Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 19:59, дипломная работа
Бизнес-жағдаяттар жасауда кездесу, мәжіліс, презентация өткізуде, келіссөздер жүргізуде, сұхбат алуда іскери ағылшын тілінің алатын орны ерекше. Сонымен қатар, іскер ағылшын тілі түрлі құжаттарды, ағылшын тіліндегі мақалалардың түпнұсқасын жылдам оқу, іскери хаттарды жазу, ағылшын тілінде телефон арқылы сөйлесу біліктілігі өте маңызды болып табылады. Ағылшын тілін кәсіптік бағытта, яғни іскерлік қарым – қатынас тілі ретінде меңгеру өте маңызды. Ағылшын тілін қарым – қатынас құралы ретінде қолдана алу және іскерлік мақсатта хат жаза алу қызметкердің кәсіптік шаберлігінің деңгейін анықтайды. Ағылшын іскерлік тілінің және іскерлік лексикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың іскери қарым – қатынастың әр саласы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.
Кіріспе
Бөлім 1. Қарым қатынас қызметінің мәні
1.1. Сөйлесу қарым қатынас құралы ретінде. Сөйлесу функциялары.
1.2. Іскери қарым – қатынас түрлері
1.3. Іскерлік лексиканың ерекшеліктері
1.4. Іскерлік хаттардың құрылысы және ерекшеліктері
Бөлім 2. Ағылшын іскерлік қарым қатынас тілін қолданудың ерекшеліктері.
2.1.Қазақ ортада қолданылатын іскерлік ағылшын тілінің ерекшеліктері
2.2.Іскерлік қарым - қатынастың қолдану үлгілері және оларға талдау
2.3.Ағылшын тілінде іскерлік хат алмасу түрлері және оларға талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Бөлім 1. Қарым қатынас қызметінің мәні
1.1. Сөйлесу қарым қатынас құралы ретінде. Сөйлесу функциялары.
1.2. Іскери қарым – қатынас түрлері
1.3. Іскерлік лексиканың ерекшеліктері
1.4. Іскерлік хаттардың құрылысы және ерекшеліктері
Бөлім 2. Ағылшын іскерлік қарым қатынас тілін қолданудың ерекшеліктері.
2.1.Қазақ ортада қолданылатын іскерлік ағылшын тілінің ерекшеліктері
2.2.Іскерлік қарым - қатынастың қолдану үлгілері және оларға талдау
2.3.Ағылшын тілінде іскерлік хат алмасу түрлері және оларға талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жаһандану заманында іскери ағылшын тілі ең маңызды қарым – қатынас құралы болып отыр. Еліміздің түрлі елдермен байланыс орнатып, нығайтып, түрлі келіссөздер жүргізуде іскери ағылшын тілін меңгеру өте қажет. Іскери ағылшын тілдің тілдік дағдылары (оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім) қазіргі кездегі бизнеске байланысты тақырыптар арқылы үйретіледі.
Қазіргі кездегі ағылшын тілін оқытудың
коммуникативті әдістемесі іскери лексиканы
жетік меңгеруге және күрделі грамматикалық
құрылымдарды сөйлесу тәжірибесі арқылы
– пікірталас және «кейстерді» талдауға,
сөздік қорды аудио және видео материалдар арқылы
дамытуға көмектеседі, ағылшын тілінде
еркін және сенімді түрде сөйлеуге мүмкіндік
береді.
Бизнес-жағдаяттар
жасауда кездесу, мәжіліс, презентация
өткізуде, келіссөздер жүргізуде, сұхбат
алуда іскери ағылшын тілінің алатын орны
ерекше. Сонымен қатар, іскер ағылшын тілі
түрлі құжаттарды, ағылшын тіліндегі
мақалалардың түпнұсқасын жылдам оқу,
іскери хаттарды жазу, ағылшын тілінде
телефон арқылы сөйлесу біліктілігі өте
маңызды болып табылады. Ағылшын тілін
кәсіптік бағытта, яғни іскерлік қарым
– қатынас тілі ретінде меңгеру өте маңызды.
Ағылшын тілін қарым – қатынас құралы
ретінде қолдана алу және іскерлік мақсатта
хат жаза алу қызметкердің кәсіптік шаберлігінің
деңгейін анықтайды. Ағылшын іскерлік
тілінің және іскерлік лексикасының өзіндік
ерекшеліктері бар. Олардың іскери қарым
– қатынастың әр саласы бойынша өзіндік
ерекшеліктері бар. Ағылшын тілін іскерлік
мақсатта қолдануды меңгеру қазіргі заманның
күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.
Елімізде кәсіптік ағылшын тілін меңгерген
мамандар өте аз, оның себебі бұл саланы
меңгеруге байланысты зерттеулердің аздығы,
меңгеруге бағытталған сөздіктер мен
материалдардың жетіспеуі.
Зерттеу жұмысының мақсаттары:
Қарым – қатынас тілінің ерекшеліктерін анықтау;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
ағылшын тіліндегі іскерлік лексикаға талдау жасау;
түрлі салаларда қолданылатын ағылшын сөздерін қазақ тіліне аудару;
хат алмасу тілінің үлгілерін талдау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақ ортада іскерлік ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері. Еліміз жаңа бағытқа аяқ басқан сәтте, ағылшын тілін іскерлік қарым – қатынас мақсатында меңгеру елімізді басқа мемлекеттерге танытып, өз экономикамызды көтеруге, ғылымды жаңа деңгейге жеткізуге үлкен жол ашады. Ағылшын тілі Елбасмыздың бекіткен «Үштілдік» бағдарламасына енеді, оны меңгеру, оның ішінде іскерлік ағылшын тілін меңгеру Қазақстанның әлем экономикасына табысты енуіне мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер тіл үйренуші ағылшын тілін қарым қатынас тілі ретінде пайдаланса ол елдің дамуына септігін тигізеді.
Зерттеудің пәні: Дипломдық жұмыс іскерлік ағылшын тілінің мәселелрліне арналған. Іскерлік қарым – қатынас түрлері, ерекшеліктері, іскерлік тілде қолданылатын сөздер мен олардың қазақ тіліндегі аудармасы, хат алмасу тілінің маңызды ерекшеліктері
Зерттеу жұмысының нысаны: ағылшын тіліндегі іскерлік лексика.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: Ағылшын тілінен бизнес курс Богацкий И.С. Н.М.Дюканова
- Іскерлік құжаттар, іскерлік хаттар үлгілері
Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері:
Теориялық талдау және әдебиеттерді жалпылау;
Топтау және талдау.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: Ағылшын тілінің қарым қатынас тілі ретінде маңыздылығы.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысын барлық тіл үйренуші студенттер және экономика факультетінің студенттері, тілді іскерлік қарым – қатынас құралы ретінде пйдаланушылар, тілді өздігімен үйренушілерге қолдануға болады. Ол жоғары білім мекемелерінде, тілді іскерлік құралы ретінде қажет ететін орталықтарда пайдалыныла алды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілінің іскери қатынаста қолданылуын меңгеру заман талабы болып отыр. Сондықтан көптеген мамандар үшін, әсіресе кәсіпкерлер, халықаралық компаниялардың қызметкерлері үшін ағылшын іскерлік тілін меңгеру қажеттілік болып отыр. Ағылшын тілін кәсіптік бағытта, яғни іскерлік қарым – қатынас тілі ретінде меңгеру өте маңызды. Ағылшын тілін қарым – қатынас құралы ретінде қолдана алу және іскерлік мақсатта хат жаза алу қызметкердің кәсіптік шаберлігінің деңгейін анықтайды. Ағылшын іскерлік тілінің және іскерлік лексикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың іскери қарым – қатынастың әр саласы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, финанстық менеджерге қажет лексика маркетологқа, медицина қызметкеріне немесе басқа салалардың қызметкерлеріне қажет лексикадан әлдеқайда ажыратылады. Одан басқа кейбір терминдер мен сөз тіркестері бір салада бір маығнаны білдірсе, басқа салада сол сөз басқа мағынаны беруі мүмкін.
Іскери қарым – қатынас тілі әртүрлі мақсаттарда қолданылады. Атап айтсақ,
Бұл тақырыпты таңдау себебім ағылшын іскери тілін меңгерген мамандар елімізде өте аз, көптеген мамандар ағылшын тілін іскерлік мақсатында емес, жалпы ағылшын тілі немесе ауызекі сөйлеу ретінде ғана қолдана алады. Университет студенттері немесе жас мамандар әлі де болса ағылшын тілін іскерлік бағытта толық қолдана алмайды, бұның себебі аталған мәселенің толығымен зерттелмеуі, әсіресе ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйренушілерге қиындық әкелуде, өйткені дайыдықты қамтамасыз ететін құралдар, яғни оқулықтар, әдістемелік құралдар, анықтамалық кітаптар немесе сөздіктер жоқтың қасы. Зерттеу жұмысымда көбінесе түрлі салаларда қолданылатын сөздердің немесе терминдердің қазақ тіліндегі аудармаларын немесе баламаларын жасадым және іскерлік бағытта хат алмасу мәселелеріне көбірек тоқталдым. Жоғарыда айтылғандай, ағылшын іскерлік тілінің түрлі салаларда қолданылуы үйренушіден көп ізденіс, шыдамдылықты талап етеді. Іскерлік қарым – қатынас мақсаттары әртүрлі болғандықтан, қарым – қатынас үшін орынадалатын істердің немесе үрдістердің мазмұны да ерекше.
Ағылшын іскери тілінің тағы бір ерекшелігі осы тілдің терминдері мен сөз тіркесерімен қоса, оларды дұрыс жеткізу немесе түсіну үшін қызметкердің кәсіптік білімдері өте қажет. Ағылшын іскери тілінің терминдері мен сөздерінің сапалы меңгерілуі мамандық бойынша оқудың немесе тәжірибенің нәтижесінде ғана іске асады. Мысалы, келесі ситуацияны талдап көрейік. Кез келген бухгалтер «материалдық емес активтер» дегенді түсіне алады, оған тек «intangible assets» аударманы ғана меңгеру қажет, ал басқа финанспен хабары жоқ басқа саланың маманына бұл анықтама ешқандай мағлұмат бермейді. Бұл адамға алдымен «материалдық емес активтер» деген ұғымды түсіну қажет.
Іскери ағылшын тілінің басқа бір ерекшелігі – тіл үйренушінің қай салада жұмыс істемесе де, ең алдымен іскери лексиканы меңгеру үшін оның белгілі бір сөздік қоры және коммуникативтік дағдылары болуы қажет.
Іскерлік қарым - қатынаста хат алмасу тілінің өзіндік ерекшеліктері бар. Хат алмасу – қарым – қатынастың маңызды бөлігін, бизнестің және өмірдің тәжірибесінің ажырамас бөлігін құрайды. Әрбір жазылатын хаттың өзіндік ерекшеліктері, сипаттары, стилі, фактілерді, ойларды жеткізудің ерекше жолдары болады. Бұл ресми немесе биресми хаттардың мазмұнына байланысты және оларда қолданылатын идиомалардың, фразалардың, мысалдардың және олардағы грамматикалық формалардың қолдану ережелері болады. Сондықтан хат жазу үшін қажет дағдылар мен біліктіліктер тәжірибе нәтижесінде ғана іске асады, жазудың түрлі ережелерін оқып, біліп, түсініп, дағдылану қажет.
Еліміз жаңа бағытқа аяқ басқан сәтте, ағылшын тілін іскерлік қарым – қатынас мақсатында меңгеру елімізді басқа мемлекеттерге танытып, өз экономикамызды көтеруге, ғылымды жаңа деңгейге жеткізуге үлкен жол ашады. Ағылшын тілі Елбасмыздың бекіткен «Үштілді бірлік» бағдарламасына енеді, оны меңгеру, оның ішінде іскерлік ағылшын тілін меңгеру Қазақстанның әлем экономикасына табысты енуіне мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілі халықаралық және кәсіптік қарым – қатынас жасау тілі, ғылым мен мәдениет тілі. Оны меңгеру тек іскерлік саланың дамуына ғана емес, жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды өсуіне септігін тигізеді.
Менің ойымша, қазіргі іскерлік қарым – қатынас тілінің негізгі мазмұнын білген өте маңызды. Бүгінгі таңда көптеген кеіссөздер ағылшын тілінде жүргізілуде. Басқа елдермен акционерлік қоғамдардың, банктік операцияларының, сауда істерінің, түрлі заңды келісім шарттар, ғылым, білім саласындағы кездесулер ағылшын тілінде өткізіледі. Дипломдық зерттеу жұмысымда аталған мәселелер төңірегінде іскерлік ағылышн тілінің қарым – қатынас құралы ретінде алатын орны, оның түрлері, ерекшеліктеріне жан – жақты тоқталдым. Әсіресе іскери қарым – қатынастың маңызды бөлігін құрайтын іскерлік хат алмасу мәселелеріне көп көңіл бөлдім. Жұмыстың практикалық бөлімінде қазақ ортада қолданылатын іскерлік ағылшын тілінің ерекшеліктері, іскерлік қарым - қатынастың қолдану үлгілері және оларға талдау және ағылшын тілінде іскерлік хат алмасу түрлері және оларға талдау қарастырылды. Жұмыстың қосымшасында іскери қарым – қатынаста қолданылатын құжат үлгілері, әртүрлі салаларда қолданылатын кейбір терминдер мен сөз тіркестерінің тізімі берілген.
.
Бөлім 1. Қарым қатынас қызметінің мәні.
1.1. Сөйлесу қарым қатынас құралы ретінде. Сөйлесу функциялары.
Қазіргі заман маманының мәдениеті қарым қатынас мәдениетінсіз, яғни коммуникативті мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Оның болмауы көптеген мамандардың кемшілігі және сол себепті олардың кәсіби іскерлігінің тиімділігі төмендейді.
Қарым қатынас мәдениетінің анықтамалары көп: қарапайымнан (қарым қатынас мәдениеті естілгенді тыңдау мен түсіну қабілеті) күрделіге дейін (қарым қатынас мәдениеті – вербалды және вербалды емес деңгейдегі жеке қажеттіліктердің көрсетуінің ішкі паттерндердің раппотты өзара әсерлесуі). Дегенмен, қарым қатынас мәдениеті қарым қатынас құзіреттілігіне негізделеді, ал ол құзыреттіліктің құрамдас бөліктері қарым қатынас тапсырмаларына сәйкес келетін және оларды шеше алатын коммуникативті қабілеттілік, коммуникативті білім болып табылады.
Коммуникативті қабілеттілікті екі жақты қарастыруға болады: адамның табиғи қатынас жасау дарындығы және қарым қатынас өнімі ретінде. Өмірде «қатынас данышпандары» бар, сонымен қатар ең қарапайым қарым қатынас тапсырмаларына және үйреншікті әлеуметтік жағдайларға лайықты бола алмайтын адамдар да кездеседі. Қазіргі заман адамы «қатынас данышпаны» болмаса да өзінде қарым қатынас өнімділігін дамыта алатын зерек деп айтуға болады.
Коммуникативті білім – қарым қатынас деген не, оның түрлері, деңгейлері, даму заңдылықтарының білімі. Бұл қарым қатынастың қандай әдістері мен олардың мүмкіншіліктері мен шектері бар екендігін білу. Сонымен бірге, бұл адамдармен қатынас жаған уақытта және түрлі жағдайларда қандай әдістер тиімді екендігі жайлы білім болып табылады.
Іскерлік қатынастағы коммуникативті білік жүйесін төрт біліктің негізінде көрсетуге болады:
Дегенмен, қарым қатынас жасау алдында «қарым қатынас» деген не екендігінің минималды дәрежесін білу қажет.
«Қарым қатынас» деген ұғымның көптеген түсіндірмелері бар, олар түрлі әдістер мен көзқарастарға (психологиялық, лингвистикалық) байланысты болып келеді. Біз М.А. Измайлованың анықтамасын пайдаланатын боламыз.
Қарым қатынас – адамдар арасында байланыс орнатудың және әрекеттесудің бірегей стратегиясын құрудың, өзге адамның қабылдауы мен түсінігі кіреді.
Көптеген анықтамаларда мыналарды бөліп көрсетеді:
Информация о работе Ағылшын іскерлік тілін қарым қатынаста қолдану