Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:29, контрольная работа

Описание работы

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады.

Файлы: 1 файл

Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны.docx

— 171.93 Кб (Скачать файл)

Сатиралық образ жасауда  кейіпкерлердің портретін, түр-түсін, жүріс-тұрысын, дене-мүсінін, қажет  болғанда, киімдері мен әдет-дағдысын берудің аса мәні зор. Портрет  фельетонда келісті, дәл, тақырып пен  идеяға сай болуы тиісті. Қатты  ескертетін бір жайт – кейіпкердің  портретін беруде олардың жаратылыс  кемшілігін (соқырлығын, пұшықтығын, ақсақтығын т.б.) бетіне салық қылуға болмайды.

Фельетонда кейіпкелер образын  олардың сөйлеген сөзімен, айтқан пікірімен  де жасауға болады. Бұл үшін оларға диалог немесе монолог беріледі.

Диалог құру - өнер. Диалог құру дегеніміз әйтеуір кейіпкерлерді  алма-кезек сөйлете беру емес. Диалог оқиғаны дамытуға, образ жасауға, идея ашуға қызмет етуге тиіс. Оның қысқа, дәл, өткір, ұтымды, ойлы болуы  шарт. Әрбір кейіпкердің диалогы  өз тіл ерекшелігімен, сөйлеу манерасымен, сөз саптауымен көрінуі керек. Сол  ерекшелікті ескерсек, диалог мәнді  ұтымды болады.

Диалогта кейіпкердің  тіл ерекшелігін сақтау үшін көп  ізденуге тура келеді. Тақырыпты, фактіні  зерттеу кезінде болашақ кейіпкердің  тіліне, сөз сөйлесіне зер салып  отыру керек.

Сатиралық образды кейіпкердің  монологымен жасауда оның өзіне  ұзақ сөз беріліп, өзін-өзіне әшкерелетеді, өз сөзінен ол адамның кім екені, ақыл-ой парасаты, арман-аңсары, кісілік, адамшылық қасиеті көрінеді. 

Фельетондағы езу тартқызарлық, бой сергітерлік күлкі болғаны  жөн. Фельетонда күлкінің болуы да, болмауы да мүмкін. Ол, бірінші жағынан, фельетонистің қабілетіне, тәжірибесіне, оның идеясына байланысты болса, екінші жағынан, тақырыптың, фактінің сипатына байланысты. Олай дейтініміз, шебер  фельетонистің ешбір күлерлік сыры жоқ фактінің өзін әдемі әзілмен, күлдіре баяндап беруі ықтимал. Тағы бірде күлкісі сыртына шығып, өзі ыржалақтап тұрған оқиғаны оқушысын күлетіндей етпей, ойланатындай, сақтанатындай  етіп жеткізуі мүмкін.

Тіпті, кейбір фактілер, кейбір оқиға, құбылыстар күлкісіз, зілмен жазуды қажет етеді. Ондай фельетондар  кекке, ызаға толы болады. Оларды зығырданың қайнай отырып оқисың. Ондай фельетондар  ауыр қылмыс жасағандарға, ішкі-сыртқы жауларға бағытталып жазылады. Мысалы, И.Эренбургтың көптеген фельетон-мақалалары осы стильде жазылған. А.Сегізбаевтың кекке, сарказмға толы «Ақбота», «Жаманқұл  ауылнай» фельетондары да күлкіге құрылмаған.

Мұндай фельетондардың бірін  оқығанда, ашуланып, ызыланып, екіншісін  оқығанда, күйініп отырасың. Демек, күлкі жоқтықтан олар пайдасыз, әсерсіз, нашар фельетон болып қалмайды. Көп  ретте тапқырлық, өткірлік, тереңдік күлкіні іздетпей, жоқтатпай жібереді. Мұндай тақырып, фактілерді күлкілі  етіп жазсаң, фельетонның мән-маңызы, қасиеті жеңілдеп кетуі де мүмкін.

Сөз жоқ,  қолынан келсе, фельетонистің қажет еткен фактілерді күлдіре жазғаны-ақ жақсы. Сатириктің қолындағы айбынды құрал –  күлкі екені даусыз.

Ұлы адамдар мойындаған осы  күлкі көп ретте фельетон жанрының да бойындағы арылмас бір элементі болғаны жөн. Бағбанның қолындағы  өткір қайшы қуарып, гүлденуден қалған жапырақтар мен бұтақтарды қалай  қиып түсіп отырса, фельетонистің  қолындағы күлкі де ескінің жеркенішті қалдықтарын солай тіліп түсіп  отыруға тиісті. Қолынан келсе, ақылды, ойлы, зілді күлкі шақырғаны теріс  емес, ал қолынан келмесе, арамтер  болудың, әр түрлі жеңілтектікке, жүйесіз  сөз, жөнсіз әрекетке барудың қажеті жоқ.

Фельетондағы күлкі оны  оқуға жеңіл ету үшін, көңіл  көтеру үшін қажет емес. Күлкі –  сыналып отырған болмыстың ішкі мәні мен сыртқы көрінісінің үйлеспейтіндігін, оның ішкі қайшылығын ашатын құрал. Күлкі  жаңаның дамуына қарсы тұрған әлеуметтік кертартпа күштің мәнін  білуге жағдай жасайды. Демек, күлкі  бос сықылық, бос қылжақ, арзанқол, жеңілтек күлкі болмауы керек. Ол ақылды күлкі, пайдалы да қажетті  күлкі болуға тиісті.

Біздің қазақ  - мысқылы  мол, күлкісі мол ел. Оның ауызекі  сөзінде күлкі шығаратын астарлы, кекесін мысқылды сөз тізбектері көп. Оның күлкі шығып тұрған аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ-жаңылтпаштары  жеткілікті. Міне, осы құралдардың  жөнін тауып, мәнін түсініп қолдана  білсек, күлкіге кенелеміз. Бұлар  фельетонға әр береді, нәр береді. Тез  шығып, тез басылатын қылт етпе күлкіні  тудырады. Бізде бір күлдіруге  күлдіретін дөрекі, оспадар сөздер де жоқ емес. Бірақ оған иек арта беру қате. Онымен бірді күлдірсек  те, көпті күлдіре алмаймыз. Шын  күлкі, жайдары күлкі парықсыз сапыра сөйлеуден тумайды. Шын күлкі  автордың тауып айтқан сөзінде, ақылды пікірінде, кейіпкерді киліктірген  келісті әрекетте жатады.

Фельетонды әсерлі де өткір  ететін ендігі бір құрал – оның тілі мен стилі. Егер мақаланың, корреспонденцияның тілі тым сұрқай, шұбалаңқы, кедір-бұдырлы  болса, сонда да оны оқушы «бұл мақала емес», «бұл корреспонденция  емес» деп айтпайды, тек «тілі  нашар екен» деуі мүмкін. Ал егер фельетонның тілі тартымсыз, сөйлемдері шұбалаңқы, сөз, суреттері солғын, өтімсіз, бейнесіз болса, оны бірден «бұл фельетон емес» дейді.

Сондықтан сөздің сонылығы, өткірлігі, түсініктілігі, бейнелі  әрі қонымдылығы – фельетонға қойылар негізгі шарттардың бірі. Жоғарыда айтылғандай, күлкісіз фельетонның  болуы мүмкін, ал тілі нәрсіз, сөз  тапқырлығы, ой өткірлігі, пікір ұтқырлығы  жоқ фельетонның болуы мүмкін емес. Күлкісі, әзіл-оспағы жоқ фельетонды фельетон ететін – оның тілі.

Өз фельетондарын көркем де әсерлі ету үшін аңыз-ертегілерден, ән-жырлардан, жұмбақ-жаңылтпаштардан  үзінділер келтіру, аналогиялық  фактілер алу І.Жансүгіровтің, С.Төлешевтің сүйіп қолданатын, көп қолданатын әдісі еді.  

Фельетонның тілін өткірлеуде енді бірде бейнелеу, әсерлеу құралдары  – гипербола, метафора, перифраза, ирония, теңеу, тағы басқалар қолданылады. Тағы бірде лексикалық-фразеологиялық құрал-әдістер  – парадокс, сатиралық арнау, эпитет, анықтама, риторикалық сұрау және бірде фольклорлық-афористік құралдар – мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қанатты сөздер, афоризмдер пайдаланылады.

Мысалы, І.Жансүгіров фельетондарынан  сатиралық өткірлеудің сан алуан  құралдарын кездестіруге болады. Ол сөйлеп тұрған көк мылжыңды суреттеп отырып: «Құмыра құмғаннан суды сортаңға оттаған түйеше бір жұтты», - деп  түйіп жібереді. Шолақ юелсенділердің арқалап жүрген жуан-жуан портфельдерін  буаз биеге, мещанкалардың мойнындағы моншағын көгеннің бұршағына, кейбір «шешендердің»  жаттанды сөздерін намаздың алқамына теңейді.

Ж.Алтайбаев қағазынан  ұзап шығып кете алмайтын лекторды «су ішкен тауықша әлсін-әлі  еңкейіп, әлсін-әлі көкке бір қарап  алып соғады», -деп  келеке етті. Оның: «Шұбар келіншек иттен үріккен ешкідей  елең-елең етеді», - деген сияқты ащы  теңеулері көп.

Қатты ескертер нәрсе: фельетонда көріктеу құралдарын қолданудың да өлшемі, шегі барын қатты ескерген жөн. Әдемілеймін, әшекейлеймін деп фельетонға қайдағы  бір сөздерді, мақал-мәтелдерді, өлең-үзінділерді  үсті-үстіне тықпалай беру жарамаса керек. Бұл көпірмелік, тіл мен жаққа  сүйену болады, көп білгендікті көрсетпейді, әбден талғамның жоқтығын, ой-пікірдің кедейлігін көрсетеді.

Қазақ «сөз сүйектен, таяқ еттен  өтеді» дейді. Фельетон сондай сүйектен өтетін тілмен жазылуға тиісті. Бірақ  бұл айқай-шуға, өктем, дөрекі сөздерге, сөгіс пен қарғысқа, адамды балағат  сөздермен басқа, көзге сабай  беруге жол беру деген сөз емес. Өткір жазу – ойлы етіп, пікірге  бай тіп, адамның түйсігіне тие, сезімін қозғай жазу, парасатты, орынды сын айту болады.

Стиль де - өте маңызды  нәрсе. Фельетонның стилі – оның бітім-пішімі, барлық мүшесінің –  басының, ортасының, аяғының пропорциялылығы, бір-біріне қарайлас, шамалас, үйлес болуы, мазмұны мен формасының, фактісі мен бояуының сайма-сай, қабыса келуі.

І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Төлешев  пен А.Тоқмағамбетовтің творчествосынан  стилі жағынан сәтті шыққан фельетондарды  көп кездестіруге болады. Олар фельетонның  әрбір буынына, әрбір бөлігіне бірдей көлем, бірдей көрік беріп жазады. Оқиғаның басталуы, дамуы, шарықтауы, шешілуі  жүйелі, жоспарлы келеді. Күлкіні, көркем сөзді, суретті, бояуды фельетонның  өнбойында бірдей пайдаланады.

Біздің газеттерімізде жарияланып жүрген фельетондардың көбінде стильдік ақаулар болады. Олардың кейбіреулері басы үйдей, аяғы шидей болып шығады. Өйткені ондай фельетондар негізгі  фактіге, айтатын ой-пікірге қатысы жоқ, басқа бір бос суреттеулерден, артық жайлардан басталады.

Фельетон аз сөзбен көп  мағына, үлкен идея аңғартуға тиіс. Ол ой-пікірді ұзақ сонармен, өрісті әңгімемен баяндамай, емеурінмен, нобай-тұспалмен  аңғартып  отыруы керек. Фельетон сездірмек  болған ниетін бақайшағына дейін  тәптіштеп жатпай, емеурін ишарамен ғана білдірсе, әсерлі шығады. Оның бойына әлгідей олпы-солпылық, артық жайлар жараспайды.

Фельетон стиліндегі ендігі бір кемшілік – ол басынан аяғына дейін көркем етіліп, сатиралық, юморлық  құралдар бірдей сақталып жазылмайды. Көп фельетондар юморлық көріністерден, тартымды суреттеуден, әдемі елестен  басталады да, аздан соң жалаң  баяндауға көшеді.

 

 

25. Памфлет

«Памфлет» деген атау гректің  рат (бәрін), phledo (күйдіремін, жандырамын) деген екі сөзінен шыққан. Екінші бір әдебиетшілердің айтуынша, бұл  термин ХІІ ғасырда Англияда қойылған «Памфилиус» деген комедияның атына  байланысты туған. Шындығында да, ол алғаш  отты пікірлі, әшкерелеуші пафосты, үгіттік мазмұнды «Ұшпа листок», прокламация деген мағынада қолданылған. Одан жалынды үндеу мақала түріне ауысып, бара-бара сатира жанрларының  біріне айналған.

Памфлет те, фельетон сияқты, бүгінгі күннің тақырыптарына, көкейкесті проблемаларына килігеді. Одан да сол  кездің күрес тынысы, жаңалық үні, әлеуметтік пафосы есіп тұрады. Ол да халықаралық және ішкі тақырыптарға бірдей жазыла береді. Сөйтсе де, памфлет, фельетонға қарағанда, объектісінің табылуы жағынан да, жазылуы жағынан да қиын да күрделі жанр. Олай дейтініміз,  кез келген фактіні, кім болса соны памфлет  етуге болмайды.

Егер фельетон күнделік өмірдегі кез келген жағымсыз фактінің негізінде  жазылса, памфлет бізге жат бүтін  бір қоғамдық құрылысты, тұтас системаны  негізге алып жазылады. Соны бүкіл  бітімімен әшкерелейді, оның жалпы  әлеуметтік тәртіп, жөн-жосық, әдет-дағдысын жоққа шығарады.

Фельетон қоғамның үлкенді-кішілі кез келген мүшесін сын объектісі  ететін болса, памфлет белгілі бір  құрылысты, системаны мансұқ ету  үшін көбіне сол қоғамның ірі қайраткерлерін, тіпті өкілдерін объектіге алады.

Егер фельетон кез келген  тақырыпқа, халық шаруашылығының барлық саласындағы кемшіліктерге негізделіп жазылса, памфлет көбіне идеялық  күреске, қоғамдық-саяси мәселелерге  арналып жазылады, зиянды саяси әрекет, саяси психологияға қарсы бағытталады.

Фельетон көбіне өз объектісін сынап-мінеп түзетуді, бір мезгіл, тіпті, жағымды фактіні шаттық күлкімен көрсетуді ниет етсе, памфлет қадалған объектісінен үнемі құртып-жоюды, біржола  жоқ етуді мақсат етеді. Яғни ол –  сынның мүлде қайырымсыз, бітіспес, ымыраға келмес әдеби көрініс.

Құртып-жою міндет, мақсатынан келіп, памфлеттің әшкерелеу үшін пайдаланар әдіс-тәсіл, құрал-қаруы ерекшеленеді.

Әдетте, тарихи, таптық тайталастардың етек алған, күшейген тұсында сатира өрлей, буырқана көрінеді. Халықтың ханға  деген ашу-ызасы, өшпенділігі шегіне жетті. Ақын, жыраулар хандардың, сұлтандар  мен билердің қанқұйлы іс-қимылын, сатқындық  саясатын батыл әшкерелейді. Осы  орайда қазақ памфлетінің кейбір нұсқалары тағы бой көрсетті. Мысалы, Махамбеттің Жәңгір ханға, Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқандарында  памфлет пафосы, памфлетке тән  адуындық айқын сезіледі. Махамбет Жәңгірге ылаңсың, жылансың, қасқырсың, шаянсың деп тепсіне, Шернияз  Баймағамбетті төбетсің, қас итсің, қас қатынсың деп жерден алып, жерге  салады. Хан, сұлтандарға ауыз салуынан, олардың әділетсіздігін, жауыздық саясатын мансұқ етуінен де бұл туындылардың алғашқы памфлет көріністері  екенін аңғарамыз.

ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетінде де памфлет  үлгілері жоқ емес. Мұның дәлелі – С.Дөнентаевтың 1915 жылы жазылған «Бозторғай» мысалы. Бұл – бүкіл  патшалық құрылысқа, оның әділетсіздігіне  қарғыс айтып, қарсы үн көтерген ащы  сатира. Ондағы зоршылдық тұрымтай, қанға тойып ыңқ-ыңқ етіп отырған  қырғи, көп үйректі шулатқан қаршыға, көкірек керіп қаз етін жеп  отырған лашын – бәрі де патша  чиновниктерінің бейнесі. Өлеңде суреттелген  әлгі құстардың әрекеті – сол  чиновниктердің қиянаты. Мұнда бозторғайдай жайдары, бөденедей момын еңбекші  халықтың үстем тап өкілдерінен  көрген қорлығын, шеккен жапасын, теңдік іздеп, олардан таба алмағандығын ақын ашына айтқан. Патшалық құрылыстың әділетсіздігі, үстемдердің өктемділігі  қатты әшкереленген. Бірақ осы  идея  астарлап жеткізілген. Сондықтан  да бұл туынды – мысал-памфлет.

Памфлеттің жазылмайтын  түрі жоқ. Цензуралық террор тұсында  ол мысал, ертегі түрінде де көрініп  отырған. Л.Толстой да бірсыпыра  аллегориялық ертегі-памфлет жазған.

Памфлет қазіргі қазақ  әдебиеті мен баспасөзінде өте сирек  көрініп жүр. Олардың көбі шын  мәнінде памфлет емес.

Жазған нәрсе нағыз  памфлет дәрежесіне көтерілу үшін оған қойылар алғы шарттар бар. Ең алдымен, жанр объектісі етер елдің, мемлекеттің, ортаның, ағымның тарихын, тіршілік тынысын, әдет-салт, арман-аңсарын, саясат сырын автор жетік білуге тиіс. Бұлсыз ол объектіге нақты сипаттама, мінездеме бере алмайды.

Информация о работе Жанр дегеніміз белгілі бір шы-арманы-, газет, журнал материалыны