Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Біз қарастырып отырған дене шынықтыру бағдарламасының мақсаты- спорттық олимпиадалық түрлері бойынша маманданған спортшыларды даярлау болып табылады. Ондағы жұмыстың негізгі түрі-оқу топтарындағы жаттықтыру сабақтары, жарыстарға қатысу, спорттық сауықтыру лагерлеріне бару, өзін-өзі бақылау, гигиеналық теориялық сабақтар өту болып саналады. 

Жасөспірім спортшыларға арналған арнаулы спорт мектептерінің оқу жоспарына баланың жас ерекшелігі мен спорттық мамандығына қарай бір жылда сабақтарға 500 - 1000 оқу сағаты бөлінеді. Жаттығу уақытының басым бөлігі [70% мөлшеріндей] спорттық мамандық түріне - арнаулы дене жаттығуларға арналады. Спорт мектебіндегі сабақтар мектептен тыс уақытта, әдетте аптасына 3-4 рет өткізіледі: әр жаттығу сабағының ұзақтығы жас ерекшелігіне қарай 2-4 сағатқа созылады. Спорт мектебі оқушыларының дайындығының өлшемі жарыстар кезіндегі спорттық нәтижелер болып табылады.

Спорттық бағыттағы  жалпы білім беретін мектеп-интернаттардағы  оқушылардың дене шынықтыру бағдарламалары спорттың белгілі бір түрінен жоғары шеберлікке жетуге бағытталады. Бұл мектеп-интернаттарға денсаулығы мықты, дене жағынан шыңдалған балаларды іріктеп алады, оларды 3-4 сыныптардан бастап қабылдап, 8 немесе 9 жылға созылады. Мектеп-интернаттарының оқу жоспарына бір жылға 700-1500 оқу сағаты бөлінетін спорттық дайындық жоспарланады.

Жаттықтыру сабақтары  демалыс күннен басқа барлық күндерде жүргізіледі. Әр жаттығудың үзақтығы 3-6 сағат, олар әдетте: таңертеңгі және кешкі  жаттығулардан тұрады. Оқушының жеке басының ерекшелігіне, спорттың түріне, жаттығу процесінің мерзіміне қарай берілетін жаттығу жүктемелері көбейеді немесе азаяды. Спорттық бағыттағы мектеп-интернаттағы оқу-жаттығу сабақтарынан орта мектептегі жалпы білім беруші пәндердің аздап қысқарған көлемі қосылады.

Мектеп-интернат оқушылары үшін міндетті түрде денсаулықты қалпына келтіру шараларының жиынтығы жүргізіледі, дұрыс тамақтану және күндізгі демалыс пен ұйқыны қамтитын күн тәртібі ұйымдастъірылады. Интернаттағы медицина қызметкерлері мен аймақтық дене шынықтыру диспансерінің дәрігерлері оқушылардың денсаулық жағдайы мен оқу-жаттығу жүктемесінің мөлшерін бақылап отырады. Жаттықтырушылар дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін спорттық дайындықтың жеке жоспарын түзетуге пайдаланады. Мұндай мектептердегі оқушылардың дене шынықтырудың өлшемі - спорттық нәтижелер, елдің құрама тобында қатысулары болып табылады.

Міне, Қазақстандағы мектеп оқушыларының дене шынықтырудағы қазіргі бағдарламаларын талдай келе,  олардың оқушылардың жастарына қарай және оқу-тәрбие мекемелерінің үлгілеріне қарай жіктелгенін айқындадық. Бұл бағдарламада дене шынықтырудың ең міндетті және қажетті түрлері қарастырылған, оқу аптасы мен оқу жылының күн тәртібіндегі сабақтардың көлемі мен ұзақтығы, қажетті құралдары көрсетілген. Басқа елдерде қабылданған осындай бағдарламаларды таддаудың мәні зор. Мұндай салыстырулар біздің елдегі жастардың дене шынықтыруын жетілдіру жолдарын көбейтуге мүмкіндік береді.

Мысалы, қазақстандық ғалым  Қ.Адамбековтың зерттеуі бойынша Батыс  Европаның көп елдерінде мектепке дейінгі жастағы балалардың дене шынықтырунің міндетті мемлекетгік бағдарламасы жасалған. Осы тұрғыда берілген ұсыныстарда осы жастағы балаларға өте лайықгы спорттық ойындар көп берілген, дене жаттығу сабақтардың түрлері баланың табиғи белсенділігін көтеруге бағыталған [12,16б.].

Біздің ойымызша, мектепке дейінгі балалар үшін физиологиялық тұрғыда және әлеуметтік маңызы жағынан да табиғи қозғалыс жағдайларын игерудің мәні жоғары. Осылар арқылы балалар қоршаған орта туралы білімін кеңейтеді. Табиғи қозғалыс дағдыларын жақсы қалыптастырады, балаға өз ойын, көңіл-күйін және сезімін білдіруге көмектеседі. Міне сондықтан да, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері мен ата-аналар баланың түрлі табиғи қозғалыстарды игеруін бақылап отыруы керек.

Ал, американдық мамандар баланы табиғи қозғалыстарға үйрету үшін арнайы қозғалыстар мектебін құруды ұсынады. Мұндай мектептердің бағдарламасында дағды мен икемнің үш түрін: локомоторлық, тепе-теңдік және манипулятивтік формаларын қалыптастыру кіреді. Мұнда балаларды дұрыс жүруге, жүгіруге, айналып түсуге, секіруге, лақтыруға, допты қағып алуға үйретеді. Қ.Адамбековтің пікірінше бала бұл дағдыларды мектепке барғанға дейін-ақ үйрену керек, себебі олар басқа қозғалыс қимылдарының негізі болып табылады.

Шығыс Еуропа елдерінде  мектеп оқушыларының дене шынықтыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда соңғы жылдардағы маңызды өзгерістер қайта құрумен байланысты енгізілді. Жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтырудың жаңа бағдарламаларыңда дене шынықтыру-сауықтыру, сонымен қатар әсіресе сыныптан тыс, мектептен тыс спорттық жұмыстарға көп мән беріледі. Дене шынықтыру бағдарламасында гимнастика және жеңіл атлетикаға бөлінген дәстүрлі тарау азайтылған. Шығыс Еуропа елдеріндегі мамандардың пікірінше, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары мектеп жасындағы оқушыларды жан-жақты дамытудың ең бір нәтижелі құралы болып отыр. Дене шынықтыруды ұйымдастыру түрлері әр елде әртүрлі, себебі сол елдің ұлттық дәстүріне тікелей байланысты болады.

Қ.Адамбековтың Шығыс Еуропа елдеріндегі оқушылардың дене шынықтырудың көптеген бағдарламалары, біржақты сипат алған деген пікіріне біз де қосыламыз, себебі көбіне бастауыш сыныптағы баланы спорттық жаттықтыру үрдісін қолдана отырып, спорттың белгілі бір түріне дайындауды көздеу орын алған [12, 29б.]. Мұнда ең жоғарғы жетістіктерге жетуге бағыттау, мамандыққа үйретуді арттыру немесе жекелеу, жаттығудың үздіксіздігі, ең ақырғы жүктемелерге біртіндеп көшу басым болады. Бағдарламаларды мұндай таңдау мектептегі дене шынықтырудың мамандандырылуына әкеліп coқтыруы  мүмкін. Ал бұл оқушылардың дене шынықтыру жүйесінің сауықтыру міндеттері мен жалпы негіздеріне қайшы келеді.

Біз алдыңғы қатарлы бірнеше мемлекеттердегі оқушылардың дене шынықтыру бағдарламаларын талдау арқылы бұл елдерде дене шынықтыруды басқару орталықтарының және бірдей басшылықтардың жоқтығын көрдік. Ол дене шынықтыру жүйесінің жоқтығы елдегі бүкіл жастардың жоспарлы және жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкіндік бермейтінін көрсетеді.

Сонымен бірге, көптеген елдерде  мұғалім мектептің нақты  каржы жағдайы мен материалдық-техникалық мүмкіндігін ескере отырып, өз бетінше бағдарламаны өзгерте алатыны айқындалды. Американдық ғалым Дж.Уилмер көрсеткеніндей, америка мектептерінің үштен бірі ғана дене шынықтыру бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік алған [12, 34б.]. Педагогикалық бақылау жүйесінде белгіленген көрсеткіш мөлшеріне емес, оқушының қозғалыс қабілеттерінің жоғарылау қарқынына көп мән беріледі. Бұл кезде, әсіресе қимыл мен демалыстың ауысуына, сабақтың әсерлігі мен өнімділігіне, балалардың өз бетінше дене шынықтыру дағдыларын үйренуіне көп мән береді.

Германия мектептерінде сабақтар көбінесе ашық аспан астында өтеді, бұл балалардың шыңдалуына жағдай жасайды. Бірақ мамандардың пікірінше, мұның басқа да себептері: бастауыш мектептердің - 84%-де спорттық кешендері жоқ, ал әр саладағы орындарының - 58%-де және гимназиялардың - 25%-де гимнастика залдары жоқ деп біледі.

Оқушылардың дене шынықтыру бойынша бағдарлама мазмұны мен міндетіне байланысты  сабақтардың апталық көлемі әр елдегі мектептерде өр түрлі. Мысалы, Швеция, Голландия, Италия секілді дамыған капиталистік елдердегі бағдарлама мазмұнында ерекше көңіл аударатын мәселе – спорттық ойындардың көп қолданылуы, ұсынылған спорт түрлерінің көптігі, яғни оқушыларға қозғалыс түрін тандауға еркіндік берілуі мақтауға тұрарлық.

Оқушылардың дене шынықтыру жүйесін зерттеуде, әсіресе АҚШ-та қалыптасқан тәжірибе көп назар аудартады. Бұл елдегі сыртқы саясат ерекшелігі мен техникалық прогреске орай жастар мен оқушылардың дене шынықтыру мәселесіндегі кейбір бағытын өзгерту тенденциясынан көрінеді. Ең алдымен, әскери қызметкер мен өндірістің әртүрлі саласындағы жұмысшылар дайындауға мән беріледі. Себебі олардың дене дайындығына және күш-қуатына деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан осы тұрғыда спорттың бұқаралық түрлерін дамыту, дене шынықтыру бойынша қосымша әдебиеттерді жетілдіру, сондай-ақ дене жаттығуларын сауықтыру шаралары мақсатында қолдану барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса спорттық клубтардың санын өсіруге және сауықтыру-шынықгыру бағдарламаларын насихаттауға бірдей күш салады.

Ал Кеңес Одағы зерттеушілерінің жұмыстарында АҚШ мектептерінде  білім жүйесінің жалпы жағдайлары мен себептері, ұйымдастырылған  формалардың үйрету бағыттарын бірнеше  рет талдауға салынған болатын. Онда жұмыста жастардың дене шынықтыруды ұйымдастырудың және спортшыларды дайындау әдісінің жаңа саласы ашылды: спорт жұмысындағы жергілікті жасөспірім мен балалардың әлеуметтік мәселелері қарастырылған еді [86, 11,116,117].

Жоғарыда қарастырылған  талдау нәтижелері бойынша Қазақстандағы  және басқа елдердегі  дене шынықтыру бағдарламаларының ортақ ерекшелігінде айтып өту керек. Олар мектеп оқушыларының дене дайындықтарының сандық көрсеткіштерінің жетістіктеріне, жеке қимылдарды үйренудегі нәтижелікке немесе спорт жарыстарына қатысуға негізделген.

Сондай-ақ, Қазақстандағы  және басқа елдердегі мектептердің дене шынықтыру мақсатын, жан-жақты дамуы мен денсаулықты нығайту жағын қарастыру аса маңызды. Осыған орай дене шынықтыру нәтижелерінің негізгі қорытынды көрсеткіштері(оның қайда, кім болғанына байланысты емес) мектеп оқушыларының денсаулық деңгейі және оның өсуі мен дамуының табиғи ырғағына сай келуі, адамның әлеуметтік және дене жұмыс қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажеттігі расталды [11-61б.,118].

Біз, дене шынықтыруды бағалаудың осы өлшемі дұрыс болып саналады, себебі бұл соңғы нәтижені бағалауға, елдің басты байлығы - жастардың 
денсаулығын нығайтуға және ертеңгі күні барлық халықтың денсаулық 
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді деп санаймыз. 

Дене шынықтыру бағдарламасында мұндай өлшемнің жоқтығы, біздің ойымызша, дене шынықтырудың педагогикалық және әлеуметтік салаларының жетілмегендігін көрсетеді. Ғылым әлі де болса халықтың денсаулығы мен оның дене шынықтыруды ұйымдастырудың арасындағы себеп-салдарлы байланысты жеткілікті зерттеген жоқ, дені сау адамдардың денсаулық өлшемдері көрсетілмеді, дене шынықтыру құралдары арқылы әлеуметтік мәні зор қызметтерді белсенді түрде қалыптастыру жолдары қарастырылды [140,143]. Сондай-ақ, мынадай ғылыми бағыт: дене шынықтыру гимнастикасы дамымады, ол бойынша халықтың дене шынықтыруды ұйымдастыру принциптері негізделіп, әсіресе мектеп жасындағы балаларға дене шынықтыруға арналған жүктемелер мен дене жаттығуларын және табиғи факторларды қолданудың әдістері мен құралдарын белгілі бір тәртіпке келтіру керек.

Сонымен, дене шынықтыру құралдарын мақсатты түрде жүйелі пайдалану процесі - халықтың өмір сүру дағдысын қалыптастыратын әлеуметгік жағдайлар мен факторларға тәуелді екендігі толық расталды. Дене шынықтыруды дұрыс әрі сауатты ұйымдастыру дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметін жеткілікті меңгеруіне тікелей байланысты болады. Яғни, дене шынықтыру маманының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қаншалықты меңгеруіне қатысты болады деп тұжырымдай аламыз.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімін кәсіби қызметке даярлау жүйесіндегі дене шынықтырудың дифференциалды қатынасын қалыптастыру негізінде жүзеге асады деген тұжырымдамасын құруда төменде ұсынылып отырған алты негізгі ережені қарастыру заңды болады деп санаймыз [9,38,91,119].

Кәсіби іс-әрекеттің кез келген саласы сияқты педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі - мұғалім. Болашақ  мұғалімнің құралдары («еңбек құралдары») - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық сапасы, Н.Д. Хмель былай деп жазады: «...мектептің педагогикалық оқу-тәрбие үрдісінде іс-әрекет субъектісі мұғалім мен оқушылар; мұғалім іс-әрекетінің нысаны - оқушы емес, педагогикалық үрдіс [50, 25б.]. Педагогикалық оқу-тәрбие үрдісі  мұғалімнің мақсатты-бағдарлы қызметі негізінде нақты педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымдастырылған қатынас болып саналуда.

Ол туралы Ресей педагогтары  Б.Т.Лихачев пен А.В. Мудрик «педагогикалық іс-әрекет» ұғымына былай анықтама береді: «Педагогикалық іс-әрекет - бұл  кәсіби мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті» [59,120].

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби-педагогикалық  іс-әрекет болуы үшін қа-жетті белгіні  Н.В. Кузьмина былай сипаттайды: «Педагогтың  кәсібилігі негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту  қалай тәрбиелеу, оқушыны бір күйден екінші күйге  қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді қалай шешуге  мейлінше тез, үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі... педагог білімдерінің жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін анықтайды» [18, 44б.].

Н.В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекетті барлық адам айналысатын кәсіби емес педагогикалық іс-әрекетке  арнайы оқу-тәрбие мен білім беретін мекемелерде жүзеге асатын  кәсіби білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды талап ететін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке бөледі [18, 49б.].

Н.В. Кузьмина мұғалім білімдерінің педагогикалық құрылымынан үш компонентті ажыратады: ғылыми  кәсіби білімінің жүйесі. Бұл жүйенің маңызды компоненттерінің бірі - мұғалім оқытатын пәнін терең білуі; оқушы-лардың психикалық үрдістерін  олардың білімін қабылдау, игеру ерекшелік-терін қамтитын психологиялық білімдері; оқушылар білімдерінің сапасын анықтау, білімдердегі кемшіліктерді байқау іскерліктерін қамтитын педагогикалық білімдер мен іскерліктер, сондай-ақ, оқушы оқу жұмысында игеруі тиіс оның білімі мен іскерліктерінің жүйесін алдын-ала жобалауды, ертерек қарастыру іскерліктерін  бұл білім мен іскерліктердің іс-әрекеттің қандай түрлерінде қалыптасуы мүмкін екендігін анықтауды қамтитын педагогикалық білім мен іскерліктер [19, 57б.].

Білім - субъектіге белгілі бір дәрежеде болашақты көре білуге мүмкіндік беретін объективтік дүниенің ойдағы бейнесі.

Іскерлік - субъектінің  білімдері мен дағдылары арқылы іс-әрекетті мақсатқа сай реттеу үшін қажетті психикалық  практикалық  әрекеттердің күрделі жүйесін игеруі [79, 176].

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру