ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

Н.Назарбаев – бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы. Атап айтсақ, Н.Назарбаевтың қаламынан «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983), «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984), «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988), «Без правых и левых» (М., 1991), заманхат, естелік, ой-толғау, сұхбаттар топтастырылған «Әділеттің ақ жолы» (1991); «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992), «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992), «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993), «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994), ой-толғау, теориялық негізде жазылған «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996), «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997), «Халықтан жасыратын ештеңе жоқ»  (1997), тарихи талдау жанрында жазылған «Тарих толқынында» (А., 1997), «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997), «Қалың елім, қазағым» (1998),  «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002), ой-толғау, тарихи талдау негізінде жазылған «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002), ой-толғау жанрындағы «Сындарлы он жыл» (А., 2002), «Еуразия жүрегінде» (А., 2005), «Қазақстан жолы» (А., 2007) сынды бірнеше кітаптар шыққан.

Н.Назарбаевтың еңбектерінің дүниеге келуінің объективтілігі ең алдымен  XX ғасырдың 80-90 жылдары КСРО алып державада орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістермен, сол өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуымен және күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарынан пайда болған сол жылдардағы саяси ахуалмен тікелей байланысты [1, 12 б].

Атап айтсақ, Н.Назарбаевтың еңбектерінің жазылуына алып келген және оның еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлуметтік-қоғамдық дағдарыстың тереңдеуі, КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстан тәуелсіздігі және жаңа мемлекет, оны нығайту істерінің басталуы. Президенттің жазған кітаптарының барлығы дерлік түрік, ағылшын, француз, неміс, қытай, венгр, поляк, болгар, араб, испан т.б. шетел тілдеріне аударылған және әлемнің көптеген елдерінде жарық көруде.

І ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ

 

1.1.   БАҚ Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы  саяси-әлеуметтік қызметі

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атанғанға дейін Н.Назарбаев бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. Ол турасында БАҚ үнсіз қалған жоқ, уақыт өте келе әділ бағасы да берілді.

Н.Назарбаев атқарған біршама абыройлы істері турасында қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза былайша ой толғапты: «Ол кезде Н. Назарбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болатын. Қожайынымыз – Колбин. Қолын Грузияда қанға бояп, сол қанға Қазақстанда қолын білегіне дейін батырып алып алған Колбин. Амал жоқ, Қазақстан үкіметі соған бағынады. Колбинсіз бір мәселе шешілмейді. Сол кездің өзінде, Колбин өзіне ыңғайсыз Нұрсұлтан Назарбаевтан қалай құтыларын күндіз-түні ойлап жүрген кездің өзінде менімен әңгімесінде Қазақстан Орталықтың, яғни Мәскеу алпауытының құлдығынан құтылу керек деген сөзді тұңғыш рет басқалардан бұрын жария етті. Қазақстанда шығып жатқан байлықтың тоқсан үш проеценті орталықтың өңешіне құйылады. Өзімізге жеті-ақ проценті қалады. Бұған ендігі жерде төзуге болмайды деп сеспенбей айтты.

Арада үш жылға жуық уақыт өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен Қазақстан территориясындағы өнеркәсіп орындарын республика меншігі деп жариялады. Бұрын республикаға пысқырып та қарамай, тікелей Мәскеуге бағынатын зауыттар, комбинаттар, фабрикалар енді республиканың қарамағында, бұрын Қазақстаннан қанша алтын, күміс, платина т.б. асыл кендер шықса, тонна-тоннасымен бір грамы қалмай, орталықтың қазынасына құйылатын. Қанша өндіріп, қанша әкетіп жатқанын респиблика басшылары да білмейтін сыңайлы еді. Енді өзімізден өндірілетін асыл металдар өзімізде қалып, алтын қоры жасалатын болды. Алтын қоры жоқ мемлекет – қауқарсыз мемлекет» [2, 5-6 бб].

Назарбаев есімімен қатар аталатын саяси ұстанымдардың бірегейі – ядролық қарудан бас тарту идеясы.

Ш.Мұртаза Президент туралы, оның саяси ұстанымдары туралы «Президенттің сөзі мен ісі» деген тақырыпта жарияланған ой-толғауында Н.Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту идеясының жүзеге асуы жөнінде: «Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тұрған кездің өзінде-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Семей атом палигонын жабуға әрекет жасады. Колбинді көндіріп, сол кездегі ең құдіретті Саяси бюроға дейін барды. «Бірақ Колбин бірге болғаны болмаса, полигон жабылсын деп бір ауыз сөз айтқан жоқ, – деп бір әңгімесінде Нұрсұлтан Назарбаев Саяси бюродағылар полигонды жабу жөнінде келісім бермесе де, біздің ниетімізді құптағандай, жаны ашығандай сыңай танытқан». Міне, осы әңгімеден кейін Алматыға оралған соң Колбин мұны өзінің «табысындай» етіп көрсетіп, «Невада-Семей» қозғалысының өмірге келуіне қарсылық етпеген. Өмірде осындай да болады: істі біреу істейді, жемісін басқа біреу жейді. Бірақ әділет деген ақыры өз иесін табады. Президент Назарбаев жарлық шығарып, Семей полигонын мүлде жаптырғаны жадымызда.

Кеңес заманындағы Республика Жоғарғы Кеңесінің бір сессиясындағы оқиға еске түседі. Мәскеуден бір генерал келіп қатысып, сөз сөйледі. Айтқаны: «Семей полигонында екі сынақ өткізуге қарсы болмаңыздар. Есесіне бес миллиард сом ақша береміз», – деп жас баланы кәмпитпен алдағандай әрекет жасады. Оған облыс басшылар кәдімгілей көніп қалыпты. Бірақ президент бастаған халық депутаттары әліг генералдың көмейіне тас тыққандай қылды.

Осыған байланысты Президенттің тағы бір істеген жақсылығы – қырық жылдан астам уақыт бұрын атом сынау алапатынан тоз-тоз болып тарап кеткен Абыралы ауданы қайтадан құрылып, жергілікті халықтың арманы орындалып, қайтадан басы құралып, атқоныс аудан туын қайта желбіретті», – деп жазыпты. 

Торғай мен Маңғыстау облыстарын қайтадан қалпына келтіруде де президент қажырлы қимыл танытты. Колбиннің тұсында жабылған осы облыстардың шеккен қасіреті аз болған жоқ. Мұндағы халықтың мұң-мұқтажын алғаш рет «Егеменді Қазақстан» жария етті. Бұған Президент пен Жоғарғы Кеңес құлақ асып, қисайғанды түзетіп, ыдырағанды құрап, облыстарды қайта ашуға пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тұрғанда, өз бастамасымен тексеру жүргізіп, Қазақстанда жетпіс бір ауданның азып-тозып, артта қалғанын анықтады. Оның отызы артта қалудың «шыңына» жеткен екен. Ол турасында: «Содан кейін үкімет тарапынан осы отыз ауданға экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағынан өркендеуі үшін көмек көрсету жөнінде жап-жақсы қаулы да қабылданды. Қаржы министрлігінің басына тартсаң, аяғына жетпейтін, аяғына тартсаң, басына жетпейтін құрақ көрпесі мұрсат бермеді ме, әйтеуір, Назарбаевтың орнына келген үкімет басшысы бұл қаулыны орындауда жарытымды ештеңе тындыра алмай кетті. Шалғайда жатып, артта қалған аудандар дегеніміз – түптеп келгенде, негізінен қазақтар тұратын аудандар. Басқалар су ішкенде, олардың у ішіп отырғаны келеңсіз-ақ. Президент өзі бастаған игі істі енді өзі қолына алар деген үміт зор», – деп жазыпты Ш.Мұртаза.

 Қайта құру және одан кейінгі қуатты мемлекет – КСРО-ның құрамында болған республикалардың тәуелсіздігі, сондай-ақ өткен ғасырдың 90-жылдарында бастал­ған әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық реформалар өз мақсаттарына орай мемлекеттің жалпыадамзаттық, қоғамдық-саяси, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-экономикалық арқалығы мен тіреуін жаңартуды жариялады. Бірақ қайта құру кезеңінде және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірнеше ондаған жылдардағы коммунистік жүйеде қалыптасқан қоғамдық сананы және саяси түсінікті қайта өзгерту, сондай-ақ мемлекетті демократияға қарсы режімде басқару бойынша құрылған қоғамдық-саяси құрылымды, мемлекеттің құқықтық тіреуін қайта қалыптастыру көптеген қиындықтар туғызды. Осындай өте күрделі жағдайда қайта құрудың және саяси реформалардың көздеген мақсаты нақты іс-әрекеттер мен бағдарламалардың болмауына байланысты нақтыланбағандықтан, экономикалық тірек пен әлеуметтік жетістіктер кері әсер берді.

XX ғасырдың соңғы он  жылы осындай оқиғалармен сипатталды. Бірі социалистік елдердің, екіншісі өткен заманда осындай құбылыстардың көлемі бойынша алда болған капиталистік елдер лагерінің басында тұрған КСРО мен АҚШ қалыптасқан жалпыәлемдік тәртіпті бұзуға әкеліп соқтырған ауқымы кең қайта құрулардың негізгі бастаушысы болды. Әлемдік саяси ахуал көптеген мықты мемлекеттердің мүдделеріне ықпал ететін болғандықтан, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мына әлем тағы да құрып кетудің алдында тұрды.

Осындай жаһандық сипаттағы «қайта бөлудің» соңында қазақ елі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуымен үлкен жеңіске жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Баспасөз  Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы реформалау  қадамдары хақында

 

Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) социалистік экономикадан  кейiнгi қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3) макроэкономикалық тұрақтандыру;

4) дүниежүзілік экономикалық  дағдарысты еңсеру;

5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз  ету.

90-жылдардың басында Қазақстан  Республикасының экономикалық саясаты  социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық  экономиканы құруға бағытталды [3, 7-8 бб]. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.

1992 жылы Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы – «Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы» қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.

Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; «рубль аймағынан» шығу және ұлттық валюта – теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң «бағасын ұтымды ету» талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды.

Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 жылы – 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 жылы –  60,93 теңге, 1996 жылы – 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi.

Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері