Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
Фельетонға керекті кемшілік, фельетондық фактілер «алдыңнан кесе-көлденеңдеп, көзге түртіп» мен мұндалап тұрмайды. Оны ерінбей, жалықпай іздеуге тура келеді.
Фельетондық тақырып, факті табуда журналистің көзі көреген, өзі сезгіш, аңғарғыш болуы керек. Ол әркім назар аудара қоймайтын ұсақ нәрселерге, фактілерге зейін қойып, қырағы қарауға міндетті. «Соның тасасында әлеуметтік бір мән жатқан жоқ па» деген үмітпен үңілуге тиіс. Сонда әлгіндей ұсақ фактінің өзінен үлкен тақырып, келелі мәселе қозғай алатын болады.
Шын сатирик фактілерді фельетондық, фельетондық емес деп бөлмейді. Өзі күлдіріп, өзі фельетон болып тұрған болмыс, құбылысты іздеп жатпайды. Өйткені кез келген фактіні фельетон етіп беруге мүмкіндік бар. «Кез келген тақырыпты, сықақпен, күлдіре жазуға болады», - деп Маяковский айтқандай, тәжірибелі фельетонист әр фактіні-ақ өз шешендігі, өз қиялымен фельетон етіп шығарады. Шағын да жай фактіні сатира отымен нұрландырып жібере алады.
Бірақ бұл кез келген факт, болмыс, құбылысты негіз етіп фельетон жаза беруге болады деген қорытынды шықпайды. Сот, тергеу, тексеру тәжірибелері көз көріп, құлақ естімеген, жан шошытып, таң қалдыратын күлкілі де күңіреністі оқиғаларды ашады. Өмірімізге тән емес, практикалық міндеттерді шешуге қатысы шамалы фактілерге ұрына берудің, оны оқушыларға ұсынып жатудың қажеті жоқ. Фельетон үлкен мәні бар, тәрбиелік ой-пікір айтуға негіз болатын тақырыптарды қозғайды.
Фельетон – оперативті
жанр. Ол дәуір танысын сездіруге
тиіс. Фелеьтон өз кезіндегі, өз тұсындағы
қойылып отырған міндет-
Сонымен бірге фельетонның жұртшылық ойында жүрген, «шіркін, осыны жазса, сынаса» деп жүрген мәселелерді, фактілерді тауып көтетгені абзал. Сонда ғана оның ықпал-әсері күшті шығады, оған үн қосып, пікір айтушылар да көп болады.
Фельетондағы фактіні қайдан, қалай алу керек? Ең алдымен, оны өмірден, тұрмыс-тіршіліктен алу керек. Өмірге белсенді араласып, оның егжей-тегжейін жақсы ұғынатын, көргендерін көңілге түйе білетін, оларды бағалауға жалпы білімі, саяси өресі жететін журналиске фельетон жазам десе, тақырып та, факті де көп.
«Бір оқиға туатын шығар»,
«қызық сигнал болып қалар», «фельетондыұ
фактісі бар хат та келіп түсер»,
«сонда бір жақсы фельетон жазып
тастармын» деп фельетонистің қол
қусырып отыра беруіне
Тәжірибелі фельетонистеріміз І.Жансүгіров, Б.Майлин, А.Тоқмағанбетов, С.Төлешев фельетондарын оқып отырғанда, осы жақсы қасиетті, олардың көбінің командировкада, жол үстінде, ел ішінде жүргенде туғанын байқаймыз. Фельетон фактілерінен авторлардың сезгіштігі, аңғарғыштығы көрініп-ақ тұрады. Олар кім болса сол назар аудара қоймайтын, ұсақ фактілердің өзінен фельетон тудырып жібереді. Табан астынан фельетон тауып алады.
Мысалы, Ілияс моншаға барып шығады да, сондағы сорақылықтар туралы «Жалаңаш жиылыс» фельетонын жазған. Асқар жолы түсіп Арысқа соғады да, «Қонақ үйдің қонақтары» деген фельетонын жаза қояды. С.Төлешев Алматы көшелерінде екі қолын артына ұстап қыдырып келе жатып, кейбір мекемелердің маңдайшасындағы жазулардан сауатсыздықты, тіл білместікті көріп, артынша «Маңдайшаға қараңыз!» деген фельетонын жариялаған. Ол бірде Шымкенттен Алматыға келе жатып жол бойындағы аңғарған кемшіліктері жөнінде «Алғыс пен қарғыс» атты фельетонын жазып тастаған.
Жақсы фельетонистер фельетондық фактіні жиналыс-мәжілістерде отырып, қоғамдық орындарда болып, халықпен әңгімелесу, сөйлесу арқылы табады. Кезек күтіп отырған халықпен әңгімелеседі, олардың шағымын тыңдайды. Сөйтіп, фельетонға лайықты тамаш фактілер тауып алады.
Сонымен бірге фельетондық материалдарды сот, тергеу орындарынан, бақылау-тексеру мекемелерінен, сауда орындарынан т.б. алуға болады.
Қатты ескерер бір нәрсе: фельетондық тақырыптар мен материалдардың бұл аталған көздерінің ешқайсысы да бірден дайын факті, отыра қалып көздерінің ешқайсысыда бірден дайын факті, отыра қалып фельетон жаза салатын дәл деректер бере қоймайды. Редакцияға келіп түскен хатқа қарап, немесе біреуден естіген хабарға сүйеніп, фельетон жазуға болмайды.
Фельетондық тақырып пен фактінің төркінін біліп алған соң, фельетон жазу процесінің екінші кезеңі - фактіні зерттеу, анықтау кезеңі басталады.
Кейбіреулер фельетон жазылатынын, кімді, не үшін сынайтынын ешкімге сездірмеу қажет, тіпті, сықақ етілейін деп отырған адамның өзімен сөйлесуге болмайды. Бұл – баспасөз құпиясы дейді. Бұл – теріс пікір, мәселенің қыр-сырын біліп алмай-ақ фельетон жаза беруге болады деген сөз. Бұлай ету – газеттерімізді, бірде болмаса бірде, ұятқа қалдыратын, өтірікке, жалаға ұрындыратын зиянды тәжірибе.
Сондықтан фельетон кейіпкерлерімен, яғни сыналайын деп отырған адаммен оның қылмысы, кемшілігі туралы әңгімелесіп, оған тағылып отырған кінәны айту жөн болады. Бізде тіпті кісі өлтіргеннің де сотталарда өзін қорғауға, жай-күйді түсіндіруге ақысы бар. Олай болса, өзін не ақтап алуына, не айыпты мойындауына фельетон кейіпкеріне мүмкіндік беру керек.
Бұл ең алдымен адамға жала жауып, алмау үшін, біреулердің айтқанына сеніп, өтірік нәрсені жазып жібермеу үшін керек. Кейде «Қап, бәлем, ақықпа, сазайыңды тартқызармын!» деп тепсініп келіп, кейіпкерлерді көргенде, райдан қайтатыны болады, оның біреулер айтқандай, сұм, қу, алаяқ емес екендігі анықталады. Тіпті, оны қорғауға алып, айыптағандардың өзін фельетон объектісі ететін кездер де кездеседі.
Кейіпкерлермен жүздесуі, екеншіден, фельетонда оның түр-түсін, жүріс-тұрысын, сөйлеу манерасын дәл түсіріп, сатиралық образын жасау үшін қажет. Яғни бұл – фельетонды әсерлі, көркем, нақтылы етудің бір жолы. Жалпы әдебиеттегі сияқты, фельетонда да адам көрсетілуге, оның елестеп есте қалар бейнесі жасалуға тиісті. Ал оны көрмей мұны істеу, әнине, мүмкін емес.
Жазылар фельетон объектісімен
кездесу, үшіншіден, оның кім екендігіне,
кінәсының салмағына қарай
Төртіншіден, фельетонис – біреуді құртып жоюшы емес, гуманист. Оның мақсаты – адамды кінәдан арылту, қайта тәрбиелеу. Сондықтан ол сыналатын адаммен кездесіп, оның сол тұстағы хал-күйімен, барлық жағдайымен танысуға тиісті.
Фактіні зерттеу, анықтау үстінде тек объектімен әңгімелесіп қою да жеткіліксіз. Ол туралы тиісті ұйымдардың, істейтін жеріндегі басшылардың пікірін біліп, мінездемесін тыңдау керек. Сонда ғана барып белгілі бір пікір – қорытындыға келуге болады.
Енді фельетон жазу ісінің
үшінші процесі басталады. Мұнда
да отыра қап жаза бастамаймыз. Өйткені
тексеру үстінде фактіден факті
туып, оқиға бірнеше адамның
Ең алдымен, фельетонға өзек етер негізгі фактілерді таңдаймыз, екіншіден, сатира уытын бағыттар басты объектіні айқындаймыз, үшіншіден, осы факті негізінде айтылатын ой-пікір, идеяны саралаймыз, төртіншіден, фельетонның қай түр, қай стильде жазылатынын шешеміз. Осылай еткенде ғана фельетон айқын идеялы, тастан ойғандай ықшам, әсерлі шығады.
Фельетонға ат қою. Фельетонға лайық факті тауып, анықтап, оның мән-сырын терең біліп алған соң ғана, жазу столына келіп отарымыз. Фельетон жазуға кірісу оның атын, тақырыбын (заголовка) тауып алудан басталады. Фельетонға жақсы ат қою, оңай емес. Әдетте, газет материалдарының атынан, тақырыбынан оның мазмұны, не туралы екені аңғарылып тұрсын дейміз. Осы шартты фельетон жөнінде айтуға болмайды. Оның аты «Бұзау қар астында», «Құлқынның құлы», «Жоғалған арыз» деп айқайлап, мазмұнын тұрмау керек. Фельетонның не туралы екенін оқушы атынан-ақ біліп алса, оны оқымауы да мүмкін. Сондықтан фельетон тақырыбының қысқа ғана, қарапайым ғана, образды, ойлы, юморлы болғаны жөн. Онда жұмбақ, астар жатқаны дұрыс. Сонда оқушы «бұл не екен» деп еріксіз оқитын болады.
Фельетонға ат қоюға А.Тоқмағамбетов шебер. Ол «Өзара сынның сойылы», «Шоқыдағы ұйқы», «Сүмелек қайнаға», «Құлқын туралы құрпия сыр», «Дәніқара, Дәніқара салған әнді қара», «Лектор - автомат» деп фельетонның мазмұнына, идеясына лайық күлкі қызықты, тартымды аттар тауып ала қояды.
Бұл жағына С. Төлешев те төселген еді. Оның фельетондарының аты «90 күн», «Қырық тиын», «Тозған етік», «Қайта тірілген өлік», «Ал кеттім», «Операция», «Ат қора» деп келетін. Сейділда фельетондарының осындай аттарын оқығанда-ақ, «япырмай, бұл не екен?!» деп оқып шығуға асығасың. Кейде ол фельетондарын мақал-мәтелмен де атай салатын.
24.Фельетонның сюжеті, композициясы
Фельетонды қызықты, күлкілі, тартымды жазудың бір тәсілі – фактіге сюжет, композиция беру. Фельетонның сюжеті, композициясы дегеніміз – фактіге берілген сурет, фактінің құрастырылуы, баяндалу желісі, неден басталып, немен аяқталуы, қай жерінде қандай қалтарыс, шегініс, оралыс жасауы. Сюжет пен композиция фактіге, идеяға қарай автордың ойынан, өз қиялынан жасалады. Фактілер негізінде сюжет құрып, елестер беріп жазбасақ, фельетон қара дүрсін баяндалған корреспонденция, милиция қызметкерлерінің фактілерді тіркеп хабарлай салған қаулысы сияқты болып шығады.
Демек, фельетонды әсерлі де өткір, қызықты да тартымды етіп шығару үшін онда шын болмыстың, өмірлік фактінің шеңберінен шығып кетпей, ептеп әсірелеуге, кейбір сәттерді ойдан шығаруға, кейбір елестерді ойдан қосуға жол беріледі.
Қазір фельетонистерге не бір нәрсені ойдан қосуға, не фантазияға баруға рұқсат етілмейді. Фельетонда, басқа газет материалдарындағы сияқты, басты нәрселер ғана емес, бәрі де, тіпті, детальдарына шейін дәл болуға, документтендірілген болуға тиіс.
Белгілі фельетонистің бұл пікірі, бір жағынан, дұрыс, бір жағынан бұрыс. Өйткені жазықсыз адамға жала жабуға, тіл тигізуге, оны жөнсіз сынауға мүлде болмайды. Мәдениеті мен санасы өскен ол ешбір жалғанға, жалаға төзбейді. Сондықтан фельетонның бастан-аяқ шындық негізінде жазылғаны абзал. Міне, осы жағынан әлгі пікір орынды.
Ал егер жазғанымызда ешбір фантазияның, әсірелеудің, фактіні ойнақыландырудың ізі болмаса, ол фельетон емес, құрғақ фактінің жиынтығы ғана болып қалатынын ескерсек, әлгі пікір теріс.
Фельетониске кейбір детальды ойдан суреттеуге да, ептеп қиялдауға да, фактіні ойнақыландырып жіберуге де жол беріледі. Бұл, әрине, фактіні ойдан шығаруға, фельетон кейіпкеріне жала жабуға, шындықты бұрмалауға ерік беріледі деген сөз емес. Тек шындықтан ауытқымай, фактіден ұзамай, болмысты өте сақтықпен әрлеуге болады деген сөз.
Сюжет пен композиция мәселесінде фельетонды бастау мен аяқтаудың маңызы өте зор. Фельетонның басы тартымды, әсерлі, суретті болса, оқушы оны жақсы қабылдап, ерінбей, жалықпай оқып шығады. Фельетонды да көркем, бейнелі, қызықты етіп бастау ләзім. Ал бұл үшін көп толғануға тура келеді.
Фельетонды бейнелі, қызықты
бастап қою да жеткіліксіз, әрине. Оны
ақырына дейін көркем тіл, ойнақы
стильмен жазып шығуға күш салу керек.
Фельетондық лексика мен үн-
Фельетонды шебер бастап,
айтарымызды әдемі әдіс-
Фельетондағы образ дегенді екі мағынада ұғамыз. Осы күнгі кейбір сатира сабаздарының іс-әрекеті, әдет-дағдысы, жүріс-тұрысы фольклордағы, классикалық және осы заманғы әдебиеттегі кейбір кейіпкерлердің әңгіме-хикаясына ұқсап жатады. Олар сыртқы пішінімен де, ішкі мәнімен де тым үндес, ұқсас келеді.
Фельетондағы нағыз көркем шығарма ету үшін, қызықты, әсерлі жазып, тәрбиелік күшін арттыру үшін ондағы кейіпкерлердің бейне-образдары жасалуы шарт. Фельетонист оларды айқын етіп, даралап суреттеп беруге міндетті. Сонда ғана объектісінің ұнамсыз бейнесі тип ретінде жұрттың есінде сақталады.
Осыны ескермеген Дм. Прилюк әрбір фельетонда сатиралық образдың болуы шарт емес деп жазады. «Адамды емес, факті мен оқиғаны ғана суреттеп беретін фельетон да бола береді. Оларда өткір теңеу, қарсы қойып, сәтті салыстырулар мен басқа да сатиралық өткірлеу тәсілдерінің болуы жеткілікті», - дейді.
Біздіңше, бұл пікір теріс.
Өйткені әрбір материалдан
Фельетонда сыналып отырған адам образын жасаудың да әп қилы жолы, әдісі бар. Ол да шеберлікті, мәдениеттілікті қажет етеді. Фельетонда қуды қу, сұмды сұм деп тілдей бергеннен оның образы жасалмайды. Бұл құр байбалам болады. Ең алдымен, фельетон кейіпкерлерінің образы олардың іс-әрекет, жүріс-тұрысын баяндау арқылы жасалады.
Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны