Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

 

 

Міне, жоғарыдағы мұғалімнің кәсіби қызметке даярлығын талдау нәтижелеріне сәйкес дене шынықтыру маманының жалпыпедагогикалық қызметі мен пен кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін өлшемдік көрсеткіштерді (критерийлерді) айқындадық. Онда болашақ дене шынықтыру мұғалімінің дайындық  деңгейлерінің қалыптасуын бағалау көрсеткіші оның қызметтік әрекетінің түріне байланысты  түрлі сипаттқа ие болатыны нақтыланды. Егер біз, жалпыпедагогикалық іскерліктер мен дағдыларға психологиялық, педагогикалық, биологиялық, медициналық және  дене шынықтырудың білімдік мазмұнын меңгеруді жеткілікті деп санасақ, ол төменгі деңгейді, ал мамандыққа сезімдік-құндылықтың көзқарас пен қатынасты қалыптастыру секілді әрекеттерді қалыптастыра алатын болсақ, кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына оқушының  тұлғалық сипатын қалыптастыруда рухани құндылықтарды қажетсінуді қалыптастыру; дене шынықтыру мамандығына тән кәсіби, арнайы іскерліктері мен дағдыларды меңгертуге; дене шынықтырунің білімдік мазмұнын практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыруға: күтілетін нәтижеге бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға; оқу үрдісінде, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын меңгертуге; өз әрекеті мен кәсіби қызметінің үйлесімділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ете алуға; әрекет жүйесінің тиімділігі мен қажеттілік дәрежесіне өзіндік талдау жасай алуына; өзін-өзі кәсіби  деңгейде дамытуға ішкі түрткінің немесе ұмтылыстың тұрақты динамикасының болуына; жоспарлы, мақсатты түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтеруді қажетсінуі мен жүзеге асыра алуына толық жағдай жасау мүмкіндігіне ие болған жағдайда болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуының бастапқы деңгейіне өтуін сипаттай аламыз.

Сондықтан, 5-суреттен байқағанымыздай дене шынықтыру мұғалімінің дайындық деңгейлерінің орта деңгейі кәсіби-педагогикалық қызметтің әрекеттік құраушысының жеткілікті қалыптасуымен сәйкес келетіндігін, өйткені бұл деңгейде мұғалімдердің дене шынықтыру іскерліктері мен дағдылары олардың арнайы дене жаттығуларын орындау мен оны оқыту әдістемесінің техникалық және тактикалық әрекеттерін толық меңгеруімен қалыптасады. Олардың осы деңгейдегі іскерліктері мен дағдыларына медициналық-биологиялық және техникалық-тактикалық әрекеттерді жеткілікті меңгеруі де жатады. Сол сияқты орта деңгейдің әрекеттік құраушысына болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметінің білімдік (когнитивті) және құндылықтық (аксиологиялық) құраушыларын жүзеге асыра алу қабілетін де жатқызуға болатынына назар аударған жөн.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығының жоғары деңгейі оның педагогикалық қызметінің рефлексивті құраушысының жеткіліктілігіне байланысты болады. Яғни, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің өз бетінше талдауға, өз әрекетін реттеу алуға және кәсіби шебер-лігін өз бетінше жетілдіруге қабілетінің болуы рефлексивті құраушының қалыптасу критерийі бола алады. Бұл құраушы мұғалімнің өз қызметін бақылап-бағалай алуына бағытталады. Демек, мұғалім өз әрекеті мен қызме-тінің білім беру субъектілерінің қалай бағалайтындығын, ішкі психикалық күйлер мен актілерді пайымдай алу қабілетін қалыптастырады, яғни бітіруші болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары олардың кәсіби қызметке даярлығын қамтамасыз ететін басты факторларға жатуы тиіс.

 

1.3 Болашақ  дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби  іскерліктері мен дағдыларын  қалыптастырудың педагогикалық  шарттары

 

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруды табысты жүзеге асыру үшін осы үрдісті ұйымдастыруға, оның талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды анықтау қажет.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын кәсіби іскерліктері мен дағдылар деңгейінде  қалыптастырудың педагогикалық шарттарын негіздеу үшін осы мәселе бойынша педагогика және психология ғылымдары саласында жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды. Атап айтқанда, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын зерттеген Л.С.Выготский, Е.М.Иванова, Н.М.Борытко, В.В.Лобачев, Ш.Бахтыбекова, Т.Қуанышев, Ж.М.Төлегенов, Ә.К.Әбділлаев, Ж.К.Оңалбек, т.б. [55,29,56,91,87,9,92,5] еңбектерінде болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлаудың оның тұлғалық кәсіби-бағдарланған қасиеттеріне арналғаны жөн деп саналған.

Оның ішінде С.Т.Каргин, М.С.Молдабекова, М.О.Абдикаримов, А.Б.Интыкбаева, В.Ю.Саловтар[93,100,101,] нақты педагогикалық шарттарды туғызу болашақ педагогтарды кәсіби қызметке даярлауда шешуші міндет атқарады десе, А.Б.Нұрлыбекова, К.С.Абишев, Б.И.Орумбаев, Т.Қуанышев [103,97,9] даярлық жұмыстары арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ортада нәтижелі болады деп санайды.

Н.М.Борытко, Ж.Қобланов, Ж.Егизбаев, Л.С.Асмолова, У.С.Марчибаев, В.В.Лобачевтар педагогикалық шарттар деп педагогикалық үрдістің өтуіне маңызды ықпал етуші, мұғалімнің саналы түрде құрастырған сыртқы себебі деп түсіндіреді [57,109,99,98,96,102]. Олар сыртқы себептерді мақсатқа жету үшін оқытуды ұйымдастыру формаларын, білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау, құрастыру және қолданудың бағдарланаған нәтижесі болып табылатынын көрсетеді.

Н.М.Борытко педагогикалық  шарттарды айқындау үшін біраз зерттеу шараларын жүзеге асыру қажет деп санайды [57, 76б] олар таңдап алынған әдістер мен жұмысты ұйымдастыру формаларының дамыту потенциалы; теориялық келістерде және педагогикалық тәжірибелерде нақты белгісі бар эпизодтар; зерттеу мәселесін дамытуды  ынталандыру және қарсы әсер ету; өте тиімді әдістемелік тәсілдер мен жұмыс формаларын және басқарылатын педагогикалық шарттарды таңдап алу; өзіндік көзқарасты дамытуға мүмкіндік беретін даму логикасын педагогикалық тұрғыдан құру; үрдісті диагностикалау және түзету құралдарын таңдау; ұсынылған шарттар жүйесінің нәтижелілігін  дәлеледеуді таңдау болып табылады.

Сол сияқты, Г.Д.Иванов, Д.Р.Абдикадыровтар болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке дайындығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтауда психологиялық-педагогикалық нобайға сүйену қажет жеп санайды [94,95]. Олардың тұжырымдарына сәйкес нобай (модель) – схема, физикалық құрылым, таңбалық форма, немесе формула түрінде берілген, зерттелетін нысанаға ұқсас болатын, осы нысананың құрылымын, қасиеттерін және өзара байланысын бейнелеп көрсететін жасанды нысана.

Біз өзіміздің зерттеу  жұмысымызда Ш.М.Бақтыбаева, О.А.Аяшев, А.Б.Нұрлыбекова, М.О.Абдикаримов, В.В.Лобачевтар ұсынған педагогикалық нобай туралы ойларының негізгі ұстанымдарын пайдаландық [83,91,87].

Жоғарыда атқарылған талдау жұмысының негізінде осы зерттеу талабына сәйкес педагогикалық нобай мынадай кезеңдерді қамтығаны жөн деп санаймыз: 1) зерттеу пәнін сапалық сипаттау, яғни нобайдың әдіснамалық негізін таңдау; 2) нобайдың міндеттерін қою; 3) зерттеу нысанасының негізгі элементтері арасындағы байланысты дәйектеу, нысанасының өлшемдерін және осы өлшемдердің өзгеруін бағалау критерийлерін анықтау, өлшеу әдістемелерін таңдау; 4) нобайды педагогикалық эксприментте қолдану; 5) нобайлау нәтижесін түрлендіру.

Педагогикалық нобайлау үрдісі мынадай ұстанымдарға негізделді: зерттеу мәселесін өрнектеу және педагогикалық жағдаяттың дамуын талдау; белгілі бір құндылықтар және келістер жүйесінде ойлар ұсыну; жетекші ойларға және құндылықтарға сәйкес қажет деп саналатын педагогикалық  нысананы құрудың нобайын әзірлеу; мақсатқа жетудің тәсілдері туралы ұсыныстарды өрнектеу; қызмет, әрекеттің кезеңдерін сипаттау; күтілетін нәтижелерді бағалау критерийлерін айқындау; педагогикалық қызметтің оңтайлы варианттарын таңдау; ойды жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді нақтылау; диагностика және түзету қызметтерін жүзеге асыру кезеңдерін анықтау; қорытынды кезең: нәтижелерді түйіндеу, қорытынды.

Жоғарыда келтірілген  ұстанымдар негізінде болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы әзірленді (1 кесте). Нобайды әзірлеу барысында дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық және құзыреттілік (функ-циональды) ерекшеліктері есепке алынды. Сонымен бірге, біз әзірлеген нобай негізіне бірнеше психологиялық-педагогикалық принциптер кірді. Олар жүйелілік принципі, диалог принципі, білімгерлердің даралық ерекшеліктерін есепке алатын даралық принципі, ғылымилылық принципі, үздіксіздік принципі.

Біз әзірлеген болашақ  дене шынықтыру мұғалімінің  кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы кәсіби қызметке дайындық мақсатын, құрылымын және дайындықтың қалыптасу деңгейлерін, білім беру үрдісінің тиімділігін диагностикалау әдістері мент құралдарын, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын қарастырады.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың  даярлығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-шылық-басқарушылық, денсаулық сақтау-салауатты өмір салтын насихаттау қызметтерін қатар алу жүру қажет. дағдыларының мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары нақты жүйені қамтитын нобайға (модельге)

Аталған кәсіби-педагогикалық қызметтер  білімгерлердің 1-4 курстарда алатын білім, іскерліктері мен сүйенеді. Онда дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымы (4-сурет) мен кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру деңгейлері мен мазмұны (1 кесте) есепке алынып, есепке алынып, академиялық типті оқу қызметін (лекция, семинар, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар) және кәсіби қызметті ұйымдастыру  формалары: педагогикалық практика, сабақтарды талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері анықталынады.


Ұсынылып отырылған  нобайға сәйкес зерттеу жұмысының  негізгі мақсаты білімгердің  кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттардың қажеттігін көрсету болып табылады. Біздің жұмысымызда оқытуды қарқындату және саралау арнайы ұйымдастырылатын педагогикалық шарт ретінде  болашақ дене шынықтыру мұғалімін дайындау үрдісінде академиялық типті оқу қызметін ұйымдастырудың (лекция, семинар, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар) тек мазмұнын ғана өзгертіп қоймай, сонымен бірге сол үрдісті

ұйымдастыру формасын түрлендіру, яғни  кәсіби оқыту формаларының басымдығын қамтамасыз ету секілді педагогикалық шартты жүзеге асырудың механизмін(рөльдік ойындар, тренингтер, топтық талдау, қарым-қатынастық зерттеулер арқылы) тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралда-рымен қамтамасыз ету кәсіби қызметтің білімдік, құндылықтық және әрекеттік мазмұнын байытуға, таңдау материалдарының қорын әзірлеуге және оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалануға, сол арқылы педагогикалық қызметтің әрекеттік құраушысын күшейтуге мүмкіндік жасайды.

Ал рефлексияны дамыту арқылы ең басты педагогикалық шарт бола алатын кәсіби қызметті ұйымдастыру формаларын, яғни педагогикалық практика кезеңінде сабақтарды талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, кәсіби талқыдан өту секілді кәсіби қалыптасудың әрекеттік мазмұнын меңгерту құзырлы педагогқа тән кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың соңғы кезеңін қамтамасыз ете алады.

Сондықтан да нобай мазмұны  бойынша оқу үрдісінде ойындарды  топтық формада ұйымдастыру ұжым мүшелерінің өзара бірлігі мен  беріктілігін қалыптастыруға жетелейтін тұтастығын, белгілі бір нәтижеге жетудің табыстылығына ұжымның сенуіне, топтық қарым-қатынас үрдісінде


 




 






 


 







 

 






 







                        

 





 

 


5 сурет - Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру нобайы (моделі)

педагогикалық мәселелердің ортақтығына, бірін-бірі қолдауға ортақ  құралдарды іздеу және табуға жаттығу, топта қолдау табу үшін қажетті мінез-құлық үлгілерін қолдану, оқушылардың сыртқы (бәсекелестік) ұмтылыстарын ішкі (мазмұндық) ұмтылыстарға түрлендіру секілді нәтижелер алуға мүмкіндік береді деп саналады.

Осы педагогикалық шарттар білімгерлердің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дамытушы және қалыптастырушы шешуші факторлар бола алады. Олар бір-бірімен үйлесімділік таныта отырып, өзара тәуелділік сипатын көрсете алады. Сондықтан осындай ұйымдастыру формасы даралық және фронтальды ұйымдастыру формаларына қарағанда бәсекелестіктен ынтымақтастыққа жетелейтін тиімді форма болып табылып отыр.

Кәсіби ойындар  өз мәні бойынша  нақты өмірдің барлық жағын бейнелей алатын көркем-бейнелі  сипатта болады. Оны психологиялық  көзқарас бойынша рольдік ойындардың мазмұны олардың адамды өзгерту  емес білім беру үрдісіндегі тәрбие субъектілерінің арасындағы кәсіби-педагогикалық қатынас деп санауға болады.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру