Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Рольдік ойындарды  оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда  білімгерлер түрлі рольдерді орындады. Жоғарыда қарастырылған ұқсастыру (иммитациялық) ойындары нақты педагогикалық көріністі және педагогикалық қызметтің пәндік мазмұнын нобайлауға негізделген ойындар типі болып өзіндік темпераментімен ерекшеленеді. Сондықтан біздің жұмысымызда ұқсастыру ойындары болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының мазмұнын айқындап беруге бағытталған  қарым-қатынастар жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Ойынға қатысушылар  ойын мақсатына қол жеткізуге, олардың  нәтижелерін талдауға  тікелей  атсалысты, нақты өмірде бірден шешімін  таба алмайтын мәселелерді ойын барысында шешу жолдарын көрсете алу дағдыларын меңгерді.

Зерттеу барысында ойындардың  екі бағыттылығы есепке алынды: іс-әрекеттің  ойын деңгейінде жүзеге асуын және оқу-танымдық үрдіс ретінде білімгерлердің танымдық қызығушылықтарын дамыту нәтижесін  көрсетті. Ойын соңында білімгер ойын барысында жинақтаған жаңа тәжірибесі негізінде қоршаған ортаға жаңа көзқараспен қарай алады. Бұл кезеңде  білімгерлер ретроспективті талдау жасау арқылы(рефлексия) ойын жолдары мен оқу үрдісі барысында қалыптасатын өзара қатынастарды меңгереді. Осы ойындар барысында ұйымдастырылған барлық оқу үрдісі видеоға түсіріліп, арнайы видеопрактикумдар әзірленді. Олар кейін білімгерлердің өзінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейлерін талқылауда қолданылды.

Сол себепті болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда арнайы ұйымдастырылған кәсіби ойындар білімгер тұлғасының маңызды сапаларын дамытуда және оларды жүзеге асырудың басты мазмұны бола алады деп санаймыз.

Сонымен бірге біз  білімгерлердің іс-әрекетінің түрткісі ретінде ойын қызметінде шартталған сыртқы ұмтылыстарды есепке алсақ, әрбір білімгердің тұлғалық диспозициясымен (қажеттіліктері, ұстанымдары, қызығушылықтары, құмарлықтары, тілектері) байланысты ішкі ұмтылысының ойын үрдісінде жақсы дамитынын көрсете алдық.

Ойын әрекетінің басты  функциясы білімгерлердің ойын қызметін ұйымдастыру үрдісінде пайда  болатын түйсінуі, мінез-құлық өзгерісін  анықтаушы ішкі импульстарын қарым-қатынас  барысында бере алу қабылетін  дамыту  болып табылады.

Ойын әрекетінің коллизиялық  функциясы нақты өмірде жиі кездесетін, жасырын қарама-қайшылықтарды көре алуға мүмкіндік береді, өйткені  өмірдің нобайы қызметін атқаратын  ойындар табиғатта, қоғамда болып  жатқан қайшылықтардың орны мен шешілу мүкіндіктерін ашуға жағдай жасайды.

Ал ойын әрекетінің  рефлексивті функциясы  бастан өткізген оқиғаға байланысты болашақ мұғалімге  өзіндік «Мен» бейнесін құруға және ойын барысында қалыптасатын қатынастарды талдауға, өзіне ұтымды, құрметті, өзіндік  бағалау бағанын көтеру іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ойын әрекетінің сыни тұрғыдан бағалау функциясы білімгерлердің ойын мазмұнын нақты өмірмен салыстыра  отырып, ұсынылған нобайдың идеалды  және рационалды нормалары мен құндылықтарын  сынап, талдай алуға жағдай жасайды.

Ойын әрекетінің мағына түзуші функциясы ойын әрекеті барысында кездесетін оқиғалар мен құбылыстарға байланысты мағыналық ой-пікірлерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұқсастыру ойындарын қолдану барысында нақты кәсіби дағдыларды меңгерумен бірге, жеке-дара тұлғалық қасиеттерді меңгеруге өтудің бағдарлы жүйесі қалыптасады. Нәтижесінде білімгерлердің өз мүмкіндігінің зерттеу аясын кеңітіп, жаңа құндылықтық ұстанымдарды іздеуіне алып келеді.

Ал ойын әрекетінің бағдарлаушы  функциясы әрбір білімгердің  тұлғалық дүниетанымын құруына жағдай тудырады. Білімгерлердің дүниетанымы алынған ақпараттар мен ғылыми білімнің ұштасуы арқылы қалыптасады. Көп жағдайда ғылыми негізсіз берілген ақпараттар әлеуметтік тапсырыстарға сәйкес келе бермейді. Сондықтан 2-3 курстарда білімгерлердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда әлеуметтік тапсырыстардың әлеуетін ескерген жөн деп табылады. Бұл жағдайда ұқсастыру ойындары әлеуметтік мазмұнды қамти алады.

Шығармашылық-түрлендіруші ойындардың атқаратын функциясы  тұлғаның кәсіби қызметін жаңа өлшемдер деңгейінде қарастыруға және әрекеттер жүйесін жобалауға, сол арқылы кәсіби қызметтің әрекеттік мазмұнын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, болашақ  дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру нобайының үлгісінде тренинг-ойындар қолданылады. Олар екінші бөлімде жан-жақты қарастырылады. Тренинг ойындардың негізгі мақсаты құндылықтық бағалауды қамтамасыз ететін талдау, топтық талдау, өз ұсынысы мен әдістемесін қорғай алу секілді іс-әрекеттерді қалыптастыру.

Нобайда болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуының жауапты кезеңі - 3 және 4 курстарда оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшелігін көрсету болып табылады. Кәсіби қызметтің әрекеттік құраушысының нәтижелерін бағалау: түрлі педагогикалық ситуацияларды шешу, видеосюжеттерді талқылау, өзіндік бағалау, талдау секілді әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуының жоғарғы деңгейі 4 курста кәсіби қызметті ұйымдастыру  формаларына: педагогикалық практика, сабақтарды талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу қызметтерін меңгеруі арқылы жүзеге асырылады.

Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптастыруда дене шынықтыру сабағын жүргізудің кейбір-дербес ерекшеліктерін есепке алуды меңгерткен жөн. Атап айтқанда қазіргі уақытта Қазақстанда шағын жинақталған мектептерде дене шынықтыру сабақтарын өткізуде өзіндік ерекшеліктерді басшылыққа алу керек.

Ол туралы «Қазақстан мектебі» журналының №3 санында жарық көрген Ж.Есіркепов пен Б.Қаражановтың «Дене шынықтыру сабағын жүргізудің кейбір ерекшеліктері» мақаласында жан-жақты талдау жасалынған [105]. Сол мақаланың негізінде жоғарыда қарастырылған ойындардың басқаша мазмұн мен формада ұйымдастыруға болатынын білімгерлерге жеткізген жөн деп санап, оларды төмендегідей әдістемелік мазмұнда беріп отырмыз. Бұл нобай бойынша  анықталған: «Кәсіби оқыту формаларының басымдығын қамтамасыз ету»; «Оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету» секілді педагогикалық шарттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді және рефлексиялық қабылдау жағдайын туғызады.



Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыруды жүргізуде өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір мезгілде 2-3 сыныптарға дене шынықтыру сабағын өткізу тек әдістемелік бағытта емес, сонымен бірге оны ұйымдастыру тұстары да күрделі және қиын жүмыс. Әсіресе, шағын кешенді бастауыш мектептерде дене шынықтыру мұғалімі қозғалыс ойындарын сабақ барысында қолдануда үлкен қиындықтарға кездеседі. Себебі, оқушылардың дене дайындығы, қимыл-қозғалыстарды меңгеру дәрежелері біркелкі еместігімен қатар қызығуы мен білім деңгейлері әр түрлі болып келеді. Сонымен қатар көпшілік жерлерде және осындай түрдегі ауылдық мектептерде сыныптардағы оқушылар санының аздығына байланысты дене жаттығуларын, ойындарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Мұның барлығы ойын материлдарының білікті сұрыпталуын, төменгі сынып оқушыларының ойын барысындағы қимыл-козғалыстарының үнемі бақылауын қажет етеді. Жылдар бойғы жинаған тәжірибе көрсеткеніндей, сабақтағы "Қимылды-қозғалыс ойындары" бөлімінін шарты бойынша 1-сынып оқушыларымен қатар 2-3-4-сынып оқушыларының да ойынға қызығуын арттыру керек.

Көбінесе, балалардың қызығуы мен дене дамуына сәйкес келмейтін ойындар педагогикалық нәтиже бермейді. Мысалы, "Ғарышкерлер" ойыны 1-сынып оқушыларының қызығуын туғызғанымен 4-сынып және одан да жоғары сынып оқушыларының арасында бұл ойын айтарлықтай нәтиже бермейді. Керісінше 3-4-сыныпқа арналған доппен ойнау арқылы жүзеге асатын эстафеталық ойындар бірінші сынып оқушыларына қиындық тудырады.

Осыған байланысты шағын кешенді бастауыш мектептерде ойын таңдау дене шынықтыру сабағындағы өте қажетті шарт болып табылады. Бұл көптеген тәрбиелік және қозғалыстық міндеттердің шешімі болады. Біріншіден. мұғалімге балаларды ұйымдастыру, екіншіден, баланың өз бағытымен ойын жеткізе білуге жәрдемдесу қажет болса, үшіншіден, дене қабілеттерінің барлығын жоғары сатыға көтеріп, мейлінше жетілдіру керек. Әрине, сабақ жоспарына енгізілген барлық қозғалыс ойындарын олардың жасы мен жынысына қарамай үлкен табыспен барлық бастауыш сынып оқушыларына жүргізуге болады.

Бұларға мына ойындар: "Ақ аюлар", "Бақшадағы қояндар", "Арықтағы қасқыр", "Аққулар  мен қаздар" жатады. Бұндай қозғалыс ойындарына бірінші сынып оқушыларымен қатар басқа үлкен жастағы балалар да қызығады. Бұл ойындар З-4-сынып оқушыларына өздерінің ойындағы бейімділігін, ептілігін көрсетуге мүмкіндік берсе, ал кішкентай балаларға олардан үлгі алып, ойын барысында көп нәрсені көріп, үйренуге мүмкіндік алады. Міне, осылайша ортақ ойындарды бірдей ережелерге сүйене отырып барлық сыныптарға дене шынықтыру сабағында өткізуге болады. Тек осы жағдайда ғана шеберлікпен өткізілген ортақ ойындар әр түрлі жастағы оқушылардың қозғалыс ойындарына қатысуына жақсы әсер етеді. Тәжірибе бойынша, кейбір ортақ ойындарға әр түрлі өзгерістер мен жарыстардың элементтерін енгізіп, үлкен балаларға күрделі тапсырмалар беру үшін қажет. Егер сыныпта 1-сынып оқушылары көп болса, онда осы жастағы оқушыларға сәйкес қозғалыс ойындарын өткізу керек, ал үлкен балаларға ойын ережесін сәл қиыңдатып, мысалы, көпшілікке белгілі "Ғарышкерлер" ойынын мына жолдармен өткізуге болады.

  1. Әр түрлі сыныптың оқушылары "Зымыранда" тек өз орыңдарын алады.
  2. Ал З-4-сынып оқушыларына шеңберден "Зымыранға" дейінгі қашықтық ұзартылады.
  3. Командалық вариант, оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топта әр жастағы ойыншылар болады.

Осы сияқты басқа да жүгіру, секіру, лақтыру, тасымалдау секілді ойындарға да өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, "Шабандоз спортшылар" (1-сынып) ойынында бір шеңбер емес, оқушылар енді екі шеңбер жасап тұрады. Шеңбер ішінде З-4-сынып оқушылары, ал сыртқысында 1-2-сынып оқушылары, олар "ат қораға" жақын орналасады. Ал "Түлкі мен тауықтар" (1-сынып) ойынында гимнастикалық орындықтар орнына секіртпені (скакалка) қолдануға болады. Секіртпелерді төрт қатар бойынша қойып, екі қарама-қарсыны 30-35см, биіктікте, ал 2-ін 40-45 см. биіктікте торт бағанаға байлау керек. 3-4 сынып оқушылары "Түлкіден"' қашьш жүріп тек биіктеуінен секіреді.

Бұл Е.Қ.Уаңбаевтың «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі» оқу құралында баяндалған «Дене қуатының қасиеттерін дамыту әдістемесінің» талаптарын толық қанағаттандырады [48].

Осы мақалада 3-4-сыныпқа  арналған ойындар барысында 1-сынып  оқушылары ойын қимылдарының жеңілдетілген түрімен ойнайды. Мысалы, "Қозғалмалы нысана" ойынында ойыншылар шахматтық ретпен бірінші қатарда жүргізушіге 1-2-сынып оқушылары, екінші қатарда З-4-сынып оқушылары орналасады. Дәл осы қатарды "Аңшылар мен үйректер" ойынында да сақтауға болады. Кейбір бағдарламалық ойындарда ойын қимылдарын үлкен оқушыларға сәл күрделендіріліп берілгені жөн. Яғни дене шынықтыру мұғаліміне жылдамдық пен оны дамыту әдістерін басты назарға алу аса қажет.

Мысалы, "Қоян, күзетші, Ақтөс" (1-сынып) ойынына З-4-сынып ойыншылары қатыса алады, олар "Бақшаға" келмес бұрын және қашар кезде жіптен секіріп немесе астынан өтуге тиіс. Ал екінші топ (1-2 сынып оқушылары) ойнар кезінде бұл кедергілер алынып тасталынады. Дене шынықтыру пәні мұғалімі осы әдіспен көптеген ойындарды ("Бақшадағы қоян", "Секіргіш торғайлар") өткізуіне болады. Бірінші бір аяқпен жоғары сынып оқушылары шеңберден секірсе, екі аяқпен кішкентай оқушылар секіреді. Бұл үзіліс жасап, тез шаршамауға көмектеседі. Барлық оқушылар тең дәрежеде ойнау үшін қозғалыс ойындарында әр түрлі рольдер беру керек. Мысалы, "Қақпан" ойынында 1-2-сынып балалары қақпан болса, З-4-сынып оқушылары "тышқан" болады. Кейін ойыншылар орын алмасады. Бұл жағдайда екі жас ерекшеліктері бар топтар теңеседі. Бұл бастаушылар ролін атқарушыға байланысты. Көптеген қозғалыс ойындарында бір немесе бірнеше бастаушы керек. Олардың ролі әр түрлі болуы мүмкін (жетіп алу, дауыс арқылы тану, шешуші кім келген). Бір рөл бастаушыдан ептілікті, екіншісінен шапшаңдықты, үшіншісінен ақылдылықты қажет етеді. Осындай қасиеттері бар бастаушымен ғана ойын табысқа жетеді. Сондықтан ойын бастаушыда тосын мінез болмауы керек. Бастаушы етіп шапшаң тез ойланып, тез бейімделетін дайындығы бар 3-4 сынып оқушыларын сайлауға болады. Бұл жерде дене шынықтыру мұғалімінен оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ептілікті, икемділікті және оларды дамыту әдістерін жүзеге асыру іскерлігі мен дағдысын жоғары деңгейде меңгергені жөн

Бірақ, бұл рөлден 1-сынып  оқушыларын алып тастаудың керегі жоқ  екенін естен шығармау керек. Себебі бастауыш мектептерде жасы кіші оқушылардың барлығы бастаушы болғысы келеді. Дегенмен ойынға бірнеше 3-4 сынып оқушыларының бастаушыларынан алған дұрыс. Ойын тандау балалардың белсенділігіне байланысты. Жарыс элементтерінен құралған ойын қызығуды арттырады. Егер ойын топтық болса, онда барлық оқушыларды топқа бөліп, бастаушы қою керек. Ең бacтысы топтық ойындарда барлық балалардың жастары, бойлары, күштері теңестірілуі керек. Осы арада дене шынықтыру мұғалімінің оқушы бойында төзімділікті дамыта алу іскерлігі жеткілікті болуы тиіс.

Эстафеталық жарыс пен ойындар барысында әр топқа тапсырма беру керек. Гимнастикалық орындықты қолдануда 1-сыныптар жүгіріп өтсе, 2-сыныптар еңбектеп өтеді, ал 3-4-сыныптар жатып алып қолының көмегімен жылжуы керек. Әр түрлі жолдар (варианттар) тек оқушыларға тең дәреже үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа ойынмен, кең қозғалыста болу үшін де керек. Мысалы, "Аңшылар мен үйректер" ойынында: 1) үйректер жұп болып тұрады (1-сынып оқушысы мен 4-сынып, 2-сынып оқушысы мен 3-сынып); үйрек тек бір-біріне 5 рет доп бергеннен кейін ғана допты лақтыруы қажет; отырған  үйрекке допты лақтырмау керек; 4) допты ұстап алған үйрек ойынды жалғастырады; 5) үйректер тізбекте тұрады және бір-бірінің белінен құшақтап   допты тек артында құшақтап тұрған ойыншыға лақтырады. Бұл басқа ойындарға да байланысты. "Епті балалар" (1-сынып) ойынын мына жолмен.өткізуге болады.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру