Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Бүл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, В.В.Кузенков, С.А..Волков, А.Н.Добрыниналардың зерттеулерінде қарастырылған [40,41]. Бұл зерттеу-лерде адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста  басым болып өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын формалар мен әдістер табылады.

Дене шынықтыруға осындай қадам жасағанда оқу бағдарламаның бәріне бірдей мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені мұндай бірлікте басынан қалай дене шынықтырудың шектеулі құндылығы, сондай-ақ адамның өз-өзін бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен дене шынықтырудың табиғат жаратылысына сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан шығуға және тәрбие процесі мазмұнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас тартуды, жеке адам тұлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп түрлі және көп нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.

Дене шынықтырудың әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындау болып табылады, яғни өсіп келе жетқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты әрекетке бейімделу деңгейі, қоғамға қатынасында оның «мен» деген орынға шоғырлануы байқалады. Бір жағынан қоғамға қатынасында «Мен» деген орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі түлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда ғана тәрбие процесінде өсудің потенциалды мүмкіншіліктерін пайдалана алатын ерекше күйді алуды белгілейді [1, 6 б].

Ол тәрбие процесін, адамның әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына барабар құруға көмектеседі. Әлеуметтік дамудың маңызды көрсеткіші ретінде өсіп келе жатқан адамдардың қызығушылықтары алға шығады.

Онда жеке адам тұлғаның бағыты, оның ақыл-ой, эмоциялық және дене белсенділігі байқалады. Балалар, жасөспірім және бозбалалардың дамуында маңызды мәні болып мінез-құлығы мен іс-әрекетінің өзіне, басқа адамдарға, қоғамға қатынасының сипаты, өз-өзін түсіну және жауапкершілік деңгейі белгіленеді. Дене шынықтыруын әлеуметке сәйкестендіру принципі жаттығушылардың қызығушылықтары, себептері, қажеттіліктері мен ұстаған бағыттарына сәйкес дене шынықтыру саласында құндылық бағыттар арқылы ақылды реттеу қажеттіліктерін, тәрбие құралдар кешенінің спорт нәтижесіне даярлау тенденциясына қарсы мақсатқа сәйкес қолдануға негізделген реттелу қажеттілігін анықтайды. Сондықтан бұл жерде дене шынықтырушыны тәрбиелеу бойынша күрделі және еңбекті көп керек ететін жұмыстың орнына таза техникалық нәтижелеріне қарай оқытушы оқушылармен тек қана бір жақты, спорттық - техникалық міндетін орындаумен байланысқан үйретуші орнын алатынын есепке алу қажет.

Сонымен дене шынықтыру әлеуметке сәйкес принципі жеке адам тұлғасының қоғамда қызмет жасауға ұмтылысы мен дайындығында, яғни өзін басқа адамдармен байланыста қарау секілді қоғамдық мәнді басымдылығынан шығады. Ол өзінің әлеуметтік қатысуын түсінуге қажетті тақырыпты - практикалык іс-әрекеті дамуының іс жүзіндегі формалары мен жолдарын белсенді ізденуге бағыттайды. Тәрбие процесінде қанағаттану принципі адамның «Мені» әр алуандық бірлігі, яғни жекелігінің қалыптасуын бақылап отыру формасы мен оның қажетті негізін құрайды. Бұл принциптің жалпы қисыны өте терең екендігін көрсетеді.

Сонымен, дене шынықтыруын саралап ұйымдастыру (дифференциация) бірге қоғамдық, жеке адамға тән ерекшеліктері мен қажеттіліктері адам өмірінің жағдайларын жақсарту үшін, олардың саналы, мақсатқа сай іс-әрекетінің өнімі болып табылады. Қанағаттану адам мінез-құлығындағы негізгі бағыт, яғни  оның қызығушылықтарының табиғи негізі болып табылады. Адам қандайда бір қажеттілігіне бағынышты болғанда онда ол таным мен ойланудан бастамайды, ал керісінше танымның өзі басынан бастап, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, құралдарды іздеуге бағындырады.

«Өзінің бағыттау қызметінде қажеттілік психологиялық танымның тақырыбы болып табылады» - деп А.Н.Леонтьев ерекше көрсеткен [42]. Бұл принциптің жалпы қисынының басқа жолы іс-әрекеттің өз-өзін бағалауды мойындауында. Егер іс-әрекетті жүзеге асыру барысында қанағаттану сезімі пайда болса, онда мұндай іс-әрекеттің өзі құнды деп айтуға болады, өйткені ол субъектіде бар қандайда бір қажеттілік үшін жүзеге асырылмайды, ал қанағаттану ере жүреді, субъект үшін құндылық бола бастайды. «Ойынжар қанағаттанудың көтеріңкі сезімімен байланысқан жаттығудың түрін құрайды» - деп ерекше көңіл аударған.

Қанағаттану принципі адамда қажеттілік емес, әрекеттің басқа  көзін және басқа мәнін, өз-өзін көрсету, түсініп және ұғынуға көмектеседі. Бүгінгі күні мәлім болғандай, адам табиғатында оның дене шынықтырудың нақты бір түріне, мамандануы көрінеді. Іс-әрекет процесінде бұл мамандану қабілеттерінің толық көрінуі, оқытудағы жетістігі, оқытудың төмен нәтижесіне байланысты азап шегуі, оның салдарынан қанағаттану немесе наразылығы көрінеді. Осыдан өте маңызды нәтиже шығады. Адам тек қана өзінің қажеттіліктері, қызығушылығы, ынтасы, яғни іс-әрекет нәтижелерінен қанағаттана алады, сонымен бұл іс-әрекетте оның табиғаты жүзеге асыралады. Бұл мәтінде қанағат іс-әрекетпен бірге жүреді және оны қанағаттандырады, оған аяқталғандық пен толықтық береді. Ал әрекетті адам өзін көрсету үшін қажетті шарт және де іс-әрекет түрлерін еркін таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті құрал деп санайтындықтан, оны қанағаттанудың басты құралы ретінде қолданады.

Дене шынықтыру жүйесінің білім кеңістігінің жоғарыда аталған принципі осы жүйенің бастапқы, қазіргі және ақырғы жағдайын оқу орнының әрбір түрі үшін анықтауында. Дене шынықтыру процесінің оған қатысты сыртқы жағдайларымен, сонымен бірге осы процестің ішкі бөлімдері арасындағы заңды, байланыстар орнату қажеттілігінде болады. Ол үшін дене шынықтыруын дифференциалды ұйымдастыру жүйесі ішкі бөлімдерінің дамуы және сыртқы ұдайы дамуына бағыттайтын бірден-бір тиімді форма болмақ.

Дене шынықтыру жүйесіндегі білім кеңістігінің әлеуметке сәйкестік принципі жаттығушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін көптеген жеке ерекшеліктеріне қарай типологиялық тиістілігі бойынша бөлінуін қамтамасыз етеді. Олар Гегельдің сөзі бойынша «түрсіз шексіздіктің түрі болып табылады». Дене шынықтырунің жекелену мақсаттарына сәйкес оқу материалдардың мазмұнын таңдауын, оқыту формалары мен әдістерін, оқу процессін әдістемелік және қаржы жағынан қамтамасыз етуін алға қарай жылжыту. Ол мұғалімдер мен жаттығушылардың тығыз байланысқан іс-әрекетін қалыптастыру және жүзеге асыру қажеттілігінен шығады. Мұндай іс-әрекет алдын-ала қойылған жағдайда мүмкіндігінше тиімді оқыту, тәрбие және өсуіне бағытталған. Сол уақытта білім кеңістігін қалыптастыру принципін жүзеге асыру денеге түсетін күшті анықтау кезінде этикалық, адамгершілік нормаларды сақтауын, алға қойылған мақсаттарға сәйкес спорт немесе сауықтыру әдістемелерді пайдалануын қарастырады [40, 54 б].

Осы зерттеу кезінде  алынған тәжірибелік материалдармен қатар қарастырылған қағидалар мен принциптердің дәйекті түрде жүзеге асырылуы дене шынықтыру саласында жекешелену идеясы негізінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік беретіне көз жеткізіп отырмыз.

Сонымен, бұл процесті ұйымдастыру амалдары мен олардың мәнділігі дене шынықтыру сабақтарының мазмұнына инновациялық түр береді деп, дене шынықтыру сабақтарын жүргізуде дифференциалды қатынас бала қабілеті мен физикалық табиғатын есепке алыуы тиіс деп санаймыз. Олай болса, дифференциалды дене шынықтыруының мазмұнын анықтайтын мәнді кезеңі болып, дене шынықтыру саласындағы біз ұсынып отырған жеке адамды қалыптастыру концепциясы шеңберінде мақсаттарды белгілеу мен міндеттерді қою болып табылатынын алдыңғы міндеттерге жүктеу қажет болады.

Дене шынықтыруды ұйымдастыруда адамның өз құндылығын басым деп қабылдау әдістемесін есепке алып, Б.А.Ашмариннің оқулығында Д.И.Фельдштейн берген анықтамаға адам шынықтыруында нағыз адамгершілік қатынастардың мәнін нақты көрсетеді деп саналады, өйткені дене шынықтыру деп біз өсіп келе жатқан адамның мақсатқа бағытталған дамуын қайталанбайтын адамның жекелігі, қоғамдық практиканы құру арқылы осы адамның рухани және шығармашылық күштерінің өсуін және жетілуін қамтамасыз етуді түсінеміз [39,5б.]. Өйткені, қоғамдық практика жағдайында баланың өсе бастаған кезінде бар нәрсе келесі мүмкіндікті құрайтын шындыққа айналады. Бұл жерде тәрбиелеу дегеніміз, адамның субъективті дүниесін бір жағынан қоғамның өсіп келе жатқан адамға қоятын талаптарды жүзеге асыратын, рухани идеалға сәйкес әрекеттенуі ал екінші жағынан баланың жеке ерекшеліктерін барынша дамытатын мақсаттарды көздер бағыттау ретінде түсіндіріледі.

Дене шынықтыруын қалыптастыру тарихына жасалынған шолу мен талдау жеке адамның тұлғалық қалыптасуында дене күшінің нақты бір физиологиялық және психо-педагогикалық заңдылықтарға тәуелді еқендігін растап отыр. Осы заңдылықтар жеке адамның даму және қалыптасу теориясын (Ананьев Б.Г адам әрекетінің жалпы психологиялық моделі теориясын (Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), функциональды жүйелер теориясын (Анохин П.К., Пурия А.П.), адамның дене белсенділігін (Бальсевич В.К.), дене шынықтыруындағы жекелеу және дифференциациялау принциптерін (Ильин Е.П.), дене шынықтырумен спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының гуманистік идеяларын (Ашмарин БА., Булкин В.А., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И. Лях В.И., Матвеев Л.П., Мейксон Г.В., Новиқов А.Д., Пономаров Н.И., Решетень И.Н., Тер-Ованесян А.А., Филипов С.С, Хан А.,Т.Қ.Бөлеев, т.б.) негізге алғанымен, XXI ғасырдағы жеке адамның дене шынықтыруына тәуелділігін толық есепке алмай отыр [42,43,44,40,39,45,46,47,28].

Осыған сәйкес адам белсенділігі тәрбие объектісі емес, ол толық  құқықты тәрбие субъектісі ретінде жобаланады. Бұл жерде өзіндік белсенділік, оның көріну формалары және негізінен оның нәтижелілігін анықтайтын деңгейі, адамды тарихи түрде қалыптасқан үлгі негізінде жасалуы керек. Бірақ оларды мәнсіз қайталау ретінде емес, шығармашылықпен пайдалана алатындай дәрежеде  қалыптастыру қажет. Осы түсіндірме бойынша тәрбие балаларды, жасөспірімдерді, бозбалаларды әлеуметтік, тұрмыстық бар формаларына бейім делу және белгілі бір шамаға келтіру болып табылмайды, қоғамдағы іс-әрекеттің формалары мен амалдарын иелену нәтижесінде адамның әрі қарай дамуы болады - белгілі бір құндылықтарға, оның бағытын және күрделі өмірлік мәселелерді шешуде дербестігін қалыптастыру деп қарастырылады.

Негізгі педагогикалық  категориялардың біз қарастырған  ұғымдарының сипаттамасын аяқтай келіп, оқыту мен тәрбие адам жекелігінің (адамның жеке басының) қалыптасуы және дамуы өтетін арнайы ұйымдастырылған және саналы түрде басқарылатын процестер деп ерекше тоқталып айтуымыз қажет. Жоғарыда айтылған процестердің ерекшеліктері мен қатынастарының генетикалық негізі мен көзі - адамның қоғамдық қатынастардың субъектісі болуы, яғни қоғамға қажетті іс-әрекетке дайындық қабілеті болып табылады. Бұл қабілеттілік адамның шығармашылық күштеріне өзінше ойлауға, өз білімдерін жаңартып, кеңейтуге ептіліктеріне, қоғам өмірінің барлық саласына қатысуға дайындығына, қоғамдық түлға ретінде қалыптасуына, көпжақты қабілеттіліктерінің дамуына негізделеді. Қоғамдық қатынастардың субъектісі және нәтижесі ретінде жеке адам саналы түрде қоршаған орта мен өзін, өз өмірлік потенциалын мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің процесіне өзгертіп, белсенді қоғамдық әрекеттер арқылы қалыптасады. Жалпы ерекше және жеке қатыстың осы диалектикасының есебінсіз жоғарыда қарастырылған процестердің өзгеше ерекшеліктерін құрайтын нақты міндеттерін және ерекшелігін жан-жақты дене даму мәселесіне көшу үшін оны сипаттайтын негізгі ұғымдарын, олардың ерекше бағытын және дене шынықтыру қазіргі заманғы теориясының нақтылығын қарастыру дүрыс болады. Жалпы мағынасында адамның дене дамуы деп оның жеке өміріндегі  ағзасының табиғи морфофункционалды қасиеттерінің өзгеру процесі айтылады. Бұл табиғи процесс, өйткені табиғи мұра бойынша берілетін, табиғи негізінде өседі және табиғи заңдарға бағынады. Оларға келесі заңдар жатады:

Дамудың мұрагерлік тенденциялары  мен өмір жағдайымен анықталатын тенденцияларының әрекеттестігінің; функционалды және құрылма өзгерістерінің өзара келісімділігінің, даму кезеңдерінің біртіндеп және жас бойынша ауыспалылығының т.б. заңдары. Бірақ бұл заңдардың әсері адам өмірі мен іс-әрекетінің әлеуметтік жағдайларына байланысы байқалады. Осыған байланысты шешулі мөлшерде оның дене дамуының әлеуметтік мүмкіндігі ескеріледі. Дене дамуын төмендететін жағдайлар мен факторлар жиынтығына байланысты. Ол әр түрлі сипаттамаға ие болады, әр түрлі форма мен мазмұн қабылдай алады.

Л.П.Матвеевтің пікірі бойынша  дене тәрбие жүйесі деп: «Әрбір қоғам  формациясы үшін сай дене шынықтыруының әлеуметтік практикасын ұйымдастыру амалы, оны бастапқы негіздері және азды-көпті біртұтас құрылымына біріккен анықтайтын жақтары» - деп түсіндіріледі [45,14б.]. Дене шынықтыру жүйесі -анықтайтын қағидаларының жиынтығымен қоғам дамуының ой және мақсатты негіздерімен, принциптерімен сипатталады. Осыларды жүзеге асыру үшін нақты жүйе құрылады. Қоғамға маңызды ойлардың жиынтығы дене шынықтырудың заңдылықтары, ережелері, құралдары мен әдістері туралы ғылыми практикалық білімдерін құруды, оның бағдарламалық нормативті мазмұны мен сабақтарды ұйымдастыру формаларын құрастыруды қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру жүйесінің жүйе құрайтын факторы ретінде қоғамға сай белсенді тұлғаны сипаттайтын рухани және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеумен бірге адамның дене қасиеттерімен онымен байланысты қабілеттерін жеткілікті деңгейде қалыптасу және қолдану түрінде ашылатын мақсат алға шығады [147,148]. Дене шынықтыру жүйесінің мазмұны мен құрылымын анықтауына мұндай тәсіл жеткіліксіз, өйткені ол біріншіден, негізінен адамның дене қозғалыс қабілеттерін жетілдірумен мәдени құндылығы белгіленетін дене шынықтырудың спорттық іс-әрекеті болып табылады.

Бірақ нақты дене шынықтыру, спорт іс-әрекетінің кең түрі басқа қасиеттерден көрінеді; эстетикалық, ой қабілеттері, мінез-құлқының адамгершілік нормалары, сөйлесу дағдылары. Л.И.Лубышева ойы бойынша мұның бәрі, дене шынықтыру - спорт іс-әрекетінің қозғаушы бөлігін, басқа оның негізгі жалпы мәдени құндылықтарымен, біліммен, әдістемелік тәсілдермен, дағдылармен, құнды бағыттармен, мақсаттармен осы іс-әрекеттің маңызды себептердің қалыптасуымен нығайтылады [27,18б.].

Екіншіден, дене шынықтыру осы жүйесінің жөнге салынуы, ұйымдас-тырылуы және мақсатқа бағытталуы көбіне адамға дайындықтың мазмұны, құралдары мен әдістердің берілгендігі ретінде емес, ол тәрбие берілгеннің объектісі ретінде адамға дәстүрлі бағытты белгілейді. Сондықтан, дене шынықтыруды- дене шынықтыру арқылы жүзеге асатыны, оның денсаулық көзінің басты қозғаушы күші екендігі өте ертеден белгілі. Өйткені жанды дене үнемі  қозғалыста болмаса өледі. Нақты мысал ретінде өзіне-өзі тәжірибе жүргізген Аристотельдің ой қорытындысын келтіруге болады. Ол бір жыл бойы күніне белгілі бір уақыт аралығында бір қолына батпам (гир) іліп ұстап тұрған. Содан, жылдың соңында жанағы батпан көтерген қолы жуандап, бұлшық еттері өсіп, қол қары күшейген де, жұмыс істемеген қолы солып кеткен.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру