Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа

Описание работы

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.

Файлы: 1 файл

Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны.docx

— 171.93 Кб (Скачать файл)

Автордың  өмірді бақылауының нәтижесінде  ол тар көлемде, нақты объектіні  қамтуы немесе аумақты, мемлекеттік  маңызы  бар кең көлемді мәселені қамтуы мүмкін. Публицистика әр түрлі жағдайда  әр түрлі мәселе көтеріп, әр түрлі міндеттер шешіп отырады. Бір жағдайда, нақты бір фактіні хабарласа, екінші бір жағдайда, үздік тәжірибе туралы баяндайды, үшінші бір жағдайда теориялық жайларды түсіндіріп, оның өмірлік мәнін  ашып беру керек немесе нақты бір адам туралы жазуға да тура келеді. Міне, осыған байланысты өздерінің тұрақты бір белгілері бар материалдар тобы пайда болады. Осы материалдар тобының белгілері мен сипаттарының  тұрақты және ұқсас болуы нақты жанрларды туғызады. Осыған байланысты қойылып отырған мақсат пен міндетке қарай, факті мен құбылыстың аумағына қарай журналист те шығарма жазу үстінде әр түрлі жанрларды пайдаланатын болды.

Бірақ жанрлар өзара ешбір ұқсастығы  жоқ қатып қалған нәрсе емес, олардың  ұқсас жақтары жиі кездеседі. Бұл жағынан келгенде, ең алдымен, публицистиканың жалпы ұқсастықтарынан  бастаған жөн. Өмір құбылыстары мен  өмір шындығы туралы жазылатын барлық жанрларға идеялық-саяси позиция  жалпы ортақ болып отырады. Барлық жанрлар да партияның әр кезеңде  қойып отырған нақты міндеттерді  орындай жолында, коммунизмнің идеялы жолында жұмыс істейді. Совет  публицистикасының үлкенді-кішілі барлық жанрлары тек өмір шындығына, өмірдің нақтылы фактілеріне  сүйенеді, әлеуметтік өмірдің көріністері  мен құбылыстарын объективті баяндайды. Барлық жанрлар да коммунистік құрылыстың, коммунистік тәрбиенің мүддесі  үшін қызмет етеді. Сөйтіп, партиялықты  сақтау –барлық жанрларға қойылатын  ортақ талап. Коммунистік идеялылық, саяси мақсаткерлік әрбір материалдың  жарасымды желісі болуға тиіс.                                               Әрбір жанрдың өз ерекшеліктері, өз сипаттары, өздерінің тұрақты белгілері бар. Жанрлар өздерінің  жазайын деп отырған объектілерінің  сипаттарына қарап ерекшелене түседі. Публицистиканың барлық жанрларының объектісі, негізі, желісі өмір фактілері, өмір құбылыстары болып отырғандығында сөз жоқ. Мысалы, заметканың негізінде белгілі бір объектіні зерттеудің, фактілер тобын талдаудың негізінде жазылады. Ал очеркке көбіне-көп адам, сол адамның асыл еңбегі желі болады.

Жанрдың тағы басқа ерекшелігі оның алдына қойылып отырған мақсат пен міндетке байланысты.Егер журналистке корреспонденция  жазуға тапсырма берілсе, ол газет қандай мақсат көздеп отырғанын айқындап алуы керек. Газет нақты объектіден проблема көтеруді көздеп отырса, журналист  проблемалық корреспонденция жазады. Егер, партиямыздың өткен съезіне  байланысты еңбекшілер алдына аумақты  міндет қойылатын  болса, журналист  жалпы саясаттық бас мақала жазатын болады.

Жанрлар әдеби-стильдік құралдарды пайдалану, өмір шындығын көрсету әдістеріне қарай  да өзара ерекшеленеді. Мысалы, корреспонденция  нақты фактілерді  талдау негізінде жазылса, очеркте образ жасалады, ал сатиралық жанрларда сықақ пен ажуа, кекесін мен келеке, өткір мәнерлі теңеулер шебер қолданылады.

Публицистика  жанрларының жалпы даму жолдарын, дамудың жалпы заңдылығын зерттеу, сонымен қатар жеке жанрлардың даму ерекшеліктері мен ішкі заңдылығын зерттеу – қазіргі кезең қойып  отырған зор міндет. Зерттеулердің  барлығы да публицистиканың жалпы  даму заңдылығына  негізделе жүргізілуі керек. Публицистикалық шығармаларды жүйеге, жанрларға бөлудің өзі функциялық және пәндік бірлікті салыстырмалы түрде дербес мүшелеуден барып шыққан. Егер бұлай болмаса жеке жанрлар қалыптаспаған болар еді.

Бір жанр жайын байыптауға қарапайым  түр тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан қараймыз да, оның сыртқы белгілері  мен ерекшеліктерін тізе  бермей-ақ, даму заңдылығы тұрғысынан келеміз. Өйткені дүниеге маркстік көзқарас журналистерге жаңа идеал, жаңа міндет жүктеді. Публицистиканың мазмұн жаңалығы журналистердің алдына тың әдіс, соны түр табуды талап етті. Мұның өзі публицистика жанрларын жақсарта, байыта түсу мақсатынан  туатыны айқын. Газеттер мен журналдарда жарияланатын, радио арқылы хабарланып, телевизия арқылы берілетін материалдардың түрлерін  құбылтып, мазмұнын байытып, сөйтіп, шеберліктің шаңына жетіле беру негізгі міндеттердің бірі болып отыр.

Публицистика  жанрларының барлығы да өздерінің  түрі жағынан оқушы үшін тартымды болғаны абзал. Сұхбат, есеп, репортаж барған сайын проблемалық дәрежеге көтеріле түсуде. Өмірдің негізгі  күрделі мәселелеріне назар аударуды көздейді. Публицистиканың негізгі  жанрлары – мақала  мен корреспонденция әлеуметтік жағдайларға тереңірек, жан-жақты үңіле түсіп, өмір құбылыстарын нақты зерттей отырып, салыстыру мен байыптау әдістерін шебер қолданады.

Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы формасын ғана қарап қоймаймыз. Атқаратын  қызметін негізге аламыз, өйткені  оларға атқаратын  қызметіне қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленуі жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді мақсат етеді немесе күрделі фактілері арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді көздейді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беру мәселесі қойылады. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем публицистика болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістері бар.

Жанрлар туралы пікірлерімізді тағы да дәлелдей түсу үшін көркем әдебиет жанрларын, олардың түрлерге қалай бөлінетіндігін қарастырып өтейік. Әдебиеттің жанрлары – драма мен лириканы алайық. Драма жанрының трагедия және комедия  атты екі түрі бар. Немесе лирика жанры: сонет, арнау. романс, эллегия, тағы басқа  осы сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Олай болса, публицистиканың да осындай  үлкенді-кішілі жанрлары, оның түрлері  бар. Сөйтіп, публицистикалық шығармалар мынадай үш түрлі жүйеге бөлінеді: публицистикалық хабар, талдамалы  және көркем публицистикалық жанрлар.

Публицистиканың хабар жанрлары мерзімді баспасөз арқылы жарияланғанда да, радио мен телевизия арқылы хабер берілгенде де сол мәселе негізсіз, қалай болса солай, үстірт хабарлана салынбайды. Әлеуметтік маңызы бар деген фактілердің өзі өңделіп, бүкіл қоғам назар аударарлықтай мазмұн мен формада беріледі. Өздерінің ойлары мен сезімдерін екінші бір адамдарға белгілі бір пікірде  жеткізіп, сол айтылғандарға олардың да назарын аудару мақсатында берілген жайлар қоғамдық хабар болып табылады. Бірақ бұл хабарлардың да әлеуметтік маңызы, таптық мәні мен сарыны болады және белгілі бір идеологиялық бағытта беріліеді.

Публицистиканың хабар жанрларының негізінде  қоғамдық ой-пікірлер, әлеуметтік фактілер жатады. Өмірдің күнделікті оқиғаларына  қоғам мүшелері ілесіп, олардың толық  хабардар болу үшін хабар жанрлары «Көрер көзіміз, есітер құлағымыз, қимылдар қолымыз»[2]  сияқты публицистиканың бірден –бір ебдейлі жанрлары болып табылады. Қандай формада берілсе де біз оны жинақтап айтсақ, бүкіл дүние жүзілік оқиғалардың көріністері деген сөз. Бұл тұрғыдан  келгенде, суретті де, карикатураны да, очерк пен әңгімені де, тіпті газетке қысқартылып жарияланған немесе қысқартылып радио арқылы берілген романды да хабарлама  ретінде қабылдауға болады. Міне, сондықтан да «Газет»  деген сөз болғаны жұртқа  мәлім. Сонымен фактіні елестету, көрсету, суреттеу, оқиғалар мен ақпар туралы білдіру – осының бәрі хабар болып саналады. Мерзімді баспасөзде, радио мен кинода, телевизия арқылы үгіттеу, насихаттау материалдарының барлығында да хабарлау  сарыны болады немесе оны хабар деп те айта береді.

Міне, сондықтан да публицистиканың хабар  жанрлары қоғамдық пікірге ықпал  жасауға және қоғамдық сананы қалыптастыруға белсенді түрде  қатысып отырады. Хабар журналистік жұмыстың  негізі болып саналады. Қалың бұқара өмірде болып жатқан жайлармен хабардар болу мақсатымен газет оқиды, радиохабарды тыңдайды, кино мен телевизияны көреді. Мұның өзі қалың бұқараның күнделікті өмір талабына сай, әлеуметтік өімрде болып жатқан жайларды, оқиғаларды, құбылыстарды оқығысы, естігісі, көргісі келетін ынтызарлықтан  туады. Міне, хабарға деген бұқараның осы ынтызарлығы публицистиканың хабар жанрларын кең де өткір қолдануды талап етеді. Бұл талаптарды орындау үшін журналист қоғам дамуының объективтік жағдайынан, сондай-ақ субъективтік факторларынан да хабарлар беріп тұруға міндетті. Бұл хабарлар қалың бұқараның санасына әсер ететін болғандықтан, көркем әдебиет пен ғылым саласын да, саяси өмірді де түгел, жан-жақты қамтып отыруға тиіс. Бұл міндеттерді орындау жөнінде хабар жанрлары публицистиканың  «барлаушылары» -заметка,  репортаж, есеп, сұхбат елеулі роль атқарады. Олар –газет қызметкерлерінің жеңіл де ыңғайлы жаза қоятын жанрлары, бұлар болған оқиғаның ізін суытпайды. Публицистиканың хабар жанрлары бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі өмір шындығын жан-жақты көрсетеді, егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Біздің өміріміз қандай ұлан-ғайыр болса, хабар жанрларының мүмкіндігі  де сондай болуға тиіс.

Хабар жанрлары – заманымыздың  елеулі істері мен сипатын көрсететін уақыт шежіресі: ол кеше мен бүгін не болғаны, ертең не болатыны туралы баяндай алады. Хабарлар біздің ілгері басқанымызды, экономикалық жағынан  сапалы өзгерістерге қолымыз жеткенін білдіреді. Ал мұндай жаңа құбылыстарды көрсететін оқиғалар күн сайын болып жатады. Мұны газеттеріміз  жедел  де  тартымды  жазып келеді.

Хабар жанрларының функцияларына  түсіне білудің өзі – совет  баспасөзінде фактіні творчестволықпен  меңгеру және шебер пайдалана білу. Советтік баспасөздегі хабар жанрлары газет материалдарының басқа жанрларымен жарасымды үйлесе отырып, коммунизм құрылысшыларын тәрбиелеу міндетін алға қояды. Сондықтан да хабар жанрлары газет ісінің жалпы жоспарының қомақты бөлшегі болуға тиіс.

Хабар жанрлары оперативтілікпен, ұшқұрлықпен  беріледі. Оперативтілік дегеніміз  – елеулі фактіге газеттің іле-шала үн қосуы. Хабар материалдарының  ұшқырлығы деп болған оқиғаның газет  бетінде дер кезінде уақытылы орын алуын айтады.

Публицистиканың бұл жанрлары көпшіліктің назарын  аударарлықтай, қоғамдық пікір туғызатын, әлеуметтік тұрғыдан алғанда, аса құнды  мәні бар  құбылыстар мен оқиғаларды уағыздайтын ұтымды фактілер негізінде құрылуға тиіс. Публицистиканың хабар жанрларына коммунистік құрылыстың, халық шаруашылығы  салалары мен саяси және мәдени өміріміздің фактілері мен құбылыстары арқау болып отырады. Міне,  сондықтан да хабар жанрларына керекті фактілерді  терең зерттеп, өмірдің сан алуан сырларын мейлінше жете талдап, бүгінгі өмір талабына, Коммунистік партияның жүргізіп  отырған саясатына сай, електен өткізіп, сұрыптап алған абзал.

 

9. Корреспонденцияның жанрлық ерекшелігі

Корреспонденция - өмір фактілерін жинақтап, оны жан-жақты талдап зерттеудің және қорытудың негізінде шындық құбылыстар мен оқиғаларды баяндайтын газет жанры. Ол - өміріміздің шындығын сол өмірдің жеке фактілері мен  құбылыстары арқылы баяндаудың әдеби  формасы. Оның тілі нәрлі, көркем, тартымды болып, ол публицистикалық стильде  жазылуы керек. Корреспонденция  жанры әдеби форма ретінде  тым жан-жақты келеді. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерумен газет  беттерінен алған орындарына қарағанда  корреспонденция газеттің негізгі  жанры боп саналады. Саяси және халық шаруашылығы саласындағы  басты мәселелерге газет, ең алдымен, осы корреспонденция жанры арқылы үн қосады. Ол алуан-алуан өміріміздің  тоқсан түрлі тартыстарын барлық жағынан да қамти жазады. Сол арқылы оқырманның назарын келелі міндеттерге  аударады, ол міндеттерді істе мүлтіксіз  орындауға жұмылдырады. Корреспонденция  жанры күнделікті өмірімізге осылайша араласа отырып, өмір құбылыстарын жан-жақты көрсету арқылы, өмірдің  бір бөлегін, белгілі бір құбылысты  көрсетуге және оның болашағын меңзеуде де шешуші роль атқарады.

Корреспонденция - баспасөздегі    басты    жанрлардың   бірі. Бұл жанр арқылы баспасөзіміз өмірдегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамтып отырады. Өміріміздегі жан сүйсінтер жаңалықтар мен жетістіктер, таңдаулы тәжірибе көбінесе корреспонденция жанрымен таралады. Шаруашылық саласында орын алған кемшіліктер осы жанр арқылы қатал сынға алинады. Одан арылудың нақпа-нақ жолдары нұсқалады.

Корреспонденция нақтылы  фактілердің негізінде өміріміздің  шындығын баяндайды десек, ол «...фотография емес, көркем сурет болып шығу керек». Ол фактілердің жай ғана жиынтығы болмай, корреспонденцияның саяси мақсаты, тенденциясы, түйінді пікірі, өмірге әсер етерліктей жалыны болуға тиіс. Корреспонденция  реалистік түрде аса тартымды боп келеді. Журналист нақтылы  фактілер мен оқиғалар жөнінде өз түсінігін, өз ойын, өз пікірін корреспонденция  жанрында баяндағанда оның өзі ерекше бір жағдайда пайда бола қалмайды. Корреспонденцияның жазылуы орын мен  уақытқа, адамдардың қатысына, белгілі  бір жағдайға байланысты. Сөйтіп, корреспонденцияда  бір белгілі объект болады. Сол  объектінің белгілі жағдайында бір  иемесе бірнеше фактілерге, өмір құбылыстарына, оқиғалар мен фактілерге талдау жасалады. Талдау үстінде әрбір жеке құбылыс  пен факті адамның еңбегін  аша түсуге септігін тигізіп, мұнда адам негізгі арқау болады.

Корреспонденция газеттің басқа  жанрларымен жалпы сырттай ұқсас  жақтары көп болғанмен, бұл жанр тек өзіне ғана тән көптеген ерекше белгілерімен де бөлектене, оқшаулана  түседі. Корреспонденцияның жанрлық  ерекшеліктерін неғұрлым анықтай түсу үшін біз оны хабар жанрының бір  түрі - заметкамен салыстырып көрейік. Ең алдымен, корреспонденция мен заметканың өзара көптеген ұқсастық жақтары бар. Корреспонденция мен заметка фактінің негізінде жазылады. Екеуінде де хабарлау сарыны мен оперативтік салдар болады. Заметка да корреспонденция сияқты нақтылы фактіге, өмірлік шындыққа сүйенеді.

Ал енді корреспонденцияның заметкадан ерекшеліктері қандай? Заметканың авторы оқырманға белгілі бір  болған оқиғаны хабарлауды мақсат етеді. Сондықтан да заметканың негізінде бір ғана факті, бір ғана оқиға жатады. Ол бір заводтың іске қосылғаны, жаңа мектептің ашылғаны, жаңа кұрылыстың бітіп, пайдалануға берілгені тағы басқа осындай жаңалықтарды хабарлауды мақсат етеді. Заметкада оперативтік салдар өте күшті боп келеді де, ол көбінесе «бүгіннен», әрі кеткенде «кешеден» басталады. Заметка өте тұжырымды боп, ондағы факті өзін-өзі жариялап тұрады. Заметкада фактілер мен окиғаларға талдау, байыптау берілмейді. Оқырмандарға: қай жерде, қашан және не болды деген сұраққа қысқа ғана жауап кайырады. Корреспонденция заметкаға қарағанда едәуір көлемді келеді. Бірақ бұл сырттай ғана айырмашылық. Ал, істің шындығында, олардың ерекшеліктері бұл екі жанрдың мазмұнына байланысты. Заметкада хабарлау сарыны күшті болады. Ал корреспонденцняда хабарлау сарынынан гөрі фактіні талдау, оны байыптау, одан бір белгілі қорытынды шығару сарыны күштірек боп келеді. Қорреспонденция оқиғаны, я фактіні хабарлаудан гөрі мәселе көтеруді, кемшілікті көзге түртіп, ал жақсы істі бұқараға жан-жақты таратуды негізгі өзек етеді. Корреспонденцияда фактілер мен құбылыстарға талдау жасалады, ол кең түсіндіріледі, байыптаулар жасалып, келелі қорытындылар беріледі. Егер заметка «телеграфтық» стильде жазылса, ал корреспонденцияның стилі анағұрлым кең, байсалды, көркем, тартымды болады. Бұл жанрды жазу үстінде автордың әдеби шеберлігін көрсетуге кең мүмкіндіктер туады. Автор әр түрлі әдеби әдістерді қолданып, теңеулерді, метафораны, мақал-мәтелді, қанатты сөздерді емін-еркін пайдалануына болады. Ал заметкада бұл әдістерді қолдануға мүмкіндіктер үнемі бола бермейді. Корреспонденция мен заметканы салыстыра келіп қорытындылағанда, корреспонденция жанры талдауды міндетті түрде талап етеді. Корреспонденция фактілер мен құбылыстар, оқиғалар туралы баяндаумен бірге, олар туралы оқырмандарға пікірді айқындап береді, оның мазмұнын кең баяндайды. Корреспонденция қай жерде, қашан және не болды деген сұраққа жауап берумен бірге, неге олай болды, қандай себептерден болды деген де сұрақтарға жауап береді. Мұны қорытындылай келгенде, терең мазмұнды корреспонденция жазу үшін автор жергілікті жерде өзі болып, барлығын асықпай байқап, жазайын деп отырған тақырыбына байланысты фактілерді, болған жайларды жан-жақты тексеріп, адамдармен танысып, сөйлесіп, әбден зерттегеннен кейін белгілі бір қорытындыға келуге тиісті. Сөйтіп барып жазуға кірісуі керек.

Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны