Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация
Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.
КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132
Жалпы педагогикалық іскерліктерге мыналар тән: ұдайы өзгеріп тұратын жағдайларда мақсатқа бағытталушылық, жылжымалылық, икемділік, жоғары дәрежедегі дербестік, шығармашылық сипат. Мұғалім іс-әрекетіндегі іскерліктердің шығармашылық сипаты педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа, ұғымды жолдарын іздестіруде байқалады.
Ал Т.Қ.Бөлеев педагогикалық іс-әрекетті басқа адамның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған мәселелердің сансыз қатарын шешу ретінде қа-растырады да, мұғалім шеберлігін бұл мәселелерді табысты шешуімен, яғни оң алуымен байланыстырады. Онда мұғалім шығармашылығының мәні педа-гогикалық мәселелердің жаңа шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің мына салаларымен: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастыру-шылық коммуникативтік байланыстылығы қарастыруға басты назар ауда-рылғаны жөн деп саналған [51].
Яғни, Т.Қ.Бөлеев болашақ мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті - оқу-тәрбие материалын іріктеп алумен, композициялаумен, жобалаумен байланысты іс-әрекеті екендігін ғылыми негізде дәйектеп, болашақ мұғалімнің бұл іс-әрекеті мыналарды: болашақ іс-әрекетінің (сабақтардың, сыныптан тыс шаралардың) мазмұны, өз әрекеттерінің жүйесі мен тізбегі, оқушылар әрекеттерінің жүйесі мен тізбегін жобалауды қамтуы тиіс екендігін көрсетеді [51, 26б.].
Осы еңбекте ұйымдастырушылық іс-әрекет бір мезгілде мұғалім жобаларын практикада жүзеге асыру әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып табылады. Осы себепті Т.Қ.Бөлеев болашақ дене шынықтыру мұғалімнің бұл іс-әрекеті мына үш аспектіні қамтуы қажеттігін: білім мазмұнын беру жөнінде өз іс-әрекетін ұйымдастыру (баяндау, тапсырмалар жүйесі); өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің нақты жағдайларындағы педагогикалық әрекеттер); балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық жекелік) және сол арқылы бүкіл педагогикалық қызметті ұйымдастыруды талап етеді [51, 46б.].
Коммуникативтік іс-әрекет
мұғалімдер мен оқушылардың өзара
қарым-қатынасының саласын
Ресей ғалымы В.И.Горовая
болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке
даярлауда гностикалық іс-
Жоғары қарастырылған
ғылыми еңбектерден болашақ мұғалімнің
педагогикалық шығармашылығы
Сондықтан, болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлауда ең басты алтын қағида - адамның рухани сезімі мен дене дамуының үйлесімділігі білім беру жүйесіндегі дене шынықтырудың дифференциалды қатынасын қалыптастыру тұжырымдамасына сай тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын дамыту, жаттығушылардың белсенділігі мен дербестік дамуын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мазмұнының үзіліссіз даму қажеттілігі мен байланысын қамтамасыз ету, дене шынықтырудың тұлға ұнатқан түрлері мен биологиялық сәйкестігін қамтамасыз ету ретінде түсіндіріледі [121].
Ол біріншіден - тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды дамытуға бағыттайды. Екіншіден - оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын дамыту, адамның өз құндылығының абсолютті сипаттамасын потенциалдан шындыққа айналдыру дене шынықтыру - спорт іс-әрекет түрлерін еркін таңдауға тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен амалдарын жүзеге асырады.
Адам баласы жалпы
адамгершілік мақсаттарға
Осылай адам дамуының тарихи процесінде дене шынықтыру мазмұны көмегімен табиғи дамудың бөлек кезеңдері арасындағы ұтымды жалғастырушылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып ғана емес, сонымен бірге табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип дене шынықтыру формаларының көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде белгілейді. Ол дене шынықтырудың адамдар таңдаған түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды қажет деп санайды.
Бұл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, С.А.Волкова, А.А. Гужаловский зерттеулерінде қарасытырылған [40,41,122]. Бұл зерттеулерде адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын формалар мен әдістер табылады.
Міне, жоғарыда зерттелінген психологтар мен педагогтардың еңбектерінің мазмұны бойынша дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі психологиялық-педагогикалық категория деңгейінде қарастыруды қажет етіп отыр. Атап айтқанда, С.Л.Рубинштейн, В.В. Давыдов, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, С.Д.Смирнов, Д.Н.Узнадзе, Н.М.Борытко, М.В.Буланова-Топоркова, Б.Т.Лихачев, т.б. педагогикалық қызметті әрекеттік қатынас тұрғысынан қаруды дұрыс деп санайды [53,42,54,55,56,57,58,74]. Оның ішінде Л.С.Выготскийдің кәсіби педагогикалық қызметті әлеуметтік тәрбие негізінде қабылдау қажеттігі теориясына ерекше назар аударуға болады. Өйткені, дене шынықтыру мұғалімі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару барысында оқушының дамуының психологиялық заңдарына түсінікпен қаруы тиіс, және әлеуметтік ортаның өзгеру ерекшелігіне сәйкес өзіндік әрекет жүйесін таңдауға мәжбір болады деп санайды. А.Н.Леонтьев мұғалімнің кәсіби әрекетін көзделген мақсатқа жету үрдісі деп, мотивациялық қызметін басты орынға қояды. Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оқушының мотивациялық ұмтылысын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс деп тұжырымдайды [42,65б.].
Ал педагогтар, оның ішінде Б.Т.Лихачев «кәсіби педагогикалық қызмет» деп жас ұрпақты өмірге дайындауға саналы бағытталған ересек адамдардың пайдалы қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырады [59,17б.]. Бұл қызметке сай қойылатын педагогикалық мақсат қоғам мүшесін дайындауды күтілетін нәтиже ретінде қабылдауды жөн деп есептейді. И.А.Зязюн мұғалім қызметін оқушы әрекетін басқаруға негізделген шығармашылық қызмет деп көрсетеді [60, 32б.]. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дене шынықтыру мұғалімі болашақ маманның өз кәсібіне саналы қарым-қатынасын қалыптастыратын ғылыми білімдер, іскерліктер мен дағдыларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы қажет.
Алайда, дене шынықтыру мұғалімін дайындауда осындай қадам жасағанда оқу бағдарламаларының бәріне бірдей мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені мұндай бірлікте дене шынықтырудың шектеулі құндылығы, сондай-ақ адамның өз-өзін бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен дене шынықтырудың табиғат жаратылысына сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан шығуға және тәрбие процесі мазмұнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас тартуды, жеке адам тұлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп түрлі және көп нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Міне, жоғарыда талданған еңбектер бойынша тұжырым жасай отырып, болашақ мамандарды дайындауда педагогикалық қызметтің құрылымдың мазмұны мен оның ұғымдық-түсініктік аппаратына толық зерттеу жасалынды. Оқу қызметі – таным теориясының негізгі категорияларының бірі болғандықтан білімгерлердің оқу қызметін басқару мәселесіне теориялық-әдіснамалық көзқарастарға психологиялық-педагогикалық негіздеме жасап отырмыз.
Өйткені, жалпы білім беру және кәсіби білім беру жүйесінің қажеттіліктері, қоғамдық дамудың логикасы, педагогика мен психологияның қазіргі заманғы деңгейі оқу қызметін ұйымдастыру мәселелерін жүйелі түрде зерттеудің, оны объективті түрде шешу бағыттарын негіздеудің қажеттілігін туындатып отыр. Оқу қызметінің құрылымы мен мазмұнына қатысты мәселелерді зерттеуді жалпы дидактикалық деңгейден, яғни кез келген қызмет түріне тән негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктерді анықтаудан бастау қажет, өйткені осындай көзқарас қарастырғалы отырған құбылыстың педагогикалық мәнін толық түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.
Сол себепті оқу қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың маңызы мен ерекшеліктерін қарастырудың алдында «қызмет» және «оқу» түсініктерінің білдіретін ұғымын айқындап алу қажет. Мұндай талдау, біріншіден – қызмет ету теориясына сүйене отырып, оның жалпы құрылымы мен мазмұнын ашуға мүмкіндік береді, екіншіден, қызмет етудің жалпы теориясын зерттеу оны жоғары оқу орнындағы оқу қызметі үрдісінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тұлғаның психикалық ерекшеліктері оның мінез-құлқы, іс-әрекеттері мен қылықтары арқылы әрі көрініс табады, әрі қалыптасады, - деп жазды С.Л.Рубинштейн [53, 22б.]. «Белгілі бір объектіге бағытталған іс-әрекет оны жүзеге асыратын субъектіні де анықтайды; әрекет ете отырып, ол объектіні ғана емес, өзін де анықтайды. Бұл барлық органикалық байланыстағы құбылыстар мен заттарға тән: әрекет ете отырып, организм өзі де қалыптасады» [53,27б.]. Енді осы – жеке тұлға қызмет әрекеті арқылы әрі айқындалып, әрі қалыптасады – деген нақты тұжырым жалпыға белгілі болды.
«Қызмет, іс-әрекет» түсінігі
таным теориясының негізгі
Отандық психология мен педагогикада қызмет әрекетінің бірқатар тиімді тұжырымдамалары мен оны зерттеудің әдістемелік бағыттары негізделген болатын. Бұған К.А.Абулханова-Славскаяның, О.В.Петунин, Б.Г.Ананьевтің, А.Н.Леонтьевтің, В.Н.Мясищевтің, С.Л.Рубинштейннің, Б.М.Тепловтың, В.Д.Шадриковтың [61,43,42,53,25] жалпы теориялық зерттеулері, В.П.Дружининаның, Г.М.Зараковскийдің, В.П.Зинченконың, Б.Ф.Ломовтың, Д.А.Ошаниннің, К.К.Платоновтың, М.В.Каменская, Е.А.Климов, Ф.Рубахиннің [63,64,65,44] еңбек психологиясы мен қызмет ету әрекетінің психофизиологиялық мәнін түсіндіруге үлкен үлес қосты. М.Н.Бахтиннің, Н.А.Бердяевтің, В.В.Давыдовтың, О.С.Анисимов, В.П.Кузьминнің еңбектері қызмет ету әрекетінің әлеуметтік-философиялық түсінік деңгейіндегі мәнін ашуға маңызды үлесін қосты [66,67,54,62].
Жоғарыда қарастырылған ғылыми еңбектер бойынша жасалынған жалпылама тұжырымда қызмет әрекеті бір деңгейден келесі деңгейге ауысу мүмкіндіктері мол күрделі, иерархиялық құрылымдағы көп деңгейлі және динамикалық түрде дамитын құрылым ретінде айқындалатыны туралы тоқтамға келеміз.
Өйткені адам іс-әрекетін психологиялық қызмет деңгейінде қарастырған К.Оразбекова «қызмет әрекеті материалдық-практикалық, интеллектуалдық, рухани операцияларды да қамтиды; әрі сыртқы, әрі ішкі үрдістерді де қамтиды; адамның іс-әрекеті сияқты, ой қызметі де қызмет әрекетіне жататынын» атап көрсетеді және болашақ маман даярлау үдерісінде [68] іс-әрекетті ұйымдастырудың иерархиялық мазмұнын сақтауды қажет деп санайды.
Философиялық сөздікте «қызмет, іс-әрекетке» төмендегідей анықтама берілген: «философиядағы іс-әрекет – қоршаған әлемге адамға тән ерекше көзқарас – «заттық іс-әрекет»; оның барысында адам табиғатты қабылдайды және шығармашылық тұрғыдан өзгертіп, өзін – қызмет әрекетін жүзеге асырушы субъектіге, ал өзі қарастыратын табиғат құбылыстарын іс-әрекет объектісіне айналдырады. Онда берілген анықтамаға сәйкес кәсіби білім беру іс-әрекетке «адамның қоршаған әлемге, өмір алдына қоятын міндеттерге, басқа адамдарға қарым-қатынасын жүзеге асыру тәсілі болып табылатын үрдіс» деген анықтама береді [69]. Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігінде «іс-әрекет – адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының ерекше түрі, олардың табиғи және әлеуметтік болмысты мақсатты түрде өзгертуі» деп берілген [70].
А.Н.Леонтьев іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қарастырып, «психикалық көрінісі арқылы жанама түрде бейнеленген өмір сүру бірлігі» ретінде қарастырады. Басқаша айтқанда, қызмет әрекеті – бұл реакция немесе реакциялардың жиынтығы емес, өзіндің құрылымы, ішкі өзгерістері мен ауысулары, өзіндік дамуы бар жүйе болып табылады» [42,69б.]. Осы ойды жалғастыра келе, А.Н.Леонтьев қызмет әрекетін «қарым-қатынас» (жүйе ішіндегі элементтердің өзара байланысы) түсінігі арқылы да айқындай түседі: «Субъектінің ақиқат болмысқа қатысты белгілі бір өмірлік, яғни белсенді қарым-қатынасын жүзеге асыратын арнайы үрдістерді басқа үрдістерден өзгеше, қызмет әрекеті үрдістері деп атаймыз...» [42,78б.].