Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
Корреспонденция мен мақаланы салыстырып көрсек, оларды бір-бірінен айыру онша қиынға түспейді. Корреспонденцияда тақырып, объекті нақты болады.
Корреспонденция дегеніміз - жағдай мен уақытқа байланысты өмір оқиғалары мен құбылыстарын белгілі бір объектіде зерттеп, адам еңбегін өзінің желісі ете отырып, типті фактілерді талдау мен қорытудың негізінде туатын публицистикалық шығарма. Корреспонденцияның тілі нәрлі, көркем, ұғымды болып, публицистикалық стильде жазылуы керек.
10. Корреспонденцияның негізгі арқау - факті
Фактіні терең зерттеу және іріктеп алу - творчестволық жұмыстың тек астамасы ғана. Істің бұл бастамасы оңайға түспейді. Кейбір журналистер құбылыстың негізгі мәнін нақты, егжей-тегжейіне дейін зерттемегендіктен, жетілдіре алмағандықтан корреспонденцияларын тым шалағай жазып шығарады. Факті - корреспонденцияның құрылыс материалдары тәрізді. Егер құрылыстың қажетті материалдары кезінде және сапалы әзірленбесе, ешқандай құрылыс салу мүмкін емес. Сол сияқты факті жақсы тексеріліп, шебер іріктелмесе, әрбір фактінің ішкі мәніне терең түсінбесе, ешбір журналист ешқандай бағалы корреспонденция жаза алмайды.
Корреспонденцияның негізгі
ерекшелігі - ол кез келген фактіге
сүйенбейді, жазғалы отырған объекті
мен құбылыстың типтік фактілеріне
сүйенеді. Корреспонденцияны жазуға
кіріспес бұрын фактілер мен
құбылыстар алынып отырған
мәселенің негізгі арқауына сай
келе ме, олардың типтік жақтары
қандай, міне осылар туралы кең ойланып,
толғану керек те, оны зерттеп
тексеру үстінде
Горькийдің дәл айтқанындай, факт - белгілі бір шығарманың желісі, желі болғанда да корреспонденцияның желісі. Факт үлкенді-кішілі оқиғалардың барлығында да шешуші роль атқарады. Факті мен цифрларды қатар қоюдың керегі жоқ. Цифрлар белгілі бір істің қорытындысын көрсетеді, бірақ ол ойға елес беріп шабытқа жетектей алмайды. «Корреспонденцияның қандайының да болсын негізі - фактілер, цифрлар... редакция мұндай талапты қойғанда тартымды жалғыз жолы жоқ, жарқын бояудан жұрдай, оқушыны жалықтырып, оның назарын зеріктіріп жіберетін жиылыс материалдары бойынша құрғақ есеп жазып тұру керек деген тілек білдірмейді».
Нақты факті бар да, ал сол фактіге баға беру бар. Бұл екі түрлі ұғымды шатастырмау керек. Корреспонденцияға мұның екеуі де керек. Бірақ корреспонденцияны жазу үстінде фактіге бірыңғай баға беру дұрыс болмайды. Сонымен қатар мәселе бір сарынды баяндалса фактінің өзі бос әңгіменің көлеңкесінде қалса, ол да шеберлік болып шықпайды. Сондықтан, фактілер бір-бірімен салыстырылады, оған талдау жасалынады. Сонымен барып белгілі мәселе туралы пікір білдіріледі, ұсыныс түседі. Корреспонденцияның мазмұны өмір құбылыстары мен фактілеріне бай болуға тиіс. Егер оның мазмұнынан өмірдің өткір фактілері сезіліп тұрса, корреспонденция солғұрлым сапалы болады.
Әлбетте, халық бұқарасы
ерекше ынта қойып отырған мәселелерге
үнемі дер кезінде жауап
Сөйтіп, корреспонденцияның өзі «Өмірдің бір бөлшегін» көрсетуге, өмір шындығын дәл беруге негізделеді. Корреспонденцияның авторы кұбылыстар мен оқиғаларды салыстырады, фактілерді талдайды, олар жөнінде нақтылы ұсыныстар жасайды, белгілі қорытындыға келеді. Сондықтан да корреспонденция қазіргі заманымыздың әлеуметтік фактілері мен өміріміздің барлық саласындағы кейбір құбылыстар мен оқиғаларды кеңінен жазуға ең бір икемді де ебдейлі, оперативті жанр боп саналады. Корреспонденция партия, совет, шаруашылық және мәдениет орындарының белгілі бір кезеңдегі, олардың күнделікті жұмыстарындағы нақты фактілер мен оқиғаларға талдау жасап оған баға береді.
Корреспонденция түрлері
Суреттеме корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі жеңіл, суреттеу стилімен жазылады. Суреттеме корреспонденция тіл, стилі жағынан, жазылу әдісі жағынан очеркке ұқсас келеді. Мұндағы негізгі мақсат болған оқиғаны, құбылысты оқырманға көркем тілмен жеткізу. Суреттеме корреспонденцияның очерктен ерекшелігі мұнда образ, портрет, вымысел (ойдан шығару), домысел (ойдан қосу) дегендер болмайды. Корреспонденцияның бұл түрінде кейіпкердің толық портреті болмағанмен оның элементтері орын алады. Ал очерктің шарты бойынша онда толық образ бен портрет, характер болады. Ойдан қосу да, ойдан шығару да очеркте толық орын алады. Суретеме корреспонденция бұл жанрдың басқа түрлері сияқты іске тікелей араласуды талап етіп, күрделі мәселе көтермейді, немесе белгілі бір мәселені шешуді талап етпейді. Проблемалық мотив бұған шарт емес.
Суреттеме корреспонденция көбінесе адамдардың еңбек табыстарын, немесе қажырлы еңбектің жемісін көркем суреттеумен баяндап береді. Қандай болса да келелі бір мәселе көтеру, оның төңірегінде белгілі бір пікір туғызуды суреттеме корреспонденция мақсат етпейді. Суреттеме корреспонденцияда фактілер, оқиғалар мен құбылыстар терең, жан-жақты талданбайды. Ол мәселе де көтермейді. Бұл корреспонденцияда көбінесе өміріміздің жағымды жақтары қамтылады. Сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау, болған кемшіліктердің себептерін анықтау, ол кемшіліктерді жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды.
Оперативтік
корреспонденция. Оперативтік корреспонденция
халық шаруашылығының салаларында
көкей тесті, бүгінгі күннің
қойып отырған міндеттерше, кезек
күттіруге болмайтын істерге, тез және
оперативті араласып отырады. Газет қызметкерлері
облыс пен ауданның алдына қойылып отырған
нақтылы міндеттерге байланысты мәселені
көбінесе корреспонденцияның осы түрімен
жазады. Оперативтік корреспонденция
- өміріміздің алуан саласында болып жатқан
табыстарымыз бен жеңістерімізді, немесе
кемшіліктерімізді тез білдіруші ең бір
оперативті жанрлардың бірі.
Оперативтік корреспонденция
- «Өмір бөлшегінің» қоңырауы
сипатты. Мектептің шарбағында ойнап
жүрген шәкірттер қоңырау даусы
естілісімен жапырлап класқа кіреді,
ұстаздары да олармен ілесе кіріп,
сабағын бастап кетсе, оперативті корреспонденция
да жарыққа шығысымен тақырыбына
өзек болған мәселенің төңірегінде
қоңырау соғады. Егер біз корреспонденцияның
барлық түріне де уақыт пен орын
ортақ сипат дейтін болсақ, онда
оперативтік корреспонденция
Оперативтік корреспонденцияда талдау жан-жақты болумен бірге нақтылы болуға тиісті. Табыс пен жетістіктер туралы жазылғанда оның сыры мен мәні кең ашылса, ал кемшіліктер туралы жазылғанда оның себептерін, оған жауаптыларды қатал жан-жақты сынау керек. Оперативтік корреспонденция асылында, шағын, нақты тақырыптарды көтеріп отырады. Мысалы, қой шаруашылығын өркендету - жалпы алғанда күрделі мәселе. Қой шаруашылығын өркендету ісі бір кезеңде аяқталатын жұмыс емес, ол - советтік озат ғылымның жаңалықтарымен барған сайын жетілдіріле беретін, шопан кадрлар сапын нығайта түсетін көлемді де маңызды жұмыс. Ал жемшөп қорын жасау - қой шаруашылығын дамыта түсу мәселенің бір саласы. Бұл мәселе күн тәртібіне жиі қойылады және бұл мәселені белгілі бір кезеңде тез, оперативті шешіп отыру керек. Газеттер бұл тақырыпты оперативті корреспонденция арқылы жазады. Мұның өзі оперативтік корреспонденцияның жазылуы белгілі бір уақытқа байланысты деген заңдылыққа келеді.
Оперативтік корреспонденция дегеніміз - өмірдің бүгінгі талабына ілесе үн қосып, уақыт пен жағдайға байланысты нақтылы объектінің фактілерін өзек ете отырып, ерекше оперативтік сарынмен жазылған корреспонденция жанрының бір түрі.
Проблемалық корреспонденция. Бұл - газеттің корреспонденция жанрларының басқа түрлеріне қарағанда едәуір күрделі түрлерінің бірі Егер корреспонденция өмірдің бір бөлшегін қамтиды десек, ал проблемалық корреспонденция сол өмірдің бір бөлшегінің қандайынан болса да проблемалық мәселе көтереді. Проблемалық корреспонденция газеттің бұл жанрларының басқа екі түріне карағанда тақырыпты талдауы жан-жақтырақ және тереңірек келеді. Тақырыпты баяндауы да, мәселені қорытындылауы да анағұрлым күрделі болады. Проблемалық корреспонденцияның тақырыбы өзінің күрделілігі мен маңыздылығы жағынан аумақты және салмақты келеді. Ал оперативтік және суреттеме корреспонденциялардың тақырыбы шағын да шектеле келеді. Күрделі такырыптарды өзек ету - проблемалық корреспонденцияға тән нәрсе.
Таңдай білу - табыс кілті. Журналистің ой-пікірінде тақырыптың идеясы туғаннан кейін ол оны жазу үшін белгілі бір объекті іздейді. Бұл жерде ескере кететін бір жай, алдымен тақырып таңдалып, содан кейін объекті зерттелуі мүмкін. Немесе объектіні аралағаннан кейін барып тақырып тууы мүмкін. Бірақ бұл екеуі де бір-біріне қайшы келмейді. Мұның бәрі жағдайға байланысты. Қорреспонденция жазу мақсатымен ол өнеркәсіп орындары мен колхоз, совхоздарды аралайды. Объектіні аралар алдында қандай мәселелерге назар аударған дұрыс, кімдермен сөйлесу қажет, қандай деректерді зерттеу тиімді деген ойларды күні бұрын ойластырып, дәптерге түртіп қойғанның ешбір зияны жоқ. Творчестволық процестің бұл кезедегі басты нәрсе - объектіні таңдап алу боп саналады.
Кей жағдайларда, жазылатын объекті күні бұрын белгілі болады, оны редакцияның өзі де ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда тілші объектіге барып, оның егжей-тегжейіне дейін зерттеп, барлық фактіге көзі жетіп, оны сеніп-біліп жазуға тиіс. Белгілі объектінің кемшіліктерін жазу үстінде барынша сақ болу керек. Ол үшін алынғалы отырған объектімен алдын ала танысып, барлық мән-жайды асықпай байқай біліп, тиісті документтер мен танысып, адамдармен пікірлесіп барып, қорытындыға келген дұрыс. Бір объектінің жайында немесе адамдар туралы сын материалдар жазарда күн ілгері теріс пікір туғызу, дұрыс-бұрысына өз көзің жетпей тұрып, біреулердің ықпалына түсіп кету ешуақытта кешірілмейтін қателік. Бұл тілшінің ар-ұятына кір келтіреді, газеттің де абыройын түсіреді. Сөйтіп объектіні дәл таңдау үлкен байқампаздық пен білімділікті, әділеттілік пен ұстамдылықты, салқынқандылық пен салмақтылықты талап етеді. Жазатын объектіні тақырыпқа сай таба білу – табыс кілті. Журналист белгілі объектіні таңдап алғаннан кейін оған еректі материал жинау, мәселені егжей-тегжейіне дейін зерттеп алу өзекті іс боп саналады. Сондықтан да журналист шалғай атқан асу-асу жолдардан асып, қауіпті де қатерлі жерлерден өтіп, асыл раушандардың талай тәтті шырынынан бал жинаған арадай ол өзі жазғалы отырған тақырыбына талғампаздықпен өзек іздеп, факті жинайды. Корреспонденцияиың әрі көркем жарлы, әрі бірден назар аударарлықтай тартымды боп шығуы істі жете тексеріп, оның шындығына көз жеткізе білуде. Ерінбей ізденсең, қолыңа алғалы отырған мәселеңе бар шабытың мен ын назарыңды аудара кіріссең, оған терең ой жүгіртіп, ондағы үлкенді-кішілі деректерді жинақтағанда өз ойыңды тек партиялық тұрғыдан түйіндей білсең ғана жазған корреспонденцияң маңызы мен мәні жағынан әрі құнды, тілі мен көркемділік жағынан әрі тым әсем боп шығады. Белгілі бір оқиға мен құбылысты және өмірдің деректер тізгінін жете тексерген кезде бұрын байқалмаған, әншейінде елең етпейтін жасырын сырдың, іс мәнісінің кеңірек ашыла түсуі мүмкін. Яғни, белгілі объектіні осылай тексергенде ғана мәселе анықтала түсуі керек. Объектіні тексеру-зерттеу үстінде кішкенеден бастап, үлкен нәрсеге дейін үңіле түсу қажет, Горькийдің сөзімен айтқанда, мұның барлығы да елеусіз ұсақ-түйек нәрсе емес. Темір мен ағаш шебері тәрізді журналист те өз материалының керемет зергері болуы керек. Журналист жергілікті жерде оқиғалар мен құбылыстарды және фактілерді зерттеп жүрген кезінде материалды жазудың әдістерін де ойлап толғана жүреді, корреспонденцияда орын алуға тиісті негізгі мәселелерді белгілеп, нақтылы ұсыныстар мен қорытындыға келу жолдарын да ойластыра жүреді.
13. Мақаланың жанрлық ерекшелігі
Мақала дегеніміз - қоғамдық
құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп
ұғынудың, талдап және жинақтаудың
қорытындыларынан туған идеяның
негізінде жазылатын
Мақала тақырыбының
Мақала теориялық жайларды
қозғап, қоғам өміріндегі елеулі окиғалар
мен құбылыстарды қамтиды. Мақала
партия мен үкіметтің ішкі-сыртқы
саясатын іске асыру жолында бүкіл
халық пен мемлекеттің алдында
тұрған міндеттердің негізінде туады.
Сол міндеттерді еңбекшілерге жеткізе
насихаттайды және оларды орындауға
бүкіл халықты жұмылдырады, халық
шаруашылығының бір саласындағы
озат әдістерді насихаттайды, орын
алып отырған кемшіліктерді сынайды.
Корреспонденцияның жазылуы
орын мен уақытқа және
Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны