ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

Меймеш У.

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

 

Диплом жұмысы

 

 

 

 

 

Мамандық 050504 – Журналистика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

 

 

Диплом жұмысы

                          

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

 

                                                          

                                    

Орындаған 4 курс студенті:                                                  У. Меймеш      

Ғылыми жетекші:                  ____________________          К. Қамзин         (қолы, күні)

Норма бақылаушы         ____________________          Ғ. Майкотова               (қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің                                                                                         рұқсатымен қорғауға жіберілді __________________         Қ.Ж. Тұрсын       (қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

 

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ

1.1.   БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9

1.2.  Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың  экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12

1.3.  Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

 

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ

2.1 Қазақстан және шетел  баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың 

ішкі саясаты жайында................................................................................................26

2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы  саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41

2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі  тәуелсіздік стратегиясы...........................54

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

 

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының  ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.

Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты. Елбасы Н. Назарбаев публицистикасының тақырыптық ерекшелігін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Н. Назарбаевтің қаламынан шыққан публицистикалық еңбектердің тізімін жасап, зерттеу, тәуелсіздік, демократия, елдегі реформалар турасындағы автордың жеке пікірлерін талдау; Н.Назарбаев туралы жазылған публицистикалық шығармаларды сараптай отырып, көзқарас алуандығын салыстыру, қорытынды жасау. 

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерінде айтылған идеялар елдік идеяға айналуы тиіс. Зерттеу жұмысында осы мәселеге баса назар аударылып, сараптама жасалады. Президенттің өмірі мен қызмет жолы туралы бірнеше кітап жарық көрген. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек, Президенттің президенттікке сайланғаннан кейінгі алғашқы жылдарындағы қызметі жайлы жазылған Константин Жигалов пен Қуаныш Сұлтановтың «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев: хроника деятельности» (Жалын, 1993), Халықаралық журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Әлихан Бекейханов атындағы сыйлықтың иегері Қайнар Олжайдың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991-1993-жылдапдағы ресми сапарларының репортаждарынан тұратын «Президент пырағы» (Атамұра, 1994), Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған істері, саясаткер, адам және азамат ретіндегі кейбір қырлары сөз болатын Қасымбековтің  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» (Елорда, 2005) сияқты туындыларымен қатар, Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» (Елорда, 2001), «Н. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия» (Жеті Жарғы, 2005),  «Жүз жылға татитын он жыл» (Атамұра, 2001), «Ел мен Елбасы» (Атажұрт, 2003), «Елбасы» (2010) Тұлға туралы толғамдар («Қазақ энциклопедиясы», 2011), Қ. Тоқаевтың «Беласу» (Дәуір, 2008), Ә. Кекілбаевтың «Азаттықтың ақ таңы» (Қазақстан, 1998) және т.б  кітаптар жарияланған.

 Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жазылған бірқатар шетелдік саясаттанушылар мен публицистердің де еңбектерін атап өтуге болады. Мәселен, белгілі публицист Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» (Художественная литература, 2010) атты кітабында Н.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметтік баспалдақтары толық қамтылған, автор кейбір жағдайларға қатысты өзіндік көзқарасын білдіріп отырған. Осы ұндас кітаптардың қатарына қырғыз саясаттанушысы Ж.Сааданбековтің «Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства» (Күлтегін, 2005), Д. Валовойдың «Кремлевский тупик и Назарбаев: очерки-размышления» (Мол.Гвардия, 1993), А.Андреевтің «Феномен Назарбаева не разгадан, М. Байкалдың «Настройщик Евразий» сынды еңбектерін қосуға болады.

Бұл кітаптардан бөлек, осы тақырыптағы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған публицистік шығармалар топтамасын да атап өтуге болады. Атап өтер болсақ, «Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент – егіз ұғым (Қ. Саудабаев, «Егемен Қазақстан»), «Стратегиялық мақсаттарды іске асырайық» (Ә. Кекілбаев,  «Егемен Қазақстан»), «Назарбаев – теңдессіз реформатор» (Ж. Жанділдин, «Айқын»), «Феномен» (Қ.Тоқаев, «Егемен Қазақстан»), «Тұңғыш» (М.Байғұт. «Егемен Қазақстан»), «Н.Назарбаев –  экономикалық жеті ғаламаттың авторы «(С.Сатыбалдин, «Айқын»), «Ер қазақтың нар заманы» (М.Құл-Мұхаммед, «Егемен Қазақстан»), «Н.Назарбев феномені» (Н.Нығматуллин, «Егемен Қазақстан») және т.б. жарияланымдар.

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың саяси көзқарасы турасында «Қазақ қоғамын топтастырудағы саяси лидерлердің рөлі» атты кандидаттық диссертация қорғалса (Изтаева В. А. Қазақ қоғамын топтастырудағы саяси лидерлердің рөлі. ( Абылай хан және Н. Ә. Назарбаевтың саяси қызметін салыстырмалы талдау) : автореферат дис. . саяси ғылым. канд. : 23.00.02 , Алматы, 2007) С.Салқынов «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі»   деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

 Зерттеудің  нысаны. Н.Назарбаевтың публицистикалық еңбектері мен Н.Назарбаев жүргізіп отырған реформалар, Президенттің саяси ұстанымдары туралы жарияланған мерзімді басылым жарияланымдары.

 Зерттеудің  тәсілі мен әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында классификация, талдау, салыстыру және т.с.с әдістерді қолдандық.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында Н.Назарбаевтың қазақ публицистикасындағы өзіндік қолтаңбасы айқындалды.

 Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, әрқайсы үш бөлімге бөлінген екі үлкен тараудан, Қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өткен.

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. Еңбек жолы:

1973 – 77 жж. –  Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 – 79 жж. – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979 – 84 жж. – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 – 89 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989 – 91 жж. – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 жылдың сәуірінен –  Қазақ КСР президенті.

1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 жылы сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылы қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және  демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

1992 жылдың басында Назарбаев  «Қазақстанның егеменді мемлекет  ретінде қалыптасуы мен даму  стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі  және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Президент Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003 жылдан бастап Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтіп келеді. 2011 жылы Қазақстанның Еуразиялық ынтымақтастық ұйымына төрағалығы да жемісті өтті.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері