Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация
Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.
КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132
Бастауыш сыныптарда қозғалыс ойындарын таңдау толық емес шағын сыныптарға байланысты. Көбінесе, бұндай сыныптарда ойындар қызықты етпейді. Бұл жағдайда ойындарды тапсырманы орындау түрі арқылы өткізу қажет. Яғни ойын үстіндегі әлеуметтік интеграция жүзеге асады. Т.Ақпаевтың «Оқушылардың дене шынықтыруды қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері» монографиясында ойнаушылардың әрекетті бірлесе орындау мүмкіндігін дамытудың қажеттілігі осы міндетті жүзеге асырады. Сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімі осы қағидаға үлкен жауапкершілік пен қарауы тиіс.
Ойын таңдауға ойын өткізілетін жер, жыл мезгілі әсер етеді. Тар ғимараттарда қатарға тұрып ойналатын ойындар, ал кішкене сынып бөлмелерінде шағын топтармен ойналатын ойындар ойналса, ашық алаңда жүгіру, секіру ойындары дұрыс. Егер ойын ашық алаңда өтсе ауа райы мен температураға көңіл бөлу керек. Ойын таңдау кезінде тәрбиелік мәніне де мән берілгені ләзім. Барлық ойынды дұрыс ұйымдастыру мен өткізу кезекті достық қатынасты тудырып, бірлікке шақырады. Ережелерді қатаң сақтау, өздерінен кішкентайларға үлкендердің көмегі, ойын барысындағы қиындықта бір-біріне көмектесу, осының барлығы қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәніне жатады. Дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне 3-4 сынып оқушылары көп көмегін тигізеді. Олар мұғалімге ұпайларды санау, шекара сызықтарын сызу, шектеу барысында көмектеседі. Шағын кешенді мектептерде ойындарды дұрыс таңдау мен оларды біліктілік пен өткізу дене шынықтыру пәні мүғалімінің сабағының қасиетін арттырып, көптеген педагогикалық міндеттерді шешуге, бастауыш сыныптардағы оқушылардың қимыл-қозғалысының дамуына өз септігі мен пайдасын тигізеді.
Ойындар соңынан ойынға қатысушыларды (оқушыларды) бағалаудың тәрбиелік мәні зор. Бағалау барысында жекелеген оқушылардың ойын барысындағы қимыл-қозғалыс әрекеті, ойынға құлшыныспен қатысуы. қимыл белсенділігі, алғырлығы, тапқырлығы, жинақтылығы, жетекшілік қабілеті (егер команда жетекшісі болса), ойын барысындағы мінез-құлық әрекеті. т.о. сөз жоқ ескеріліп, мадақталып, бағаланып отырылуы тиіс. Бастауьш сынып оқушылары үшін ойынның және оған қойылатын бағаның тәрбиелік ықпалы зор. Сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімі педагогикалық бақылау және бағалау өлшемдерінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін жүзеге асыра алу іскерлігін жеткілікті меңгеруі міндетті.
Бағалау, баға қою олардың өз шама-шарқын бағалай білу мүмкіндіктерін, көпшілік арасында оқушыға өзінің «топбасшы» бейнесін байқаушылығын қамтамасыз етеді. «Баланы ойын өсіреді» деген қағида бар. Ойындар құрылымы жағынан әр түрлі, саны жағынан сан алуан болып келуі оқушылардың қимыл белсенділіктерін, дағдыларын неғұрлым жас кезінен бастап қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Ойындар әр түрлі болып өтілген сайын бұлшық ет топтарының оған қатысу мүмкіндігі мол болады. Ал ол қозғалыстың (ойындардын.) көп болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейін де дамыта түседі. Демек дене бітімі тұлғасының дұрыс қалыптасуы қимылды қозғалыс ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп байланысты. Бастауыш сынып оқушылары 4 жыл мерзімде 80-ге жуық ойын түрлерін меңгеруі тиіс. Міне, осы ойындарды толық меңгергенде ғана оқушылардың ерік-жігер және дене қасиеттері дамып, жетіліп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп көмегін тигізеді.
Олай болса, болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіби педагогикалық қызметке даярлау үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін дене шынықтыру мамандығы бойынша оқу-тәрбие үрдісін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттарға сәйкес жүргізу қажеттігі тағы да расталып отыр. Біздің жағдайымызда осындай педагогикалық шарттарға: білім беру мазмұнын саралау (дифференциациялау) арқылы оқытуды қарқындату; бағдарлап оқыту арқылы білім мазмұнының кәсіби басымдығын қамтамасыз ету; оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету арқылы болашақ мұғалімнің жалпыпедагогикалық және кәсіби іскерліктерінің сабақтастығын қамтамасыз ету; рефлексиялық қызметке даярлығын дамыту арқылы өзінің кәсіби іскерліктері мен дағдысын бағалай алуға жағдай тудыруды жатқызып отырмыз.
1-ші бөлім бойынша қорытынды
Бірінші бөлімде дене шынықтыруды қалыптастыру тарихына жасалынған шолу мен талдау жеке адамның тұлғалық қалыптасуында дене күшінің нақты бір физиологиялық және психо-педагогикалық заңдылықтарға тәуелді еқендігі расталды және осы заңдылықтар жеке адамның даму және қалыптасу теориясын, адам әрекетінің жалпы психологиялық моделі теориясын, функциональды жүйелер теориясын, адамның дене белсенділігін, дене шынықтырундегі жекелеу және дифференциациялау принциптерін, дене шынықтыру мен спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының гуманистік идеяларын негізге алғанымен, XXI ғасырдағы жеке адамның дене шынықтыруға тәуелділігін толық есепке алмай отырғандығы зерттелінді. Болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіби қызметке даярлаудың қажеттігі дәйектелініп, дене шынықтыру сабақтарының білімдік, құндылықтық, әрекеттік және рефлексивті мазмұндарын күшейту мәселесі ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттелініп, негізделді.
Дене шынықтыруды оқыту теориясы мен практикасы туралы психология-лық, педагогикалық зерттеулер талданып, «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымы дәйектелді және оның құрылымдық мазмұнын анықталынды. Бұл мазмұнға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» қарым-қатынасының интегральды жүйесі болып табылатыны, ал оның басты мақсаты дене дамуын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналатыны ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді. Осы тұрғыдан дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық мазмұны, оның құрылымдық және құзыретті құраушылары айқындалды.
Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Бөлім мазмұнында тал-данған еңбектер бойынша дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогика-лық қызметінің көпқұзыреттілігі кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталатыны расталды. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыпта-сатыны және оның көрінісі тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынатыны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденді.
Теориялық материалдарды талдау және зерттеу мәселесі бойынша жасалынған тұжырымға сәйкес зерттеуге алынған педагогикалық үрдісті нобайлаудың мынадай ұстанымдары анықталды: зерттеу мәселесін өрнектеу және педагогикалық жағдаяттың дамуын талдау; белгілі бір құндылықтар және келістер жүйесінде ойлар ұсыну; жетекші ойларға және құндылықтарға сәйкес қажет деп саналатын педагогикалық нысананы құрудың нобайын әзірлеу; мақсатқа жетудің тәсілдері туралы ұсыныстарды өрнектеу; қызмет, әрекеттің кезеңдерін сипаттау; күтілетін нәтижелерді бағалау критерийлерін айқындау; педагогикалық қызметтің оңтайлы варианттарын таңдау; ойды жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді нақтылау; диагностика және түзету қызметтерін жүзеге асыру кезеңдерін анықтау; қорытынды кезең: нәтижелерді түйіндеу, қорытынды.
Нобайды әзірлеу барысында дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық және құзыреттілік (функциональды) ерекшеліктері есепке алынды. Сонымен бірге, біз әзірлеген нобай негізіне бірнеше психологиялық-педагогикалық принциптерге: жүйелілік принципі, диалог принципі, білімгерлердің даралық ерекшеліктерін есепке алу принципі, ғылымилылық принципі, үздіксіздік принциптеріне сүйенуді қажет деп қабылдадық.
Біз әзірлеген болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы кәсіби қызметке дайындық мақсатын, құрылымын және дайындықтың қалыптасу деңгейлерін, білім беру үрдісінің тиімділігін диагностикалау әдістері мент құралдарын, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын қарастырады.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіби педагогикалық қызметке даярлауды тиімді ұйымдастыру үшін оқу үрдісін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттарға сәйкес жүргізу қажеттігі расталып, олар мынадай мазмұнды қамтуы тиіс деп тұжырымдады: білім беру мазмұнын саралау (дифференциациялау) арқылы оқытуды қарқындату; бағдарлап оқыту арқылы білім мазмұнының кәсіби басымдығын қамтамасыз ету; оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету арқылы болашақ мұғалімнің жалпыпедагогикалық және кәсіби іскерліктерінің сабақтастығын қамтамасыз ету; рефлексиялық қызметке даярлығын дамыту арқылы өзінің кәсіби іскерліктері мен дағдысын бағалай алуға жағдай тудыру.
2. БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Болашақ
дене шынықтыру мұғалімдерінің
кәсіби іскерліктері мен
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби педагогикалық қызметке даярлау мәселесі бойынша жүргізілген теориялық талдау дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жеткілікті көңіл аударылмайтындығын көрсетті. Практика жүзінде болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық қызметке дайындығын қалыптастыру білім беру үрдісінде тек лекция, семинар сабақтары, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар секілді академиялық оқу формаларының басымдылығымен жүргізіліп отырылғаны белгілі болды.
Біздің алдыңғы тарауда
жасаған теориялық
Білімгерлерінің кәсіби
педагогикалық қызметке дайындығын
зерттеу нәтижелерін талдау барысында біз
кәсіби педагогикалық қызметке дайын-даудың
жалпы мәселелерімен бірге, дене шынықтыру
мұғалімінің педагогика-лық қызметке
даярлығы туралы ғылыми-зерттеулерге
(Абдуллина О.А., Лобачев В.В, Адамбеков
К.И., Хмель Н.Д., Закирьянов К.Х., Мусин К.С.,
Пралиев С.Ж., Пфейфер Н.Э., Аяшев О.А., Касымбекова
С.И., Нұрлыбекова А.Б., Абдыкадыров Д.Р.,
Тойлыбаев Б.А., Қуанышев Т.Ш., т.б.) арқа
сүйедік [6,8,9,12,16,50,76,83,85,86,
Зерттеу материалдары бізге оқыту мен педагогикалық қызмет өтілінің (стажының) болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби педагогикалық қызметке даярлауға ықпалының дәрежесін талқылауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің алғашқы кезеңдерінде, зерттеудің ғылыми мәселесін айқындау барысында Тараз қаласының мектептерінде педагогикалық практикадан өтуші білімгерлердің және мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қызметін салыстырмалы түрде бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмыстары Тараз қаласының №30, 36, 5, 47, 26, 51, 12, 39, 17, 48,49 орта мектептері базасында 2005-2008 жылдары аралығында жүргізілді.
Бұл анықтаушы педагогикалық эксперимент мектеп оқушыларының дене шынықтырудың сапалық деңгейі мен дене шынықтыру сабақтарының өту сапасын және дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының дайындық дәрежесін айқындау мақсатын бірінші орынға қойды.
Ең бірінші зерттеу жұмыстары бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтары мен оқушылардың дене шынықтырудың қалыптасу деңгейлерін зерттеуге бағытталды. Екінші кезеңде орта мектептің басқа буындары оқушыларының дене шынықтырудың қалыптастыру мәселесі зерттелді. Үшінші ретте мектеп мұғалімдерінің оқушылардың дене шынықтыру сабақтарында дене шынықтыруының қалыптастыру іскерліктері мен дағдыларының деңгейлері зерттелді.
Анықтаушы эксперимент дене шынықтыру сабақтары үстінде, сабақтан тыс және мектептен тыс мерзім кезеңдерінде социологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне қатысты дене шынықтыруының қалыптасу мүмкіндіктерін есепке алды. Сондықтан, зерттеуде анкета, интервью, тест және әңгімелесу әдістері кеңінен қолданылды.
Педагогикалық практика барысында 3-4 курс білімгерлері бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дене шынықтыру сабақтарының өту ерекшеліктері мен олардың дене шынықтыруын қалыптастырудың бүгінгі жайының күрделі сипатта болатындығын айқындады. Оларға қатысты дене шынықтыру іскерліктері мен дағдыларының педагогикалық қызметінің табиғатына зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Мысалы, бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін жоғары қимыл белсенділігіне қажеттілік табиғи болып табылатындығы басты назарға алынды. Ол баланың жеке дамуының мұралық бағдарламасымен салынған және балалар ағзасының мүшелері мен құрылымының функционалды мүмкіншіліктерін үнемі қеңейту қажеттілігін ескереді. Егер бұл мүшелер және құрылымдар үнемі белсенділікті көрсетпесе, онда олардың даму процестері тоқталады. Ағзаның онтогенетикалық даму барысы оның ортаның сыртқы факторларымен қарым-қатынасын қамтиды.