Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.
20.САТИРАЛЫҚ ЖАНРЛАР
Сатиралық жанрларды жеке-жеке
сөз етпес бұрын, «жанр» деген
не, оның түрлері бір-бірінен қалай
ажыратылады деген сұрақ
Бұл еңбекте сатиралық жанрлар мынадай екі салаға топтастырылып қарастырылады: сатираның поэзиялық жанрлары (мысал, эпиграмма, пародия, сықақ, өлең, шарж, карикатура), сатираның прозалық жанрлары (фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман).
Қазір «Сатира» атауы әр түрлі мағынада қолданыла береді. Біреулер оны әдебиеттің бір тегі (род) деп түсінеді. 1941 жылы шыққан «Шетел сөздерінің сөздігінде» «Сатира – болмыстың жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі (род)» делінген.
Енді біреулер сатираны нақты бір өмір елестерін, болмыс сәттерін суреттеп, жазып, айтып берудің әдіс-тәсілі ғана деп түсіндіреді. Мысалы, сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: «Сатира – болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі» дейді.
Тағы біреулердің ұғымынша, сатира – жағымсыз болмыс, құбылыс атаулыны сынап-мінеп, әшкерелейтін әдеби шығарма. Мысалы Д.Н. Ушаковтың редакциялауымен басылған «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» «Сатира - өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрде көрсететін әшкерелеуші әдеби шығарма» деп жазылған.
Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару үкім айту, адам қиналысын аңлау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп, сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды. Белгілі бір сатирлік творчествосының ерекшелігі осылардың қайсысын қай тұрғыда, қандай ниетпен пайдаланғанына қарай аңғарылады.
Ендеше болмысқа эстетикалық
қатысының өзіндік
Сатираның жеке бір іс, құбылысты зерттеп білудің әдіс-тәсілі ретінде көрінетіні де рас. Бұл сапада ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түр жанрында пайдаланыла береді. Солардағы белгілі бір елестер мен образдарды суреттеп берудің құралы, поэтикалық әдісі түрінде ғана қолданылады.
Бір орайда сатираның әшкерелеу пафосымен жазылатын көркем шығарма екені де рас. Сатиралық роман мен повесть те, сатиралық әңгіме мен мысал да, пародия, шарж, эпиграмма да, фельетон, памфлет – бәрі де көркем туынды. Бәріне де әдемі тіл, әдеби ажар шарт. Оларды оқырмандар, сөз жоқ, көркем шығарма деп оқиды.
Сөз жоқ, сатираның көркем шығармалар ішіндегі өзіндік бір түр екені де даусыз. Әр жанрда жазылған сатиралық дүниелерді бір жерге үйіп қойып, «бұл не? десек, «бұл – сатира, бұл – әдебиеттің сатира түрі» деген жауапты естір едік. Яғни сатира – көркем шығармалардың бір түрі, сатиралық туындылардың жалпылағыш, жиынтық аты.
Тағы бірде сатира жанрлары
болмыс-құбылысты қамту
Әр елде сатиралық, юморлық белгі, қасиеті бар, әзіл-қалжың ретінде айтылып, біреуді іліп-шалып, қағытып-мұқататын сыншыл сөз, міншіл пікірлер көп ұшырасады. Қаншалықты уытты, тапқыр, күлкілі болса да, біздіңше, оларды сатира, юморға жатқызуға болмайды. Өйткені, біріншіден, сатира, юмор айналадағы болмыс-құбылыстарды ұзақ уақыт байқап-көрудің, зерттеп-білудің нәтижесінде туады. Ол көп ойланып, толғанудың, ақыл-ой, дүниетаным елегінен өткізудің жемісі ретінде көрінеді. Ал әзіл-қалжың түріндегі шымшыма сөз, пікірлер табан астында, күтпеген жерден тілмарлықпен, тапқырлықпен айтала салынады. Олар – бақылап-болжаудың, үңіліп-ұғынудың жемісі емес, бір нәрсеге адамның аяқ астынан көңіл бөле, ой жүгірте, пікір білдіре қоюының жемісі.
Екіншіден, сатира, юмор белгілі
бір дүниетанымның, саяси-әлеуметтік
көзқарастың көрінісі, сәулесі ретінде
ресми шығарма түрінде
Үшіншіден, әзіл-қалжың, сатира, юмор сияқты, ескінің әлеуметтік қалдықтарына, қоғамның ілгері дамуына кесір-кесепат келтіретін зиянды дерттерге қарсы бағытталмайды. Оның міндеті, мақсаты мүлде басқа. Ол әңгіме-дүкен құрыста сөз қақтығысы, пікір таласы, тапқырлық жарысы ретінде көрініс табады. Сөз сайысына түсіп отырған адамға ғана бағытталып, одан тапқырлықты асыруды, соны жүйеге жығуды, күлкіге қалдырып, жеңіп жетуді ниет етеді.
Төртіншіден, сатира, юмор кемшілік иелерінің бәрінде бірдей бағыттала береді, ал әзіл-қалжың дәстүрлі реті бар, жөні бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен құрдас, жезде бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен құрдас, жезде мен балдыз, құда мен құдаша, жеңге мен қайын, нағашы мен жиен, қайын жұрт пен күйеу арасында ғана айтылады. Рас, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна!» деген сөз де рас. Бірақ осы мәтелді өсиет тұтып, басшылыққа алып келіннің атасымен, кішінің үлкенмен әзілдесуі, сөз тартыстыруы қалжың-оспақ айтысуы қазаққа тән нәрсе емес. Тіпті, бұл мәтелдің жөнін таппай, адамын таппай, орынсыз қалжыңдасып, көргенсіздік көрсетіп алғандарды ақтау ниетімен, ұялтпау мақсатымен айтыла салған болуы да мүмкін.
Бесіншіден, сатирада зіл, өшпенділік үн болады. Сүйектен өтетін сөз қолданылып, көңілге келетін пікірлер айтылады. Ол сай-сүйекті сырқыратып, сегізкөзді сыздатады. Сынаған адамында ашу-ыза, кек, дық қалдырады. Ал әзіл-қалжыңда кек болмайды, одан көңілде зіл қалмайды. Өйткені оның іліп-шалуы жеңіл, жайдары, жарастықты түрде келеді. Осы жағынан ол юморға жақындайды.
жазушы, шабытсыз ақындар
аса алмас асқар шыңға
21. Фельетон
Фельетон деген термин өткен ғасырдың бірінші жартысында баспасөз тәжірибесіне енген. Француздың «Журналь де деба» газеті өзінің шығарған қосымша жеке листоктарын фельетон деп атаған. Француз революциясының дәуірінде бұл атауға жаңа ұғым берілді. Мараттың «Друг народа» және «Отец Дюшен» журналында ол нақтылы кемшіліктерді сынай жазылған материал ретінде көрінеді.
Соңынан бұл терминнің мағынасы тағы өзгереді. Енді газет, журналдардың етегі (подвалы) фельетон деп аталады. Сонда орналастырылған мақала, роман, повестерге дейін «фельетон» деліне берген.
Осы мағынада фельетон Германияға, одан Ресейге ауысқан. Орыс, неміс баспасөзінде газеттің, журналдың белгілі бір бөлімін «фельетон» деп атаған. Онда қоғамдық-саяси, әдеби шолулар, сын мақалалар, айтыс еңбектер, тарихи очерктер жарияланған.
Қазақ топырағында да «фельетон»
әр кез әр түрлі мағынада пайдаланылған.
Мысалы, алғаш «Айқап» журналы
өзінің негізгі бір бөлімін «фельетон»
деп атаған. Онда да қазақтың тұрмыс-тіршілігі
жөнінде әр қилы публицистикалық
мақалалар, көркем әңгімелер, очерктер,
аудармалар, тарихи деректер жарияланып
жүрген. Журнал 1912 жылғы 3-нөмірінен
бастап подвалын «фельетон» деп атап,
онда сатиралық сарындағы
Сөйтіп, революцияға дейін-ақ
қазақ баспасөзі мен
Ол – күнделікті тіршілігіміздегі жат мінез, жаман қылықтарды, саясатымызға жапқан жаласын, өтірік-өсегін сынап-мінеп әшкерелеп отыратын сатиралық жанр. Ол әрі халықты тәрбиелеп, жаман әдеттерден жирендіру үшін, сақтандыру үшін жазылады. Неден жиреніп, неден үйренуді үгіттейді. Халықты қырағылыққа, кемшілікке төзбеушілікке үйретеді.
Демек, фельетон – насихаттық, публицистикалық жанр. Оның сөзі – үгіт сөзі, насихат сөзі. Фельетонның публицистикалық жанр болатын себебі – біріншіден, ол да маркстік-лениндік революцияшыл публицистиканың қызметін атқарады. Өз кезінің, өз заманының толғағы жеткен, көкейкесті әлеуметтік мәселелерін сөз етеді.
Екіншіден, фельетон жанрының жазылу табиғатында да публицистикалық үн, баяндау сарын көп болады.
Фельетон – таза публицистикалық жанр ғана емес, әрі көркем әдеби жанр. Онда да адамдардың типтері, образы, оқиғаның желісі – басталуы, шиеленісуі, шарықтауы, шешілуі, диалогтар, суреттеулер, шегіністер болады. Фельетонның тілі де, әдеби көркем болуы шарт.
Демек, фельетон – публицистика,
көркем әдебиет, сатира мен юмор элементтерін
бірдей қамтитын жанр. Ол көркем әдеби,
сатиралық шығарма ретінде
Фельетонда әлгі талаптарды
орындау, әлгі элементтерді ұштастыра
білу әркімнің қолынан келе бермейді.
Бұл жанрды жазылуы қиын, күрделі
жанр дейтініміздің себебі де осында.
Осы қиындықты мойындаған атақты
фельетонист М.Кольцов былай
«Мен фельетон жазғанда құрал-қару біткеннің бәрін біріктіруге тырысамын. Фельетонист аттракциондық нөмір, бір мезгілде бірнеше инструментте ойнауға міндетті «адам-оркестр» сияқты. Бізге, фельетонистерге, осындай «адам-оркестр» болуға тура келеді, жазуға қажетті тақырып табылғанда біз барлық жанрды синтетикалық түрде пайдалануға тиіспіз. Ал бұл оңай емес, бірақ өте қажет. Фельетон – синтетикалық жанр ретінде, әр түрлі салада тынымсыз еңбек етуді керек ететін өте қиын жанр».
Сонымен, сатиралық жауынгер жанр – фельетонның анықтамасы қайсы? Бұл сұраққа әркімнің әр түрлі жауабы бар. Мысалы, Тимофеев пен Венгров өздерінің «Фельетон – қоғамдық өмірдің зиынды құбылыстарын келемеж ететін газет мақалаларының ерекше түрі», - дейді.
Біздіңше, бұл анықтама дәл де, толық та емес. Біріншіден, фельетонды газет мақаласының бір түрі дей салуға болмайды. Бұлай деу – оны көркем әдеби жанр емес деген сөз. Екіншіден, фельетонды қоғамдық өмірдің жағымсыз жайларын мазақтайтын ғана жанр деу – оның жағымсыз жайларды, жақсы табыстарымызды мадақтау үшін де жазылатынын жоққа шығарғандық. Яғни бұл – жағымды күлкіні, қуанышты күлкіні мойындамағандық.
Тек газетте ғана жарияланады деген пікіріне қосылуға болмайды. Ол кітап, журналға да ене береді. Сонымен, фельетон дегеніміз – шағын көлемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма.
Буржуазиялық баспасөзде де «фельетон» деген атау, термин бар. Бірақ, оларда «фельетонизм», «фельетондылық» - жеңілтектік, құрғақ күлкі, нәрсіз күлкі, бос қалжақ, бос сықылық, мәнсіздік деген мағынаны білдіреді.
Фельетон - әдебиет пен баспасөз тәжірибесінде кең қолданылып, түр-форма жағынан молығып келе жатқан жанр. Автордың оны қай түрде, қай сипатта жазам десе де өз еркі. Фактінің сипатына қарай, айтпақ идеясына қарай ол фельетонның өлең түрінде де жазуына болады. Тіпті, прозамен әр қилы етіп жаза алады.
Сөйтсе де біздегі фельетондар түрге бай емес. Олар көбінесе корреспонденция түрінде жазылады. Ал фельетонның кейбір тартымды, әсерлі үлгілері қолданылмайды.
Бірақ осы үшін фельетонистерді, жергілікті газет қызметкерлерін, оның авторлары мен тілшілерін кінәлауға да болмайды. Өйткені осы уақытқа дейін фельетонның түрі, формасы жөнінде тұрақты пікір, шығарылған қорытынды жоқ. Оларға «фельетонды әр қилы формада жазуға болады» деген ғылыми тұжырым айтылған емес. Осыдан олар фельетондағы түр дегенді біле бермейді, жаңа форма, жаңа қисын іздеп жатпайды.
22.Фельетон түрлері
Міне, сондықтан да біз фельетондарды жазылу формасы мен композициялық құрылымына қарай, олардың көтерген тақырыбының сипат-салмағына қарай, факті-негізіне қарай қалай топтастыруға, қандай түрге бөлуге болатыны жөнінде пікірімізді айтпақпыз.
Біздіңше, қазіргі фельетондарды жазылу формасы, композициялық құрылымы жағынан төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топ – газеттің
публицистикалық жанрларымен
Фельетон-корреспонденцияның мынадай үш белгісін айтуға болады. Біріншіден, ол өмірдің жеке бір оперативті, болған фактісін алады да, соған талдау жасайды. Фактінің қалай болғанын, ішкі мәнін, байланысын ашуды көздейді. Ол белгілі бір оъектінің өмірінен жазылады. Яғни онда адрес болады, оқиға орны, қатысушы адамдар аталып көрсетіледі.
Екіншіден, фельетон-корреспонденцияда публицистикалық баяндау басым. Онда сюжет бола бермейді. Тек фактілердің байланысы, оқиғаның жүйесі беріледі. Оқиға болған қалпында, өз ретімен баяндалады. Жазылу формасы, баяндалу тәртібі, құрылысы дәл корреспонденциядағыдай болады. Осы екі белгісімен жазғанымыз корреспонденцияға ұқсайды.
Үшіншіден, фельетон-корреспонденцияда
алынып отырған жағымсыз құбылыс
сықақтық үнмен, күлкі-ажуа етіле айтылады,
әсірелене, желпіндіріле суреттейді. Оның
негізінде оқушыны баури қоятын
ептеген ілініс (интрига) жатады. Фактінің
басталуы, басқа түр, басқа сипатқа
ауысуы, салдары, тағдыры болады. Қимыл-әрекет
тартымды дамиды. Аяғы (концовка) сатиралық
объектіні түйреп тастарлық өткір
түйінмен бітеді. Стилі тартымды, тіліне
көріктеу құралдары
Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны