Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Сондықтан, көптеген дене шынықтыру ғылымының теориялық негізін жасаушы ғалымдар, атап айқанда В.К.Бальсевич, Г.М.Соловьев, Л.П.Матвеев, Б.А. Ашмарин, т.б. дене шынықтыруды спорттандандыру арқылы беру керек деген [27,38,77,39]. Бұл тұжырымдамаға сәйкес мектепте дене шынықтыру спорттық жаттығулар арқылы жүзеге асса нәтижелі болады, сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау спорттық-кәсіптік қызметке бағдарлануы тиіс деп санайды.

Дене шынықтырудың оқыту теориясы мен практикасы туралы психология-лық, педагогикалық зерттеулерді талдау барысында    «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымы дәйектелді және оның құрылымдық мазмұнын анықтадық (4-сурет). Бұл мазмұнға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» қарым-қатынасының интегральды жүйесі болып табылады, ал оның басты мақсаты дене дамуын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналады. Сондықтан, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі құрылымдық мазмұнды құрайды, оның құрылымдық және құзыретті құраушылары болуы міндетті.

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаған міндетті жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды құрайды.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық-дене шынықтыру, салауат-тандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс.

Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаға міндетті жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды құрайды.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық -дене шынықтыру, салауаттандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс. Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.

Осы тұрғыдан, М.Я.Виленский, В.А.Сластениннің жалпыпедагогикалық міндеттерге рефлексивті-талдағыштық, құрастырушы-жобалаушы, ұйымдас-тырушылық-әрекеттік, түзетуші-реттеуші қызметтерді жатқызу қажеттігі туралы тұжырымдарына сүйенуді жөн көрдік [26,20].

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық білімдері мен іскерліктерінің жүйесі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің моделі болып табылады. Бұл жерде кәсіби-педагогикалық және іскерлік кәсіби-педагогикалық білімдерді оқыту мен тәрбиелеу саласына үйреншікті, сондай-ақ жаңа күтпеген жағдайларда қолдану әрекеттері ретінде қарастырылады.

Демек, кәсіби іс-әрекетке даярлықтың мазмұны болып табылатын  болашақ Л.П.Матвеевтің оқу құралында  берілген тұжырымдамаға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің білімдері мен іскерліктерін оның мамандыққа бейімделу іс-әрекетінен іздеу керек [45].

Бүгінгі таңда дене шынықтыру мұғалімі мамандығының жобасын құру жөніндегі педагогикалық еңбектерде негізінен үш үлгі қарастырылуда, оның ішінде В.А. Сластениннің үлгісін негізге алуға болады. Олар қазіргі жағдай-лардан туындаған мәселелер (немесе іс-әрекет түрлері); біздің еліміздің қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктерінен туындаған мәселелер (неме-се іс-әрекет түрлері); кәсіптің, мамандықтың талаптарынан туған мәселелер (іс-әрекет түрлері) ретінде шешуші орынға шығады [20].

Ол үлгінің бірінші  блогы «қазіргі маман» ұғымына енетінді бейнелейді. Жаңа заман маманға жаңа талаптар қояды. Ақпараттар тасқындап, білімдер тез ескірген жағдайларда  үздіксіз білім алу қажеттігі  туады, яғни маман өз бетімен жаңа білімдерді игеріп, жаңа мәселелерді шешуге даяр болуы тиіс. Өзінің кәсіби іс-әрекетін әлеуметтік мәнді мақсаттарды есепке алып қайта құру іскерлігі кәсіби іс-әрекеттің шартына айналады. Сондықтан маманды жаца білім мен іскерліктерді игеруге үйрету, оқыту мақсаттарының бірі болып табылады.

Үйрену іскерлігі өзінің қызметі бойынша іс-әрекеттің  бірнеше түрлерін қамтиды: жаңа ақпарат  іздеу; жаңа ақпараттар алу үшін олардың  көздерімен (әдебиеттермен, компъютермен, Интернетпен, оқытушы-ғалымдармен және т.б.) жұмыс істеуге тез бағдарлану; алған ақпараттан негізгіні ажырату оны конспектілеп жазып алу; практикалық іс-әрекетті жаңа ойлап табылган тәсілдермен, инновациялық технологиялармен жетілдіру, жеке веб-сайт ашу.

Қазіргі маманның кәсіби іс-әрекетінде инновациялық технологияны, яғни ғылымның жаңа табыстарына негізделген технологияны жасау, игеру және пайдалану талап етіледі. Іс-әрекеті инновациялық технологиямен байланысты маманның шығарған өнімінің де оның өзінің де бәсекелестік қабілеті жоғары болады. Модельдің бірінші блогымен байланысты оның екінші блогына нарықтың даму жолына түскен егеменді еліміздің маманы шешетін мәселелер енеді. Біздің еліміздің қоғамдық-саяси ерекшеліктерінің мамандарға талаптары мынадай: инновациялық экономиканы дамыту, инновациялық технологияны дамыту, инновациялық-индустриалдық дамуды жүзеге асыру, білім беру жүйесін инновациялық есепке алып жетілдіру, инновациялық әлеуетті қалыптастыру.


4 сурет - Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық мазмұны

 

Модельдің бірінші  екінші блоктарымен байланысты оның үшінші блогына біздің зерттеу объектімізге сәйкес болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін инновациялық оқыту мен тәрбиелеу саласында шешетін мәселелері енеді.

Енді осы үшінші блоктың  қосалқы блогын, яғни болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін инновациялық даярлығының іс-әрекетінің үлгісін құруымыз керек. Ол үшін жоғарыда баяндалған мұғалімдер іс-әрекетінің, ерекшеліктерін (үлгісін)  маман үлгісін құру тәжірибесін басшылыққа аламыз. Өйткені жалпы модельдер (мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің моделі, маман іс-әрекетінің үлгісі) жеке модельді (болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің үлгісін) құруға қатысты әдістеме қызметін атқарады.

Осы тұрғыдан Ж.М.Тулегенов, О.А.Аяшев, М.Б.Сапарбаев, К.Х.Закирьянов, К.С.Мусин, С.Ж.Пралиев оқу-тәрбие практикасын болашақ мұғалімнің ғылыми мәселелерді қабылдауға жүзеге асыруға даярлығы тұрғы-сынан қарастыру керектігін атап көрсетеді [8,83,84,85,86,87]. Біз болашақ мұғалімнің қызметін, яғни оның инновациялық мәселелерді қабылдауға  жүзеге асыруға даярлығы тұрғысынан қарастыруымызға болады.

Сондықтан, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру мазмұны жаңа мәселені шешудің дайындық кезеңдерін; оны іске асырудың актілерін; үрдістің күйін (фазасын); оны дамытудың кезеңдерін (стадияларын) анықтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл үрдісті жүзеге асырудың актілерін М.Құдайқұлов (интуиция - білім - ебдейлік), В.А.Ким (идея-ұстаным-орындау) зерттеулері көрсеткен. Ал Б.М.Утегенованың зерттеулерінің нәтижелері шығармашылық үрдісті орындаудың мынадай кезеңдерін анықтаған: интеллектуалдық дайындық, мәселені таңдау, идеяның тууы, оны шешудің жолдарын іздеу, жаңалықты шешудің ұстанымдарын айқындау және рәсімдеу [83].

Ал Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалым-педагогы Л.А.Шкутина шығармашылық үрдісті үш сатыға бөліп [89], ондағы көрінетін қабілет-қасиеттерді көрсету қажет деп санайды:

  • жаңаны, өзгеше тың дүниені сезіне білу, қарама-қайшылықтарды
  • түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой-талдауға бейімділік, жан дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл күйдің туу кезеңі;
  • интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашы-лыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі;
  • өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни, сын, дәлелдеме сатысы [84].

Сол себепті болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы болашақ мұғалімнің өзін-өзі дамыту ұмтылыстарын қарастырған жөн балып табылады: 1) Өзін-өзі тану мотивтері: тәжірибелік-зерттеу жұмыстарымен айналысуға талпыныс (құлшыныс) білдіруі; өзінің мақсатындағы басты жетістіктерді бағалай алуы; өзінің педагогикалық еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге мақсаттылығы; жоғары нәтижеге, табысқа жетудегі болашақ мұғалімнің өзіндік жауапкершілігінің артуы және т.б.; 2) өз мүмкіндіктерін анықтау мотивтері: кәсіби іс-әрекеттің мақсатын түсінуге талпыныс; тәлімгерлердің, мектеп әкімшілігінің, инноватор мұғалімдердің пікіріне құлақ асу; өзінің кәсіби-шығармашылық қызығушылық кеңістігін кеңейту, оны тереңдетуге ат салысу; инновациялық іс-әрекеттің артықшылығын мойындау; педагогикалық мамандықтың ашылмаған қыр-сырын меңгеруге құлшыныс таныту; оқытудың тиімді инновациялық технологияларын меңгеруге талпыныс; тәжірибелік-зерттеушілік іс-әрекеттің ерекшіліктерін меңгеру және т.б.; 3) инновациялық өзін-өзі басқару мотивтері: инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттарын анықтау  басқару мәселелерін шешуге қатысты мәселелерді алдын-ала сезе алу қабілеттерін көре алуға талпыныс; тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттерін жоспарлай алу; инновациялық іс-әрекетке қатысты өзін-өзі бақылауға талпыныс; инновациялық іс-әрекетке өзіндік бақылаудың адекватты критерийлерін анықтау; өзінің іс-әрекетінің нәтижесін объективті бағалай алу; уақытты ұтымды пайдаланудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру; жаңа ғасырдың ақпарат көздерін (Интернет, телекоммуникация желілері,  т.б.) шұғыл тиімді пайдалану; өзінің инновациялық қабілеттерін одан әрі дамыту, жаңа идеяларды табу, үсыну, жинау оны жүзеге асыруға ат салысу; инновациялық іс-әрекетке деген мақсаткершілікті арттыру, жүзеге асыруға ұмтылу;өзінің еңбек жолын өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру  инновациялық білім алуға бағыттау; 4) инновациялықты жүзеге асыру мотивтері: инновациялық іс-әрекеттегі ең басты, өзектісін назарда ұстау; өзекті, көкейкесті, маңызды мәселелерді ажырата алу, оларды тиімді шешудің жолдарын анықтау; инновациялық іс-әрекеттің үлкен жетістіктеріне мақсатты түрде қол жеткізу; әрқашан кеңінен ойластырылған ұтымды жаңа шешім қабылдау; өзінің кәсіби біліктілігін ұдайы  жетілдіріп отыру; өзінің педагогикалық мәдениетін арттыру; шығармашылық іс-әрекетке инициатива таныту, басқа жағдайларға тәуелсіз, жеке, дара идеялар ұсыну; өзінің ішкі сенімсіздіктерін жеңе алу  шығармашылық бастаған ісін аяғына дейін жеткізу; тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттін жүргізу барысында жоғары оқу орны ғалымдарымен, инновациялық зерттеу орталықтары қызметкерлерімен тығыз байланыстар орнату; өзінің инновациялық іс-әрекетінің  одан әрі зерттеушілік іс-әрекетке ұласуына атсалысу; 5) өзін-өзі жетілдіру мотивтері: іс-әрекеттің тиімділігін педагогикалық ұжымның, мектеп әкімшілігінің мойындауы  қолдануы; инновациялық іс-әрекеттің нәтижелі болуына атсалысу, өзінің жіберген кемшіліктерін, сәтсіздіктерін талдау, оны жою жолдарын табу, кемшіліктерді болдырмау жолдарын іздестіру; инновациялық іс-әрекеттің қолжеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктерінің себебін ашу, тереңірек талдау, өзінің шығармашылық әлеуетін одан әрі жетілдіру; инновациялық іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану; инновациялық қабілеттерін одан әрі арттыру, өзінің әдіснамалық мәдениетін көтеру; өзінің педагогикалық шеберлігін шыңдау; оқытудың тиімді педагогикалық технологияларын меңгеру  т.б.

Алайда, жоғарыда айтылған ғылыми тұжырымдар негізінде болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастыру қызметінің мазмұнын анықтағанда В.А.Сластенин ұсынған [20, 49б.] нобайда (модельде) болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау үрдісінің деңгейлік кезеңдері есепке алынбағаны айқындалды. Аталған нобай мазмұнында педагогикалық қызметтің когнитивті, аксиологиялық, әрекеттік және рефлексиялық компоненттері (құраушылары) арасындағы байланысты қамтамасыз етудің дене шынықтыру мұғалімін дайындаудағы маңыздылығы назардан тыс қалып қалады. Сондықтан Н.В.Кузьмина, Н.М.Борытко, Б.Т.Лихачев, М.В.Буланова-Топорковалар ұсынған [19,56,59,74] кәсіби педагогикалық қызметтің даярлық компоненттерін негізге ала отырып, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымды әзірлеп, оның мазмұндық және бағалау көрсеткіштерін (критерийлерін) төмендегідей мазмұнда беріп отырмыз (1 кесте).

 

1 кесте - Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру деңгейлері мен мазмұны

 

Дайындық деңгейлері

Қызмет түрі

Дайындық  деңгейлерінің қалыптасуын  бағалау көрсеткіші

1

2

3

4

 

1.

 

Төменгі деңгей

Білімдік

-психологиялық, педагогикалық,  биологиялық, медициналық және  дене шынықтырудың білімдік мазмұнын меңгеру;

 

2.

 

Бастапқы деңгей

Құндылық-

тық

-мамандыққа сезімдік-құндылықтың  көз-қарас пен қатынасты қалыптастыру;

  • адамның  тұлғалық сипатын қалыптастыруда  рухани құндылықтарды қажетсінуді қалыптастыру;

 

3.

 

Орта деңгей

                        Әрекеттік 

-жалпыпедагогикалық, дене шынықтыру мамандығына тән кәсіби, арнайы іскерліктері мен дағдыларды меңгеру;

-дене шынықтырунің білімдік мазмұнын практикада қолдана білу дағдысын меңгеру:

-соңғы нәтижеге бағытталған  әрекеттерді ұйымдастыру іскерлігі  мен дағдысының қалыптасуы;

-оқу үрдісінде, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда дене шынықтыру жұмыс-тарын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын меңгеру;

 

4.

 

Жоғарғы деңгей

             Рефлексивті

-өз әрекеті мен кәсіби қызметінің  үйлесім-ділігі мен сабақтастығын  қамтамасыз ету;

-әрекет жүйесінің тиімділігі  мен қажеттілік дәре-жесіне өзіндік талдау жасай алуы;

-өзін-өзі кәсіби деңгейде дамытуға  ішкі түрткінің немесе ұмтылыстың тұрақты динамикасының болуы;

-жоспарлы, мақсатты түрде өзінің  кәсіби біліктілігін көтеруді  қажетсінуі мен жүзеге асырылуы;

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру