядан сырт жердегі Ататүрікке арналған алғашқы ескерткіштің ашылғанын мақтан тұтамыз”, – деді.
Абдулла Гүл кеше ғана түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың иығына ақ шапан жауып, қолына аса таяқ ұстатып тұрып, оны жалпақ әлемге түркі дүниесінің көшбасшысы деп жариялады.
Бұл – жалғыз Түркия мемлекеті басшысының ғана емес, сондай-ақ бауырлас түркі ағайындардың, жалпы түркі әлемінің біздің Президентке берген әділ бағасы, қазақ елінің мерейін асқақтататын ғажайып тарихи уақиға.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
Сауда-экономикалық байланыстарға сәл тоқталайық. Түркияда соңғы жылдары пайда болған экономикалық дағдарыс елдеріміз арасындағы тауар айналымының төмендеуіне апарып соқтыруда. Ал, Түркия болса өзін батыс елдерінің Орталық Азия мен Қапқаз елдеріне шығаратын көпір деп көруде. Біздіңше бұл өте теріс пікір. Түркия ешкімнің көпірі, мердігері болмауы керек. Қайта, Түркияның бауырлас елдерде өзіндік жоспарлары мен мүдделері болуы керек, Түркия басқа мемлекеттердің мүдделерін қорғаушы, орындаушы күш болмауы керек. Түркия өзінің жобаларын туысқан елдермен бірге жүзеге асыруы керек. Сонда ғана мардымды нәтижелерге, тұрақты байланыстарға қол жеткізілмек. Алайда, жоғарыда аталған теріс саясаттың кесірінен Түркия өзін екінші планда қалдырып, басқа елдердің жобаларына атсалысуда. Түркияның Қазақстандағы тікелей шетелдік салымдардағы үлесі % 3,4 мөлшерінде. Ал, Қазақстанның сыртқы саудасындағы Түркияның үлесі болса % 7 мөлшерінде. Аталмыш көрсеткіштер ең болмағанда % 15-20-ке жеткенде ғана Түркия маңызды әріптестердің қатарына кіре алады.
Спорт саласында айтарлықтай нәтижеге жеттік дей алмаймыз. Түрік спортшылары көбінесе Еуропада, ал Қазақстандық спортшылар болса Азия біріншіліктерінде орын алуда. Екі елдің яки түркі елдерінің ортақ спорт шараларын ұйымдастыратын шақ келген секілді. Мәселен, Қазақстанның Қайраты мен Түркияның Галатасарайы неге Алматыда, Ыстамбұлда қарсыласпасқа? Күрес, оқшылық, ат жарыстары секілді жалпы түркі жұртына ортақ спорт салаларында неге чемпионаттар ұйымдастырылмайды деген заңды сұрақ мазалайды. Спорт шаралары халықтарымызды жақындататын маңызды дәнекердің бірі екені даусыз. 2000 жылдың 12-ші маусымда Президент Н.Назарбаев Астанадағы өзінің резиденциясында Қазақстан жұмыс бабындағы сапармен келген Түркия Респкбликасының сыртқы істер-министрі Исмайл Джемді қабылдады.
Бұл «Түркия сыртқы ведомство басшысының елімізде тұңғыш сапары. Оның осы қызметке тағайындалғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Демирелдің Президенттік мерзімі аяқталып, мемлекет басына Ахмет Неджет Сезер келгеннен кейін Түркияда жаңа үкімет жасақталғаны белгілі Исмайл Джем жаңа үкіметтің жаңа мүшесі болып табылады».
Ал екеу ара әңгімеде Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығ мәселелері сараланды. Жалпы айта кететін жәйт-бүгінде екі ел арасында жан-жақты тығыз қарым-қатынас орнаған. Қазақстан Түркияны, сенімді серіктес елдер санайды және бүгінгі қалыптасып отырған екі жақтық түсініктік ахуалды тереңдете түсуге мүдделі.53
Ел басы мен Түркиялық дипломат кездесу кезінде үш бағытты қамтитын мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады. «Оның бірінші саяси диолог түрінде өтті. Екінщі кезекте қауіпсіздік, терроризм және экстермизм проблемалары сөз болды. Ал үшінші экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды».
Тараптар бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы эконмикалық ықпалдастық ахуалын қанағаттанарлы деп бағалады.
Сыртқы істер министірлігінің ғимаратында Қазақстан ішкі істер министірлігі Ерлан Ыдырысов пен Түркия сыртқы істер министірі Исмайл Джем екеуі: мынадай келісімге қол қойды Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы келісімді бекіту туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Қазақстан НАТО ұйымының іс-әрекеттеріне белсенді түрде атсалысуда. Центразбат жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан шараларда НАТО және Орталық Азия республикаларының қарулы күштері бірге жаттығулар жасауда. Түркиядағы әскери оқу орындарында оқыған Қазақстандық офицерлер әскери күштеріміздің кәсіби деңгейін көтерері сөзсіз. Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан Түркияның пайдаланбауы, ең болмағанда бір түрік ғарышкердің қазақ жерінен ғарышқа аттанбауы түсініксіз жағдай. Аталмыш айлақтан алман, австриялық, фырансыз, америкалық, үнді және жапон ғарышкерлер космосқа сапар шеккен.