Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
Очерктің образ жасау
әдісі де қызық. Әңгімеде ғой, бір
колхоз председателін бейнелеу үшін
жазушы он-он бес председательдің
өмірімен, ісімен танысып, сонан байқағанын,
түйгенін жаңағы кейіпкердің басына
жинақтайды. Яғни әңгіме типтік құбылысты
көптеген ұқсас құбылыстардан, типтік
образды ұқсас бірнеше адамның
басынан іздейді. Горький айтқандай,
«Егер сіз дүкеншіні
Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік өзгешелігі бар. Кейбіреулердің «образ көркем шығармаларға ғана тән, ал очеркке нақтылық керек» дегенінің ешбір қисыны жоқ. Асылы, повесть, әңгіме жазушы өзінің өмірде байқағандарын, көргендерін жинақтап, қорыта, саралай келіп, ой елегінен өткізіп, образ жасайды. Очеркист өмірдің қайнаған ортасында жүріп, өз замандастарының ішінен образ боларлық адам іздейді. Ал бұл адамның өмірі очеркистің творчестволық ойынан шығуға тиіс, әрі заманның нағыз типтік белгілерін білдіруге тиіс. Ондай адамның басында жаңағы көп адамнан қайткенде артық, қайткенде озық, өнегелі қасиеттер, сонымен бірге қалың көпшілікке тән қасиеттер болуы керек. Очерктің қаһарманы - заманымыздың қаһарманы. Демек, еліктерлік, тәлім аларлық сипаты жоқ кез келген адам, кез келген өмірбаян оған образ бола алмайды. Очерк кейіпкерінің мінезін, рухани дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен суреттеу - образ жасаудағы, характер ашудағы биік мұрат. Кейіпкердің ісімен, тағдырымен жете таныспайынша, оны шын ұнатып, шын сүйе білмейінше, тәуір образ шығару мүмкін емес.
18. Очерктің түрлері
Жол-сапар очеркі орыс әдебиеті мен баспасөзінде ертеден келе жатыр. Кітабымыздың бастапқы бөлімдерінде сөз болатын, Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат», Қарамзиннің «Орыс саяхатшысының хаттары», Пушкиннің «Арзрумға саяхаты» бұған бірден бір мысал. Шоқан Уәлихановтың, «Жоңғария очерктері» де осы түрге жатады.
Совет дәуірінде шетелге саяхат тақырыбынан ондаған шығарма туды. Бұлар - М. Горькийдің «Сары сайтанның қаласы», В. Маяковскийдің «Менің Американы ашуым», М. Кольцовтың «Испан күнделігі», И. Эренбургтің «Испания», Н. Тихоновтың «Үндістан көктемі» деген очерктері.
Елімізді, республикамызды
аралаудан туған жолсапар
очерктері (мысалы, М. Шагинянның
«Арменияға саяхат», С. Мұқановтың «Каспийге
саяхат», «Украинаға саяхат» деген)
бұл түрдің өрісін кеңейтіп,
танымдық-тәрбиелік маңызын
Бұл өзі - очерктің ең көне түрі. Өйткені танымаған, көрмеген жерді көруге, білуге, саяхат сапарына деген құмарлық ешқашан басылған емес. Демек, очерктің бұл түрінің арқауы - саяхат.
Жолсапар очеркінің
Жолсапар очеркінің басты
ерекшелігі Пушкин заманынан («Арзрумға
саяхат») калған дәстүрі - автор
өз атынан сөйлейді, саяхатқа өзін араластыра
отырады. Шығарманың басты кейіпкері
де - автордың өзі. Сондықтан көрген-білгенін
қызықты әңгімелейді. «Автордың
парасатты (интеллектуалдық) «мені» көзбен
көргенін философиялық және публицистикалық
жағынан жинақтап, оған лирикалық
әр береді де, айтылмыш кұбылыс атаулыны
бір-бірімен байланыстырып
Бір кезде Стендаль саяхатшыға «Мен Нью-Йоркте болдым, содан шығып, теңізбен Оңтүстік Америкаға сапар шектім. Жол-жөнекей мені маса шағып, шыбын-шіркей әбден мазамды алды» деп жазуға рұқсат етіледі» деген еді.
Бұрын болмаған, көрмеген, танымаған
елдің жер-суы, тұрмысы, салт-санасы,
мәдениет ескерткіштері, халықтардың
өміріндегі тарихи өзгерістер автордың
өзіндік талғам, әсері, саяси көзқарасы
арқылы баяндалады. Мұнда автор позициясының,
өмір болмысын шынайы суреттеудің ролі
күшті. Жол-сапар очеркінде
Жол-сапар очеркінде автор
саяхаттан көрген-білгендерін
Портрет-очерк. Орыстың реалистік әдебистінде портрет очеркінің игілікті дәстүрі бар. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында «Физиологиялық очерк» деген пайда болды. Оның авторлары демократияшыл төменгі топтан шыққан замандастарының - қолөнершілердің, үй іргесін сыпырушылардың, жарлы-жақыбайлардың, қайыршылықпен күн кешкен кейуаналардың портретін мүсіндеді. Бұл портреттердің ерекшелігі - авторлардың жоғарыда аталған мамандық иелерінін, белгілі бір әлеуметтік топтардың типтік сипаттарын даралап беруінде. Осыдан да бұл портреттердің «физиологиялық» деген бейнелі анықтамасы туды. Тіпті XIX ғасырдың 40-жылдарында басылып шыққан Н.А.Некрасовтың очерктер жинағы «Петербург физиологиясы» деп аталды.
Портрет очеркі - совет адамы
туралы, еңбек адамы туралы очерк.
Сондықтан автор ең алдымен шығармасына
еңбек өнегесі де, адамгершілігі
де үлгі боларлық кейіпкер іздестіреді.
Ал кейіпкердің өмірін жетік білу,
оның бар асыл қасиетін оқушыға жеткізу,
шебер психолог болу - очерктің бұл
түрінің міндеті. Бірақ бізде
еңбек адамдарын суреттеуде жасандылық,
үстірттік басым екенін әсте жасыруға
болмайды, «Тәжірибелі шопан», «атақты
жылқышы», «даңғайыр механизатор» деген
жалпылама эпитеттер мен
Портрет очеркі ең алдымен автордың жеке байқағандары мен көңілге түйгендері негізінде жасалады. Әйтсе де ол өмірбаянды жадағай, сүреңсіз тізіп шығу емес.
Портрет очеркі құр қиялдан тумайды, оның өзегі - өмірдің өзі. Жаңалық іс, жақсы адам жанымызда жүр. Бұларды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қостанайда бар озат комбайншы Ақтөбеде де бар, Қарағандының мақтаулы кеншісі Қентауда да бар. Қолы алтын жұмысшы әр қаладан табылады. Жүлде алған жылқышы толып жатыр. Әңгіме соларды тілдің майын тамызып, келістіре суреттеуде, өмір құбылыстарын үңіле зерттеуде.
Көркем очеркте замандас тұлғасын шынайы шығару - үлкен өнер. Бұл жерде автордың жадағай суретімен, адамдардың атын, лауазымын тізбектеумен, жұмыс көрсеткішін сылдыр баяндаумен іс бітпейді. Ең алдымен еңбек озаттарының көңіл күйін, ой сандығын ашу керек, олардың рухани дүниесіне бойлау керек. Очеркист кім туралы жазсын, мейлі ол металлург, шахтер, мейлі қызылшашы, малшы бола ма, бәрібір адамды адам қүйінде алу керек, оның жақсы қасиеттерін де, жаңсақ басқан қадамын да шынайы қалпында бейнелеген жөн. Жеке адамның тағдыры әлеуметтік түйінге көтерілсе, халық мүддесімен, мемлекет мүддесімен ұштасып жатса құба-құп. Зейнолла Қабдоловтың «Жамал» деген очеркі кейіпкердің күйініш-сүйінішін нәзік сезу үстінде туған. Соғыста күйеуі өліп, жесір қалған мұнайшы әйел тағдыры, оның еңбек қуанышы, балаларының қызығы дербес характер жасайды.
Оқиғалы очерк - біздің баспасөз бетінен көрнекті орын ала бастады. Өйткені елімізде очерк жазуға лайық әрдайым ғажип окиғалар болып жатады. Рухани талап-талғамы жоғары оқушыларымыз солар туралы тек хабардар болып қана қоймай, сонымен бірге эмоциялық әсер алғысы келеді. Ал журналистер көбінесе осындай оқиғалардың куәгерлері болады да, соны тап оқырман ішінде жүргендей, тартымды әрі қызықты баяндайды:
Соғыс эпизодтары,
жаңа электр станциясын
іске қосу, темір жол құрылысының
басталуы, халық шаруашылығы
жетістіктері көрмесінің
ашылуы, совет космонавтарының
ерлігіне арналған мереке-салтанат,
ауыл шаруашылық науқандарының қауырт
кезеңдері, - міне осы
тәрізді толып жатқан
маңызды оқиғалар қаламгерлердің
тіліне тиек, шығармасына арқау болатыны
даусыз. Очерктің бұл түрінде оқиға
көрінісін айшықты бояумен
Очерктің бұл түрінің «оқиғалы» деп аталуы әсте бірыңғай оқиғаны суреттеу деген сөз емес. Очерктің бәрінде де негізгі кейіпкер болып еңбек адамы алынатыны сияқты бұл түрдің де түп қазығы - адам.
Публицистикалық очерк - әлеуметтік-саяси құбылыстардан, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Очеркист оқушыларымен сыр шертіседі, ой мен сезім арқылы өз дәуірінің тынысын оқушыға жеткізуге ұмтылады. Өмір картиналары - оның әлеуметтік толғаныстары үшін түп қазық. Мұның өзі - замана толғауы, жүрек сөзі, бейне очеркистің лирикалық шалкуы тәрізді. Сондықтан да публицистикалық очерктің орнына кейде шалқыма, толғау деп те қойыла береді.
Публицистикалық очеркте автор әлдеқайда кеңірек көсіле алады, өз көрген-білгендерін кірістіре алады, оқушының санасы мен сезіміне бірдей әсер етуге тырысады, оқушымен тікелей әңгімелесіп, шүйіркелеседі, өзі суреттеген картина турасында ойласуға шақырады».
Очерктің бұл түрінде, кейде көркем образ арқылы автордың идеясы, мақсаты мағлұм болатын жәйттер кездесе береді. Публицистикалық очерктің бір ерекшелігі, автор көкейіндегі ойын өз атынан баяндап отырады. Логика күштілігі, өмір зерттеу қабілеті, ой-өріс диапазоны, философиялық түйін, ақыл-парасаты, сөз шешендігі, ғылым, білім саласынан әр қилы мағлұмат-бағдардың молдығы, - міне осының бәрі очерктің бұл түріне өте қажетті шарттар.
Орыс әдебиетінде Г. Успенскийдің, М. Горькийдің, И. Эренбургтің, Д. Заславскийдің, Н. Грибачевтің, Ю. Жуковтың, А. Чаковскийдің, қазақ әдебиетінде М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Б. Бұлқышевтің, Ғ. Слановтың, М.Иманжановтың, Ә. Сатыбалдиевтің, X. Ерғалиевтің, Ж. Молдағалиевтің, С. Мәуленовтың, Қ. Шаңғытбаевтың, К. Қазыбаевтың, Ж. Ысмағұловтың, Ә. Жұмабаевтың тағы басқаларының публицистикалық очерктері міне осылай жазылған.
Проблемалық очерк үлкен қоғамдық проблема көтереді. Мұндай очеркте өмір шындығына терең көркем-публицистикалық талдау жасалады. Автор барлық фактіні өзін толғантқан қоғамдық проблемаға орай іріктеп алады. Шығарманың сюжеттік желісі де соған бағынышты. Проблемалық очеркте қалам қайраткерлері обобщениеге мол барады, өмірдегі, тұрмыстағы, шаруашылықтағы жетістіктермен қоса ілгері басуымызға, дамуымызға кедергі келтіретін кеселдер мен кемшіліктерді мінеп отырады, әлеуметтік, қоғамдық ойларын ортаға салады.
Жан-жақты зерттелген деректі материал автордың есте сақтарлық образдар жасауына да мүмкіндік береді. Қлассикалық әдебиетте Г.Успенскийдің, ал біздің совет әдебиетінде В. Овечкиннің, А. Қалининнің, В. Тендряковтың, И. Антоновтың, Л. Ивановтың, Е. Дороштың туындылары - проблемалық очерктің жарқын үлгісі.
Қазақ баспасөзінде проблемалық
очерк көп кейін пайда болды.
Бұл салада алдымен атайтынымыз
Қ. Исабаевтың, Ә. Нұршайықовтың, Т. Әлімқұловтың,
О. Сүлейменовтың туындылары. Мысалы,
Олжас Сүлейменов «Қайыңды дала»
деген проблемалық очеркінде
республикамыздағы ең жас облыстардың
бірі - Торғай облысының өз алдына шаңырақ
көтергеннен кейінгі бірер
19. Эссе
Әдебиет халықтың кешегі
З. Қабдолов: « Жанр-даму үстіндегі ұғым.
Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанр олардың
түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына
өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер,
бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен
тығыз байланысты болса, екінші жағынан,
әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби
процесстегі атқарар роліне, алар орнына
байланысты.»(1/360) Жанрлардың ішіндегі
қандай құбылыстар болмасын белгілі бір
стильдік, көркемдік мақсатта жұмсалып,
көркем шығармалардың ішінде айрықша
қызметке ие болып тұрған жанрлардың бірі
– эссе жанры.
Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан
тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше
талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан
бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге
құрылатын философиялық, эстетиканың,
әдеби сынның, публицистиканың, көркем
әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны
пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды
ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын,
өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын,
қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық
сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен
ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты
сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша
салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады.
Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист
интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы
көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін
жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында
туған туындыларға батыл болжамдар мен
өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен
талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге
қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау
саларлық байламдар тән.(2/378) «Эссе» сөзі
француз тілінен аударғанда тәжірибе,
шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына
береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз
ойшылы Мишель Монтень («Опыты», 1580-1588
г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский,
З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер
бұл жанрды автобиография, биография,
күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық
әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына
жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика
дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып
келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет
ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты
көркемдік жағынан зерттеу кезі – Қайта
өрлеу дәуірінде бастау алады. ХХ ғасырда
«фактілік әдебиет» туралы Иржи Гаек былай
деп жазады: «Репортаждар, лирикалық, поэтикалық
эсселер, биографиялық новеллалар-бұлардың
барлығы дерлік «сюжеті жоқ», «перифериялық»
жанрлар және қазіргі таңда олардың ролі
өте зор. Олар әдебиеттің маңызды және
ажыратылмас бөлшегіне айналды.» З.И. Кирнозе
бұл феноменді ХХ ғасырдағы романның құлдырауымен
байланыстырады.(3/1) Бүгінде эссе жанры
жаңа рөлге ие, маңызды функция атқарады,
нақты айтатын болсақ, Республика деңгейінде
өтетін кейбір шығарма бәйгелері осы жанрда
ұсынылып жарияланады, бұның себебі-эссе
жанры жеке тұлға тарапынан баяндалатын
хабарламаны талап етеді.
Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен
қайта көріне бастады. Бұның себебі –
эссенің газет беттеріне қайталамас реңк,
ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы
эссенің негізі – қоғамдық өмірдің әр
саласындағы құбылыстарынан пайда болған
«теория», анықталған концепцияны ерекше
бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың
ойлау деңгейі «глобальдылық». «Глобальды»
деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен
адамдардың күнделікті өмірде негізгі
мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі
кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.
Журналист Жидегүл Әбдіжәділқызының айтуынша:
«Эссе-журналистің адамгершілік көзқарасын
танытатын, авторлық позициясын айқындайтын,
кәсіби деңгейін аңғартатын, қалың бұқараның
санасына тікелей ықпал
етіп, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын
жанр». (4/7) Яғни, журналистік тұрғыдан
қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік
функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын
жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір
эссе жазушылары оның негізгі қисынын,
жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын
біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен
жазады. Себебі, олар бұл жанрдың тарихынан,
мән-мазмұнынан бейхабар. А.А. Тертычный
қазіргі баспасөздегі эссенің бірнеше
түрлерін қарастырады, біз солардың ішіндегі
ең көп таралған 4 түріне тоқталайық:
Публицистикалық эссе. Бұндай эссенің
ерекшелігі күн тәртібіндегі, аудиторияны
қызықтыратын мәселелерді қозғауында
(мысалы өлім жазасына мораторий жариялау,
терроризм т.с.с.).
Әдеби-сын эссе. Бұл әдеби шығармалар жайында
жалпы ой-толғаныстар. Әдеби-сын эссенің
рецензиядан айырмашылығы-эсседе шығарма
детальды түрде талданбайды. Эссеист әдеби
шығарманың жалпы заңдылықтарын көрсетуге
тырысады, нақты шығарма арқылы өз пікірін
білдіреді, идеясын өрбітеді.
Философиялық эссе. Автор эссенің бұл
түрінде көбіне болмыстың жалпы мәселелерін,
оның қоғамға, жеке адамға әсері туралы
сөз қозғайды. Материя және рух, өмір және
өлім, олардың бірлігі мен күресі-авторды
толғандыратын тақырыптар осы.
Ғылыми эссе. Бұл эсселер жалпы ғылыми
мәселелерге байланысты болып келеді.
Техникалық жетістіктер, өркениет тағдыры,
техника мен адам арасындағы қақтығыстар,
ғылымның ізгіліктендірілу жолындағы
әдістер мен мақсаттар және т.б. (5/217)
Эссе автордан логикалық жағынан жүйелі
ақпаратты талап етеді. Эссеист өзінің
ой-толғанысында бір немесе бірнеше пікірді
жақтайды немесе оларға қарсы шығады.
Автор өз ойын факт пен логикалық негіздеу
арқылы дәлелдеп қана қоймай, бұл ақпаратты
аудиторияға түсінікті түрде жеткізу
керек. Мысалы Қазақстан жазушысы Марат
Қабанбайдың «Қазақ қайда барасың?» атты
шығармалар жинағында : «Қазақ тілі, ділі,
діні жүретін аумақтар Арал теңізіндей
тартылып барады.» деген үзіндінің өзінде
«Ханнан да, қарадан да биік ана тіліміздің
күні не болады?» атты эссенің тақырыбын
толық ашу үшін оқырманға түсінікті, әрі
актуалды теңеу қолданады. (6/19) Мәтін хронологиялық
тәртіпке келтіріліп, бірден түсінуге
қиын ой-пікірлер мысал келтіру арқылы,
ал соңында ойды қорытып, түйіндеп жазылған
эссені эссе деп атауға болады. Бұл жанрға
арналып жазылған ағылшын, француз, американ
әдеби теориялық шығармаларда ХХ – ғасырдағы
эссеның «көкейкестігі», «өміршеңдігі»
туралы көп айтылады. Дональд Друэрри
өзінің «Varieties Of The Essay» еңбегінде эссенің
әдебиет формасының шегінен асып, мерзімді
баспасөз, баспадан жаңа шыққан кітап
сияқты өте маңызды екенін жазады. Телевидение
мен радионың өзінде эссе жанрдағы материалдар
жиі дайындалынады.
Ағылшын ғылымдары Роберт Скулз бен Карл
Клаустың еңбектерінде эссе Платонның
«ақиқат ұлылығымен» байланысып қарастырылады,
ал бұндағы жанрдың негізігі функциясы
– «сендіру»(«persuasion»).(3/3) Эсседегі бізбен
ой бөліскен адам бізді өзінің көзқарасының
дұрыстығына сендіреді, әрі оқырман эссеге
көз жүгірткенде, білімі терең, дүниетаным
деңгейінің көкжиегі кең, өресі биік, аз
сөзбен көп мағынаны қамти алатын, өмір,
қоғам, тіршілік туралы өз тарапынан ой
қоса алатындай болуы тиіс. Мысалы Қазақстан
әдеби сыншысы, журналист Амангелді Кеңшілікұлының
«Гогольдың өлімі атты» шығармасында:
«Өмірінің соңында жазған Гогольдің «Жазушының
жан азасы» еңбегін оқыған сайын өмір
дегеніміздің адам мен сайтанның арпалысы
екендігіне көзім жете түскендей болады.
Сол сайтанды жеңу-халықтың ар-ұятының
өлшеміне ғана байланысты….Менің ойымша,
өз халқының келешегі үшін шын жаны ашитын
жазушы оны өтірік мақтап емес, Гоголь
сияқты ашына сүю керек, ашына!»(7/8)
Г. Марсель, П. Телар де Шарден, С. Вейля,
М. Мерле-Понти және т.б. философтардың
эссе жанрындағы шығармаларында француз
менталитетінің ерекшеліктері ішінде
философиялық және көркем өнер саладағы
ойлардың туыстығын анық көрсете білген.
ХХ ғасырдағы эссеист, «сын метафизигі»
М. Бланшо өзінің әдеби-сын эсселерімен
танымал болған. Ол «Әдеби кеңістік» атты
эссесінде философия мен әдебиеттің жақындастығын
дәлелдеу үшін Новалистің: «Біз бүкіл
Ғаламшарға саяхат жасауды армандаймыз,
сонда әлемнің өзі бізде емес пе?» деген
сөзін қолданады.
Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен
және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен
олардың ешқайсысына да тікелей қатысы
жоқ жанр. Эссе көбінде «сараптамалық
әдебиетке» жақын болып келетін және философия,
әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика,
идеологияны объект ретінде қолданып,
соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең
маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік
және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған
эсселердің авторлары философтар, тарихшылар,
мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері,
жеке салада хабардар журналистер бола
алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек
эссе жанры автордың интеллектуалдық
байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген,
түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік
ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға
келуге болады.
Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны