Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Міне, адам баласы, сонау  ықылым заманнан бері ұзақ өмір сүрудің. жолын қарастыруда. Ақ терек пен көк терек 300—400 жыл өмір сүрсе, әр нәрсені бір шоқып жүріп күнелткен қара қарға да 300 жыл тіршілік етеді екен. Одан қала берді, сағатына бір адым жерге қозғалатын тасбақа 200 жыл жасайтьн көрінеді. Сонда, жаратқанның әмірімен табиғат занын бақылайтын адамзатқа сол жаратқан, егер діни ұғымға, болмаса аңызға сенсек, қанша өмір сүруді өз еркіне беріпті. Енді, дүние жүзі көлемінде осы адамзаттың орта есеппен, өмір сүру уақыты. 50 жасқа жетпейді екен. Демек, мұның себебі неде, кімнің кінәсінен? Әрине, қанша өмір сүрсе де әркім өзіне жауапты. Себебі барлық адам бірдей бір уакытта өліп жатқан жоқ қой. Демек, әр адамның өмір сүру ұзақтығы өзіне байланысты болғандығы ғой [157,164].

Осылайша, адамзат күні бүгінге дейін ұзақ өмір сүрудің жолын қаншалықты іздегенімен, жетістіктің  шыңы көрінбейді. Ұзақ өмір сүрудің негізі денсаулықты сақтау. Денсаулықты сақтау — ұзақ өмір сүру үшін күрес. Кезінде, XVIII ғасырда дүние жүзіне әйгілі француз дәрігері Тиссо –«қандай да болмасын ауруға қолданатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал дүниедегі емдеудің барлық кұралы адамның саналы қозғалысын алмастыра алмайды»,- депті. Демек, осындай ғылыми қағидаға сүйенсек, яғни ұзақ өмір сүру үшін бізге қозғалыс керек екен [165,166]. Ол үшін әр адам өзінің шама-шарқына қарай дене шынықтыру жаттығуларымен айналасуға тиісті көрінеді.

Сонда дене қозғалысы арқылы денені шынықтыру дегеніміз не?

Адамзаттың таңертең орнынан тұрғаннан, кешке қайтадан орнына жатқанға дейін қозғалыста болатындығы баршамызға аян. Денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүру үшін бұл қозғалыс тіршілік талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да дене шынықтыратын қосымша қозғалыс керек. Саналы түрде дене шынықтыру жаттығуларының бір түрімене, яғни спортпен айналысу, яғни шұғылдану ар азаматын жеке басының міндеті деп есептейміз. Егер бұлай болмаған жағдайда дәл бүгінгі тіршілікпен болашақ ұрпақ өмірінің ұзақтығы  орта есеппен 40 жасқа жетпейтін болар деп қорыққан.

Спортпен шұғылдану  деген сөз, міндетті түрде спорттық жеңіске жіту дегені мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс калылгастыру, демек, ұзақ өмір сүру денені шынықтыру мақсаты болу керек. Бірақ басқаны айтпағанда кездің де көретін көкжиек деп аталатын шегі болады. Сондықтан спорпен шұғылданған кезде организмді шегіне жеткізіп тоздырмай, анығын айтқанда дәрігерлік, биологиялық бақылау жасай отырып, жүктемені уақытында түсіріп, уақытында дем алып, уақытында тамақтанып, организмге, денсаулыққа байланысты пайдалы іс істеу керек. Егер әр адам денсаулығын нығайтып, мүсін сұлулығын сақтаса, онда біздің спорттағы жетістігіміз осы болар еді.

Адам, өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек процесінде толып  жатқан әрекеттер мен әр түрлі  козғалыс жасайды. Осының бәрі кейбір жекеленген мүшелердің қалыптасып жетілуіне  зор әсер етеді. Кейбір жағдайларда мұндай ықпалдардың керісінше әсер етуі де мүмкін [153,154].

Екінші бір қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап, немесе деформацияға, яғни организмнің қалыпты нормаларын өзгертуге әкеп соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте бір бағытта ғана жүргізілетін дене қозғалысы мен әрекеттерінің бәрін дене шынықтырудың құралы деуге болмайды.

Адамның жеке басының  касиеттері дененің дамуымен байланысты. Демек, денені жүйелен шынықтыру  мен денсаулықты қалыптастыру — адамның ой-санасының жетілуі мен творчестволық, күштерінің дамуының негізі.

Адамның барлық өмірі қозғалыспен байланысты. Тіпті ұйықтап жатқанда да оргапизмнің жұмыс істейтіндігі бәрімізге мәлім. Демек, тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған организмге ақау түсірмес үшін жаттығуларды орындау, яғни организмнің шамасы келетін және дұрыс ұйымдастырылған жұмысы кезінде ғана дамып, нығайып жетіледі

Әркімнің дене мүсінін сымбатты қалыптастыру үшін мамандық бойыиша орындалатын жұмыстағы қозғалыстар жеткілікті ме? Әрине, жеткіліксіз. Мысалы, студенттер, әсіресе қала жағдайында, тәуліктің көп бөлігін жабық үйде, оқу орындарында стол басында өткізеді. Олармен өткізілетін жаттығулар мен ойындар, спорттын өзі қалаған бір түрімен немесе күнде бір рет серуендеп қайту ғана денсаулықтың негізін қалайды. Болмаса станоктың жанында тұрған токарь, айтпесе тракторшы, машина жүргізуші, міне бұлардьң қолдары мен аяқтарына күш түскенімен белдері жұмыс істемейді. Сондықтан біраз уақыт өткеннен кейін олардың белдері және аяқ-қолдары ауыра бастайды. Себебі аяқ-қолдары үнемі бірқалыпта болғандыктан, үнемі сол күш түсіп тұрған бір-ақ тал бұлшық еттері жұмыс істейді де қалған бұлшық, еттері жұмыс істемейді, сондықтан да ауруға шалдығады.

Ал әсерлі жаттығулар денсаулыққа, мінез-кұлықтың, белгілі  бір әлпеттің, мүсіннің калыптасуына қандай ықпалын тигізеді дейтін болсақ, бұл сұрақтарға жауап бермес бұрын ең алдымен аз да болса адам организмінің жұмыс істеу процесі мен кұрылысы жайында бір-екі ауыз сөз айта кеткеніміз жөн сияқты.

Орта мектепте оқыған жасөспірімдер адам анатомиясы мен  физиологиясының негізімен танысады. Демек, әрбір азамат өз дене кұрылы-сының жұмыс істеу жүйесінен хабардар деген сөз. Сондадағы ескертеріміз — адам организмінің барлық ағзасыньң әрекеті өзара байланысты болғандықтан қандай да болмасын жеке мүшеге түскен жүктеме-салмақ. бүкіл денеге әсерін тигізетіндігін ұмытпаған жөн. .

Адам тіршілігі таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы  тіршіліктін бастамасы — таңертеңгілік  бой жазу жаттығуларьнан басталуы керек. Еңбектің қай түрімен шұғылданса да адам өзінің жас ерекшелігі мен организмнің анатомиялық және физиологиялық құрылысының жұмыс ісіеу процесін білуі керек. Осындай негінде нақтылы спортпен шұғылдану үішн өз дене бітімінін табиғатына сай, жоғарыдағы айтылған жағдайлардың барлығын ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететімдей спорт түрін таңдап алған жөн.

Жалпы,   спорттың  көпшілік түрімен  шамамен 10 жастан бастап шұғыл-дануға болады. Алдына мақсат қойған бала спортта жоғарғы көрсеткішке де жетеді. Ал 10 жастағы баланың мінез-кұлқы, сапа сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спорттағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап отырмайды. Сондықтан спортгың қандай түріне кабілеті бар екенін жаттықырушылар мен мұғалімдерден сұрап, ақылдасып барып, жаттығуды бастаулары керек. Сондай-ақ 14—15 жасқа дейінгі ұлдарға қарағанда қыз балалардың дене жағынан даму процесі де тез жүреді де, ер балалар 18 жастан асқаннан кейін ғана қалыптаса бастайды. Ол кезде олар арнайы орындардағы жаттығуларға, түрлі секцияларға қатысып, шеберліктерін шыңдаса оңды болғаны.

Жаттығу — дене шынықтыру саласыпда ең жоғарғы көрсеткішгерге жету жолында жеке бастың көп жылдар бойы үзбей, жүйелі түрде спортпен шұғылдануы. Соның нәтижесінде сопртшының қабілеттілігі артып, күннен күнге дене мүсіні жетіліп, күш-қуаты қалыптаса береді.

Бүгінде Қазақстанда 50-ге жуық спорт түрі дамыған, солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Айталық, ауыр атлетикамен айналысудағы негізгі мақсат — күш-қайратты жетілдіру, денені сомдау. Демек, спорттың негізгі  мазмұнын ұққаннан кейін ғана оныменен әркім өз бетінше әр түрлі тәсілдермен жаттығады, болмаса жаттықтырушының нұсқауын орындайды. Спортпен жаттыға бастаған кезде қай спорттың түрі болмасын, оның мән-мағынасын білдірген жөн. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, волейбол, футбол т. б. жаттығулардың кестесі дұрыс кұрылса ғана өз нәтижесін  береді, Сонда ғана шұғылданушыны қызықтырып, әр уақытта бір жаттығудан келесісімен ынталандырып отырады. Егер керісінше болса, ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып ол бұл спортты тастап кетуге мәжбүр болады.

Жаттығумен ойдағыдай  шұғылдаму, негізінен жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі бір ғылыми жүйеге негіздеп, жат- 
тықтырушының   шама-шарқына  қарай ынталандырып отырса ғана көзге түсетін спортшы дайындауға болады. Біздер мұнымен адамның жас ерекшеліктеріне  қарай жалпы спортпeн шұғылдануды қалай бастау, қандай кеңес керектігін сөз еттік. Ендігі жерде жұмысшы-шаруалардың арнайы өз беттерімен спортпен шұғылдануына мүмкіншілік жоқ болған жағдайда, ең негізгі денсаулық кепілі болатын табиғи ортаны пайдалану мәселесін әңгімелемекпіз.

Дене шынықтыру жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін де табиғи ортаны пайдалану керек [151,169]. Демек, казіргі кезде күллі халықтың спортпен шүғылданатындай мүмкінішілігі жоқ. Сондықтан да көпшілікке денсаулықты сақтау мақсатында табиғи ортаны пайдалану кеңес беріледі.

Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи ортаға жататындар жанды дененің тіршілік көзі- ауа, су және күн сәулесі. Аталған ортаны  пайдаланудың денсаулық үшін бағa жетпейтін әсері бар. Мұны әркім біле де бермейді. Көпшіліктің түсінігінде әйтеуір суға түсіп, арқаны күнге қыздыру бар. Бірақ қалай қыздырынуға, қай уақытты пайдалануға болады. Бұны кез келген адам біле бермейді.

Ең әуелі ауаның организмге тигізетін пайдасын (әсерін) білейік. Әдетте адамның орындаған азды-көпті жаттығулары, соған орай бұлшық еттердің қан   жүйесі, яғни жұмыс істеу процесі ауасыз іске аспайды. Мәселен, дем алу —   ішке ауа қабылдау деген сөз. Miнe, сондайда, жүгірген, секірген кезде,   велосипедпен жүргенде, жүзгенде (спорттың қай түрі болмасын) т.б. адамның бұшық еттері, ішкі ағзаларының жұмыс істеу процесі алғашқы қалыптағыдан әлде қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу процесі де артады, ағза ауаны  бастапқы тыныштықта тұрған жағдайдан 15—20 есе артық көлемде керек етеді. Ауаның көлемі тыныштықта 6-7 литр болса, жаттығу кезінде 120—130 литрге дейін көбейеді. Осыдан барып ағза үйрене келе дененің барлық органдарының оттегімен тыныс алуы артады. Осылайша үнемі үзбей өткізілетін  жаттығулардың нәтижесінде  адамның  дем  алу  процесі  толық   қалпына  келеді. Жақсы  жаттыққан спортшы алқынуды сезбестен  ұзақ  уақыт  жүгіре  де,   жүзе  де,   күресе де алады. Ал жаттықпаған ағза иесі алғашқы кезде-ақ     демігіп,   қарсыласынан     жеңілуге мәжбүр   болады.   Мұның   аты   —   тез   шаршау. Тыныс алу  жүйесінде  қиындық болған адамның организм  әлсірейді. Асылы, таңертеңгілік бой жазу,   немесе    спорт    жаттығуларымен мүмкіндік болғанша далада,  таза  ауада айналысқан   жөн.   Бұдан   шығатын   қорытынды   — организмді   жаттықтыру   үшін    (қандай   спорт түрі болмасын)   жұмысты ең әуелі ауамен дем алудан   бастау   керек.

Суға шомылу міндетті түрде жүзу емес, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру үшін маңызды. Суға шомылу үшін міндетті түрде жүзе білу шарт емес. Мұны айтып отырған себебіміз, қазекеңдердің көпшілігі жүзе білмегендіктен суға маңайламайды. Сондықтан тек денсаулық үшін ғана көпшілікке арналған, тереңдігі кісі бойындай су қоймаларында шомылуға болады. Суға түсетін жағаның ең негізгі ерекшелігі — жел соқпайтын, күн көзі жақсы түсетін болуға тиіс.

Күнге қыздырыну да, организм үшін баға жетпейтін өте қажетті  табиғи күш. Күн сәлесін кабылдаудың  жөні осы екен деп, суға бір сүңгіп, содан сон тырп етпей жағада жатып алуға болмайды. Ондай жағдайдың пайдасынан зияны көп.

Тәуліктің күнге қыздырынып, суға түсетін дұрыс мезгілі —  таңертеңгі сағат тоғыздар шамасынан  он екіге дейінгі уақыт. Содан  кейін, түс ауа сағат он алтыдан  әрі карай қыздырынған  жөн.

Күніне екі реттен (таңертең, түстен кейін) күнге қыздырынудың пайдасы ғылыми негізде дәлелденген. Демек, күн сәулесінің әсер ететіндігі анықталды.

Күн сәулесі адам организміне бірден өте тез әсер ететін болғандықтан, қыздырынуда мүмкіндік болғанша оның уакыты мен мөлшерін біртіндеп ұзартқан жөн. Күніне екі реттен қыздырынуға жағдай болғанда алғашқы күні 20— 30 минутқа дейін қыздырыну жеткілікті. Егер талтүс болса, онда 15—20 минут та жетіп жатыр. Суға түскенде тағы бір ескеретін жағдай, әсіресе ең алғашқы күндері дене қызып, терлеп тұрса, бірден келіп суға түсуге болмайды. Себебі, күн көзі ашық түсіп тұрған жердің температурасы ең кем дегенде 40°С-тан жоғары. Ал судың температурасы болса орта есеппен 20°С-тан аспауы мүмкін. Сондықтан ауа мен судың арасындағы температураның айырмашылығы өте жоғары өзі қызып тұрған организмге бірден әсер етеді. Асылы, суға денені суытып, терді басып барып түскен дұрыс. Бірақ су ішінде жүріп алмай, әр 5—10 минуттан кейін демалған абзал.

Спортпен арнайы шұғылданбайтын еңбек адамдарының тағы бір ескеретіні — таңертенгілік бой жазу жаттығулары. Себебі, мұны бүгінгі таңдағы қоғамның сауатты да саналы мүшелері үшін жеке бөліп алып түсіндіруді жөн көрмедік. Әркім күйбең тіршілігінде не істесе де: отырса да, тұрса да, т.б. біреу үшін емес, өзінің жеке басының қарекелі үшін істейді. Демек, таңертеңгілік бой жазудың қаншалықты керек екендігн ғылыми тұрғыдан дәлелдемей-ақ діни ұғымдағы бір мысалды келтіре кетуді жөн көрдік.

Жоғарыда келтірілген эмпирикалық білімдер, тәжірибелер, түсініктер мен нақты мысалдар мәні бойынша біздің қоғамда шектелген дене тәрбие жүйесі ұғымының қалыптасқандығын көрсетеді. Бұл жерде жеке адамның тек қана сыртқы түрінде берілген іс-әрекетке қатысуын, сонымен адамның осы іс-әрекетінің дербес және жауапты қатысушы ретінде ұстаған жолын қалыптастырады. Сондықтан іс-әрекеттің тұлға мәнінің мәселесі ерекше маңызды бола бастайды. Сондықтан іс-әрекеттің тұлға мәнінің мәселесі ерекше маңызды бола бастайды. Адамның ішкі қозғаушы күштері қажеттіліктері мен оның жасампаз ұмтылыстарын есепсіз адам жекелігін дұрыс бағалауға да оның дене шынықтыруының тиімді жүйесін құру да мүмкін емес. Адам жекелігінің қалыптасуы мен дамуының дәл осы әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық аспектілері практикада дене шынықтыру процесінде де қажетті бейнеленуін таба алмайды. Зерттеушілердің дәлелдері және осы жұмыста бізбен алынған материалдарға сәйкес сол уақытта, дене тәрбие процесі адамның рухани, эмоциялық, психологиялық және денелік ортасына қолайлы ықпалы үшін тәрбие мен өз-өзін тәрбиелеу құралдары қамтамасыз етілетін органикалық бірлігі болған жағдайда адам мен қоғамның прогрессивтік дамуына әсерін тигізуі мүмкін [132,136,141]. Ол үшін педагогикалық жалпы әдістемелік принцип — адамды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерінің бірлігі — дене шынықтыруынде де толығымен жүзеге асырылуы қажет.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру