Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)


  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТЫК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Танаев Қонысжан Төлебайұлы

 

 

 

Болашақ дене шынықтыру  мұғалімдерінің кәсіби

іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

 

 

 

 

13.00.08 – Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі

 

 

 

 

 

 

                                             Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының

                      докторы, профессор Бөлеев Т.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009


 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

3

1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

11

1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері

11

1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері

42

1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

51

1 бөлім бойынша қорытынды

62

2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

64

2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары

64

2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны

81

2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау

108 

2 бөлім бойынша қорытынды

117

ҚОРЫТЫНДЫ

119

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

122

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

132


                                                                

 

                                                 

                                                                                                                      

 

                                                                                                       

 

                                                                            

 

                                                                         

 

 

 

 

 

         


КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

«Қазақстан Республикасында  дене шынықтыру және спорты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» дене дамуының объективті заңдылықтарын біліп және есептеп пайдаланып ағза формалары мен қызметтерін үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік –мәдени және өндірістік функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті жұмыс қабілеттілігін арттырып, адамның шығармашылық өмірін ұзартып, жеке адаммен социум үшін қолайлы бағыт жасауға болатыны басты мақсат делінген [1]. Дене шынықтырунің мақсатқа сәйкес басқаруының бұл мүмкін-шіліктері дене шынықтыру спорт машықтану процесінде белгілі жағдайларда жүзеге асырылады, яғни адамның дене дамуында дене шынықтыру ролінің ғылыми түсінігі дене даму процесі негізінде басқара алатыны белгілі болып отыр. Осы процесте мақсатқа сәйкес бағытталған әсерінде дене шынықтырудың ерекше әлеуметтік функциясы тұрады.

Дене шынықтырудың әлеуметтік тәжірибелік қисынды әдістемелік және нормативтік баға мағынасы біртұтас қоғам жүйесінде басым болатын қоғамдық қатынастары мен практикасымен ашылады және айқындалады. Ол дене шынықтыру жүйесінің ерекшеліктерінде өз көрінісін табады.

Қазақстан Республиқасының  білім және ғылым министрлігі  және салауатты өмір салтын насихаттау орталығы бірлесе өткізген әлеуметтік зерттеу жұмыстарында қазіргі уақыттағы  балалардың нерв жүйесінің өте күшті өзгеруі, олардың қимыл белсенділігінің созылмалы жетіспеушілігі олардың дұрыс дене дамуын тежететіні, денсаулығына қауіп төндіретіні айқындалды [2].

Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың  дене шынықтыруын қалыптастыру, дене шынықтыру теориясымен әдістемесін дамытудың бар концептуалды аспектілері қазіргі ақиқаттың сәйкестілігіне келтірілуі қажет. Оқушылардың дене шынықтыру принциптерінің негізгі бағыты мен жүзеге асыруын қарастыратын кешенді бағдарлама (2006 ж.) бастауыш мектеп оқушыларына қатысты дене шынықтыруды оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан қайта зерттеу қажеттігін баса талап етіп отыр [2, 3б.]. Қазақстан Президентінің 2008 жылғы халыққа Жолдауында дені сау азамат тәрбиелеу күшті қуатты мемлекет қалыптастыруға қабілетті болады деген сөзі осыны растап отыр [3]. Сондықтан жалпы білім орта мектепте дене шынықтыруға баса назар аудару арқылы дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесінің оң шешілетіні ғылыми тұрғыдан дәйектелініп, жүзеге асыру механизмдерін анықтау күн тәртібінде тұр. Педагогика ғылымында дене шынықтыру жеке адам қалыптастыру мәселесінің ең басты түрлерінің бірі болғанымен, оның ғылыми тұрғыдан зерттелуінің әлі де болса жетқіліксіз екенін байқауға болады. Әсіресе, 12 жылдық оқу жүйесіне қөшу бағдары бойынша дене шынықтырудың теориялық және әдістемелік  мазмұндарын айқындау  аса қажет болып отыр.

Қазақстандық педагог-ғалымдардың  зерттеу мәселесі бойынша ғылыми жұмыстарында жеке адам бойында дене шынықтыруын қалыптастыру міндеттері түрлі сапада қарастырылғанымен (Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Е.Сағындықов, Т.Қуанышев, Б.Төтенаев, Ш.Бақтыбаева, Б.Тойлыбаев, О.Аяшев, т.б.), білім парадигмаларының заман талабына қатысты өзгеруін есепке алатын жаңа педагогикалық жүйелердің қалыптаспағанын көреміз [4,5,6,7,8,9]. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру мен тәрбие қабілет деңгейі мен қажеттілік дәрежесіне қарай берілуі тиістігі міндеттелінген болатын [10]. Алайда, жаңа заман талабына жауап бере алатын дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, олардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру басқа ғылымдарға қарағанда көп кенжелеп қалғаны анық байқалып отыр. Оның басты себептерінің бірі ретінде еліміздің дене шынықтыру мамандарын даярлаудың ғылыми-педагогикалық базасының төмендігінен деп санаймыз. Қазақстандық ғалымдар В.В.Шахгулари, К.А.Куланов, К.И.Адамбеков, Б.Мұхамеджанов, Е.Қ.Уанбаев, т.б. болашақ дене  шынықтыру мамандарын даярлауда олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға баса назар аудару қажеттігін растайды [11,12,13,14,15].

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың профессионаграммасы белгілі Ресей педагогтарының, атап айтқанда О.А.Абдуллинаның, Л.А.Кандыбовичтің, Н.В.Кузьминаның, К.М.Дурай-Новакованың, .А.Сластениннің, т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелген болатын [16,17,18,19,20]. Бұл профессионаграммаларда түрлі мамандықтар бойынша педагог кадрларды дайындауда кәсіби сапаларды анықтауға мүмкіндік беретін басты мазмұн берілген еді.

Сол сияқты болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері И.Ю.Кулагина, А.Зимняя, Л.И.Селезнева, В.Д.Шадриков, В.В.Серикова, А.А.Вербицкий,т.б. еңбек-терінде зерттелген [21,22,23,24,25]. Бұл еңбектерде болашақ маманның кәсібі іскерліктері мен дағдылары базалық және шешуші  педагогикалық құзырлылықтары арқылы қалыптасады делінген. болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерінің жекеленген аспектілеріне қатысты М.Я.Виленскийдің, Л.И.Лубышеваның, Г.Н.Волковтың, Е.М.Иванованың, В.П.Каргаполовтың, В.И.Дьяченконың, Т.Қ.Бөлеевтің, т.б. еңбектерінде алынған нәтижелер бойынша дене шынықтыру пәнінің мазмұны және оны оқыту әдістемесіне жаңа әдіснамалық көзқарас пен қатынас қажеттігі айқындалды [26,27,28,29,30,31,32]. 

Дене шынықтырунің әдістемелік мазмұнын жаңарту және оны орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу туралы Е.Сағындықов, Б.Төтенай, А.Құлназарова, С.М.Тайжанов, С.Қасымбекова, Д.Мырзахмет, т.б. әдіскер ғалымдар болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда орта мектепте берілетін дене шынықтырудың мазмұнын бастапқы бағдарға алу керек деп санайды, ал  болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мәселесіне тоқталмайды [33,34,7,35,36].

Жоғарыда талданған  еңбектер болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оларды құзырлылық қатынастың негізігі құраушы элементтері ретінде қарау қажеттігін, дене шынықтырунде осы элементтердің қалыптасуы болашақ дене шынықтыру мұғалімінің құзырлылығын қамтамасыз ететінін көрсетті.

Олай болса, болашақ  дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесі көп аспектілі және мынадай басты қарама-қайшылықтарды шешу қажеттігімен тікелей байланысты болатыны айқындалып отыр:

- болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету үшін олардың оқу-танымдық қызметін  кәсіби қызметке тасымалдайтын арнайы  оқу үрдісін ұйымдастыру қажеттігі мен оның ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделуінің әлсіздігі;

- болашақ мұғалімнің дене шынықтыру пәні бойынша кәсіби қызметке даярлауда білімдік (когнитивті) мазмұнның басымдылығы, дене шынықтыру маманының құзырлылығын қамтамасыз етудегі біржақтылықты көрсетеді, сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлауда кәсіби іскерлік пен дағдынының сапалық деңгейін арттыратын аксиологиялық және әрекеттік қызмет мазмұнын оқу бағдарламасына енгізу педагогикалық тұрғыдан негізделмеді;

- болашақ маманның танымдық қызметін белсендіру үшін, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту үшін, олардың үнемі өзінің кәсіби білімін толықтыруға ұмтылуын қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие үрдісін арнайы мазмұнда ұйымдастыру қажет болды. Алайда, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырудың тиімді шарты ретінде оқу-тәрбие үрдісін жалпыпедагогикалық іскерліктер мен кәсіби іскерліктердің сабақтастығын қамтамасыз ете алатын мазмұнның болмауы педагогикалық мәселе болып отыр.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз білім беру жүйесінде дене шынықтырун құзырлы маман дәрежесінде қалыптастыру концепциясын құру оның теориялық және әдістемелік мәнін ашатын принциптерді тұжырымдаудан тұрады. Бұл принциптердің мазмұны дене шынықтыру саласында жеке адам тұлғасын қалыптастыру процесін жүзеге асыруда бірқатар заңдылықтарды белгілейді. Дене шынықтыру жүйесінің негізін қалаушы дербес және қайталанбас жеке адам тұлғасын қалыптастыруда сана, ақыл-ой, іс-әрекет, субъектісі көзқарас, қозғалыс дене бөліктерінің бірлігі құндылықтық құраушыны қамтамасыз болып табылады. Бұл принцип негізіне жеке адамды өзгертетін іс-әрекет процесінде осы тұлғаның жан-жақты дамуы; рухани сезім, эмоциялық, ақыл-ой және дене қозғалысының тығыз өзара бағыныштылық идеялары жатады. Ресей ғалымдары М.Соловьев пен Н.Ермаков өздерінің даралық оқушылардың дене шынықтырун жетқіліқті дәрежеде қалыптастыру үшін ең алдымен дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру формаларын дұрыс анықтау аса маңызды дейді [37, 38]. Сонда ғана адам өзінің мәні бойынша адам мәні мен өмір сүрудің танып білудің қажеттілігін, әлеуметтік, биологиялық қоғамдық және тұлғалық бірлігі мен өзара келісімді көрсететін теория мен практиканың жалпы ғылыми принциптерімен тығыз байланысқандығын көрсете алады. Осы идеяларға сәйкес және адам тұлғасының әлеуметтік және психологиялық пен физиологиялық дамуы, тіршілік әрекетінің жеке тәсілінің қалыптасуы тек қана әлеуметтік практикалық тәжірибені рефлексті түрде қайталау және иемдену арқылы, сонымен бірге көзқарас, білімді, белсенді, саналы меңгеруді қалыптастыру бойынша сырт жақтан берілген әрекет арқылы жүзеге асырылады деп айтуға болады. Дене шынықтырудың ақыл-ой, дүниеге көзқарас бөлшектері адам және оның субъективті әлемі, таным процесінде, іс-әрекеттің басқа да түрлерінде адамдар мен өзара қарым-қатынасы туралы білімнің тұтас бағдарламасы түрінде оның негізгі мазмұнына кіреді.

Спорттық педагогика маманы Б.А.Ашмарин дене шынықтырудың әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік  шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындау; өсіп келе жатқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты әрекетке деңгейі, қоғамға қатынасында оны «мен» деген орынға шоғырланады деп жас кезеңдерінің дене шынықтырудағы шешуші мәселе екендігін көрсетеді [39]. Бір жағынан қоғамға қатынасында «Мен» деген орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, еқінші жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда тәрбие процесінде өсудің потенциальды мүмкіншіліктерін өмірде бар ерекше күйді алуды белгілейді.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру