Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация
Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.
КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132
Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін немесе шешу үшін оның мазмұны мен ұйымдастыру формасын және әдіс-тәсілдерін болашақ дене шынықтыру мұғалімінің қаншалықты меңгергенін анықтау басты мәселе және педагогикалық эксперименттің мақсатына жетудің қажетті шарты болып табылады. Яғни, болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау құрылымы арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үрдісте қандай нақты мазмұнмен толықтырылатынын анықтау барысында жеке тұлғаның мазмұндық сипатын айқындайтын және оның қоршаған ортаға, басқа адамдарға, өзіне көзқарасының негізін, дүниетанымының негізін және тіршілік қарекетінің уәжділік түйінін, өмірлік тұжырымының және «өмірлік философиясының» негізін зерттеп білуге көмек беретін Рокичтің «Құндылықтарға бағдарлау» әдістемесін (А қосымшасы); адамға жанашырлық таныта білу деңгейін зерттейтін В.В.Бойконың эмпатиялық қабілеттер деңгейін айқындау әдістемесін (В қосымшасы); оқушылардың жалпы жұмысқа қабілеттілігін есептеуге мүмкіндік беретін Гарвард степ-тестін (С қосымшасы), оның ішінде іш бұлшық еттерінің динамикалық күшке төзімділігін анықтауға арналған «Жату-отыру» тестін пайдалана алу, іштің бұлшық еттерінің төзімділік күшін байқауға арналған тестін қолдана алу, иық бұлшық еттерінің төзімділігін тексеруге арналған тест пен икемділікті анықтауға арналған тесттерді өз бетінше қолдана алу іскерлігінің қалыптасуы; денесі мен аяқтарының сыртқы жағының икемділігін тексеруге арналған тестілеу әдістері туралы; омыртқаның икемділігін байқауға арналған тестілеу әдістері туралы кәсіби білімдері мен іскерлік және дағдыларын қалыптастырамыз.Сонымен бірге, оқушылармен денені бүгілуі мен аяқтың икемділігін анықтайтын тестілеуді жүргізе алу іскерлігі мен дағдысын қалаптастыру аса маңызды.
Адамның өз іс-әрекетінде таңдау стратегияларының әртүрлілігіне қатысты «Әрекет ету немесе ешқандай әрекет жасамау», «сөйлеу немесе үндемеу», «күресу немесе көну», «үйрену немесе қиналу» туралы шешім қабылдауда білімгердің әр түрлі жағдайлар мен оқиғаларды өзінің ықпал ете алу мүмкіндігіне қарай бағалай алу іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Е.Ф.Бажин, Е.А.Голынкина және А.М.Эткиндтің «Дербес бақылау деңгейі» сауалнамасын (Д қосымшасы) ұйымдастыру әдістемесін меңгерту аса маңызды. Осындай теориялық білімдер мен қолданбалы әдістемелік жұмыстар білімгерлердің білімдік (когнитивті) даярлығының жоғарылануына мүмкіндік бере алды. Педагогикалық экспериментке қатынасқан 28 дене шынықтыру оқытушыларының 91% мен 350 дене шынықтыру мамандығының жоғары курс білімгерлерінің 82% теориялық білімнің кәсіби іскерліктерді қалыптастырудағы ролінің жоғары екендігін және білімнің терең әрі берік болуы үшін қолданбалы мазмұнды жаттығулар мен әдістемелерді ғылыми тұрғыдан негіздеудің қажеттілігін мойындады. Дене шынықтыру оқытушылары мен мектеп мұғалімдері теориялық білімнің дене шынықтыру сабақтарында жиі немесе төтенше кездесетін жағдайларда классикалық шешім қабылдауға, яғни пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешуде табысты болатынын мойындаса, білімгерлердің басым көпшілігі практикалық мазмұнды жаттығуларды орындау барысында теориялық білімдерге келу дұрыс деп санайды. Алайда, олар Гарвард степ –тестісін өткізу әдістемесін меңгергеннен кейін кәсіби маман болу үшін даярлықтың білімдік мазмұнының маңыздылығын растады.
Кәсіби іскерліктер мен дағдылардың қалыптасуының тиімді әдістемелік мазмұны мен ұйымдастыру формасын және әдістерін айқындаудың екінші басты міндеті ретінде кәсіби іскерлігі мен дағдыларын меңгерту әдістемесін әзірлеп, практикалық сынақтан өткізу алынған болатын. Біздің педагогикалық эксперименттік жұмысымыздың екінші кезеңінде (қалыптастырушы эксперимент) таңдап алынған әдістемелердің кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету мүмкіндіктері қарастырылды. Атап айтқанда, күтілетін нәтижелердің сапалылығын көрсету қажет болды. Осы тұрғыдан болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің оқушылардың жалпы жұмысқа қабілеттілікті есептейтін Гарвард степ-тестін қаншалықты табысты қолдана алатыны анықталынды. Ол үшін Гарвард степ-тестісінің қадамдық мазмұны күтілетін нәтиже бірліктері ретінде жеке-жеке қарастырылып, дене шынықтыру мамандығы білімгерлерінің әдістемені дұрыс жүргізе алу дәрежесі қадағаланды. Экспериментке қатысқан 350 білімгердің 53% бірінші ретте дұрыс жүргізе алса, екінші ретте 78%, ал үшінші ретте 89% әдістемені талапқа сай жүзеге асырды. Алайда, білімгерлердің 11% әдістемені жүргізуде білімдік дайындығының төмендігінен оқушылардың жыныстық ерекшелігін, дене қуатының жас ерекшеліктеріне байланыстылығы, әдістемені жүргізудің қадамдық әрекеттерін жеткілікті меңгермегендіктен әдістемені талапқа сай орындай алмады. Бұл қайшылық кәсіби іскерліктер мен дағдылардың қалыптасуының кезеңдік, сатылы механизмі білімгердің білімдік дайындығының жеткілікті болуын қадағалауды растайды.
Біз зерттеу жұмысымызда Гарвард степ-тестін жүргізу әдістемесін төмендегідей қадамдық технологиямен беруді білімгерлерге ұсындық. Ол үші ең алдымен бұлшық етке түсетін салмақтың оқушының жасы мен жынысына арақатынасын белгілеу қажеттігін ескеру керек. Және әдістемені ұйымдастыруда белгілі шартқа сүйенуді анықтаған жөн. Мысалы, біз ұсынған әдістеме баспалдақтың биіктігі иен жұмыс істеу ұзақтығын таңдау арқылы жүзеге асырылады. Адамның жынысына сәйкес төмендегідей мөлшерлі жүктеме көрсеткіштері тағайындалғанын көрнекі түрде баяндаймыз:
контингент |
баспалдақтың биіктігі(м) |
көтерілу уақыты (с) |
Қыздар |
40 |
4 |
Ұлдар |
45 |
4 |
Қолданылатын құрал-
Оқытушы қадамдардың тиісті жылдамдығын сақтауға көмектесіп, дауыстап санап тұрады: «Қадам, екі, үш, төрт, қадам, екі, үш, төрт». Сынақтан өтушіге бастайтын аяқты ауыстыруға рұқсат етіледі. Жаттығуды орындап болғаннан кейін ол орындыққа отырады, ал оқытушы оның тамырын тауып, жаттығуды орындап болғаннан кейін дәл 1 минут өткенде жүрек соғысының жиілігін 30 секундқа дейін санай бастайды. Гарвард степ-тестісін барынша дәл есептеп шығару үшін (ГСТЕ) тамыр соғысын үш рет – алғашқы 30 секундтта, қалпына келудің 2, 3, және 4-минутында санау керек.
Ол үшін тамыр соғысын есептеулерге арналған ИГСТ = (жұмыстың ұзақтығы (сек) * 100/ (5,5, пульс тамыр соғуы (сек))
ГСТЕ = t * 100/ ((F1 + F2 + F3) * 2 формуласын пайдаланамыз.
Мұндағы: t – жоғары көтерілу мерзімі, сек.; F1 + F2 + F3 – қалпына келудің 30 сек, 2, 3, 4 минуттардағы жүрек соғысының жиілігі.
Бағалау нәтижесін арнайы кестеге (3 кесте) түсіреміз.
3 кесте - Бағалау нәтижесі
ГСТЕ |
Бағалау |
>55 |
әлсіз |
55-64 |
орташадан төмен |
65-79 |
орташа |
80-89 |
жақсы |
<=90 |
өте жақсы |
Сонымен қатар, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін іш бұлшық еттерінің динамикалық күшке төзімділігін анықтау үшін «Жату-отыру» тестін жүргізу әдістемесін жүргізу мазмұнымен таныстырамыз.
Бұл аэробикада сауықтыру бағытын сақтауға және бел омыртқаға түсетін ауыртпалықты біршама азайтуға мүмкіндік беретін түрлендірілген тест қолданылады.
Әдістемені ұйымдастыруда гимнастикалық қабырға, мат. құрал-жабдықтары пайдаланылады және орындау тәртібі бойынша сынақтан өтуші матқа жатады да, бастапқы қалыпта шалқасынан жатқан күйі, аяқтары бүгілген, қолдары басының астында, оқытушының белгісі бойынша денесімен алға ұмтылып, шынтақтарын тізесіне тигізуі керек.
Ал бағалау жүйесі жатқан қалпынан денесімен алға ұмтылып көтерілу қимылын 1 минут ішінде қайталау санын анықтауға негізделеді.
Осындай қадамдық мазмұнмен болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдысының қалыптасу деңгейін көрсете аламыз (4 кесте).
4 кесте - Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдысының қалыптасу деңгейі
№ |
Кәсіби іскерлік мен дағды |
білімгерлер |
оқытушылар |
1. |
Тамыр соғысын есептей алу |
72% |
93% |
2. |
Іш бұлшық еттерінің динамика-лық күшке төзімділігін анықтай алу |
84% |
94% |
3. |
Сауықтыру бағытын сақтай алуы |
79% |
100% |
4. |
Арқа бұлшық еттерінің күшін анықтай алуы |
78% |
84% |
5. |
Иық бұлшық еттерінің төзімді-лігін тексере алу |
71% |
85% |
6. |
Денесі мен аяқтарының сыртқы жағының икемділігін тексеру |
85% |
97% |
7. |
Омыртқаның икемділігін бай-қауға арналған тестілеуді ұйым-дастыра алу |
75% |
86% |
8. |
Аяқтың икемділігін анықтайтын тестілеуді жүргізе алу |
88% |
96% |
4 кестеде көрсетілген кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемелерін төмендегі мазмұнында береміз.
Арқа бұлшық
еттерінің күшін анықтауға
Тестілеу тәртібі. Сынақтан өтуші бастапқы қалыпта шалқасынан жатады, аяқтары тізесінен 90°-қа бүгілген, денесі 40° бұрышпен орналасқан, саусақтары айқастырылған қолдары басының астында, әріптесі оның аяқтарын тіреп отырады. Сынақтан өтушінің міндеті – денені осы қалыпта ұзағырақ ұстап тұру. Нәтиже – секундпен есептелген уақыт.
Арқа бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін етпетінен жатқан қалыптан денені көтеруге арналған жаттығулар қолданылады. Сынақтан өтуші арнайы жастыққа етпетінен жатып, қолдарын басының артына ұстайды. Әріптесі аяқтарын ұстағаннан кейін, ол денесін көтеріп, осы қалыпта 10 секунд бойы ұстап тұрады.
Бақылау жүйесі. Әр секунд үшін 1 ұпай беріледі. Берілетін ұпайдың ең көп мөлшері – 10 ұпай.
Иық бұлшық еттерінің төзімділігін тексеруге арналған тест
Төзімділіктің көрсеткіші ретінде қолын жерге тіреп серпілу саны: ұл балалар үшін – жерге қолын тіреу арқылы, қыз балалар үшін – тізесін бүгіп, тіреу арқылы.
Қолымен жерден серпілудің жеңілдетілген нұсқасы дайындық деңгейі төмен оқушыларды тестілеуде қолданылады. Бұл жаттығудың бірнеше түрлері бар. Жиі қолданылатын екі түрі: биіктігі 20 см болатын орындықтан қолынмен серпілу; жерге қолын тіреп, тізесін бүгіп орындау.
Арқа бұлшық еттерінің күшін анықтауға арналған тест
Арқа бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін етпетінен жатқан қалыпта денесін көтеру жаттығуы қолданылады. Сынақтан өтуші арнайы жастыққа етпетінен жатып, қолдарын басының артына ұстайды. Әріптесі аяқтарын ұстағаннан кейін, ол денесін көтеріп, осы қалыпта 10 секунд бойы ұстап тұрады.
Бақылау жүйесі. Әр секунд үшін 1 ұпай беріледі. Берілетін ұпайдың ең көп мөлшері – 10 ұпай.
Икемділікті анықтауға арналған тест
Икемділікті анықтау үшін әр түрлі елдердің мектептерінде бір-біріне ұқсас тестілер қолданылады. Икемділікті тексерудің жекелеген бақылау жаттығуларын орындату үшін тиісті құрал-жабдықтар қажет болады (бұрыш өлшегіштер, сызғыштар). Тестілеуді өткізу оқытушы үшін аса қиындық туғызбайды.
1. Денесі мен
аяқтарының сыртқы жағының
Екі аяғын алшақ қойып отырған қалыпта денесімен алға қарай еңкею
- Құрал-жабдықтар: орындық, рулетка.
- Тестілеу тәртібі: