Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация
Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.
КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132
Өсіп келе жатқан ағзаның функционалды жүйелерінің дамуы жүйелі және гетерохронды өтеді. Бұл онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде ортаның әр түрлі факторларына үйренуіне алдыңғы шарттарды жасайды.
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушыларының дене шынықтыру деңгейін сипаттайтын психофизиологиялық және педагогикалық көрсеткіштер зерттеуі орта мектепте өзгермейтін жағымсыз тенденцияларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл дене шынықтыру процесінің толық емес екендігін көрсетеді. «Бастауыш мектептегі дене шынықтыру» пәні бойынша оқу тәрбие процесін жетілдіру мәселесіне арналған әдебиетін талдау педагогикалық бақылауының ғылыми негізделген әдістемесін құрастыру үшін бастауыш оқушылардың дене өсуі деңгейін, қимыл дайындылығы мен психикалық хал-күйін сипаттайтын мәлімет көрсеткіштерінің кешенін негіздеу қажет болды. Кешенді педагогикалық бақылау әдістері оқытудың кәдімгі және орны толтырылатын формалары оқушылардың қимыл қасиеттерін жүйелі және жоспарға сай дамуына ықпал жасайды. Практикада кең түрде қолданылатын тесттерді пайдалану дене шынықтыру процесін алға жылжытуға, оқу бағдармалары мазмұнын түзетуге көмектеседі.
Міне, 3-4 курс білігерлері жүргізген осындай күрделі мазмұнды жұмыстар үш кезеңдік социологиялық зерттеуді (6-сурет) қамтыды. Зерттеуде үш кезеңде анкета жүргізілді. Оған мектептегі дене шынықтыру мамандары, бастауыш сынып мұғалімдері, 2-3 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Біз ұйымдастырған анықтаушы экспериментте жүргізілген социологиялық зерттеу жұмысына барлығы 232 респондент қатысты.
1-ші кезең
6 сурет - Үш кезеңді социологиялық зерттеудің схемасы.
Анкеталық сауалнаманың бірінші кезеңінде дене шынықтырун қалыптас-тырудың негізгі әлеуметтік-педагогикалық шарттары мен бастауыш мектептегі оқу процесінің тиімділігін шектейтін факторларын анықтау міндеті қойылды.
Анкета жауаптары бойынша мұғалімдердің 93,2% оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру қажеттігіне басты назар аударды, ал дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің 6,8% бұл пікірмен келіскен жоқ. Дене шынықтыру сабағының мазмұнын бастауыш сынып мұғалімдері негізінен 1-ші сыныптан бастап (2-ші жарты жылдық) ұйымдастыруды ұсынады.
Оқушылардың қимыл дайындығын бағалау көрсеткіштерін анықтауда мұғалімдердің 28,1%-да қиындық тудыратыны айқындалды. Респонденттердің 95,5%-ы өз жұмысында кешенді бағдарлама талаптарымен байланысты белгілі тест пен бақылау жаттығулар жиынтығын пайдаланады. Мұғалімдердің 4,5%-ы өз жұмысында педагогикалық бақылауды үнемі пайдаланбайтынын байқатты.
Ата-аналардың пікірін зерттейтін социологиялық зерттеудің екінші кезеңі олардың, балалардың дене шынықтыру білімі мәселесіне әр түрлі қатынасын көрсетті. Себебі ер адамдардың 17,4 % және әйелдердің 17,2% өздерінде үнемі жалпы қимыл белсенділігінің жетіспеушілігін байқайды. Ерлердің 11,6% және әйелдердің 20,0% спортпен шұғылданбайды. 49,1% дене жаттығуларын жасамайды. 78,6% ұйымдастырылған дене жаттығулар сабақтарына бармайды. 36,7% демалыс мақсатында да дене жаттығуларын жасамайды. Жеке дене жаттығулар сабақтарының тиімділігі оларды құру әдістемесі туралы ата-аналар білімімен байланысты. Олар дене жаттығуларын қажетті жаттығуларды таңдауы бойынша (19,5 %), түсетін күш сипаты мен көлемін анықтау бойынша (10,2%), өзін-өзі бақылау ерекшеліктері бойынша (20,2%) таңдайтындықтарын, ал дене шынықтыруын беру туралы әдістемелік білімдері жоқ (50,1%) екендігін мойындайды.
Жеке дене жаттығулары сабақтарын құру әдістемесі бойынша ата-аналардың өз денсаулығының жағдайына 18,7% қанағаттанады, 57,6%-жартылай, ал 23,6% - қанағаттанбайдығы байқалды. Олар өз денсаулығын нығайту және көңіл-күйін жақсарту мақсатында 63,8% дене жаттығуларымен айналысқысы келеді. 23,6% өз денсаулығы жағдайымен қанағаттанбаса, респонденттердің 63,8% бос уақыты болмаған соң, дене жаттығуларымен айналысқанын тоқтатқан.
Қосымша дене жаттығуларын қажет ететін сыныптарда сауалнама жүргізілген оқушылардың 50% толық емес отбасында тұратынын, ал 30,8% жаттығулар жасау үшін және демалу үшін пәтерде бос орыны жоқ екендігі анкета жүргізудің үшінші кезеңінде белгілі болды.
Балалардың психофизикалық жағдайы туралы келесі мәліметтер бойынша айтуға болады. Оқушылардың 27,1% денсаулықтары жақсы емес екендігін, 39,5% - денсаулығы жақсы екендігін, және тек 33,4% денсаулығы мықты екендігін айтты, бірақ барлық жағынан бақытты еместігін; 8,6% - онша жолы болмайтынын; 17,9% - «бәрі жақсы» деп есептейді.
Анкета жауаптарын талдау барысында бастауыш мектеп оқушыларының дене белсенділігінің деңгейін келесі мәліметтермен сипаттауға болады: аптасына 4 және одан көп рет дене жаттығуларымен балалардың 34,8% айналысады; 16,4%-аптасына 2-3 рет; 10,2% -аптасына 1 рет; 8,5% - айына 1 рет және одан да аз; ал оқушылардың 30,1% ешқашан айналыспайды. Оқушылардың 66,7% - спорт секциясына қатыспайды; жаттықтырушының басқарумен сабақтарына қатынасы позитивті респонденттердің 66,9%-на сабақтар өте ұнайды; 26,5% - на ұнайды; 0,7% - ұнамайды; 2,7% өте ұнамайды; балалардың 2,6% сабаққа қатыспайды. Жүргізілген анкета бастауыш мектепте қосымша дене жаттығуларын қажет ететін сыныптарына топтауды ұйымдастыру керек екендігін дәлелдеді. Тек кейбір отбасылар балаларына дене жаттығулар жасатады, үнемі шынықтырады және белсенді демалуға үйретеді. Мектептегі дене шынықтыру процесі барысында дене жетілдіруге бағыттамалы тәрбиелеу, оқушылардың жасы мен жынысын ескеріп, дене жаттығулары сабақтарының қажеттіліктері мен себептерін назардан тыс қалып қояды. Социологиялық сұрау зерттеудің әдістемелік негізін дәлелдеді: оқу процестің тиімділігі әлеуметтік педагогикалық жағдайларды, дене белсенділігі мен психофизикалық денсаулығы деңгейін есептегенде ғана толық қамтамасыз етіледі.
Зерттеу барысында бастауыш мектеп оқушыларының дене өсуі, қимыл дайындығы мен психикалық жағдайы деңгейін сипаттайтын педагогикалық бақылау көптеген мәлімет көрсеткіштерінің кешенінің қажеттігін растайды.
Қимыл-әрекетін қамтамасыздандыру көрсеткіштерін салыстырмалы талдау нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары үшін дене шынықтыру құралдары кешенінің түзету және педагогикалық бақылау әдістемесі құрастырылды. Салыстырмалы талдау нәтижесінде келесі көрсеткіштер тіркелді: денсаулық тобы, дене шынықтыру тобы, аурулары, қол білезік динамометриясы (опт,макс 50% - оң және сол қолымен), қимыл жиілігі, макс. 50% макс-тан оң және сол қолымен), кеңістіктің сызықтық өлшемдерін анықтау, дене шынықтырудан алған бағалары мен бір жылда келмеген күндер саны (барлығы 54 көрсеткіш). Әдістеме дененің өсуін, қосымша дене жаттығуларын қажет ететін сыныптар қалыптастыру кезеңдерінде қимыл дайындығы, құралдар жағдайы мен түзетудің бағасы көрсеткіштерінің кешенді есебіне негізделіп жасалынған (7 сурет). Педагогикалық бақылау әдістемесін негіздеу бойынша педагогикалық тәжірибеге, негізінен бастауыш мектептің 2-4 сынып оқушылары қатысты.
7 сурет - Зерттелуге алынған бастауыш сынып оқушыларының дене жаттығуларын қажетсінуі
Бастауыш мектеп балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес негізгі қимыл қасиеттері дамуының үйлесімділігін бағалауға көмектесетін әдістемесі бойынша дене дайындығы деңгейін анықтау өткізілді. Көрсеткіштердің жалпы санынан тест батареялары құрастырылды. Оған келесі блоктар кірді: І-ші блок - дене өсуі (бойы, дене салмағы, ОТҚ); 2-ші блок - жылдамдық және жылдамдық - күш қабілеттері (20м, жүгіру орнынан ұзындыққа секіру; скакалкамен секіру); 3 блок — күш мүмкіншіліктері (салмағы бар жүкті, допты лақтыру; тартылу; жатып денесін көтеру); 4 блок - икемділік және қимыл келісімділігі (орнынан арқасымен қарай ұзындыққа секіру; икемділіқ; квадратта секіру (уақыт); квадратта секіру (қателер); 5 блок - қимыл әрекеттер нақтылығын сипаттайтын моторика көрсеткіштері; 6 блок - психикалық күйі; 7 блок – оперативтік ойлау («тройка» ойыны (уақыт); «тройка» ойыны (жүріс саны); 8 блок – ізденіс, реакциялар шапшаңдығы (Шульте кестесі, Шульте кестесінің қосынды уақыты, Анфимов кестесі, Анфимов кестесінің қосынды уақыты).
Зерттеуде кәдімгі және орны толтырылатын бастауыш сыныптар оқушыларының дене өсуін талдау нәтижесінде олардың дене салмағы қажетті деңгейде болатыны, сонымен бірге 2-3 сыныптарында ұлдар мен қыздардың дене салмағы төмен болатыны анықталды. Балалардың көбінесе, келбеті бұзылады - 46% және аллергодермит пен ауырады - 10,8%.
Балалардың қимыл дайындығы гетерохронды тәуелділікте болады. Скакалкамен секіргенде тәуелділікте болады. Скакалкамен секіргенде 2-ші сынып қыздарының орташа көрсеткіштері — 64.2+8.9 есе, ал орнын толтыратын сынып қыздарда - 43.5 + 20.6 есе (р< 0,05).Орнынан ұзындыққа секіруден 1 сынып ұлдары мен 2 сынып қыздарының көрсеткіштері 4 сынып қыздарының көрсеткіштерімен бірдей.
Бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтыру процесі кезінде қолданылатын құралдар мен әдістер тиімділігі мен барабарлығын анықтау үшін қимыл дайындығы мен психикалық жағдайы көрсеткіштері арасындағы байланыс зерттелді.
«Тройка» ойын тестін орындау нәтижелері бойынша 2-сынып оқушы-ларының оперативтік ойлау процесі 3 сынып оқушыларына қарағанда ұзақ өтеді.
Әр түрлі жас кезінде зерттейтін көрсеткіштері арасындағы ара байланыс деңгейін анықтау үшін түзету, талдау әдісін қолданды. Келісімдік деңгейі белгілі түзету байланыстар мәні мен саны деңгейі бойынша анықталды. Кейбір қасиеттердің өз арасындағы даму деңгейінің нығаю дәрежесі, сонымен дене дайындығы көрсеткіштерінің дене өсуі мен психикалық күйі деңгейін белгілейтін өлшемдерден ара байланысы қасиеті тербелмелі, бірыңғай емес болады. Бұл дегеніміз - әр түрлі қабілеттер дамуының деңгейі әр түрлі деңгейлі дайындықпен қамтамасыз етіледі. Екінші жағынан, ағза қызметтері гетерохронды дамиды және әр түрлі жас кезеңдерінде ұсынылған тесттегі нәтиже деңгейіне олардың әсері бірдей емес.
Түзету талдаудан кейін бастауы
Өте маңызды көрсеткіштерді табу үшін факторлы талдау жасалынды. Ол бастауыш мектеп жасындағы балалардың дене өсуін, дене дайындығы мен психикалық күйінің негізгі жақтарын анықтауға көмектесті. Оның негізінде бастауыш мектеп оқушылардың қимыл дайындығының нормалық мәндері мен психикалық күйінің көрсеткіштері дайындалды.
2-3 сынып ұлдары мен қыздарының жалпы дисперсияға үлесі 74%-дан 83 %-ға дейін болды. Барлық қарастырылған оқушылардың дене шынықтыруға дайындық құрылымын құрайтын 5 негізгі факторлардың қосындысы 52-58% шамасында.
Қалыптасқан көрсеткіштер кешенін пайдаланғанда алынған мәліметтер 2-3 сынып оқушыларында қимыл - әрекетін қамтамасыздандыруды толық сипаттайды, сонымен оқушылардың жынысы мен жасына қарай дене шынықтыру процесінде қажетті педагогикалық бақылау құралдары мен әдістерін анықтауға көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының қимыл әрекетінің бірлігін сипаттайтын дене өсуі мен психикалық күйінің ерекшеліктерін ескеріп қимыл үйлесімі мен күш мүмкіндігі көрсеткіштері барлық оқушылар үшін жалпы болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушылардың қимыл әрекетін қамтамасыз ететін факторлы құрылымы қолданатын құралдарды түзету мен педагогикалық бақылау әдістемесі негізіне салынған. Оны пайдалану 1-3 сынып оқушылардың дене дайындығына бақылау жасауды құрастырылған тест бағдарламасы бойынша бақылау сынау көмегімен оқу жыл бойы 3 рет өткізуді қарастырылған, ал орны толтырылатын сыныптарында жылына 5 рет. Тестілеу аяғында балалардың жеке карталары толтырылады. Ол карталар дене тәрбие процесін даралыққа, пайдаланатын құралдарды, дене шынықтыру әдістері мен формаларын жекелеуге, ата-аналарды дене шынықтырудан бірлескен сабаққа тартуға көмектеседі. Оқытудың кәдімгі және қосымша дене жаттығуларын қажет ететін бастауыш сыныптарында педагогикалық бақылауды ұйымдас-тыруының схемасы бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтыру процесіндегі педагогикалық бақылау технологиясы жүйелі педагогикалық тәжірибе өткізу негізіне кіреді. Дене шынықтыру процесіндегі педагогикалық бақылау әдістемесі балалардың тек психофизикалық күйінің өзгеруінің объективті талдауын қарастырады, сонымен бастауыш сынып бағдарламасы мазмұнын түзетуге мүмкіндік береді. Құрастырылған әдістеме бойынша педагогикалық бақылауды уақытылы өткізу нәтижесі балалардың денсаулығы, дене өсуі, қимыл дайындығы жағдайына сәйкес дене шынықтыру құралдары мен әдістерін оптимизациялау болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушылардың дене шынықтыру процесіндегі педагогикалық бақылау барысында екінші жарты жылдықта (3-4 тоқсан) оқу сабақтарының мазмұнын жоспарлау, педагогикалық бақылаудың пайдаланатын құралдары мен әдістерінің барабарлығын анықтауына бағытталған педагогикалық тәжірибені өткізу барысында 2 және 4 орны толтырылатын сыныптарда 30 сабақ ұйымдастырылды және өткізілді.
Педагогикалық бақылау әдістемесі пайдаланатын оқу бағдарламасы мазмұнын түзету және оқушының қимыл-әрекетін қамтамасыз ету көрсеткіштерінің мониторингі жүргізілді (№ 1 кесте).
Анықтаушы
эксперимент оқушылардың
Мектептің қазіргі заманғы талаптарына бейімделу, денсаулығы нашар балалардың өзін-өзі көрсету үшін жағдайлар жасау тіршілік әрекетінің нақты әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды ескерумен оны жақын арада даму баланы оқытуға көмектесетін сыныптарды құруға негізделген. Бірақ қосымша дене жаттығуларын қажет ететін сыныптарды құрғанда балалардың психикалық және дене өсуі, қимыл дайындығы мен моторика көрсеткіштері пайдаланбайды, даралық ғылыми негізделген өлшемдері жоқ.
Мұғалімдердің анкеталары дене шынықтыру процесінің тиімділігін көтеру үшін қосымша дене жаттығуларын қажет ететін сыныптарды құру маңыздылығы дәлелденді. Респонденттердің 25,5% психикалық күйі, моторика, қимыл дайындығы бақылау құралдары мен әдістерін пайдалану қажет деп есептейді, ал 27,3% бағалау өлшемдерін айта алмады. Оқушылар ата-аналарының анкетасы бойынша отбасындағы балалардың дене шынықтыру деңгейінің төмен болу себебі - респонденттердің көбісі балалардың дене шынықтыру мәселесіне қатынасы бірдей емес екендігі анықталды. Бастауыш сыныпта оқитын ұлдар мен қыздардың нормативті орындау мүмкіндіктеріне де талдау жасалынып, №1 кесте мәліметтерінің шындыққа жақындығы Шульте кестесінің деректерімен салыстырылды.
2 кесте - Бастауыш сынып оқушыларының қимыл қасиеттерінің даму деңгейлері (%)
Деңгейі |
Дәстүрлі сынып ұлдар қыздар |
Эксперименттік сынып ұлдар қыздар | ||||||
Арқамен алға қарай ұзындыққа секіру, 2 сынып | ||||||||
Жоғары, орташа, төмен |
19,8; 34,0; 42,2 |
30,5; 36,2; 33,3 |
30,0; 30,0; 40,0 |
28,5; 28,6; 42,9 | ||||
3 - сынып | ||||||||
Жоғары, орташа, төмен |
36,4; 25,6; 38,0 |
56,3; 30,8; 12,9 |
55,6; 33,3; Н,1 |
62,5; 25,0; 12,5 | ||||
Тартылу: салбырап тұрып (ұл), жатып (қыз), 2сынып | ||||||||
Жоғары, орташа, төмен |
15.8; 19,3; 69,4 |
64,0; 21,2; 14,8 |
10,0; 12,2; 150,0 |
28,5; 21,5; 77,8 | ||||
3 - сынып | ||||||||
Жоғары, орташа, төмен |
16,1; 22,5; 61,4 |
42,5; 47,3; 10,2 |
28,9; 11,1; 60,0 |
37,5; 14,1; 48,4 | ||||
Квадратта секіру, 2 сынып | ||||||||
Жоғары, орташа, төмен |
34,1; 27,3; 38,6 |
24,2; 50,6; 25,2 |
20,0; 70,0; 10,0 |
49,3; 38,5; 12,2 | ||||
3 - сынып | ||||||||
Жоғары, орташа, төмен
|
47,6; 30,2; 22,2
|
43,6; 25,6; 18,0
|
38,3; 54,5; 7,2
|
62,5; 37,5; | ||||
Квадратта секіру (қате саны), 2-сынып
| ||||||||
Жоғары |
22,8 |
21,3 |
20,0 |
28,5 | ||||
Орташа |
38,6 |
46,7 |
30,0 |
28,6 | ||||
Төмен |
38,6 |
32,0 |
50,0 |
42,9 | ||||
3- сынып | ||||||||
Жоғары |
30,5 |
49,0 |
44,5 |
28,5 | ||||
Орташа |
40,1 |
38,2 |
33,3 |
59,0 | ||||
Төмен |
29,4 |
12,8 |
22,2 |
12,5 |