Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа

Описание работы

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.

Файлы: 1 файл

Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны.docx

— 171.93 Кб (Скачать файл)

Мақалада көбінесе теориялық жайлар қозғалады да, ал корреспонденцияда практикалық істер әңгіме болады. Осыған сай баспасөзіміздің тарихына көз жіберсек, теориялық жайлар көбінесе мақала жанры арқылы жазылған. Ал Россиядағы жұмысшылар мен шаруалардың ауыр халі, тап тартысының жеке көріністері, завод пен фабрикалардағы жұмысшылар көтерілісі үнемі корреспонденция жанры арқылы жазылған.

Мақала жанрының тағы бір ерекшелігі - оның  тақырыбы болашаққа да арналуы мүмкін, тақырып оқиғалар мен құбылыстар жөнінде болжам  айтып,  келешекке үн қатып,  жөн сілтеуі мүмкін. Мұның өзін тарих, қоғамдық өмір мен қоғам дамуының заңдылығы, марксистік-лениндік философия, үздік совет ғылымы, халықтардың өндірісті өркендету тәжірибелері, ғалымдардың зерттеулері тағы басқа нәрселері дәлелдейді. Ең алдымен таңдап алынған мақала тақырыбы болашақты болжауына, оқиғалар мен құбылыстың болашағына талдау беріп, оның келешегін данышпандықпен айқындап беруде марксизм-ленинизм классиктері мақалаларының алған тақырыптарын мысалға келтіруге болады.

Мақала тақырыбының бүкіл  қоғамдық маңызы болуға тиіс. Тақырыпты  ойластырғанда, тақырыпқа барар  жолда, ойлану, толғану үстінде журналист  я басқа автор бұл талапты  үнемі ескеріп отыруға тиісті. Біздің журналистеріміз мұндай тақырыптарды әр кезде де таба, оны бүкіл халқымызға, қала берсе бүкіл жер жүзіне жеткізе біледі.

Мақала жаңа идеяның, жаңа мәселенің негізінде туады, бұқараға партия мен мемлекетіміздің шешімдерін жеткізу үстінде, көптеген белгілі  құбылыстар мен оқиғаларды жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіреді. Ол үшін оған тың тақырып керек. Бұл да тақырып  таңдау жөнінде қойылатын талаптардың  бірі боп саналады. Сөйтіп, мақала тақырыптары  заманымыздың міндеттерінен туған  қоғамдық-саяси проблемаларымен  байланысты болады. Егер журналист  бүгінгі күннің көкейтесті тақырыбын  орынды көтеріп, оны теориялық және практикалық жағынан да түсінікті  бере білсе, оның оқушыға ықпалы әсерлі келеді. Сондықтан да журналист «өз  мақаласын жазып отырғанда ол басыла ма, жоқ па, деп ойламай  оқушыға қалай ықпал жасайтынын ойлауға тиіс».

Мақалада  алынған тақырыптың дұрыс шешілуі үшін, түсінікті  де тартымды болуы үшін мақаланы жазудың  жоспарын күн ілгері белгілеп алған  әбден орынды болады. Мақаланы жазудың  жоспары күн ілгері жасалса, ең алдымен, автор оның тақырыбы туралы толғанады, ұнамды заголовок жөнінде ойланады.

Оның біркелкі дамытылуы, фактілердің орынды орналастырылуы, көтеріліп отырған мәселенің  өмір талабына қаншама сайма-сайлылығы, қорыта келгенде, мақала туралы журналистің  күн ілгері ойланып-толғануына ыңғайлы  жағдай туады.

Мақала жанрының баспасөздегі орны мен роліне қарай оны үлкен  екі салаға бөлген жөн. Оның біріншісі - баспасөздің жай мақалалары; екіншісі - газет пен журналдардың бас мақалалары. Баспасөзде жарияланатын жәй мақалалар  жергілікті орындарға не директив, не нұсқау бермейді. Жәй мақалалар  белгілі бір идеяның негізінде  туып, соны көпке таратып, насихаттауды мақсат етеді. Мұндай мақалалар баспасөз бетінде күрделі бір проблема көтереді, белгілі бір идеяны насихаттайды, теориялық жайларды түсіндіреді.

14. Журналистік зерттеу

Журналистік зерттеу публицистикадағы ең қиын әрі ең күрделі жанрлардың бірі. Сондықтан онымен негізінен  кәсіби білігі әбден шыңдалған журналистер  айналысады. Ақпарат кеңістігінде ысылмаған  журналист журналистік зерттеу  кезінде заң шеңберінен шығып  кетіп немесе мемлекеттік құпияны  жария етіп шалыс басса, жауапқа  тартылып, аңдамай басып ауырмай  өледінің керін келтіруі ықтимал. Оның үстіне біздің қоғамда толық демократия, ашықтық пен жариялылық үстем  құрып үлгерген жоқ. Заңдарымыз бен  заңдық күші бар құжаттарымыздың  айқын емес, екіұшты тұстары көп. Мұндай қоғамда, жоқ, тіпті демократиялы қоғамның өзінде журналистік зерттеу  жүргізу, яғни ақты қарадан ажыратып алу, ащы шындықтың бетін ашу  өте қиын. Қиын болса да әлеуметтік, саяси мәні зор бұл миссияны атқарып  жүрген журналистер көп болған және бола береді де. Өйткені ол қоғам  дамуы үшін қажет.

Журналистік зерттеудің құдіреттілігі  сонда – ол мемлекеттік саясатты, қоғамдық пікірді күрт өзгерте алады, білдей бір мемлекеттің немесе ұлттың қауіпсіздігін сақтап қала алады. Мысалы, журналистік зерттеудің классикалық  үлгісі – «Уотергейт» деген атпен  тарихта қалды. 1972 жылы «Уотергейт»  қонақүйінде орналасқан АҚШ-тың  демократиялық партиясының штаб пәтері тоналғаннан бастап журналистік  зерттеу жүргізген «Washington Post»  газетінің екі журналисі Карл Бернстайн мен Боб Вудворд  оқиғаны екі жыл бойы зерттеп, әлемдегі ең ықпалды адамдардың бірі, сол тұстағы АҚШ президенті Ричард Никсонның және оның аппратының жемқорлық әрекеттерін, жасаған ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылығының бетін ашты. Ашып қана қойған жоқ, әділетсіз президентті тақтан тайдырды. Әрине мұны дәлелдеу, қоғамда резонанс тудыру екі журналист үшін оңайға соққан жоқ. Бірақ олар бастаған ісін аяғына дейін жеткізді. Өйткені, сол кездің өзінде АҚШ Конституциясы ақпарат алуға және оны таратуға тыйым салмайтын. Қазір біздің елімізде де Ата заң осындай құқықтарға кепілдік береді. Мұның жемісі – отандық баспасөзде журналистік зерттеулердің классикалық болмаса да, кәсіби үлгілері кездеседі. Ал телевизияда журналистік зерттеудің элементтері басым арнайы репортаждар ұшырасады. Журналистік зерттеу жанрының өзі қоғам дамуымен бірге, демократияның өркендеуімен қатар өмір сүретін жанр. Сондықтан неге қазақ журналистикасында журналистік зерттеу аз деп өкініш білдіріп, өкпелеу орынсыз.

Журналистік зерттеу бір  күннің шаруасы емес. Ол айлап, жылдап жасалады. Өйткені ол күрделі процесс. Журналистік зерттеуді үш кезеңге  бөліп қарастыруға болады:

Бірінші – ақпарат жинау  кезеңі. Америкалық ғалым Дэвид Рэндал өзінің «Әмбебап журналист» атты кітабында  «Ақпарат алу. Журналистік зерттеудің мақсаты міне осы» деп жазған. Мен  мұнымен келісе алмаймын. Ақпарат  алу – ол журналистік зерттеудің мақсаты емес, сол мақсатқа жетуге қажет алғышарттардың бірі ғана. Ал мақсаты – беті жылы жабылып қалған қылмыстың, олқылықтың, өтірік пен жалғанның, жемқорлықтың бетін ашу.

Ақпаратты газет беттерінен, интернеттен, ресми құжаттардан  жинауға болады. Ақпарат алудың ең ежелгі классикалық тәсілі – сұхбат алу. Сондай-ақ хат жазып, сұрау салу (запрос) да ақпарат алудың бір тәсілі. Ол көбіне мемлекеттік мекемелерге, ресми органдарға қатысты қолданылады.

Екінші кезең – ақпараттың растығын дәлелдеу кезеңі. Бұл кезеңде  ресми құжаттарға қол жеткізу, мәліметті  жариялаудың заңдарға сәйкес келетіндігін тексеру талабы қойылады. Журналистік  зерттеудегі ең күрделі мезет  осы. Өйткені жолыңды қармаған қаптаған бюрократиялық тосқауылдарды бірде  айналып өтуге, бірде басып-жаншып өтуге тура келеді. Қай қоғамда  да ресми органдар, биліктегілер журналистерге  ақпарат беруге әуес болған емес.

Үшінші кезең – шығарылған нәтиже. Мақала, заметка, сюжет, репортаж басқа да жанрдағы материалдардың баспасөз бетінен жарық көруі немесе эфирден  берілуі соңғы кезеңі болып саналады. Ал журналистік зерттеудің соңында - қандай да бір нәтижеге қол жеткізіледі. Мысалы, «Хабар» арнасында 1995 жылы Гаухар Керімованың журналистік зерттеуінен  кейін Ұлы Отан соғысында жау  тылына кіріп бірнеше фашистік ұшақты жермен жексен еткен Бақтыораз Бейсекбаевтың  Украиндық Масловқа бұйырып кеткен ерлігі, таңылып кеткен атағы қайтарылып берілді. Тағы бір мысал: Алматы қалалық  «Оңтүстік астана» телеарнасының  журналисі Нұрдана Тілеубаева 2004 жылы журналистік зерттеу жүргізіп, Қазақстанның Онкология институтындағы «Селектор» аппаратын жөндеуге мемлекеттік  бюджеттен бөлінген ақшаның талан-таражға  түсіп кеткенін дәлелдеп шықты. «Селектор» әйелдің аналық безіндегі ісікті қысқа толқынды сәулелермен күйдіріп, залалсызандыратын еліміздегі жалғыз аппарат. Ол бұзылып тұрған екі жыл  ішінде емшек безі ісігінен қайтыс болған әйелдер саны 1,5 есе артып  кеткен. Осыны бұлтартпас дәйектермен  дәлелдеп шыққан журналистік зерттеу  нәтижесінде тиісті фирмалар мен  адамдар жауапқа тартылып қазына қаржысы мақсатты жеріне жіберілді.

Журналистік зерттеуді қиындықтан қашпайтын, бастаған ісін аяғына дейін  жеткізетін, яғни қайсар әрі табанды  адамдар жүргізе алады. Осы тектес қасиеттермен қатар журналистке бірқатар әдістер мен тәсілдер де қажет. Оны да үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Құқықтық білім, заңдарды  жетік білу. Журналист жұмысын  реттейтін заңдарға Конституцияны,  ҚР «БАҚ туралы» заңын, ҚР  «Әкімшілік құқықтар туралы»  заңын, ҚР «Мемлекеттік құпиялар  туралы» заңын жатқызуға болады. Журналистік зерттеулердің көпшілігі  журналистің қолына құпия құжаттардың  түсіп қалғанына орай басталады.  Осы тұста репортер сол құжаттағы  мәліметтің мемлекеттік құпияға  жататын, жатпайтынын ажырата  білуі қажет. Егер мемлекеттік  құпияны жариялап жіберсе журналист  әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапқа  тартылуы мүмкін. Ондай оқиғалар  тіркелген. 

2. Ақпарат көздерімен  байланыс орната білу. Кез-келген  адам журналист үшін ақпарат  көзі бола алады. Әдетте журналистер  мекемелердің басшыларын, белгілі  бір сала мамандарын ақпарат  көзі деп қарастырып, олармен  байланыс орнатып жатады. Бірқатар  журналистер қалың блокнот арнап,  онда ақпарат берушілердің аты-жөнін,  қызметін, атағын, байланыс телефондарын, мекен-жайын жазып жүреді. Ал кей  журналистер осы мәліметтің барлығын  арнайы кестеге енгізіп, компьютерде  сақтайды. Арнайы кестенің үлгісі  төмендегідей:

Қызметі, Атағы, Мамандығы

Аты-жөні

Байланыс телефондары

ҚР Қаржы министрінің  орынбасары

Асқар ЕЛЕМЕСОВ

 

«Үміт» мүгедектерді қолдау қорының директоры

Аманбике Ерғалиева

 

экономист

Әнуар ШЕЛЕКБАЙ

 

Бұл кестені пайдалану  өте ыңғайлы. Оны мемлекеттік  мекеме, үкіметтік емес ұйым деп  реттеуге немесе заң, экономика, мәдениет деп сала-салаға бөліп те реттеуге болады. Сондай-ақ алфавиттік ретімен  қойып жазуға да болады. Сонда іздеген  нәрсеңді табуға көп уақыт кетпейді.

3. Компьютерлік білім.  Журналистік зерттеу материалдарын  компьютерде жазып, сақтау, көбейтіп, тарату әдісі кеңінен таралып  келеді. Бұл мүмкіндік АҚШ пен  Еуропада журналистік зерттеулер  санының көбеюіне ықпал етті. Ресей ғалымдары Г.С.Мельник пен  А.Н.Тепляшинаның «Журналистің шығармашылық  ісінің негіздері» атты кітабында  «Компьютер керек ақпаратты алу  және сақтауға шексіз мүмкіндіктер  береді. Компьютерлік бағдарламаларды  мүмкіндігінше көп игерген дұрыс:  бұл сіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізді  арттырады және жиналған материалды  тез өңдеуге жағдай жасайды»  деген пікір бар. Бұл пікірге  қосылмау мүмкін емес.

Журналистік зерттеу белгілі  бір деңгейде журналист өміріне  қауіп төндіреді. Әсіресе, қылмыстық  топтар үшін олардың ісін қазбалаған журналистке қастандық жасау  түкке тұрғысыз нәрсе. Сол себепті  журналистік зерттеуге кіріспес бұрын білім, білік, ерік-жігеріңізбен қатар қауіпсіздігіңізді де қамдағаныңыз дұрыс.  

 

 

15. Очерк

Көркем очерк - өмір шежіресі, жаңалық жаршысы. Сондықтан ол өмірмен  өкшелесіп отырады, ұлан-асыр істерге  лезде саяхат жасайды» өмір тынысын  тап басып, ел тіршілігінен қыруар мағлұмат береді. Очеркте өнердің тәрбиелік, танымдық, эстетикалық қызметі бір  арнада тоғысады. Әдебиеттің басқа  жанрларынан оның негізгі артықшылығы  міне осында. Сол себепті оған жұртшылықтың ынтығы, құмары күшті. Оқушы қауымның мерзімді баспасөзден көбінесе очерк  іздейтіні сондықтан. Ал бұл күнде  ол баспасөз бен әдебиет жайлауынан іргелі қоныс тепті.

Очерк дәуір талабымен  ілесе, заман ағымымен жарыса отырады, әдебиеттің басқа жанрларынан оқ бойы озық жүреді дейміз. Бұл - шындық. Әр дәуірдің очерк нұсқалары мұның  айқын дәлелі. Демек, әдебиеттің алғы шебі, өмірге тікелей араласар, қолды-аяқтай жанр болғандықтан көркем очерк дәуір  жүгін көбірек арқалайды, замандас бейнесін жасауда роман, повесть, поэма, пьеса сияқты күрделі жанрларға  жол салып отырады. Бүгінгі күн  тақырыбы - ең алдымен очерктің еншісі.

Очерктің міне осындай  ерекшелігі мен сипатын еліміздегі көптеген қалам қайраткерлері атап көрсеткен. Көркем очерктің қалыптасу және даму проблемалары совет журналистері мен публицистерін әр уақыт толғандырып келді. Очерк төңірегіндегі айтыс әлі күнге тоқтаған жоқ, келешекте де жүре беруі мүмкін, өйткені партияның аса қуатты идеологиялық қаруы болғандықтан баспасөз қатып қалған формалармен шектеліп қалмайды. Ал совет журналистикасының үнемі дамып, жетіліп, соны формалармен, әдістермен байып отыратыны белгілі.

Очерк біздің әдебиетіміз  бен баспасөзімізге ертеден бслгілі  екенін, оның ұзақ тарихы бар екенін жоғарыда айттық. Очерк пайда болғаннан  бастап оның алдына бір-ақ міндет: өз қоғамының  әлеуметтік типтері мен мінездерін   суреттеу   міндеті   қойылды.

Соңғы кезде Батыста да очеркке ұқсас кейбір прозалық туындылар  ауық-ауық көріне бастады. Ағылшындар мен француздардың эссесі, немістердің  репортажы, итальяндардың   портреті   міне   мұның   мысалы.

Жұмысшы тұрмысынан алынған  деректі әңгімелер, өмір көрген кәнігі адамдардың естеліктері Италия, Франция, Батыс Германия баспасөзінде окта-текте  қылаң беріп жүр. Бірақ бұлардың қай-қайсысы да орыс очеркіне жетпейді. 1955-1956 жылдары Герман Демократиялық  Республикасында репортаж туралы үлкен  дискуссия өткізілді. Бұл дискуссияға  қатысушылар «Репортаж» деген терминнің  қазіргі кезде тіптен айқын болмай отырғанына назар аударды. Осыдан соң  бұл терминді «әдеби-көркем репортаж» (біздегі очерк іспетті) және «шағын репортаж» (біздегі репортаж іспетті) деп білу қажет   деген   тоқтамға   келді.

Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны